Пневмонияны мақсатты емдеуде қолданылатын антибактериялық ем
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Интерннің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Терапевтік бейімі бар ЖОО-нан кейінгі білім беру интернатурасы
Дисциплина: Ішкі аурулар
Курс: VII
Топ: 702
Тақырыбы:Пневмонияның клиникалық түрлеріне байланысты басты және мүмкін қоздырғыштары
Орындау әдісі: Кесте
Орындаған: Абыланқызы Анар
Тексерген: Кудайбергенова Г.Н.
Пневмонияны мақсатты емдеуде қолданылатын антибактериялық ем
Ауру қоздырғышы | Антибиотиктер |
Пневмококк | -пенициллиндер, оның ішінде амоксиклав -цефалоспориндер ІІІ буын, линкомицин |
Пциллинге төзімді пневмококк | -ванкомицин -цефалоспориндер, IV буын -макролидтер |
Окациллинге сезімтал алтынсары стафилококк | -амоксиклав -клиндамицин -линкомицин -оксациллин цефалоспориндер І-ІІ буын |
Оксациллинге төзімді алтынсары стафилококк | -ванкомицин -линезомид -рифампицин -цефалоспориндер, І-ІІ буын |
Клебсиела | -макролидтер -цефалоспориндер ІІІ-IV буын |
Легионелла | -рифампицин + эритромицин (кларитромицин) -рифампицин + фторхинолон венаға |
Гемофильді таяқша | -ампициллин -цефалоспориндер, ІІ-ІІІ буын -фторхинолон (спарфей) -макролидтер |
Микоплазма | -эритромицин -доксициклин |
Хламидия | -доксициклин -эритромицин -фторхинолондар |
Ішек таяқшасы | -ампициллин -цефалоспориндер, ІІІ буын -аминогликозидтер -левомицетин |
Энтеробактер, протей | -карбапенемдер -фторхинолондар -цефалоспориндер IV буын |
Көкшіл-ірің таяқшасы | -аминогликозидтер + көкшіл-ірің таяқшасына қарсы беталактамдар (пикарциллин, пиперациллин, цефало-спориндер, карбопенемдер) |
Стрептококтер | -пенициллин -пенициллин + аминогликозид -цефалоспориндер ІІІ буын -макролидтер -карбопенемдер -ванкомицин |
Анаэробтар | -лактамдар (лактамаз ингибиторлары) -клиндамицин |
Науқас топтары | Қоздырғыштары | Тиімді препараттар |
Гранулоцитопениямен, жедел басталған пневмония, үдемелі өкпе тінінің тығыздалуы, гипоксемиясы бар науқастар | Грамтеріс бактериялар Streptococcus pneumonae | b-лактам аминогликозид. Азтреонам (Ципрофлоксацин)+ Бензилпенициллин (Ванкомицин немесе тейкопланин) |
Саңырауқұлақтар (аспергиллез, мукормикоз, кандидоз қоздырғыштары) | Амфотерицин В, флуконазол | |
Пневмониямен, Т-клеткалы иммуно жетіспеушілікпен және атипиялық пневмониямен ауыратын науқастар | Mycobacterium tuberculosis | Туберкулезге қарсы препараттар |
Coccidia sp. Histoplasma sp. | Амфотерицин В | |
Rodococcus sp. | Макролид + рифампицин | |
Nocardia sp. | Сульфаметоксазол / триметоприм | |
Жеделдеу пневмониялар және диффузды альвеолярлы инфильтратпен, диарея, бас айналу, есінен танумен, бауыр зақымдануы бар науқастар. | Legionella pneumophila | Эритромицин + рифампицин (фторхинолон) |
Ауруханадан тыс пневмония
Пневмококтік пневмония | Стафилококтік пневмония | Гемофильдік таяқша тудыратын пневмония |
КрПневмококтік пневмония крупозды пневмония түрінде көрініс береді, өкпенің бөлігі, бірнеше бөлігі зақымданады, сегментарлық қабынуы да мүмкін (ошақты пневмония, бронхопневмония), циклды дамиды. Ауру адамның шағымдары – дене қызуының көтерілуі (тұрақты қызба түрінде), қалтырап тоңу, басында құрғақ жөтел, кейін тот түсті қақырық бөлінетін (патогномониялық симптом) жөтел, терең дем алғанда және жөтелгенде кеуденің шаншып ауыруы (плевропневмония) және ентігу. Аурудың басында болатын белгілер: ауырған жақтың бет ұшының қызаруы, ұшық бөртпелері (герпес), тыныс алу кезінде танаудың қампайып керілуі, тыныстың