Клиникалық жағдайдын жауап этолондары
«Вирусты А гепатиті»
№ | Қадам бағалау критерийі | Жауап эталондары |
Анамнез бен шағымдарды дұрыс жинақтады. (толық, анық,нақты) | Кезеңді және жүйелі түрде өткізілді. Негізгі және қосымша сұрақтарымен мен шағымдары толық тұйықталған. | |
Аурудың жетекші симдромдарын анықтады. Интоксикация, сарғаю, гепатомегалия | Интоксикация, сарғаю, гепатомегалия | |
Аурудың циклді ағымын, сарғаю алды кезеңінің ұзақтығын және сарғаю алды кезеңінің синдромдарын анықтады. | Аурудың циклді ағымымен, сарғаю алды кезеңі грипп тәрізді, астено –вегетативті, диспепциялық түрімен 6 күн жүруін, әрі қарай сағаю кезеңінің дамуын, сарғаю кезеңінің дамуынан кейін жағдайының нашарлауын анықтады. | |
Эпидемиологиялық анамнезді берілу механизміне байланысты жинады. Энтеральді, парентеральді. | Энтеральді, парентеральді. | |
Бауыр пальпациясын жүргізді | Студент сол қолымен науқастың оң қабырғалар доғасын қармай ұстап оны басады. Бұл кезде сол қолдың 2 және 3 саусақтары 9 және 10 қабырғалардың артқы жағынан, 4 және 5 саусақтар бел аймағында, дәл қабырғалар доғасының астында, ал бас бармақ оң қабырғалар доғасын алдыңғы жағынан қармауы керек. Сол қолмен оң қабырғалар доғасын басу арқылы қабырғалық тынысты шектеуге, көк еттің тыныстық экскурсиясын кеңейтуге және артқы құрсақ қабырғаны алға қарай итеруге болады. пальпациялаудың 1 кезеңі: оң қол алақанын оң қабырға астына және іштің тік бұлшық еттерінің латеральді жағына, алдын ала анықталған бауырдың төменгі шекарасының деңгейіне орналастырылады. Қолдың төрт саусағы бірге және бір сызық бойында болуы керек. пальпациялаудың 2 кезеңі: тынысты алғанда теріні төмен қарай ығыстыру керек. пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда қол ақырын буыр астына кіргізіліп, құрсақ қабырғасымен қалташа түзіледі. пальпациялаудың 4 кезеңі: науқасқа терең тыныс алуын өтінеміз, сол кезде бауыр жиырылған көк еттің әсерінен төмен қарай жылжиды. Осы кезде қолды жоғары қарай жылжытып, ал саусақ ұштарын тіктеп сәл алға қозғалтамыз, саусақ ұштары төмен қарай жылжып келе жатқан бауырдың қырына тиеді. Бауыр қыры саусақ ұштарына тіреліп сосын оны айнала өтіп кейін қарай сырғиды. | |
Көкбауыр пальпациясын жүргізді | Науқас оң қырымен жатып, оның басы алға қарай иілген, сол қолы шынтақ буынында бүгіліп кеуде қуысының оң алдыңғы бетіне қойылады, оң аяғын созып, ал сол аяғы тізе және жамбас-тоқпан жілік буындарында бүгіліп жатуы керек. пальпациялаудың 1 кезеңі: дәрігер сол қолын сол қабырғалар доғасының үстіне қойып оны сәл басады. Жартылай бүгілген оң қолының саусақтарын сол қабырғалар доғасына орналастырады, ортаңғы саусағы науқастың 10 қабырғаның жалғасындай жағдайда болуы керек. пальпациялаудың 2 кезеңі: тынысты алғанда теріні төмен қарай жиыру керек. пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда саусақтар ақырын құрсақ ішіне енгізіледі. пальпациялаудың 4 кезеңі: науқастың терең тыныс алуын өтінеміз, сол кезде көк бауыр, егер ол үлкейген болса көк еттің қысуымен төмен қарай жылжиды да төменгі полюсімен дәрігердің саусақтарына тіреледі, сосын олардың астына қарай сырғиды. Керек кезінде көк бауырды науқас шалқасынан, қолдарын денесінің жанына қойып, аяқтарын созып жатқанында да пальпациялауға болады | |
