Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырып №4: «Пневмония, бронхообструктивті синдроммен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»

дайындаған: ассистент Шим В.Р.

2016 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

Хаттама №__, «__»_ ____2016 ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, профессор Исаева Б.Г.

1. Тақырып №4: «Пневмония, бронхообструктивті синдроммен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»

2. Мақсаты:

- Студенттерге бронхообструктивті синдромменбалаларды емдеу, диагноз қою сұрақтары бойынша білім беру жүйесін қалыптастыру.

- Студенттерге жедел пневмониясы барбалаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау сұрақтары бойынша білім беру жүйесін қалыптастыру.

- Студенттерге бронх демікпесі барбалаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау сұрақтары бойынша білім беру жүйесін қалыптастыру.

- Студенттерге созылмалы бронхообструктивті синдромменбалаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау бойынша білім беру жүйесін қалыптастыру.

- Пневмония және бронхообструктивті синдроммен, тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың қатер тобын анықтап және амбулаторлық ем көрсеткіштерін, ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштерін анықтауда студенттердің білімін қалыптастыру.

- Пневмония және бронхообструктивті синдроммен ауыратын балаларды емдеу, диагноз қою және диспансерлік бақылау сұрақтары жөніндегі алған білімдерін тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.

- Клиникалық белгілері ұқсас аурулармен, дифференциялық диагноз қою дағдылары мен алынған клинико-зертханалық мәліметтерді сыни түрде талдай білу дағдыларын игеру.

- Клиникалық ойлау негізінде, науқаспен оның туыстарымен қарым-қатынас дағдылары, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау, кәсіптік білім алу қажеттілігін және пәнді оқып үйренуде қызығушылығын қалыптастыру.

3. Оқыту талаптары:

-Студенттерді емханадағы балалар пульмонологының міндеттерімен таныстыру.

- Студенттерді емханадағы балалар аллергологының міндеттерімен таныстыру.

- Пневмония және бронхообструктивті синдроммен жүретін балалардағы тыныс алу жүйесі ауруларын емдеудің негізгі принциптері мен диагноз қою критерилерін студенттерге білім беруде бекіту.

- Студенттерді бронх демікпесі, пневмония және созылмалы обструктивті бронхит аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау принциптеріне үйрету.

- Тыныс жолдары ауруларының алдын алу принциптерінің негіздерін үйрету.

- Тыныс жүйесі аурулары бар балалардың диспансерлік бақылау жоспарын жасау, дағдыларын қалыптастыру және бекіту.

- Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

- Студенттерде әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

- Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысының құқықтық және адамгершілік нормаларына тәрбиелеу;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Емханадағы балалар пульмонологының функционалды міндеттері.

2. Емханада және үй жағдайында пневмонияға диагноз қою әдістері.

3. Пневмониямен ауырған балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

4. Пневмонияны емхана жағдайында емдеу, үйде стационар ұйымдастырудың маңызы.

5. Бактерияға қарсы ем таңдау принципі, оның тиімділігін бағалау.

6. Сауығу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру критерилері.

7. Жедел пневмониямен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

8. Емханада және үй жағдайында облитерациялы бронхиолитке диагноз қою әдістері.

9. Облитерациялы бронхиолит кезінде жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізу тактикасы.

10. Сауығу және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру критерилері.

11. Облитерациялы бронхиолитпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

12. БМСК жағдайында созылмалы обструктивті бронхитке диагноз қою әдістері.

13. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

14. Созылмалы обструктивті бронхитті емхана жағдайында емдеу.

15. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

16. Емханадағы балалар аллергологының функционалды міндеттері.

17. Амбулаториялық жағдайда бронх демікпесіне диагноз қою.

18. Бронх демікпесімен ауырған балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

19. Емхана жағдайында бронх демікпесімен ауырған балаларды емдеу және реабилитациялау.

20. Астма мектебі және оның ЖТД тәжірибесіндегі маңызы.

21. Бронх демікпесімен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Наши рекомендации