Созылмалы бҮйрек жеткіліксіздігініҢ классификациясы

(С.И.Рябов, 2000)

Сатысы Фазасы Қандағы креатинин Шумақтық фильтрация мөлшері Түрі Ем шараларына тәуелді топтар
I (латентті)   II (азотемиялық)     III (уремиялық) А     Б   А   Б   А   Б Қалыпты     0,13 дейін жоғарылау     0,14 - 0,44   0,45 - 0,71   0,72 – 1,24   1,25 және жоғары Қалыпты, бөлу және концентра циялық сынама ларға бұзылыстар болуы мүмкін Төмендеген, бірақ қалыптыдағыдан 50% кем емесін құрайды қалыптыдағыдан 20-50% қалыптыдағыдан 10-20% қалыптыдағыдан 5-10% қалыптыдағыдан 5% төмен Қайтымды     Тұрақты     Үдемелі           2, 3

Ескерту: топ 0 – негізгі аурудың емі; топ 1 – аз белокты диета және консервативтік әдістік емді тағайындау; топ 2 – гемодиализ, трансплантация; топ 3 – симптоматикалық терапия.

СБЖ-нің клиникалық синдромдары:

1. Астеническиялық синдром: әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық, дәм сезу, естудің төмендеуі.

2. Дистрофическиялық синдром: терінің құрғауы және қышуы, терідегі қасыну іздері, арықтау, бұлшықет тонусының төмендеуі және атрофиясы.

3. Асқазан-іщектік синдром: ауыздағы құрғақтық және жағымсыз металл дәмі, аппетиттің төмендеуі, кейде іш өту, токсикалық энтероколит белгілері.

4. Анемическиялық синдром: терінің бозаруы, кейде терідегі геморрегиялар.

5. Сүйек-буындық синдром: остеопороз бен гиперурикемияға байланысты сүйектердегі жәнебуындардағы ауру сезімі.

6. Зәрлік синдром: өршу кезеңіндегі изостенурия, гипостенурия, протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия.

7. ЖЖЖ және перифериялық ЖЖ-дегі бұзылыстар:

- энцефалопатия,

- полиневриттер

- Куссмаульдің шулы тынысы

8. Кардиальді-гипертоническиялық синдром:

- миокардтың гипертрофиясы және дистрофиясы, жиырылғыш функциясының төмендеуінің белгілері;

- қан айналым жетіспеушілігі (сол қарыншалық, тотальді);

- ретинопатия, көру қабілетінің жоғалуы;

- «уремиялық» васкулиттер (тері және шырышты қабаттардың некрозы, ұйқы безінің зақымдануы), уремиялық құрғақ перикардит.

СБЖ ерте клиникалық белгілері:

Полиурия, никтурия, гипохромды анемия. Кейін келе жалпы симптомдар қосылады (әлсіздік, шаршағыштық, күндізгі ұйқышылдық, бұлшықеттегі әлсіздік) және азоттық шлактардың ұсталу белгілері (уремиялар).

Функционалдық пробаларға көрсетулер критерийлері :

1. Полиурия, никтурия, изо-, гипостенурияны Зимницкий талдауы.

2. Қан сарысуында креатинин және мочевинаны жоғарылауын анықтау.

3. Эндогенді кретинин бойынша клиренсті анықтағанда шумақтық фильтрация мен реабсорбция индексінің төмендеуі.

4. Ерте полиуриялық сатыдағы гипокалиемия және СБЖ терминальлы сатысындағы гиперкалиемия.

СБЖ консервативті емі:

СБЖ негізгі емі гемостазды ұстап тұруға, бүйректердің прогрессивті бұзылысын баяулатуға, науқастың жалпы жағдайын субъективті жақсартуға бағытталады.

Емі – бір уақытта патогенетикалық и симптоматикалық. Емнің тактикасы СБЖ сатысына байланысты. ШФ 35-10 мл/мин (СБЖ 1-2 сатысы) болғанда ем консервативті болады, ал егер зақымдану айқындылығы жоғары болса, гемодиализ, перитонеальді диализ, бүйрек трансплантациясы көрсетілген.

Консервативті ем тактикасы:

1.Диета

2. Сұйықтық және электролиттер енгізуге бақылау

3. Ақуыз алмасуының соңғы заттарының түзілуін азайту және шығару

4.Гипотензивті терапия

5. Анемияны емдеу

6. Инфекциялық асқынуларын емдеу

7. уремиялық остеодистрофияны емдеу

Диета.

А) тағам құрамында ақуызды аз қолдану азоттық шлактардың түзілуін азайтады. ШФ 40 мл/мин (СБЖ 1 сатысы) болғанда – ақуызды аздап қана азайту керек 0,8-1 г/кг дене салмағына, немесе күніне 50-60 г.