жиілеуі, кеуденің ауру жақ жартысының тыныс алу кезінде қалыңқы болуы. Зақымданған өкпе бөлігінің үстінде - өкпе дыбысының тұйықталуы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, қатқыл тыныс немесе бронх тынысы реңді дыбыс фонында крепитацияның (indux) естілуі. Аурудың нағыз өршіген кезінде болатын белгілер: перкуссиялық тынық дыбыс, дауыс дірілі мен бронхофония күшейген, бронх тынысы естіледі. Аурудың шешілу сатысында болатын белгілер: перкуссиялық тынық дыбыс әуелі тұйық дыбыспен алмасады, кейін қалыпты өкпе дыбысына көшеді, қайтадан крепитация (redux) пайда болады, дауыс дірілі мен бронхофония біртіндеп әлсірейді. Рентгенологиялық тексергенде - өкпе бөлігінің аумағында гомогенді қарайғандық болады, плеврада сұйықтық көрінеді, кейде сегментарлық қарайғандық болуы мүмкін. Қанда – лейкоцитоз, лейко-формулада солға қарай ығысу, лейкоциттерде улану түйіршіктерінің болуы, ЭТЖ өсуі. Қақырықта пневмококктер табылады | СтГгрипп індетінен кейін дамиды, ошақты пневмония түрінде басталады. Кейінгі даму барысы – ауыр, тез іріңді деструктивті процестер (абсцесс, іріңді плеврит) қалыптасады, деструкциялы процестердің дамуы стафилококтердің өкпе паренхимасын ыдырататын ферменттер өндіруімен байланысты. Рентгенограммада –алғашында полисегментарлы инфильтрация, 5-7 күннен кейін сақина тәрізді ауалы қуыстардың пайда болуы (ұсақ бронхтардағы клапандық механизм және жедел ошақты эмфизема), кейін ішінде сұйықтық деңгейі бар некроздық қуыстардың қалыптасуы көрінеді. Пневмония жиі пневмоторакс түрінде асқынады. Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез бен солға ығысу, нейтрофильдердің улану түйіршіктері, ЭТЖ өсуі. | Ауру өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының фонында дамиды, өкпенің төменгі бөліктері зақымданатын ошақты пневмония түрінде көрініс береді. Қызбаның екінші толқыны болуы ауруға тән белгі. Дамуы ауыр, менингитпен, плевра эмпиемасымен, перикардитпен асқынады. Пенициллинмен емдегеннен нәтиже болмайды |
Ауруханаішілік пневмония
Фридлендер пневмониясы | Анаэробты инфекция тудыратын пневмониялар | Көкшіл-ірің таяқшасы тудыратын пневмония |
қоздырғышы – клебсиела (Фридлендер таяқшасы), иммунитет жетіспеушілігі күйде (қарт адамдарда, маскүнемдерде, қант диабетінде, ұзақ уақыт иммунодепресанттармен емделетін адамдарда) бой көрсетеді. Аурудың некрозды сипаты болатындықтан тез қуыстар пайда болады. Науқас адам аурудың бірінші күнінен бастап тұтқыр, жабысқақ (таңдайға жабысатын) қан аралас сұрғылт-жасыл түсті, от шалған ет иісті қақырық тастайды. Қақырықта капсуласы бар грам теріс таяқша болады. Клиникасы жағынан крупозды пневмонияны еске түсіреді. Рентгенологиялық тексергенде өкпенің жоғарғы бөлігінде құйылма пневмония көрінеді, кейін өте тез іріңдік (абсцес) қалыптасады. Даму барысы ауыр | (аспирациялық пневмониялар) әлсіреген адамдарда жұтыну бұзылғанда немесе ауыз-жұтқыншақ ішіндегі тамақ бөлшектері аспирация болғанда дамиды. Аспирацияланған бактериялар жоғары бөліктің артқы сегменттеріне және төменгі бөліктердің жоғарғы сегменттеріне енеді. Сондықтан ауру осы жерлердің пневмониясы немесе абсцесі болып көрініс береді. Қақырықта анаэробтардың (пептострептококтер, фузобактериялар, бактероидтар, анаэробты стрептококтер, актиномицеттер, бифидобактериялар) көп мөлшері табылады | ауыр, жүдеп титықтаған науқастарда (лейкоз, АИЖВ-инфекциясында т.б.) кездеседі. Аурудың даму барысы жедел және ауыр, инфильтрацияның тез тарауы, плеврит пен іріңдеудің қосылуы тән. |