Нефрология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 37С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейкоциттер– 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген көру аймағында 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эритроциттер – 1000, лейкоциттер – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Пиелонефрит

B) Бүйректің қатерлі ісігі

C) Бүйрек амилоидозы

D) Бүйрек поликистозы

E) Гломерулонефрит

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Рябов С.И. "Нефрология" Рук-во для врачей. Спец. лит-ра - 2000.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$002

24 жастағы науқас С., басының ауыруы, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, мұрыннан қан кетулер, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы мазалайды. 10 жыл бойы ауырады. Объективті: бозғылт, теріде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта оң. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ – минутына 100 рет. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 көру аймағында, эритроциттер – 20-25 көру аймағында. Науқаста дамыған неғұрлым мүмкін асқыну:

A) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

B) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

C) ДВС-синдром

D) Бауыр жетіспеушілігі

E) Гипертониялық криз

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = Рябов С.И. "Нефрология" Рук-во для врачей. Спец. лит-ра - 2000.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$003

24 жастағы науқас қызды беті мен аяқтарының ісінуі, бел тұсы мен ұсақ буындарының ауырсынуы, лихорадка мазалайды.Теңізде демалғаннан кейін ауырған, бет ұштары мен мұрын үсті қызарған, қызба, буындық синдром пайда болған. Қанда: Нв-81 г/л, эритроциттер-2,8 млн., лейкоциттер-3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер-8, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер -10 көру аймағында, эритроциттер – 20 – 25 көру аймағында, гиалиндік цилиндрлер-10 дейін көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Глюкокортикоидтар

B) Диуретиктер

C) Уросептиктер

D) Метаболиктер

E) Антибиотиктер

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Рябов С.И. "Нефрология" Рук-во для врачей. Спец. лит-ра - 2000.

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$004

30 жастағы науқас айқын ісінуге, тәулігіне зәр бөлінуінің 300 мл-ге дейін төмендеуіне, басының ауырсынуына, жүрек айнуына, күрт әлсіздікке, терісінің қышынуына, көзінің көруінің күрт төмендеуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖЖЖ- 125 рет/мин. Қанда: мочевина–35 ммоль/л, креатинин – 1450 мкмоль/л, калий – 9,0 ммоль/л. Зәрде: салыстырмалы тығыздығы -1005, белок – 10,0 г/л, лейкоциттер – 1-2 көру аймағында, эритроциттер –1-2 көру аймағында. Емдеу тактикасын таңдаңыз:

A) Гемодиализ жүргізу

B) Плазмоферез тағайындау

C) Антибиотик тағайындау

D) Антикоагулянт енгізу

E) Перитонеальді диализ жүргізу

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = Внутренние болезни. Под ред. А.И. Мартынова М.: 2009 )

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

Клиникалық зертханалық диагностика» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:

A) Қан түзудің мегалобластты типі

B) Сүйек кемігінің босауы

C) Сүйек кемігінің өзгермеуі

D) Қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы

E) Қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =1

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$002

Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) d-ксилозамен сынама

B) Глюкозотолерантты тест

C) Ацидотест

D) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

E) Helicobacter pylori – ге зерттеу

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$003

30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік» симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Креатинфосфокиназаны анықтау

B) Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау

C) Ревматоидты факторды анықтау

D) Кардиолипинге антиденелерді анықтау

E) Жегілік антикоагулянтты анықтау

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$004

Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш:

A) Клебсиелла

B) Хламидиялар

C) Микоплазма

D) Ішек таяқшасы

E) Пневмококк

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$005

Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:

A) Полимеразалық тізбекті реакция

B) Сілтілі фосфатаза деңгейі

C) Трансаминазалар деңгейі

D) Зәр қышқылы деңгейі

Е) НBsAg

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$006

С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

A) Трепанобиопсия

B) Сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу

C) Сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу

D)Спленопортография

E) Көк бауырдың пункциясы

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =2

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$007

52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу:

A) Копрограмма

B) Шиллинг сынамасы

C) d-ксилозамен тест

D) Глюкозаға толеранттылық тестті

E) Сутегілік тест

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$008

Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау:

A) Кольпоцитограмма

B) ТТГ деңгейін анықтау

C) Т3 деңгейін анықтау

D) Т4 деңгейін анықтау

E) Пролактин деңгейін анықтау

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$009

24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатыр маңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында ... анықталуы мүмкін.

A) РФМК жоғарылауы

B) Тромбоцитоз

C) Гиперфибриногенемия

D) АЧТВ қысқаруы

E) ПУ қысқаруы

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0010

Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5С дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу:

A) Антинуклеарлы антиденелер

B) АСЛ-О, АСГ

C) Тропоизомеразаға антиденелер

D) Ревматоидты фактор

E) Кардиолипинге антиденелер

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0011

Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс:

A) Жағындының микроскопиясы

B) Қақырықты егу әдісі

C) Флюорография

D) Компьютерлі томография

E) ПЦР – диагностика

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

$$$0012

Науқас 16 жаста, дене қызуының 40С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыр терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Кардиолипинге антиденелер анықтау

B) Қанды бактериологиялық зерттеу

C) Ревматоидты факторды анықтау

D) Стрептококктарға қарсы антиденелер титрін анықтау

E) Иммуноферментный анализ на урогенитальную инфекцию

(Дұрыс жауап) = А

(Күрделілігі) =3

(Әдебиет) = ( Чепель Э., Хейни М., Мисбах С., Сновден Н. Основы клинической иммунологии. «ГЭОТАР-Медиа», 2008 416 с)

(Курс) = 7

(Семестр) = 14

Наши рекомендации