Тыныс алуга арналган куралдар Запасные патроны к РУ-60М (А, В, КД, Г)
I. Жалпы ережелер
1.1. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 15-бабына сәйкес жұмыс берушi еңбек шарттары бойынша меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлердi арнайы киiммен, арнайы аяқкиiммен және жеке қорғанудың басқа да құралдарымен (бұдан әрi- жеке қорғану құралдары) мемлекеттiк басқару органдарының және ұжымдық шарттың ережелерi бекiтетiн нормалардан кем емес нормада қамтамасыз етуге мiндеттi.
1.2. Ұйымдардың қызметкерлерi еңбек процесi барысында жұмыс берушi қаражаты есебiнен медициналық қызметпен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етiлуге құқылы.
1.3. Автомобильдi немесе көлiктiң басқа түрiн жеке меншiгi ретiнде пайдаланатын не адам өмiрi мен денсаулығына зиянды әрi қауiптi қызметтiң өзге түрiн орындаушы азаматтарда қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге сәйкес жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдары болуға тиiс.
1.4. Осы Нұсқаманың күшi ұйымдарға, жеке кәсiпкерлерге, меншiк және шаруашылықты жүргiзу нысандарына қарамастан кез келген заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - жұмыс берушi), еңбек мiндеттерiн тұрақты немесе уақытша жалданып атқаратын қызметкерлерге, сондай-ақ адам өмiрi мен денсаулығына зиянды әрi қауiптi басқа да қызметтермен айналысатын азаматтарға қатысты.
1.5. Қызметкерлерге жеке қорғану құралдарын тегiн берудiң нормаларын (бұдан әрi - норма) Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiподақтармен немесе қызметкерлердiң басқа да өкiлеттi органдарымен келiсетiн бiрлестiктер әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi не оның жергiлiктi жерлердегi уәкiлеттi бөлiмшелерi бекiтедi.
1.6. Бiрлестiкке енбейтiн заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған жұмыс берушiлер министрлiктер мен ведомстволардың экономиканың тиiстi саласы үшiн әзiрлеген нормаларын басшылыққа алады. Осы құжаттарда қажеттi кәсiптер мен лауазымдар болмаған жағдайда осыған ұқсас кәсiптер мен лауазымдардың нормалары қолданылады.
1.7. Нормаларда:
кәсiптер мен лауазымдардың атаулары;
арнайы киiм мен арнайы аяқкиiмнiң (жазғы және қысқы) түрлерi;
жеке қорғану құралдарының басқа да түрлерi мен атаулары (респираторлар, қорғаныш көзiлдiрiктерi, противогаздар және т.б.);
айлар бойынша пайдаланылу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
1.8. Нормаларға толықтырулар мен өзгертулер енгiзу оларды бекiту тәртiбiндегi сияқты жүргiзiледi.
1.9. Қорғау белдiгi, электр өткiзбейтiн галоштар мен қолғаптар, электр өткiзбейтiн резеңке төсенiштер, қорғаныш көзiлдiрiктерi мен қалқаншалар, респиратор, противогаз, қорғаныш дулыға, дулыға астынан киетiн баскиiм, мұрын қорғағыш, каска, иық қорғаныш, шынтақ қорғағыш, антифондар, дыбыс бәсеңдеткiш, шудан қорғайтын дулығалар, жарық сүзгiштер, дiрiлдi өткiзбейтiн қолғаптар мен басқа да заттар сияқты жеке қорғану құралдары нормада көзделмеген жағдайда олар қызметкерлерге орындайтын жұмысының сипаты мен жағдайына қарай олардың тозығы жеткенше немесе керек кезiнде пайдалануға берiледi.
1.10. Еңбек мiндеттерiн орындауға қатысты емес азаматтарға арналған жеке қорғану құралдарының және алғашқы медициналық көмектiң нормалары мен түрлерi тиiстi нормативтiк құқылық актiлерде көзделедi.
2. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек
құралдарын пайдалану көзделiнетiн шарттар
2.1. Жеке қорғану құралдарын мiндеттi түрде пайдалану азаматтар адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторлармен байланыста еңбек еткенде немесе басқа қызмет атқарғанда көзделедi.
