Дәрігер интерн міндетті

Мамандық –жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог 5В130200 – Стоматология

Пән –хирургиялық стоматология

Оқу жылына арналған

«Хирургиялық стоматология» пәні бойынша интернатураның

СИЛЛАБУСЫ

Оқу сағаттарының көлемі –270 сағат.

Дәрістер – 5 сағат

Тәжірибелік сабақтар– 180 сағат.

Интерннің өзіндік жұмысы(ИӨЖ) – 90 сағат.

Семестр:11, 12

Бақылау түрі: тестілеу, практикалық дағдыларды бағалау.

Алматы 2016

Құрастырушы м.ғ.н., профессор Р.С. Ибрагимова

Мемлекеттік тілге аударған м.ғ.к., доцент Ж.Ж.Айтбаев

Силлабус типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған ( 2012)

Силлабус стоматология бойынша интернатура кафедрасының мәжілісінде талқыланған

_____хаттама «_____»_________________2016 ж.,

Кафедраның меңгерушісі м.ғ.д., профессор__________________Жартыбаев Р.Н.

1. Жалпы мәлімет:

1.1 ЖОО-ның аты: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Кафедра- стоматология бойынша интернатура кафедрасы

1.4 Мамандық - Жалпы-тәжірибелік стоматолог- дәрігер

1.3 Пән – хирургиялық стоматология

1.5 Оқыту сағатының ұзақтығы – 270 сағат.

1.6 Мұғалімдер жайлы мәлімет:

Аты-жөні Лауазымы Ғылыми дәрежесі  
 
1. Жартыбаев Рахмет Нүкейұлы   Профессор   Медицина ғылымының докторы  
2. Ибрагимова Роза Сафиулловна Профессор Медицина ғылымының докторы  
3. Айтбаев Жаңабай Жұмабекұлы Доцент Медицина ғылымының кандидаты  
4. Ахметов Данияр Нуртасович Ассистент Медицина ғылымының кандидаты  
5. Аханов СерикболсынӘбдахметұлы Ассистент Медицина ғылымының кандидаты  

1.7 Байланысу мәліметтері:

Модульдің мекен жайы: Алматы қ., Сейфулин д-лы 543, 101- бөлме.

Телефон: 338-70-90. ішкі.7326

Модулдін электрондық поштасы:[email protected]

Интернатурада хирургиялық стоматологияны оқыту мақсаты.

Мақсаты:компетентті, білімді, хирургиялық стоматологиядан тәжірибесі мол және қолынан іс келетін, өз бетінше хирургиялық стоматология ауруларына мамандандырылған көмек көрсете алатын, сонымен қатар дәлелдеу медицинаның қағидаларын білетін, заманауи емдік диагностикалық технологияларды қолдана алатын, әрдайым өз мамандығын жетілдіріп отыратын дәрігерді дайындау.

Тапсырмалар:

- ЖБА негізгі хирургиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын тереңдетіп білу;

- хирургиялық ауруларды дифференциалды диагностикалау және диагностикалау дағдыларын жетілдіру;

- заманауи лабораториялық және инструменталды зерттеу әдістерін таңдау дағдыларын тереңдету және интерпретациялау;

- хирургиялық стоматологиялық ауруларға дәлелдеу медицина мен ем-диагностикалық технологияларға сүйене отырып, жедел көмек көрсету және кешенді ем жүргізу;

-топта жұмысты істеу дағдыларын, диагностика және ем үрдістерін басқару дағдыларын жетілдіру;

- жеке-дара нақты науқасты емдеуге интеграциялық білім және игеру дағдыларын жетілдіру;

- дәлелдеу медицина қағидаларын қолдана отырып профессиональдық шешім қабылдауды үйрену;

- профессиональдық қызмет кезінде келесі қағидаларды ұстануды қалыптастыру: альтруизм, жаныашу, жауапкершілік, адалдық және т.б.;

- адамдар мен отбасылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістерін және қағидаларын біліп, жетілдіру;

- профессиональды қызмет кезінде өзінің кәсіби білімін үздіксіз жалғастырып отыру;

- медициналық есеп-қисап құжаттарын жүргізу дағдыларын жетілдіру.

Сабақ жүргізу методологиясы:

Жанаспалы сағаттар– тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.

ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.

