Лабораторлықзерттеулер

Ауыруұстамасыкезінде – сарысуамилазасыдеңгейінің артуы, лейкоцитарлыформуланыңсолғаығысуымен лейкоцитоз.

Өтшығаружолдарыныңобструкциясыкезінде – сілтілі фосфатаза , АЛТ мен билирубин деңгейініңартуы.
Қансарысуының С-реактивтіақуызыныңконцентрациясы, панкреатит ауырлығыныңсенімдікорсеткіштеріболыптабылады.
АЛТ мен АСТ айтарлықтайартуы (үшреттік) панкреатиттіңбилиарлыэтиологиясыныңпайдасында.

Емдеуұзақтығы:14 күн.


Емдеутактикасы


Ем мақсаты: ремиссиянықамсыздандыру.

Дəрі-дəрмексіз ем:Диета №5.


Дəрі-дəрмектік ем:

СП асқынуыныңауырдəрежесіндешұғылжəрдемгекіреді:

1. Ұйқыбездіңфункционалдыбелсенділігініңминимумғадейінтөмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылыасқазанішіндегініаспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесеФамотидин 40-80 мг/тəувенаіщіне) немесепротондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне).

2. Ферменттердіңпанкреаттықсекрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəнеоныңаналогтарыоктреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет).

3. Қанайналымнанқабынумедиаторларыналыптастау (тұздыерітінділермен инфузиялық терапия).

4. Ауырусиндромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттікпрепараттардытағайындау.

5. Инфекциялықасқынуларменкүресіүшінжəнеолардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарыныңантибиотиктеріннемесестандарттыдозадасинтетикалықпенициллиндерді тағайындаукөрсетілген.

Жоспарлыконсервативтіемгекелесішараларкіреді:

1. Ауыружəнетөменқұрамдағымайлар мен клетчаткаларжоқбөліктептамақтану. Науқасқаішімдіктіпайдаланудытоқтату.

2. Орыналмасулық (панкреатин 50 000-150 000 БІРЛІК*) терапия.

3. Антисекреторлық (Ранитидин 150-300 мг немесеФамотидин 40-80 мг/тəуішке) немесе протондық помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəу, Пантопразол 40-80 мг/тəу, Рабепразол 40 мг/тəу).

4. Қанттыдиабеттіемдеу (жеңілпайдаболатынгликемияныескеріп, инсулинді аз дозада тағайындауқажет).

Хирургиялық ем көрсетпелері: ауырғандықты ешқандай терапевтік шаралармен тоқтатуға болмайтын аурудың ауырсынулы түрі (жалпы өт жолының және/немесе басты өт жолының тыртықты – қабынулы стенозы, дуоденальдық емізіктің стриктурасы, ұйқы безінің абсцесі және кистасы), шектелген дуоденостаз, ұйқы безі басы өскенде болатын механикалық сарғыштық, ұйқы безінің кистасы мен псевдокисталары.

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімдері. Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта. Ремиссия кезінде науқас адамдарды сәйкес жұмысқа орналастыру керек. Ауыр дене қызметімен, вибрациямен байланысты қызметпен және гастротропты улармен байланысты қызметтермен шұғылдануға болмайды.

Диспансерлеу. СП ауыратын науқастарда диспансерлік есепке алу керек. Тексеріп қарау жиілігі: аурудың жеңіл дәрежесінде жылына 2 рет, орташа ауыртпалықты дәрежеде 3 рет, аурудың ауыр дәрежесінде – жылына 4-6 рет.

Санаторийлы-курорттық емге компенсация сатысында, аурудың қайталауы жоқ кезде жібереді. СП ауыратын адамдарды жіберуге болатын курорттар: Ессентуки, Трускавец, Железноводск, Моршин, Джермун, Боржоми, Сары-ағаш және гастроэнтерологиялық салалы жергілікті санаторийлар.

МӘСК жолдама беру. Ауыр дене қызметімен және зиянды жұмыс жағдайларымен байланысты адамдарды ДБК арқылы жұмысқа орналастыру керек, сәйкес жұмысқа орналастыру мүмкін емес жағдайда, бұл адамдарды үшінші топтың мүгедегі деп табады. Панкреатиттің ауыр түрімен ауыратын, ауыр сыртқы – және ішкі секреторлық жетіспеушілігі бар науқастар ІІ топ мүгедегі болып есептеледі.

Прогнозы. СП және қосымша ас қорыту мүшелерінің ауруларын тиімді емдеу аурудың болжамын жайлы қылады және ауру адам ұзақ уақыт еңбекке қабілеттігін сақтайды.

Профилактикасы. Бірінші ретті профилактика шараларына қауіпті факторларға әсер ету жатады: ішімдіктен бас тарту, дұрыс қоректену, семіздікпен күрес, организмнің реактивтілігін күшейту және дене тәрбиесімен шұғылдану. Екінші ретті профилактика шаралары болып диетаны сақтау, орнын толтыру емін жүргізу, ауру қайталаған кезде сәйкес ем жасау табылады.

Метаболизмдік синдром. Анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаториялық жағдайда дәрімен және дәрісіз түзету принциптері. Алдын алу.

Метаболикалық синдром- висцеральдық май массасының артуы, перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі және компенсаторлы гиперинсулинемия, бұл өзгерістер көмірсу, май, пурин алмасуының бұзылысын, сонымен қатар артериальды гипертензияны тудырады.

Метаболикалық синдромды анықтауда қауіпті топтарға-аурудың бастапқы белгілері мен асқынуы бар науқастар жатады:

· Артериальды гипертония

· Қант диабеті, 2тип (немесе диабет алды,предиабет)

· ЖИА, атеросклерозбен байланысты перифериялық қантамырларының аурулары, цереброваскулярық аурулар

· Гиперлипедемиясы, семіздігі, қант диабеті немесе ЖИА-ы бар жақын тумаластар

· Аз қозғалысты өмір салты

· Поликистозды анабезі синдромы

· Эректильді дисфункция

· Зәр қышқылы алмасуының бұзылысы(гиперурикемия немесе подагра)

· Әйелдердегі менопаузалық кезең

Наши рекомендации