Итуациялық есеп № 15
итуациялық есеп №1
Науқас С. 28 жаста, 2 жыл бұрын аймақтық дәрігерге оң жақ бұғана үсті аймағының лимфа түйіндерінің 3,5см дейін ұлғаюына шағымданады. Аз уақыт бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Дәрігер спирттік компрессия тағайындаған. Жарты жылдан кейін науқаста дәл сол жерде екі тығыз түйінді 1,5x2,0 см өлшеммен лимфа түйіні пайда болған, сол жақ бұғана үстіндегі лимфа түйіндері де дәл сондай өлшемді түйін пайда болған. Емхана дәрігері жылулық процедура мен антибиотик тағайындады. Лимфа түйіндері алдымен кішкене кішірейіп, кейін диаметрі 2,0-3,0 см ұлғайған. Науқас дәрігердің көмегіне жүгінбеуге шешті, жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан. Бір жылдан соң дене қызуы 38,5-39,0С көтерілген. Түнгі уақытта көп терлегіштік пайда болған. Периодты түрде тері қышуы анықталған. Жүрген кезде бірнеше рет сол жақ қабырға астында шаншып ауырсыну сезімі туындайтынын байқаған. Дәрігердің қарауыгда науқаста бұл жолы мойын-бұғана үсті аймағында лимфа түйіндер шамалы ұлғайған, тығыз консистенциялы (диаметрі 3см аспайды ). Пальпацияда көкбауыр қабырға доғасынан 3см шығып тұр.
Сұрақтар:
1. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
2. Қандай қосымша зерттеу әдістер қажет?
3. 2 жыл бұрын пайда болған және алдағы уақытта пайда болатын симптомдарды сол аурудың белгісі ретінде санауға болама?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №2
Науқас 55 жаста, 9жыл алдын 5,5x3,0 м түйінді эутироидты зоб анықталды. Соңғы жарты жылда түзілім екі есе ұлғайған, науқастың жалпы жағдайы нашарлаған, әлсіздік, тез шаршағыштық. Пальпацияда қалқанша безі беткейі тегіс емес, тығыз консистенциялы. Аз қозғалмалы түзілім. Мойынның сол жақ жартысында лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз.
Сұрақтар:
1. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
2. Қандай зерттеу әдістерінің көмегімен нақты диагноз қоюға болады?
3. Науқасты емдеу әдістері.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №3
41 жастағы науқас Ю, мынадай шағымдармен түсті: тітіркенгіш, терлегіш, әлсіз, жүректің тез соғуына. Өзін 2 жылдан бері аурумын деп есептейді. Қалқанша безі үлкеймеген. Негізгі алмасу 30%. Физикалық зерттеуде науқаста ешқандай патология анықталған жоқ. Рентгенологиялық зерттеуде алдыңғы көкірекаралықтың оң жақ II қабырға аймағында көлемі 5x6 болатындай, дөңгелек пішінді, анық шекараларымен жаңа түзіліс анықталды.
Сұрақтар:
1. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер керек?
2. Осы науқас қандай маман иесінде емделуі тиіс?
3. Диагноз қойыңыз.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №4
Емханада хирургке 51 жастағы әйел адам мынадай шағымдармен қаралды: қолтық асиы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қарау кезінде сол жақ аксилярлы аймақта жалғыз, қатты, қозғалмайтын лимфа түйіндері анықталды, көлемі 1-2 см, өзара жабысқан. Сүт безін физикалық қарау кезінде ешқандай түзілістер анықталған жоқ. Емізікше және ареола өзгеріссіз. Регионарлы лимфа түйіедерінің басқа топтары үлкеймеген. Сол жақ сүт безінде қабыну белгілері анықталған жоқ. Науқасты маммографиялық зерттеуге жіберген, сол кезде екі жақ сүт безінін әлсіз көрінетін екі жақты фиброзды –кистозды мастопатия анықталды. Түйінді түзілістер анықталмайды. Науқасқа 3 айдан кейін контрольды тексерілуге келуге рекомендация берілді.
Сұрақтар:
1. Хирургтың тактикасы дұрыспа?
2. Қандай қосымша зерттеу тағайындайсыз?
3. Қандай онкологиялық аурулар аксилярлы лимфа түйіндерін зақымдауы мүмкін.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №5
Науқас 68 жаста. Оң жақ иығындағы терісінде пайда болған түзілімге және оң қолының көтеріңкі болуына шағымданып келді. Анамнезінен бұл түзілім 3 жылдан бері бар. 10 жыл бұрын күйіп қалған жерінде пайда болған. Соңғы жылда түзілімнің тығыздалуы мен өлшемінің ұлғаюы байқалды. Жалпы қарауда: оң жақ иығының терісінде 4x3 см түзілім, тері сыртынан сәл көтеріліп тұр, айналасында гиперкератозы бар. Оң жақ қолтық асты безінің ұлғайған және 5 см диаметріне дейін қосылған конгломераттар байқалған. Пальпацияда тығыз эластикалық консистенцияда, ауырсынусыз.