2.2. Салалық нормалар негiзiнде қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiндегi талаптарға сәйкес жұмыс берушi кәсiподақпен не қызметкерлердiң өзге де уәкiлеттi органымен бiрлесе отырып сол ұйымда жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуге жататын қызметкерлер кәсiптерi мен лауазымдарының тiзбесiн (тiзiмiн) жасауға тиiс. Осы тiзбе (тiзiм) және қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету мен оларды алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер ұжымдық шартқа енгiзiледi, ал ол болмаған жағдайда жалданып жұмыс iстеу шартында көзделедi.
2.3. Демалысты (туризм, саяхат және т.б.) не азаматтар қарастырылатын шараларды ұйымдастырғанда және олардың адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторлармен қатынаста болуы мүмкiн болған жағдайда осы шараларды қамтамасыз ететiн ұйымдар өздерiнiң Жарғысына (Ережесiне) сәйкес азаматтарды тиiстi жеке қорғану құралдарымен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етудi көздеуге тиiс.
3. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек
көрсету құралдарын сатып алудың және оларды
берудiң тәртiбi
3.1. Жұмыс берушiлер жеке қорғанудың және алғашқы медициналық көмектiң сертификатталған құралдарын ғана сатып алуға тиiс. Республика аумағында шығарылатын осы бұйымдарды министрлiктер олардың түрiне қарай сертификаттайды.
3.2. Жеке қорғану құралдары қызметкердi жұмысқа қабылдағанда немесе басқа жұмысқа ауыстырғанда не осы құралдардың пайдалану мерзiмi бiткенде берiледi.
3.3. Жеке қорғану құралдарының пайдаланылу мерзiмi күнтiзбелiк арқылы белгiленедi және оларды нақты берген күннен бастап есептеледi.
3.4. Қызметкерлерге берiлген жеке қорғану құралдары жұмыс берушiнiң меншiгi болып саналады, оларды пайдалануға бергенде ол қызметкерлердiң есебiне енгiзiледi.
3.5. Жұмыс берушi жұмыстың сипаты мен жағдайына қарай кәсiподақпен немесе қызметкерлердiң өзге де уәкiлеттi органымен бiрлесе отырып жеке қорғану құралдарының кезекпен ұжымдық пайдаланылуын белгiлейдi.
3.6. Кезекпен пайдаланылатын жеке қорғану құралдары тиiстi өндiрiстiк бөлiмшенiң қоймасында жатуға тиiс және қызметкерлерге олар көзделген жұмыстарды орындайтын кезде ғана берiледi немесе белгiленген жұмыс орындарына бекiтiледi (мәселен, жол күзеттерiнде киетiн тұлыптар, электр қондырғыларын орнатқан кезде киетiн электр өткiзбейтiн қолғаптар) және бiр сменадан екiншi сменаға өткiзiледi. Бұл реттерде жеке қорғану құралдары мастерлердiң немесе әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерi қатарындағы басқа адамдарға берiледi.
Олардың пайдаланылу мерзiмдерi нормаларға сәйкес жеке пайдаланылуға берiлетiн жеке қорғану құралдары түрiнiң пайдаланылу мерзiмдерiне сәйкес келуге тиiс.
3.7. Нормада көзделген жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер (астары жылы мақта-матадан тiгiлген костюмдер мен курткалар, суықтан қорғайтын курткалар, терiден жасалған костюмдер, тұлыптар, қысқа тондар, пималар, құлақшындар, терi қолғаптар және т.б.) қызметкерлерге суық түскенде берiледi және күн жылына бастағанда жұмыс берушiге келесi маусымға дейiн ұйымдастырылған түрде сақтау үшiн өткiзiледi.
3.8. Жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер пайдаланылып болғаннан кейiн профилактикалық өңдеуден өткiзiледi, ал оларды қабылдап алғанда иесiздiктi болдырмау үшiн осы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдердiң жеке-жеке аты жазылып тiзiм бойынша өткiзiледi. Сақталуда болғаннан кейiн жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер сақтауға өткiзген қызметкерлердiң өздерiне қайтарылады.
