Артериалдық қан қысымын қатаң бақылау

Артериалдық гипертония бүйректің созылмалы ауруларының және БТЖ-ң басты себептерінің бірі болып табылады, сонымен қатар, БСА өзі артериалдық қысымның жоғарылауына себепші болады. Асқыну ретінде, артериалдық қысым БСА-ң алғашқы сатысында-ақ дамуы мүмкін, және бүйрек қызметінің жедел төмендеуіне және жүрек-қантамыр патологиясының дамуына әкелуі мүмкін.

БСА-мен науқастарда гипертония жасушадан тыс сұйықтық көлемінің жоғарылауы нәтижесінде, ренин-ангиотензин жүйесінің ынталануы, симпатикалық жүйенің белсенуі, жасушаішілік кальций құрамының жоғарылауы нәтижесінде, сонымен қатар БСА-ны емдеу үшін қолданатын кейбір препараттардың – кортикостероидтар мен циклоспориндердің әсерінен болады. БСА-мен науқастарда антигипертензивті ем мақсаты жүрек-қантамыр ауруларының қауіп-қатерін азайту және БСА-ң үдеуін баяулату болып табылады. Протеинуриясы 24 сағатта 1 г-нан жоғары науқастарға артериалдық қысымын (АҚ) <125/75 немесе орташа АҚ <92 мм с.б. ұстап тұру ұсынылады. Протеинуриясы 24 сағатта 1 г-нан төмен науқастарда мақсаттық АҚ <130/80 мм с.б. немесе орташа артериалдық қысым 98 мм с.б. болып табылады. Госпитализациялау жиілігін және өлім санын төмендету үшін, артериалдық қысымды қатаң бақылау өте маңызды.

Мақсаттық АҚ-ға қол жеткізу үшін антигипертензивті препараттардың (АГП) барлық түрлері қолданылуы мүмкін, бұл кезде науқастардың көбісіне біріктірілген ем қажет болып табылады. БСА бар науқастардың барлығы ААФт немесе ангиотензин II рецепторларының бөгеушілерін (АРБ) қабылдауы қажет, науқастардың көбісі диуретикті талап етеді. Үшінші препаратты таңдау қосымша жағдайлардың және қайсыбір класты таңдауға көрсеткіштердің болуына байланысты. БСА-ның 3-5 сатысы бар науқастарда мақсаттық АҚ <130/80 мм с.б. болып табылады, егер де протеинурия болса, АҚ-н одан да қатаң бақылаған жөн (<125/75 мм с.б.) (9, 10 кестелер).

9 кесте –ААФт-нің фармакокинетикалық көрсеткіштері мен бүйрек функциялары қалыпты және бұзылған кезіндегі стартты мөлшерлері

Препарат Т, сағат Бүйректік экскреция, % Стандартты мөлшері, мг/тәу/қабылдау саны ШСЖ 10-30мл/мин/1,73 м2 кезіндегі мөлшер, мг/тәу/қабылдау саны
Сульфгидрилды тобы бар (SH)
Каптоприл 25-100/3 6,25-12,5/3
Беназеприл 2,5-20/2 2,5-10/2
Зофеноприл 4,5 7,5-30/2 7,5-30/2
Карбоксилды тобы бар
Эналаприл 2,5-20/2 2,5-20/2
Периндоприл 27-60 4-8/1 2-4/1
Рамиприл 8-14 2,5-10/1 1,25-5/1
Цилазаприл 8-24 2,5-5/1 0,5-2,5/1
Квинаприл 2-4 10-40/1 2,5-5/1
Лизиноприл 2,5-10/1 2,5-5/1
Трандолаприл 16-24 1-4/1 0,5-1/1
Спираприл 3-6/1 3-6/1
Моэксиприл 3,75-30/1 3,75-30/1
Фосфорилды тобы бар
Фозиноприл 10-40/1 10-40/1

ААФт мен ангиотензин II рецепторларының бөгеушілерін немесе оларды бірлестіріп қолданған тиімдірек. ШСЖ-ның <30 мл/мин/1,73 м2-ден төмендеуі кезінде ААФт мен кейбір АРБ-ның емдік мөлшерін өзгертуді талап етеді.