Курлов бойынша бауыр көлемін анықтады | Бауырдың перкуссиясын Курлов әдісімен жасайды. Біріншіден, перкуссия арқылы бұғана ортаңғы сызықпен бауырдың жоғарғы шекарасын тауып, оған белгі қояды. Төменгі шекарасын астына жәй перкуссиямен тимпаникалық дыбыс шыққанша перкуссия жасап, оған белгі қояды. Ол 14 смдердi құрайды Екіншіден бауырдың жоғарғы және төменгі шекарасын алдыңғы ортаңғы сызықпен табады. Ол 13 смдердi құрайды Үшіншіден, бауырдың төменгі шекарасы сол жақтан қабырға доғасының үстінен 9 қабырғадан бастап жәй перкуссиямен төске қарай жылжыта жасалады, оның белгісін саусақтың төменгі жағынан қояды Ол 11 смдердi құрайды | |
Көкбауыр перкуссиясын жүргізді | Науқас оң қырымен жатады. Плессиметр-саусақ сол қабырға доғасының шетіне, 10 қабырғаға перпендикуляр орналастырылады. Перкуссия әлсіз күшпен 10 қабырға үстімен алғашында сол қабырға доғасынан омыртқаға қарай, сосын алға қарай бағыттап жүргізіледі. Тұйықталған дыбыс пайда болғанда көк бауырдың ұзын өсінің (ұзындығы) екі шекарасы анықталады. Көк бауыр ұзындығының ортасынан 10 қабырғаға тағы да перпендикуляр қойып әлсіз соққымен перкуторлап көк бауыр көлденеңі анықталады. | |
Клинико – эпидемиологиялық деректер негізінде болжама диагнозы дұрыс қойылды: | Вирусты А гепатиті, орташа ауырлықта | |
Зерттеу жоспарын тағайындады | Салыстырмалы диагноз есебімн: Жалпы қан алализі Жалпы зәр анализі Қанның биохимиялық анализі ИФА ВГ маркерлеріне УДЗ құрсақ қуысы мүшелерінің | |
Жедел вирусты гепатит кезіңде гемограмманы дұрыс интрипитациялады. | Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз. | |
Биохимиялық сынамаларды талдау. | Паринхиматозды сарғаю, жалпы билирубин көрсеткіштерінің жоғарлауы тура фракциясына есебімен, тимол сынымасы көрсеткішінің жоғарлауы, цитолиз ( АлТ, АсТ белсенділігінің жоғарлауы). | |
ВГ маркерреріне ИФА талдау | a-HAV IgM- оң Вирусты А гепатиті нақтылайды. | |
Қорытынды диагнозды негіздеді | Вирусты А гепатиті, орташа ауырлықта.( a-HAV IgM +) | |
Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде іс – шаралар алгоритімін дұрыс орындады. | Вирусты А гепатитіне 24 сағат ішінде жедел хабарлама беріледі (жұқпалы ауру диагнозына бірінші рет күдіктенгенде мед. қызметкермен беріледі) | |
Емдеу тактикасын анықтады | Бауыр ауруларымен науқастарды қорғау принциптерін сақтау. 10 күнге дейін төсектік көтім, әрі қарай жартылай төсек. Емдәм 5. Көп мөлшерде сұйықтық ішу 3 дейін. Дезинтоксикациялық ем: 5 % глюкоза 400мл в/в Натрий хлор 0,9% 800мл 3 күнге дейін. | |
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. | Науқаспен оптималді қарым-қатынас орнатты, оның қорқынышын сейілтті, арудың себебін түсіндірді, қолайлы болжам туралы айтты. | |
Режим, емдәм, диспансерлеу туралы тағайындау берді. | Дәрігер инфекционистте 3 ай диспансерлік бақылау. 3 ай бойы емдәм ұстау, физикалық жүктемені алып тастау. | |
Эпид. ошақта бақылау тактикасын анықтады | Вирусты А гепатиті науқастармен қарым – қатнаста болған тұлғаларға 35 күнге дейін медициналық қадағалау құрылады. | |
Екпе туралы тағайындау берді | Балалар мекемелеріне баратын 2 жастан асқан балалар, 10-14 күннен кеш емес ВГА екпе тағайындалады. |