3.9. Оқытудың топтық және жеке нысанындағы оқушыларға, кәсiптiк-техникалық училищелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнайы оқу орындарының оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерiне өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген (өндiрiстiк оқу) кезiне жеке қорғану құралдары тиiстi кәсiптiң қызметкерлерiне арналған нормалар бойынша берiледi.
3.10. Кәсiптi қоса атқаратын немесе қосымша жұмыстарды үнемi, соның iшiнде кешендi бригадаларда орындайтын қызметкерлерге негiзгi кәсiбi бойынша оларға берiлетiн жеке қорғану құралдарынан басқа орындайтын жұмысына қарай қосымша атқаратын кәсiп үшiн көзделген жеке қорғану құралдарының басқа да түрлерi сол пайдаланылу мерзiмiне берiледi.
3.11. Жұмыс берушi жеке қорғану құралдарының қызметкерлерге берiлуiне тиiсiнше есеп жүргiзiп, бақылау жасауға мiндеттi.
4. Жеке қорғану құралдарына және олардың сақталуына
қойылатын талаптар
4.1. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдары стандарттарға және техникалық шарттарға сай келуге тиiс.
4.2. Жеке қорғану құралдары техника қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беруге, алып жүруге ыңғайлы болуға, қозғалысқа кедергi жасамауға, пайдаланушыға өздерiнiң бойы мен денесiне лайықты етiп таңдап алынуға және берiлуге тиiс.
4.3. Талаптарға сай келмейтiн немесе қызметкерге қатысты емес себептерге байланысты белгiленген пайдаланылу мерзiмiнен бұрын iстен шыққан арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер ауыстырылуға жатады.
4.4. Жеке қорғану құралдары (респираторлар, противогаздар, өзiн өзi құтқарушылар, қорғаныш белдiктерi, мұрын қорғағыштар, дулығалар мен басқа да заттар) үнемi сынақтан өткiзiлiп, тексерiлiп тұруға жатады, ал сүзгiштер, стеклолар мен қорғау құралдарының қорғағыш қасиеттерi төмен заттар өз уақытында ауыстырылуға жатады. Жеке қорғану құралдарына тексеру жүргiзгеннен кейiн олардың келесi сынақтың өткiзiлу мерзiмi көрсетiлiп белгi (таңба, штамп) қойылуға тиiс.
4.5. Жеке қорғану құралдары өздерiнiң төлқұжаттарына сәйкес кейiн осы заттарды пайдаланатын қызметкерлерге зиян келтiруi мүмкiн уытты, улы заттар мен материалдардан аулақ жеке құрғақ бөлмелерде сақталуға тиiс.
4.6. Денсаулыққа қауiптi әрi зиянды жұмыстарда пайдаланылатын жеке қорғану құралдары (қорғасын, оның қорытпалары және қосындылары, сынап, этильдi бензин, радиоактивтi заттар және т.т.) санитарлық бақылау органдары бекiтетiн нұсқамалар мен сiлтемелерге сәйкес сақталуы керек.
5. Жеке қорғану құралдарын қолдану тәртiбi
5.1. Адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторларының әсерi бар жұмыс не басқа қызмет кезiнде азаматтар жеке қорғану құралдарын пайдалануға тиiс.
5.2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң жұмыс кезiнде өздерiне берiлген жеке қорғану құралдарын пайдалануын қадағалауға және олар үшiн жауап беруге мiндеттi.
5.3. Жеке қорғану құралдарын пайдалануға, оларға күтiм жасауға қойылатын талаптар ұйымның iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде не жалдап жұмыс iстеудiң шартында (контрактiсiнде) көрсетiлуге тиiс.
Белгiленген жеке қорғану құралдарынсыз, не олар гигиеналық талаптарға сай келмесе, не бұзық болған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
5.4. Осы құралдарды пайдаланушылар жеке қорғану құралдарына ұқыпты болуға тиiс.
5.5. Қызметкерлер жеке қорғану құралдарын тазалау, жуу, кептiру, жөндеу, газсыздандыру, активсiздендiру, дезинфекциялау, майын және шаңын кетiру (бұдан әрi - профилактикалық өңдеу) қажеттiгi туралы жұмыс берушiнi дер кезiнде хабардар етуге тиiс.