Сұрақтар:
1. Болжам диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу керек?
2. Қосымша зерттеулерді атаңыз?
3. Сіздің науқасқа деген тактикаңыз? Емдеу принциптерін атаңыз.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №6
Науқас А. 56 жаста, 40 жыл бойы автослесарь болып жұмыс жасайды, 45 жыл шылым шегеді. Әкесі өкпе обырынан қайтыс болған. 3 айда 8кг салмақ жоғалтқан. Обьективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, перкуссия кезінде кеуде қуысында оң жақ 4 қабырға артында астынан перкуторлы дыбыстың тұйықталуы естіледі. Аускультативті: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде бәсеңдеген дыбыс. Рентгенологиялық: оң жақ кеуде қуысында гомогенді қараюлар, оң жақ өкпе көлемінің кішіреюі. Бронхоскопия: трахея және бронхтар сол жақта патологиясыз, оң жақта аралық бронхтың қуысы тарылған. Гистологиялық зерттеу: жалпақ жасушалы, төмен дифференцияланатын обыр. Құрсақ қуысы УДЗ: бауыр, бүйрек патологиялар анықталмады. Қаңғқа сканерлеуі: препарат жиналған ошақтар анықталған жақ. РКТ бас миына: патологиясыз.
Сұрақтар:
1. Алдын ала диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу керек?
2. Науқасқа өзіңіздің тактикаңызды айтыңыз. Емдеу әдістерін тағайындаңыз.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №7
Науқас В. 42 жаста, 15 жыл бойы темекі шегеді. Шағымдары: құрғақ жөтел, оң жақ құрсақ қуысындағы периодты ауырсыну сезіміне. Обьективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы жоқ. Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуінде: өкпенің оң жақ бөлігінде дөңгеленген, сәулелі контурлы, диаметрі 3 см болатын түзіліс анықталды. Бронхоскопия: трахея және бронхтар өзгеріссіз. Құрсақ қуысы УДЗ: бауыр, бүйрек патологиясыз. УДЗ бақылауымен ісіктік түзіліске тері арқылы трансторакальды пункция жүргізілді. Жағындының цитологиялық зерттеуі: аденокарцинома. Қаңқа сүйектерін сканерлеу патологиясыз.
Сұрақтар:
1. Алдын ала диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу керек?
2. Емдеу әдістерін тағайындаңыз.
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №8
52 жастағы науқаста, ұзақ уақыт бойы радиоактивті заттармен жұмыс жасайтын, білектің ішкі жағындағы тері беткейінде 1,5 см болатын түзіліс пайда болды. Жанындағы тіндерге инфильтрацияланған, ісінген және гиперемияланған. Емхана дәрігеріне қаралды, сонда жергілікті қабынуға қарсы терапия қабылдаған. Осы терапиядан сон жаңа түзіліс регресске ұшырап, струп пайда болған.
Сұрақтар:
1. Емдеу тактикасы дұрыс алынған ба?
2. Ары қарай қандай тактика қолданасыз?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №9
Науқас С. 60 жаста. Отбасылық анамнез: анасында сүт безі обыры. Етеккірі 11жастан. Шағымдары: сол жақ сүт безі көлемінің ұлғаюы, терісінің қызаруы. Обьективті: сүт безі көлемі үлкейген, тығыздалған, терісі қызарған, лимон қабықшасы түрге ие. Зерттеу алдындағы нәтижелері ( кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі, кіші жамбас қуысы мен құрсақ қуысы УДЗ): диссеминация процессінің белгілері жоқ.
Сұрақтар:
1. Сіздің диагнозыңыз?
2. Болжам ем көлемі қандай?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №10
Науқас П. 58 жаста, никель зауытында жұмыс жасайды. Әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, құрғақ жөтел мен оң жақ кеуде торының периодты ауру сезіміне шағымданады. Объективті: перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, өкпенің барлық бөліктеріне везикулярлы тыныс,перкуторлы дыбыстың бәсеңдеуі байқалмайды. Кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі: оң жақтан төменгі бөлік деңгейінде диаметрі 6 см-ге дейін сәулелі контурлы дөңгелек түзіліс анықталады. Бронхоскопия: трахея мен бронхтарда өзгерістер жоқ,патологиясыз. Құрсақ қуысының УДЗ: бауырда диаметрі 1,5 см-ден 5 см-ге дейін контуры анық емес түзіліс анықталады. Тері арқылы бауыр пункциясында: аденокарцинома метастазы. Қаңқа сүйектерін тексеру кезінде өзгерістер анықталмады.
Сұрақтар:
1. Диагноз қойыңыз.
