V Дезинтоксикационды терапия

v Құсыққа қарсы дәрілер

Оперативтік ем: Холецистэктомия таспен бірге өт қабын алып тастау. Қазіргі таңда ең тиімді лапароскопиялық холицистэктомия.

Болжам. Науқас дер кезінде қаралып, ем қабылдаса, денсаулығы қалпына келеді. Емделмеген жағдайда, қосымша аурулар пайда болып,ауру созылмалы ағымына өтуі мүмкін.

Алдын-алу. Аурудың этиологиясына байланысты бейімдеуші және жүзеге асырушы факторлардың қауіп төндіруіне жол бермеу.

Күнделік

27.09.16 ж сағ: 20-00

Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Шағымы: оң жақ қабырға доғасы астында аздап ауырсынуына, жалпы әлсіздікке. Обьективті: Санасы айқын. Төсектегі қалпы енжарлы.Тері жамылғысы және кілегей қабаттары бозғылт, таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты. ТАЖ: 17 рет минутына,АҚҚ 110/80 мм.с.б.б, пульс 86 рет. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ қабырға доғасы астында аздап ауырсыну.Зәр шығаруы еркін,өзгеріссіз. Науқасқа тағайындалған консервативті емнен кейін жағдайы жақсарды.Емін жалғастыру үшін динамикалық бақылау ұсынылды.

28.09.16 ж сағ: 07-00

Науқастың жағдайы орташа ауырлықта,түнін тыныш өткізді. Емін жалғастыруда. Шағымы: оң жақ қабырға доғасы астында аздап ауырсынуына, жалпы әлсіздікке. Обьективті: Санасы айқын. Төсектегі қалпы енжарлы.Тері жамылғысы және кілегей қабаттары бозғылт, таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты. ТАЖ: 17 рет минутына,АҚҚ 110/80 мм.с.б.б, пульс 86 рет. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ қабырға доғасы астында аздап ауырсыну.Зәр шығаруы еркін,өзгеріссіз. Науқасқа тағайындалған консервативті емнен кейін жағдайы жақсарды.Емін жалғастыру үшін динамикалық бақылау ұсынылды.

Эпикризі

Науқас Базеева Б.Е 60 жаста оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну сезімі, жүрек айну, құсу шағымдарымен жедел жәрдеммен келіп түсті.

Шағымы: Науқас іштің оң жақ қабырғасының асты аймағындағы күшті ауырсынуға, жүрек айну, құсуға шағымданады.

Қазіргі ауру тарихы(Аnamnesis morbi)

Науқас 10 жыл бұрын алғашқы рет медициналық тексеру өткен кезде, іш қуысының УДЗ өткен, сол кезде өт қалтасында тастар анықталған. Осы ауырсыну ұстамасына дейін тастар мазаламаған. Айтуы бойынша оң жақ қабырға асатында ауырсыну 4 тәулік бұрын ұстаған, соңғы екә тәулікте ауырсыну күшейгенін айтады. Ауру себебін майлы тағам жеумен байланыстырады.

Өмір тарихы(Аnamnesis vitae)

1956 жылы 4 қазанда туылған. Жасы мен жынысына сай дамыған. Мектепке уақтылы барған, дене шынықтыруға қатысқан Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Тұрмысқа шыққан, 3 баласы бар. Туа біткен ақаулары, тұқым қуалаушылық аурулары, тері, венерологиялық аурулары, Боткин, туберкулез ауруларымен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған, аллергиялық аурулар жоқ. Операция, жарақаттар болмаған. Зиянды әдеттері жоқ.

Status praesens communis

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын. Тері жамылғылары мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі бозғылт. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ – 16 рет минутына. Жүрек тондары айқын емес, ырғақты, АҚҚ – 120/80 мм. с.б. PS - 90 рет. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жақ қабырға астында ауырсыну бар, сол аймақта өт қалтасының түбі, жергілікті бұлшықет қатаюы анықталады.Ортнер, Керте симптомдары оң мәнді. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, түсі сабан түстес. Нәжісі тұрақты.

Тыныс алу жүйесі:Тынысы еркін мұрын арқылы. Кеуде сарайы цилиндр пішінді, симметриялы. Тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс жиілігі 18 рет минутына. Пальпация кезінде ауырсыну белгілері жоқ. Кеуде сарайының серпінділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей, қалыпты. Патологиялық шулар сетілмейді. Перкуссияда барлық аймақта өкпе дыбысы. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс.Аускультацияда барлық аймақта везикула тынысы.

Жүрек – тамыр жүйесі:«каротид биі», оң мәнді вена пульсі анықталмайды. Пальпация: жүрек ұшы соққысы V қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке, диаметрі 2 см. Перкуссия:

Шала тұйық дыбысының шектері

-оң жақ жүрек шегі ІV-V қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2 см сыртқары орналасқан.

-Сол жақ жүрек шегі V қабырға аралығында төстің сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан.

-Жүректің жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІІІ қабырға аралығында орналасқан.

Нағыз тұйық дыбыс шектері

-оң жақ шегі төстің сол жақ шетінде ІV-V қабырға аралығында орналасқан

-сол жақ шегі жүректің сол жақ шегінен 0,5 см ішке орналасқан.

-жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІV қабырға аралығында орналасқан.

