Сұрақ: Муътәзиләлардың адасуының себебі неде және бұл оларды не нәрсеге душар қылды?

Жауап:

Олардың адасуының себебі - олар қияс аш-шумулді Аллаһқа қарсы қолданды. Бұл нәрсе оларды бірінші - тамсилге, яғни Аллаһтың сипаттарын жаратылыстарға ұқсатуға; екінші - таъкифке, яғни «қалайша?» - деп сұрақ қоюға; үшінші - таъқилге, яғни Аллаһтың сипаттарын жоққа шығаруға; төртінші - таърифке, яғни Аллаһтың сипаттарын өзгертуге әкелді. Демек, «Аллаһтың қолы бар», - деп айтпаймыз, «Бұндай аяттардың мағынасын өзгертеміз», - деп айту - адасу болады. Өйткені, кім саған Аллаһтың қолын адамның қолына ұқсатуға рұқсат берді? Аллаһ Өзін қолы бар, көзі бар деп сипаттады ма, болды сен де солай иман келтір. Мысалы пілдің де көзі бар, масаның да көзі бар, ал Аллаһтың көзі бар десе сен неге адамның көзін елестетесің? Сондықтан, Аллаһ Өзін қандай сипаттармен сипаттаса, жоғарыда айтып кеткен қағида бойынша иман келтір, «Қандай? Қалайша?» - деп сұрама. Себебі - Оны ешкім көрген жоқ, салыстыратын нәрсе жоқ және қандай екенін Аллаһ пен Пайғамбары бізге айтпады. Аллаһ пен Пайғамбары тоқтаған жерден тоқтау, Олар айтпаған сөзді айтпау - бізге парыз болады.

Сұрақ: Бұл үмбеттің жол бастаушыларының (сахабалар, табиғиндер, табәғә-табиғиндер) Аллаһтың сипаттарына қатысты ақидасы қандай болды?

Жауап:

Аллаһ Өзін қандай есімдермен атап, қандай сипаттармен сипаттаса және Пайғамбарымыз Аллаһты қандай есімдермен атап, қандай сипаттармен сипаттаған болса, олар да тура солай етіп, оларды ешнәрсеге ұқсатпай, жоққа шығармай, «қалайша?» - демей, өзгертпей иман келтірген. Мұны хадистен, сахабалар мен бұрынғы ғалымдардың өмір тарихынан хабары бар, бұл хабарлардың қаншалықты дұрыс екендігін ажырата білетін, тек ақиқатты қалайтын, шыншыл мұсылмандардың барлығы мойындайды.

Сұрақ: Аллаһтың сипаттарына қатысты мұсылмандардың арасында қандай адасқан топтар бар?

Жауап:

1. Жәхмилер, Аллаһтың есімдері мен сипаттарын түгел жоққа шығарғандар. Бұлар діннен шығып кетеді, себебі жоқ нәрсеге құлшылық қылады.

2. Муътәзилилар, Аллаһтың бүкіл сипаттарын жоққа шығарады да, ал есімдерін мойындайды.

3. Әшъарилер, матурудилер, кулябилер т.с.с. фәлсафәның (кәләм) жетегінде кеткен адасқан ағымдар. Аллаһтың сипаттарын ақыл мен қисынға салып, өзгертіп, бұрмалайды. Мысалы: «Аллаһтың қолы дейтіні – қолы емес - құдыреті», - немесе, тағы да басқа осы сияқты нәрселерді айтатындар.

4. Мукайяф. Бұл «мукайяфә» сөзінен шыққан, «қалайша?» - деп сұрақ қоятындар.

5. Мушәббиха. «Шәбәха» сөзінен шыққан, Аллаһты адамға ұқсататындар.

Сұрақ: «Әс-самәд» сөзінің мағынасы нені білдіреді? Аллаһ бұл сөзді не үшін Ихләс сүресінде екінші аят қылды?

Жауап:

Әс-Самәд сөзінің 1-ші мағынасы: Аллаһ ішкі мүшелерге, яғни туатын, туғызатын, ас қорытатын, тыныстандыратын және басқа да мүшелерге мұқтаж емес.

2-ші мағынасы: туылмаған да, тумаған да.

3-ші мағынасы: барлық жаратылыс Оған мұқтаж, ал Ол еш нәрсеге мұқтаж емес, ең кемел, толық Тәңірліктің иесі.

Аллаһ «әс-Самәд» сөзін Ихләс сүресінің екінші аяты етуінің себебі - таухидті күшейту, яғни «әл-Әхәд» сөзіннің мағынасын кеңейтіп, Аллаһтың жалғыздығын күшейтіп көрсету үшін қолданған.

Сұрақ: Аллаһ адамдарда қандай табиғи сезімдер жаратты?

Жауап:

Бірінші сезім – әлсіздік және мұқтаждық кезде өзінен күштіге жүгіну. Тіпті жас баладан бастап, ересек кісіге дейін өзінен күштіден қорқу, оған жүгіну сияқты сезімге мұқтаж.

Екінші сезім – жақсыны сүю және жаманды жек көру. Өйткені, ешбір ақыл-есі бүтін адам өзіне жамандықты қаламайды.

Үшінші сезім – өзіне ұнайтын бір заңмен өмір сүруді қалау. Кісі мұсылман, не мұсылман емес болсын - ақиқатты қалайды. Сол себепті: «Зұлымдық болмасын, ақиқат, әділдік болсын», - деп, әр түрлі заңдар шығарып жатады. Заңсыз қоғам болмайды, тіпті түрмедегі қылмыскерлерге дейін өз заңдарына ие. Ал ең ұлы, теңдесі болмаған, болмайтын да заң – ол Аллаһтың шариғаты.

Сұрақ: Зікірдің (Аллаһты еске алудың) қандай түрлері бар?

Жауап: Зікірдің 2 түрі бар.

1. Зікір – тіл және жүректің қатысуымен Аллаһты еске алу. Мысалы, шын жүрегімен сезіне отырып, тілімен Аллаһтан Жәннәтты сұрау, Тозақтан пана тілеу сияқты.

2. Тазаккур – Аллаһты жүрекпен еске алу. Мысалы, кісі тілімен айтпайды, бірақ жүрегімен Аллаһтың күнәләрін кешіруін қалайды немесе бір күнә істі көргенде, оны жасаудан Аллаһтан қорқады, сондай-ақ бір жақсы амал жасамақшы болса Аллаһ үшін өтеуді ниет етеді.

Наши рекомендации