Ақырғы нәтиже;

Дәрігер интерн міндетті

білу:

· Жалпы тәжірибелі стоматологтың жұмысын ұйымдастыру;

· Стоматологиядағы менджмент және маркетинг сұрақтары;

· Стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;

· Жақ-бет аймағының топографиялық анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі;

· Жақ-бет хирургиясындағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері;

· Стоматологиялық сырқаттардың, соның ішінде, жақ-бет аймағының жарақаттарын және зақымдануларының клиникалық симптомы, нақтамалау қағидалары, салыстырмалы нақтамасы, емі;

· Стотматологиялық сырқаттары кезіндегі, дәрігерлік-еңбек сараптамасы сұрақтары;

· Стоматологиялық тәжірибедегі дәлелді медицина;

· Жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;

· Хирургиялық стоматологиялық сырқаттарының алдын алу әдістері;

· Халыққа амбулаторлы стоматологиялық көмектің барлық түрлерінің көлемі, соның ішінде, ауруханаға дейінгі кезеңде, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

· Стоматалогиялық аурулардың амбулаторлы және ауруханалық реабилитация қағидалары;

· Заманауи жағдайда стоматологигялық науқастарды диспансеризациялауды ұйымдастыру және жүргізу;

· Жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

Істей алу:

· Стоматологиялық бөлменің, бөлімшесінің, клиниканың жұмысын ұйымдастыру;

· Есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;

· Дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану;

· Жақ-бет аймағының хирургиялық ақауы бар науқастарға зерттеулер жүргізу;

· Зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау;

· Жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу;

· Жақ-бет аймағының зақымданулары мен сырқаттары кезінде, тәжірибелі және арнайы стоматологиялық көмек көрсету;

· Анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;

· Жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

· денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру;

· стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау;

машықтарын жетілдіру:

· жақ бет аймағындағы жергілікті жансыздандырудың барлығын жүргізуді;

· тістерді типтік және атипиялық әдістермен жұлу;

· периостотомия;

· тіс түбір ұшын кесу, гемисекция, тіс түбірін кесу, реплантация, цистоэтомия, цистотомия операцияларын жүргізу

· жоғарғы жақсүйегі қойнауының перфоррациясы кезінде, ұяшығы кесу;

· жақ-бет аймағының және мойынының шиқандарын, іріңді лимфаденитін және аденофлегмонасын тіліп ашу;

· жақ-бет аймағының жарақаттарына тігіс салу;

· жақ-бет аймағының операциялық жарақаттарынан тігісті алу;

· жақ-бет аймағының жарақаттарын таңу;

· сілекей бездерінің өзектерін жуу, сілекей безінің өзектерінен тастарды алу;

· самай-төменгі жақсүйегі буынының және бет нервісінің сырқаттары бар науқастарды қарап тексеру;

· ісікті үрдіске қауіп қатер кезінде биопсия үшін материал алу;

· ауыз қуысынан және беттің жұмсақ тіндерінен қатерсіз жаңа түзілістерді алу;

· пародонт сырқаттарын хирургиялық емдеу әдістерін орындау;

· ауыз қуыс кіреберісінің, тіл үзеңгісінің және еріннің пластикасы;

коммуникативті машықтарын меңгеру:

· ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;

· науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;

· қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;

· жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;

· қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;

· қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;

· кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;

· стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі

құқықтық компетенциясы:

Арнайы машықтарын қалыптастыру:

· хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;

· аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;

· хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;

· хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;

· тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;

· медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;

· науқастың құқығын қорғау;

· кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;

өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру:

төмендегі машықтарын жетілдіру;

· өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;

· ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;

· Дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;

· хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

· творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;

· креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;

· жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру

Дәрістердің тақырыптық жоспары (5 сағат)

Тақырыптары Уақыты
Стоматологиядағы жедел жағдайлар. Хирургиялық стоматологиядағы менеджмент пен маркетинг. Хирургиялық стоматологиядағы деонтологияның негіздері 1 сағат
Жақ-бет аймағындағы іріңді-қабыну ауруларының асқынулары. Инфекция таралу жолдары. Диагностика алгоритмі. Дәрігердің іс-қимылы. Алдын алу. 1 сағат
Сілекей бездерінің қабыну және дистрофиялық аурулары. Диагностикасы және ем алгоритмі. 1 сағат
Жақ-бет аймағының жарақаты. Диагностика алгоритмі. Жедел жәрдем және ем алгоритмі 1 сағат
Стоматологиялық тәжірибеде қателіктер мен асқынулар. Алдын алу жолдары 1 сағат
БАРЛЫҒЫ: 5 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары( 174 сағат)

Наши рекомендации