10 кесте –АРБ-ның фармакокинетикалық көрсеткіштері, бүйрек функциялары бұзылған кездегі стартты мөлшерді коррекциялау қажеттілігі.

Препарат Т, сағат Бүйректік экскреция, % Стандартты мөлшері,мг/тәу/қабылдау саны ШСЖ 10-30мл/мин/1,73 м2 кезіндегі мөлшер, мг/тәу/қабылдау саны
Валсартан 6-7 80-160/1-2 ККр < 10 мл/мин кезінде сарысу креатининін бақылау қажет
Ирбесартан 11-15 150-300/1 Жоқ
Кандесартан 4/9-29 4-16 мг/1 Иә ШСЖ < 30 кезінде 4 мг/тәу
Лозартан 2/6-9 50-100/1-2 Жоқ
Олмесартан 14-16 20-40/1 Иә ККр < 30 мл/мин кезінде стартты мөлшердің төмендеуі
Телмисартан 9-17 40-80/1 Жоқ
Эпросартан 5-9 600-800/1-2 Жоқ

Гипотониясы бар (САҚ < 90 мм с.б.), калий деңгейі > 5 ммоль/л, сарысу Cr >221 мкмоль/л (2,5 мг/дл) науқастарда ААФт мен АРБ-мен емді абайлап тағайындау қажет. БСА бар науқастарда ААФт мен АРБ-н тағайындау бүйрек қызметтерін үнемі бақылауды талап етеді. Емнің басында ШСЖ-ң транзиторлық төмендеуі күтілетін жағдай болып табылады. Әрі қарай ШСФ-н бақылау керек.

АРА II-ге АГП-ны қосқанда айқын нефропротективтік әсер көрсеткен АГП-ның жаңа кластарының өкілдерінің – ренин-алискиреннің тура тежегіштерінің тиімділігін зерттеу БСА-мен науқастарды емдеуде ренин-ангиотензин жүйесінің бөгеушілерін қолдану аясындағы келешектегі бағыт болып табылады. Бұл препараттарды қолдану кезінде гиперкалиемия даму қаупі туады, әсіресе ШСЖ 30 мл/мин/1,73 м2 төмен болғанда калий деңгейін бақылау қажет.

Диуретиктер ААФт және ангиотензин рецепторлардың бөгеушілерінің әсерін күшейтеді және гиперкалиемияның даму қаупін азайтады. БСА-мен науқастардың көпшілігі мақсатталған қалыпты АҚ-ға жету үшін диуретиктерді қажет етеді. ШСЖ >30 мл/мин/1,73 м2 науқастарға тиазидтік диуретиктерді тәулігіне бір рет, ШСЖ< 30 мл/мин/1,73 м2 болғанда ілмектік диуретиктерді (фуросемид, торасемид) тәулігіне 1-2 рет тағайындау тиімді. Тиазидтік диуретиктер ШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2 кезінде әсер етпейді. Ісінулер болса тиазидтік диуретиктер мен ілмектік диуретиктердің комбинациясы тағайындалуы мүмкін. Калий сақтаушы диуретиктер БСА-ң 4-5 сатысында абайлап қолданылуы тиіс (ШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2). Диуретиктер қабылдап жүрген барлық науқаста АҚ, ШСЖ және қан сарысуындағы калий концентрациясын бақылап отыру қажет. БСА-ң 1-3 сатысындағы науқастарда ілмектік диуретиктерге қарағанда тиазидтік диуретиктер АҚ-ның төмендеуіне неғұрлым әсерлі. Қажет болғанда антигипертензивті емге сонымен қатар, кальций антагонистері мен бета-бөгеушілерді қосуға болады. Рефрактерлік гипертензия кезінде реноваскулярлық және т.б сияқты екіншілік гипертензия себептерін іздеу қажет.

Наши рекомендации