Аускультация:жүрек тондары айқын, кеуде клеткасының сол жақ жартысында қатты естіледі. Пульс:пульсекі қолында бірдей, ырғақты. Пульсің жиілігі 70 мин. Екі жақта да a.dorsalis pedis-те пульсация әлсіреген.

Ас қорыту жүйесі:жұту актісі сақталған, тілі таза, ақ жабындымен жабылған. Өңеш кез-келген тамақты еркін өткізеді. Нәжіске отыруы әр тамақ қабылдағннан кейін.Пальпация:іш қуысының беткей пальпациясы кезінде іші жұмсақ,оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну, сол аймақта өт қалтасының түбі және жергілікті бұлшық ет қатаюы анықталады. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша мөлшері 9*8*7 см, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс. Талақ анықталмайды.

Несеп бөлу жүйесін тексеру: Белдеме аймағында ісіну, қызару анықталмайды.Пальпация:бүйрек, қуық анықталмайды. Пастернацкий симптомы бойынша ауырғандық екі жағында да анықталмайды. Перкуссия:бүйрек пен қуық анықталмайды. Зәр шығару еркін,қалыпты диурез.

Эндокриндік жүйені тексеру: Қалқанша безі көзге көрінеді.Сипағанда: 3-дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз. Краус, Розенбах, Штельваг, Дельримиль, Мари симптомдары оң.

Жүйке жүйесін тексеру: Себепсіз мазасызданады, көңілсіз, жылағыштық, жиі терлейді, аяқ-қолдардарында тремор байқалады, уайымшыл, ұйқының бұзылуы.

Status praesens communis:

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын. Тері жамылғылары мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі бозғылт. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ – 16 рет минутына. Жүрек тондары айқын емес, ырғақты, АҚҚ – 120/80 мм. с.б. PS - 90 рет. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жақ қабырға астында ауырсыну бар, сол аймақта өт қалтасының түбі, жергілікті бұлшықет қатаюы анықталады.Ортнер, Керте симптомдары оң мәнді. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, түсі сабан түстес. Нәжісі тұрақты.

Per rectum: тік ішек сфинктері сақталған, ауырсынусыз.

Жергілікті статус (status localis):

Екі аяқтарын қараған кезде симметриялы, гипотрофияланған, ісіктер жоқ, оң жақ аяғында табан мен тізе аралығында тері жамылғысының бозаруы байқалады. Тізесі мен табаны сипап қарағанда салқын. Оң жақ терісты вена тамырлары көрінуі әлсіз. Трофикалық өзгерістер жоқ. Түкті жамылғылары азайған. Оң жақ балтыр бұлшықеттерінде пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Аяқ саусақтарының сезімталдығы мен қозғалыс белсенділігін сақталған. Оң жақ аяғында барлық жерінен пульсациялар анықталмайды. Сол жақта жалпы сан артериясында пульсациялар анықталады, дистальды болігінде пульсация жоқ. Ауськултациялық шулы дыбыстар жоқ.

Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып алғашқы диагнозды негіздеймін:

Жедел обтурациялық калькулезді холецистит

Науқасқа консервативті ем және динамикалық бақылау тағайындалды.Консервативті емнен нәтиже болмаған соң оперативті ем көрсетілді. Өзінің келісімі бойынша.

Зерттеу нәтижелері:

Ж

ЖҚА:ЭТЖ – 18мм/сағ. (2-15 мм/сағ); Гемоглабин: 140 г/л. (120-140г/л);

ТК- 0,9 (0,9 – 1,1) Лимфоциттер 29,3 (18-38)

Эритроцит: 4,7х1012/л (3,9-4,7); Лейкоцит: 8,5х109/л (4,0-9,0)

Тромбоцит: 343х109/л (180,0-320,0); Моноцит 4,5 (2-9)

27.09.16ж

ЖЗА:түсі – ашық сары; реакция – қышқылдық;

Меншікті салмағы – 1021 ақуыз – жоқ;

Жалпақ эпителий – 2-2 к/а лейкоцит – 2-3 к/а

БҚА:

компоненттер Нәтижелер Қалыпты мөлшерлер СИ бірліктер
Билирубин: жалпы 27,08 22,2-ге дейін мкмоль/л
тура 1,93 5,1-ге дейін мкмоль/л
Глюкоза 6,15 3,5-6,38 мкмоль/л
Жалпы белок 2,15-2,55 ммоль/л
Тимол сынамасы 1,75 3,5-5,1 ммоль/л
ПТИ 89,5 3,1-5,2 ммоль/л
АСТ 24,5 0,68-ге дейін мккат/л
АЛТ 19,7 0,62-ге дейін мккат/л
креатинин 62,26 58-127 мккат/л

27.09.16 Терапевтің қабылдауында: терапиялық патологиялар анықталған жоқ.

Операциядан кейінгі диагноз: жедел обтурациялық калькулезді холецистит

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Қ.Жолмухамедов, А.Е.Қабдолов, С.Н.Жарықов

Факультеттік хирургия. Ақтөбе – 2004(53 бет, 65-68беттер)

2. Н.А.Ақатаев, Қ.Қ.Сабыр, Ә.К.Қойшыбаев

Хирургиялық аурулар. Ақтөбе – 2011(106-134 беттер)

3. А.Е.Қабдолов

Хирургиялық дерттерде жиі анықталатын берлгілер. Ақтөбе – 2014

(10-11 беттер)

4. Rcrz.kz клиникалық хаттамалар.

Наши рекомендации