2. Диагноз нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізілуі қажет?
3. Емдеу тактикасы қандай?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №11
Науқас 69 жаста. Соңғы бір жыл ішінде дисфагия, даусының қарлығуы, ентігуге шағымданып келді. Қарағанда: науқас жүдеген, тері тургоры төмендеген. Тері жабыны бозарған, құрғақ, тілі қоңыр жабынмен жабылған құрғақ. Пульс ритмді, жүректің жиырылу жиілігі минутына 90 рет. АҚ 110/60 мм.рт.ст. Іші жұмсақ , ауырсынусыз. Рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерде өңеш-асқазан өтісінің толық стенозы.Биоптатты гистологиялық зерттегенде аденокарцинома диагнозы қойылды.
Сұрақтар:
1. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
2. Болжамды диагноз
3. Аталған науқасқа жүргізілетін тактика қандай?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №12
Науқас 63 жаста. Тамаққа тәбеттің төмендеуіне, жүдеуге, кекіруге шағымданады.Зерттеулер нәтижесі: Өкпе рентгенографиясы: патология анықталған жоқ. ЭФГДС: асқазан денесі аймағында орналасқан атрофиялық гастрит фонындағы каллезды шеттері бар созылмалы жаралық деффект. ЭКГ: синусты ритм, минутына 65 рет.Оң жақ жүрекшеге жүктеме түскен.Қанның клиникалық талдауы: гемоглобин – 100 г/л; эритроциттер - 4,0х1012 /л; түсті көрсеткіш - 0,9; тромбоциттер – 240х109/л; лейкоциттер - 8,2x109/л.
Сұрақтар:
1. Болжамды диагноз
2. Морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не істеу керек?
3. Ағзада үрдістің таралу дәрежесін нақтылау үшін қандай стандартты рентгендік зерттеу жүргізу керек?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №13
Науқас 50 жаста тәбетінің төмендеуі, жүдеуіне, іш кебуі мен тамақтың қиын өтуіне шағымданады.
Зерттеу нәтижесінде : Өкпе рентгенографиясында патология анықталмады. ЭФГДС: атрофиялық гастриттің фонында асқазанның кардия аймағында өңешке таралатын 5,0 см –ге дейін каллезді шеттерімен жаралық дефект анықталады. ЭКГ-да: синусты ритм, минутына 65 соққы. Оң жақ жүрекшеге жүктеме. Қанның клиникалық анализінде: гемоглобин -100 г/л; эритроцит-4,0х1012/л, түстік көрсеткіш – 0,9; тромбоцит- 240х109/л; лейкоцит -8,2х109/л; СОЭ -30мм/сағ.
Сұрақтар:
1. Мүмкін болатын диагноз қандай?
2. Емдеуді бастағанға дейін морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не жасау керек?
3. Осы патологияны емдеудің негізгі тәсілі кандай?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп №14
Науқас 64 жаста әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, субфебрильді температура, тұрақсыз үлкен дәрет, оң жақ асқазан аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Зерттеу нәтижесінде: Өкпе рентгенографиясында патология анықталмады. ЭКГ-да: синусты ритм, минутына 85соққы. Оң жақ жүрекшеге жүктеме. Қанның клиникалық анализінде: гемоглобин -60 г/л; эритроцит-4,0х1012/л, түстік көрсеткіш – 0,9; тромбоцит- 240х109/л; лейкоцит -8,2х109/л; СОЭ -30мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ: бауырдың диффузды өзгерістері.
Сұрақтар:
1. Мүмкін болатын диагноз қандай?
2. Емдеуді бастағанға дейін морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не жасау керек?
3. Аталған патология ағымының формасы қандай?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен
итуациялық есеп № 15
Науқас О., 62 жаста онкологиялық диспансердің емханасына көздің шырышты қабатының сарғаюына, әлсіздікке, салмағының азаюына, тәбеттің төмендеуіне, жүрек айну сезіміне, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді.Соңғы жыл ішінде 12 кг арықтаған. Анамнезінен 6 жыл көлемінде қанты диабет ауруымен ауырады. Гепатит В, С, ВИЧ, анализдерніңі қорытындысы теріс. Инфекционист дәрігеріне қаралынып: сарғаюдың инфекциялық сипаты жоққа шығарылған.
Лабораториялық анализдер бойынша: Жалпы билирубин 260 мкмоль/л, тікелей 198мкмоль/л, ЭТЖ-30 мм сағатына, Эр-2.7 г/л, Нв-123 г/л, Л-5.6 Е/л.
Сұрақтар:
1. Сіздің болжама диагнозыныз? Дифференциалды диагноз?
2.Диагнозды нақтылау үшін диагностикалық зеттеу әдістерін атаңыз?
3.Радикалды және паллиативті операциялар? Комбинирленген емнің принциптері?
Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі
«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен