Ана сүтінің биологиялық маңызы.
Баланың және бала емізетін ананың нутриентті қамтамасыз етілуі.
.
Жойылған энергияны және негізгі зат алмасуды қамтамасыз ететін заттарды организм тамақпен қабылдайды. Емшек жасындағы бала үшін негізгі тағам - ана сүті. Оның құрамы ананың тамағының құрамына тығыз байланысты. Балалардың физиологиялық тамақтануының ересек адамдардың физиологиялық тамақтануынан айырмашылығы, оның өсуі мен дамуды қамтамасыз етуіне бағытталуында. Балалық шақ диетологиясы ең бірінші даму диетологиясы болып келеді.
Ртүрлі жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері
Ø Тек қана емшекпен тамақтандыру – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтандырумен қатар анасының сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру
Ø Көбіне емшекпен тамақтандыру – жоғарыдағы сияқты,оған қоса аздап су немесе басқа сусындар беру.
Ø Толық емшекпен тамақтандыру – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру ұғымдарын қамтиды.
Ø Толық емес қосымшаланған емшекпен тамақтандыру – емшекпен тамақтандырумен қатар жасанды сүт қоспаларын, немесе 4-6 айдан бастап 30г артық қою қосымша тағамдар беру.
Ø Шыныдан тамақтандыру – жасанды тамақтандырудың баламасы, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық қоспалармен тамақтандыру.
Ережелер:
1.Барлық тағамдарды біртіндеп және белгіленген мөлшерде беру керек. Бастапқы кезде өте аз мөлшерде бөлшектеп, содан кейін үлкенірек бөлшектен, біртіндеп, әдеттегі дайындалған қарапайым тамақ беріледі;
2.Әрбір жаңадан берілетін тағамды анасы жүргізуі қажет. Бұл талап, әсіресе баланы басқа адам тамақтандыратын болса, өте маңызды.
3.Бір күнде тек бірғана жаңа тамақ қосу дұрыс
4.Балаға тамақты өзіне арналған үйреншікті ыдысынан берген жөн
5.АС мәзірінде жаңа тағамдар қосқанда қолайлы жағдайларды таңдау қажет. Баланың тісі шығып келе жатқанда, жаңа тамақ енгізуге болмайды. Яғни, жаңа тамақ тек қана дені сау балаға жаңадан беріле басталуы керек
6.Ас мәзіне өзгеріс, бала азды көпті болса да өзін аш сезініп тұрғанда енгізілуі қажет
7.Тамақтану ережесіне өзгеріс енгізгенде баланың даму ырғағын есепке алып отыру керек. Бірақ, бұл өзгерісті енгізуге кеш қалуға да болмайды, себебі, жасы өскен сайын ол өзгерістерді енгізу қиындай түседі.
1 жастан 1,5 жасқа дейінгі балалардың тамақтанатын тамағы механикалық өңдеуден өту үшін тағам бөлікшесінің негізгі мөлшері 2 – 3 см болуы қажет. Тағамның тығыздығы ботқа тәрізді, пюре, суфле, пудинг, буға пісірілген котлет сияқты болуы керек. Егер балада 8 – 10 тіс болатын болса, жеткілікті мөлшердегі қажеттіліктерді нан, кептірілген нан, печенье, жұмсақ алмаларды шайнауға қабілеті болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық және нервтік – психикалық дамуының ең оңтайлы көрсеткіштері, оның күнделікті рационындағы 1 кг дене салмағынаесептелген белок, май, көмірсулардың қатынасы 1:1:4 құраған кезде байқалады.
Егер тағамдық заттардың өзара қатынасы бұзылса, онда рацион өте жоғары энергетикалық құндылықта болса да, тиімсіз болады.
Мектепке дейінгі балалардың тамақтануында сүт маңызды орынды алады. Тәуліктік рациондағы сүттің көлемі 500 г құрайды. Оған минералдық заттардың, толыққанды белоктың, ауыстырылмайтын аминқышқылдары көзі болып табылатын сүт қышқылды өнімдерін қосады. Белок көзі сиыр еті, тауық еті, қоян еттері, майлы қаз және үйрек еті, балаларға арналған ет консервілері жатады. Күндізгі рационға нанның әртүрлі сорттары және бөлкенандар өнімдері (кептірілген нандар, тоғаштар) кіреді. Қара нан дәрумендердің В тобына бай. Кондитерлік тағамдар мектеп жасына дейінгі балаларға зефир, қақ, қайнатпалар, повидло, жидектен жасалған тәттілер, карамелдер ұсынылады. Қант орнына жиі бал тағайындалады. Күріш, манная, қарақұмық жармалары тағайындалады. 5-7 жастан бастап ас мәзіріне бидай және сұлы қосылады. Табиғи және консервіленген шырындар, морс, сусындар, компоттар, жаңа жеміс – жидектер қолданылады. Тамақтану арасындағы үзіліс 3,5-4 сағат болуы керек.
Ана сүтінің биологиялық маңызы.
Уыз бен өткінші сүттің көптеген антигендерге қарсы иммунологиялық активтілігі бар, үйткені оның құрамында әртүрлі антиденелер болады. Ана сүтінде сапрофитті және энтеропатогенді эшерихияларға, шигелдерге, энтеровирустарға, кокктік флораларға қарсы бағышталған антиденелер анықталған. Сонымен қатар, бейспецификалық қорғаныс факторлары (макрофагтар, лизоцим және басқалар) болады. Ана сүтінің секреторлы А иммуноглобулині, баланың инфекциялық ауруларының алдын алатын қорғаныстың алдыңғы шебі болып табылады. Сонымен қатар, ана сүтінің құрамындағы лимфоциттер (1 мл уызда 0,5-10 млн лимфоциттер болады) ішек-қарынның жергілікті иммунитетін стимуляциялауға қатысады. Ана сүтінде лимфоцит-термен (Т–50%, В–34%) қатар фагоцитоздық қабілеті бар макро- және микрофагтар бар. Ана сүтіндегі лицозим мен макрофагтар грам оң флораларғада қарсы активтілік білдіреді (ана сүтіндегі лизоцим деңгейі сиыр сүтіне қарағанда 300 есе көп болады). Ана сүтінде антибактериялық қасиеті бар комплемент және лактоферрин бар. Ана сүтінде лактоферрон 2-6 г/л деңгейінде болады. Бифидус флораның қарқынды өсуіне ықпал ететін бифидус-фактор ішекте патогендік микрофлораның пайда болуына қарсы әсер етеді.
Бала емізіп жүрген ананың тамақтануы
Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінен барлық аллергенді тамақтарды алып тастау ұсынылады. Олардың қатарына қызыл және қызғылт сары жемістер мен көкөністер кіреді. Сіздер сәбіз, қызыл алма, апельсин, мандарин және басқаларын пайдалануға болмайтындығын естіген боларсыздар. Сондай-ақ көкөністердің бірнеше түрін қолдануға болмайды. Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінде ақ қырыққабатқа, қиярға, қызанаққа орын жоқ. Себебі қырыққабат ішті кептіреді, ал қияр баланың дәретін бұзады. Тіпті ол баланың ас мәзіріне емес ананың үлесіне түсседе әсер етеді. Егер әр азық-түліктің сапасын зерделей бастасақ, біздің күнделікті үлесіміздегі тағамның көп бөлігі бала емізіп жүрген ана үшін даусыз тыйымды екендігін көреміз. Бірақ біз азық-түліктен қажетті дәрумендерді, минералдарды және қоректі заттарды аламыз ғой. Өзіңіздің ағзаңыз бен балаңыздың ағзасын «құрылыс материалдарынан» айыруға бола ма? Бала емізіп жүрген ананың жеткіліксіз және мардымсыз тамақтануынан тек қана ананың ағзасы ғана емес, сонымен қатар балсының ағзасына әсер етеді. Бұл жөнінде ұмытпаған жөн.
ОСЫМША ТАМАҚ БЕРУ
Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады.
Қосымша тамақ енгізу шарттары:
1. Жасы 5-6 айдан кем болмау керек;
2. Ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі;
3. Ауызға түскен тамақты шайнауға бейімділігі;
4. Тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы;
5. Сенімді отырып, тамаққа ұмтылуы және тойғандығын сезінуі;
6. Ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.
Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20 гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағыберіледі. Бұл тағамды шамалы емшек емгеннен кейін беру керек. Жақсы жұтқан жағдайда, аллергиялық реакция болмаса үздіксіз бере отырып, емізер алдына ауыстыру керек. Бұл қосымша тамақты өмірінің 17-20 аптасынан бастап беріп, 2-3 апта бойына енгізу қажет.
Кейіннен 5-6 айлық жасынан бастап, бірінші қосымша тамақ (картоп, сәбіз, көкөніс пюресі, капуста) беріледі. Егер баланың нәжісі тұрақсыз болып, салмақ қоспаса, қосымша тамақты сүт ботқасынан бастаған дұрыс.
7 айлығындадәнді дақылдар (негізгі-ІІ) қосымша тамаақ енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда
7,5-8 айлығынанбастап III қосымша тамақ бейімделмеген сүт өнімдері (айран, сүт, сүзбе) жұмыртқа, цитрустар және оның шырындары, бидай жармасынан дайындаған ботқалар беріледі.
8 айданбастап ет тағамдары рационға, ет пюресі түрінде беріледі. 8-9 айдан бастап аптасына 1-2 рет ет орнына балық беруге болады.
10 айдан бастапәрекеттерін дамыту мақсатында шайнау, тістеу әрекеттерін дамыту үшін біліктік, IV қосымша тағам енгізіледі. Бұған кепкен нан, печенье, жемістер, бұқтырылған котлеттер жатады. Тамақ ассортиментінің кеңеюі емшек сүтін ығыстырады, сондықтан да қосымша тамақ енгізу кезеңі, емшектен айыру кезеңінің басталуы болып есептеледі.