Аллергология» блогі бойынша. 1 страница

! 2 жасар бала жедел ауырып калды, вирусты инфекция болуы мүмкін: ринорея, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарылауы, әлсіздік. Ауыруының 3- күні тыныс алуының қиындауы, құрғақ ысқырықты сырылдар, ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Тұншығу ұстамасы сальбутамолмен басылды. Жазылғаннан кейін тұншығу ұстамасы қайталанған жоқ. Балада обструктивті синдром дамуының негізгі себебі не?

* бронхиалды демікпе дебюті

* атопиялық диатездің болуы

* аллергияға бейімділіктің болуы

*+ЖРВИ асқынуы ретінде бронхиолит дамуы

* демікпеалды жағдайдың қалыптасуы

! 28 жастағы ер адам көкеніс қоймасындағы (температурасы төмен және ылғалдылығы жоғары) жұмысынан кейін пайда болатын әлсіздікке, бас ауыруы мен тұншығу ұстамаларына, қатты құрғақ жөтелге шағымданады. Науқас айтуы бойынша, тыныс алу қиындауы мен ұстама тәрізді жөтел, мұрын қышуы мен бітуі әр уақытта көкеніс қоймасында жұмыс істеген кезде пайда болады. Сіз науқасқа ең бірінші кезекте қандай кеңес беруіңіз керек?

*+жұмыс орынын ауыстыру

* күнделікті сальбутамолды қолдану

* қоймадағы жұмысының алдында лоратадин ішу

* қоймадағы жұмысы кезінде респиратор қолану

* қоймадағы жұмысының алдында будесонид қолдану

! Аллергиямен науқас адамның шырышты қабатындағы қандай жасушалар аллергиялық қабынудың негізгі реттеуші жасушалары болып табылады?

* мес жасушалары

*+Т-лимфоциттер

* В-лимфоциттер

* эозинофилдер

* макрофагтар

! Респираторлы аллергоз (ринит, демікпе) қалыптасуында шырышты қабаттар қандай гуморалды қорғаныс факторының төмендеуі басты рөл атқарады?

* лизоцимнің

* комплементтің

*+А иммуноглобулинінің

* М иммуноглобулинінің

* G иммуноглобулинінің

! 1 типті Т-хелперлер белсенділігінің төмендеуі, гамма-интерферонның аз бөлініуі, ИЛ-4 және ИЛ-5 жоғары деңгейі қандай диатезге тән?

* зәрқышқылды

*+атопиялық

* жүйке-артриттік

* экссудативті-катаральды

* лимфатикалық-гипопластикалық

! 42 жасар ер адам ДМИ– 29, 8 жыл бойы кезеңді түрде пайда болатын тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі – аптасына 1-2 рет. Ұстама кезінде сальбутамол (тәулігіне 5 ретке дейін) қолданады. Сонымен қатар таңертеңгі уақытта қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Науқасқа температураның шұғыл өзгерістері, иістер, түтін теріс әсер етеді. Науқасқа қандай негізгі препарат тағайындаған ең дұрыс?

* преднизолон

* триамциналон

* дексаметазон

*+будесонид

* бетаметазон

! 20 жасар әйел адам шаңғышы, жаттығудан кейін пайда болып, дем алғаннан соң өздігінен кететін ысқырықты тыныс пен құрғақ жөтелге шағымданады. Өзін соңғы 3-4 ай бойы суық тигеннен кейін аурумын деп санайды. Қарап тексеру барысында шағымдары мен физикалық өзгерістері жоқ. Ең мүмкін болатын диагноз?

*+физикалық күштеме демікпесі

* бронхиалды демікпе

* интермиттирлеуші бронхиалды демікпе

* инфекцияға тәуелді бронхиалды демікпе

* атопиялық персистирлеуші бронхиалды демікпе

! 24 жасар әйел адам аптасына 3-4 болатын түнгі ысқырықты тыныс пен құрғақ жөтелге шағымданады. Күндіз мұндай белгілер стресс немесе физикалық жүктемеден соң пайда болады. Өзін соңғы 2 ай бойы, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін науқаспын деп санайды. Қарап тексеру барысында шағымдары мен физикалық өзгерістері жоқ. Науқас үшін ең қауіпсіз қандай зерттеу обструтивті синдромның болуын растай немесе терістей алады?

*+8-минуттық жүгіру сынамасы

* рино-бронхиалды сынама

* ото-бронхиалды сынама

* ацетилхолинмен сынама

* гистаминмен сынама

! Биатлоншыда қысқы уақытта дайындықтан кейін тыныс алу қиындау, ысқырықты сырылдар, кеудеде «бітіп қалу» сезімі пайда болады. Басқа факторлар (шаң, шылым иісі, өткір иістер) тыныс алу қиындауын туғызбайды. Ұстамалар физикалық жүктемеден 8-10 минуттан кейін пайда болады және өздігінен кетеді. Науқасқа қандай кеңес беру қажет?