5.6. Жұмыс берушi жеке қорғану құралдарының түрiн берген кезде қызметкермен осы құралдарды пайдалану және олардың бұзық еместiгiн тексерудiң қарапайым әдiсi бойынша нұсқамалық жұмыс жүргiзуге, ал тiптi қажет болған жағдайда оларды пайдалану жөнiнде жаттықтыру жұмысын жүргiзуге тиiс.
5.7. Қызметкерлерге берiлген жеке қорғану құралдарын сақтау үшiн жұмыс берушi санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған (шешiнiп-киiнетiн) бөлме беруге мiндеттi.
5.8. Жекелеген жағдайларда жұмыс шарты бойынша жеке қорғану құралдарының жоғарыда аталған сақталу тәртiбiн сақтау мүмкiн болмаған реттерде (мәселен, ағаш дайындау, геологиялық барлау жұмыстарында) олар жұмыстан тыс кезде қызметкерлердiң өздерiнде қалуы мүмкiн, ал бұл ұйымның iшкi еңбек тәртiбi ережелерiнде немесе ұжымдық шарттарда көрсетiлуге тиiс.
Жеке қорғану құралдарының сақталуы үшiн жауапкершiлiк қызметкерлердiң өздерiне жүктеледi.
6. Жеке қорғану құралдарына күтiм жасау
6.1. Жұмыс берушi меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен белгiленген мерзiм iшiнде жеке қорғану құралдарына тиiсiнше күтiм жасауды ұйымдастыруға мiндеттi. Профилактикалық өңдеуден өткiзуге, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын жөндеуге тиiс.
6.2. Ал бұл еңбек шарты бойынша талап етiлетiн реттерде ұйымдарда (цехтарда, учаскелерде) кептiргiштер, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуге арналған камералар мен қондырғылар орнатылуға тиiс.
6.3. Жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзу және жөндеу қызметкерлер жұмыс iстемейтiн кезде (демалыс күндерiнде) немесе сменааралық үзiлiстер кезiнде жүргiзiлуге тиiс.
6.4. Егер нормаларда жұмысшылармен қызметшiлерге арнайы киiм мен арнайы аяқкиiмнiң екi немесе үш топтамасын беру (мәселен, радиоактивтiк заттармен жұмыс iстегенде) көзделген болса жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу басқа уақытта жүргiзiлуге тиiс, демек қызметкерлерге осы уақыт үшiн сменалық топтамалар берiледi.
6.5. Жеке қорғану құралдары кiрлеп қалғанда немесе оны белгiленген уақытынан бұрын жөндеу қажет болған реттерде профилактикалық өңдеу мен жөндеу мерзiмiнен бұрын жүргiзiлуге тиiс.
6.6. Жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзген кезде олардың қорғау қасиетi қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.7. Адам өмiрiне қауiптi әрi зиянды жұмыстарда (қорғасын, оның қорытпалары мен қосындылары, сынап, этильдi бензин, радиоактивтi заттар және т.б.) iстейтiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзу санитарлық қадағалау жасайтын органдардың нұсқамаларымен сiлтемелерге сәйкес жүргiзiледi.
6.8. Қызметкер жұқпалы аурумен ауырғанда оның пайдаланған жеке қорғану құралдары мен олар сақталған бөлмеге тиiсiнше дезинфекция жасалуға тиiс, соның iшiнде оны дезостанциялар немесе санитарлық эпидемиялық станциялардың дезинфекциялық бөлiмдерi жасауға тиiс.
6.9. Арнайы аяқкиiм үнемi тазаланып, майланып отыруға тиiс, ол үшiн қызметкерлерге тиiсiнше жағдайлар (аяқкиiм тазалайтын орындар, щеткалар, майлар және т.б.) жасалынуға тиiс.
7. Жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек
құралдарымен қамтамасыз ету
7.1. Зардап шегiшуге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында жұмыс берушi өндiрiстiк, коммерциялық және қауiп-қатерi жоғары өзге бөлiмшелердегi жұмыс орындарын, автомобильдердi және көлiктiң басқа түрлерiн алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етуге және олардың осылармен жабдықталуына жауапкершiлiктi тағайындауға мiндеттi.