ШФ 20-30 мл/мин (СБЖ 2 ст.) болғанда – ақуызды күніне 40 г ғана қолдану керек (0,5-0,6 г/кг дене салмағына).

ШФ 10 мл/мин аз болса (СБЖ 3 ст.) – ақуызды 0,25-0,3 г/кг дене салмағына дейін азайту керек, тәулігіне тек 20-25 г ғана, оның ішінде 15 г ауыстырылмайтын аминқышқылдары толық жоғарғы калориялы тағам құрамында болғаны дұрыс.

20-25 г ақуыздық диетаны көп уақытқа тағайындамайды,20-25 күнге ғана.

Диета № 7а – тәулігіне 20-25 г ақуыз;

Диета № 7б – 40 г ақуыз.

Ескерту: жоғарғы құндылықты ақуыз – етте, тауық етінде, жұмыртқада, сүтте болады. Бірақ сүтті көп қолдануға болмайды, себебі онда фосфор жоғарғы мөлшерде болады.

Б) организнің энергетикалық жоғалтуларын толыққанды толтыру керек, оны майлар мен көміртегі арқасында толтыруға болады, және де организмнің микроэлементтер мен дәрумендерге қажеттілігін толтыру керек.

Тағам калориялығы 2500-2800 ккал/тәу аспау керек. Гипертония мен ісінулер болғанда тұз 5г/тәу аспау керек.

2. сұйықтық пен электролиттер енгізуге бақылау.ШФ 40-10мл/мин жүрек жетіспеушілігі болмаған жағдайда науқас тәулігіне диурезі 1.5-2 л/тәу болатындай етіп сұйықтық қолдануы керек. Егер ауыр дегидратация (құсу, іш өту) болып жатса, тез арада тамыр ішіне сұйықтық енгізу керек.

Егер ШФ 10мл/мин және одан да төмен болса, сұйықтық қабылдауды диурезге қарайды( кешегі күнгі диурезге 300-500 мл сұйықтық қосады).

Ісіну синдром и гипертензия болмаған жағдайда натрийді шектеудің қажеттілігі жоқ. Натрийлік жүктеменің жақсы регуляциясы үшін зәрмен бөлінетін натрийді қадағалаған артық болмайды. Натрийуретиктерді қолдану арқылы натрийді енгізу керек. Қан сарысуындағы натрийді анықтаған дұрыс, гипонатриемии дамуы – сұйықтықты аз қолдану керектігін көрсететін гипергидратация белгісі.

Калийді қабылдау.Гиперкалиемияны болдырмау үшін тағаммен түсетін калиді шектеу керек. Қан сарысуындағы калиді анықтау үшін калийі бар препараттарды пероральді де, парентеральді де қолдануға болмайды..

Қан құрамында аз ғана калидің жоғарылауы (7 ммоль/л дейін) калиді шығаруды қажет етеді: фуросемид – тәулігіне 500-1000 пероральді немесе 100-400 мг парентеральді. Верошпирон-қарсы көрсеткіш боп табылады.

Айқын гиперкалиемияда ( 7 ммоль/л жоғары) – әрбір 2-3 сағат сайын к/т 50 мл 4% глюкоза ерітіндісін 16 бірлік инсулинмен бірге енгізу керек. 20-30 мл 10% глюконат кальция ерітіндісін немесе 500 мл 5% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі. Инсулин калийдің клеткааралық кеңістіктен клетка ішіне өтуін тездетеді, ал глюкоза болса гипокалиемияның алдын алу үшін керек.

Қауіпті гиперкалиемия – к/т калций глюконаты, қан құрамында Са жоғарылауы жасушалардың тітіркендігіштігін төмендетеді.

Үдемелі (прогрессирующая) гиперкалиемия – гемодиализ көрсетілген.

3. Энтеросорбция.Сорбенттер ішекте өздеріне аммиак және басқа токсикалық заттарды адсорбциялайды. ШФ 15 мл/мин төмен болғанда эффективтілігі жоғары, негізінен СБЖ 1 сатысында тағайындалады. Сорбенттер ретінде энтеродез немесе карболен 5 г 100 мл суға тәулігіне 3 рет тамақтан 2 сағаттан соң қолданады. Сорбенттердің басқалары да кеңінен қолданылады: қышқылданған крахмал, оксицеллюлоза, активті көмір, полифепан және т.б. Бірақ олар ас қорыту жолдарында селективтілігінен айрылып, пептидтер, аминқышқылдарын, липидтерді жапсырып алады. Осының кесірінен олар азоттық метаболиттермен байланысуы төмендеп, қолдану ауқымын азайтады.

Наши рекомендации