7.2. Азаматтың жеке пайдалануындағы автомобиль не басқа көлiк жол жүру Ережесiне сәйкес алғашқы медициналық көмек құралдарымен және өрт сөндiргiш заттармен жабдықталуға тиiс.
7.3. Алғашқы медициналық көмек құралдары жұмыс орындарындағы арнайы дәрiханаларда немесе пайдалануға ыңғайлы жақын жерлерде сақталуға тиiс.
7.4. Шағын дәрiханалар сертификатталған алғашқы медициналық көмек құралдарымен уақытында және толығынан жабдықталуға тиiс.
7.5. Шағын дәрiханаларды жабдықтауға арналған дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн, олардың сақталу мерзiмдерi мен қолданылу нормаларын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
8. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек
құралдарымен қамтамасыз ету және олардың
пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiк, оларды бақылау
мен қадағалау
8.1. Заңға сәйкес қызметкерлердi жеке қорғану құралдарымен уақытында әрi толығымен қамтамасыз ету, олары профилактикалық өңдеу, жөндеу, сондай-ақ жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк жұмыс берушiге жүктеледi.
8.2. Арнайы киiмде, арнайы аяқкиiмдi және жеке қорғану құралдарының басқа түрлерiн жоғалтып алуына немесе ұқыпсыздығынан бүлдiрiп алуына, алғашқы медициналық көмек құралдарына немесе басқа жағдайларға (ұрлап алу немесе қасақана бұзу) байланысты жұмыс берушiге келтiрген зияны үшiн қызметкерлерге материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
8.3. Кәсiпкерлер өз жұмысын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған түрде азаматтарды жинаған жағдайда олардың жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етiлуi үшiн жауап бередi.
8.4. Адамдардың жеке пайдалануындағы автомобильдердi және басқа жүру құралдарын шағын дәрiханалармен және өрт сөндiргiш заттармен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк олардың иелерiне жүктеледi.
8.5. Осы Нұсқаманың қағидаларының орындалуы үшiн жауапкершiлiк еңбектi қорғау және еңбек жағдайы үшiн мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк автоинспекция және Мемлекеттiк санитарлық эпидемиялық қадағалау комитетiне жүктеледi.
Орытынды ережелер
9.1. Жеке қорғану, алғашқы медициналық көмек құралдарын беру және оларды пайдалану жөнiндегi еңбек таластарын еңбек таластары жөнiндегi комиссия қарайды.
9.2. Осы Нұсқаманың 1 тарауында көрсетiлген жеке қорғану құралдарын қызметкерлерге тегiн берудiң нормалары әзiрленгенге және бекiтiлгенге шейiн КСРО-ның еңбек жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi мен Кәсiптiк Одақтар Бүкiлодақтық Орталық Кеңесi Президиумының 1978-1982 жылдардағы кезеңге арналған, 1984-1991 жылдары өзгерiстер енгiзiлген қаулысымен бекiтiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге арнайы киiмдер мен арнайы аяқкиiмдердi және жеке қорғанудың басқа да құралдарын тегiн берудiң Үлгiлiк салалық нормалары қолданылады.
Тыныс алуга арналган куралдар Запасные патроны к РУ-60М (А, В, КД, Г)
Казахстан
Тг.
Рекомендуется использовать при повышенных концентрациях пыли в воздухе. В зависимости от назначения укомплектовывают поглощающими патронами марок А, В, КД (А1Р1, В1Р1, Е1Р1, К1Р1). Поэтому защищают они от тех же веществ, но дополнительно еще во всех случаях от пыли, дыма, тумана. Не рекомендуется применять при концентрациях пыли более 100 мг/м3. С этими респираторами разрешается работать в средах, где ПДК не превышает 15.
А Органические газы и пары (бензол и его гомологи, бензин, спирт, галоидорганические соединения, нитро— и аминосоединения бензола и его гомологов, эфиры и т. п. )
В Кислые газы и пары (диоксид серы, гидрид серы, хлор, хлористый водород и т. п. )
Г Пары ртути, этилмеркурхлорид
КД Смесь аммиака и гидрида серы
В корзину