*+физикалық жүктемелерді болдырмау

* жаттығу алдында сальбутамол қолдану

* жаттығу алдында натрий кромогликатын қолдану

* қысқы уақытта беклометазон дипропионатын қолдану

* қысқы уақытта пролонгирленген теофиллин қолдану

! 46 жасар әйел адам ұстама тәрізді шаршататын жөтелге, «кеудесіндегі сырылға», қыжылға, қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография: Тиффно индексі– 56%, сальбутамолдан кейін– 72%. Науқаста қандай патология ең мүмкін?

*+ГЭРА және бронхиалды демікпенің холинергиялық нұсқасы

* бронхиалды демікпенің дисгормоналды нұсқасы

* бронхиалды демікпе атопиялық түрі

* бронхиалды демікпе аралас түрі

* ГЭРА және созылмалы трахеит

! 54 жасар ер адам ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, ащы және қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Бронх тарылуын жою үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?

*+ипратропия бромиді

* натрий кромогликаты

* сальметерол

* нифедипин

* эуфиллин

! Әйел адам 32 жаста 2 жыл бойы мұрынның бітуі, тыныс алудың қиындауы, құрғақ жөтел ұстамалары, ысқырықты тыныспен зардап шегуіне шағымданады. Осы белгілер әсіресе, үй мен саяжайды жинаған кезде пайда болады. Будесонид 400 мкг/тәул және теотард тағайындалды. Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін қандай зерттеу әдісімен бағалауға болады?

* қан сарысуында IgE деңгейінің төмендеуі

* қақырық анализінде нейтрофилдердің болмауы

*+бета-миметиктерде қажеттіліктің азаюы

* ем басталғаннан 3 айдан кейін Тиффно индексінің жоғарылауы

* бронхиолитикпен теріс сынама

! 45 жасар ер адам, әскери қызметкер, соңғы бірнеше айда жөтел ұстамалары, кеудеде «бітіп қалу» сезімі, шаңмен дем алғанда, полигонға шыққанда, физикалық жүктемеде (бірақ әр кезде емес) тыныс алу қиындауы мазалайды. Объективті зерттеу ауытқу анықтамады. Спирография – ФТК1 – 105%. Қатардағы қызметке жарамдылығын анықтау үшін бронхиалды демікпені жоққа шығару қажет. Қандай зерттеу әдісі мұны анықтауға ең жоғары мүмкіндік береді?

* сальбутамолмен сынама

* аллергенмен прик- сынама

* рино-бронхиалды сынама

*+ацетилхолинмен сынама

* физикалық жүктемемен сынама

! Жыл бойғы аллергиялық ринитпен науқасқа аллергенмен арнайы иммунотерапия курсын өткізу шешілді. Осы науқасқа арнайы гипосенсибилизация өткізу үшін себепті аллергенді анықтауға қандай зерттеу әдісі мүмкіндік береді?

*+эндоназальды аллергосынама

* эндобронхиалды аллергосынама

* скарификационды аллергосынама

* арнайы IgE анықтау

* гистамин босап шығу сынамасы

! Қыз бала 16 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтел мен ысқырықты тынысты тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Өршу кезеңдерін менструациямен байланыстыралы, циклдың басқа күндері бұл белгілер азырақ және жеңіл. Арнайы аллергодиагностикда үй кенелеріне, зең саңырауқұлақтарына, тауық мамығына сенсибилизация анықталды. Флюнисолид пен сальметерол тағайындалды. Менструация кезінде ұстамаларды алдын алудың қандай тактикасы ең дұрысы?

* менструация алдында сальметерол дозасын жоғарылату

*+менструация алдында флюнисолид дозасын жоғарылату

* менструация кезінде емге эуфиллин қосу

* менструация кезінде емге преднизолон қосу

* менструация кезінде емге прогестерон қосу

! Жасөспірім 16 жаста, 7 жасынан тұншығу және жөтел ұстамалары мазалайды. Шақырушы себеп деп шаңды (ұстама үй жинау кезінде пайда болуы мүмкін), температура өзгерістерін, темекі түтінін, физикалық және психоэмоционалды жүктемені санайды. Жасөспірім әкесі үйде шылым шегеді. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысында жүргізіліп жатқан ем тиімділігін төмендету мүмкіндігі ең жоғары?

* суықтану

* дене шынықтыру сабақтары

*+пассивті шылым шегу

* мектептегі оқу жүктемелері

* цитрустарды жеу

! Қыз бала 19 жаста ұстама тәрізді жөтел мен ысқырықты тынысқа шағымданады. Учаскелік дәрігер кыз баланың дұрыс желдетілмейтін, ашық сөрелерде кітаптары көп, қабырға мен жерде кілемдер жайылған, жастық пен көрпесі құс мамығымен толы бөлмеде ұйықтайтынына көңіл аударды. Пациентке ингаляциялық кортикостероидтармен (будесонид) терапия тағайындалды, бірақ анық жақсару байқалмады. Ем тиімділігін жоғарылату үшін қандай тактика ең дұрыс?

* емге теотард қосу

* емге сальметерол қосу

*+үйде гипоаллергенді жағдай жасау

* науқасты аллергология бөліміне госпитализациялау

* преднизолон мен эуфиллин т/і тамшылатып курсын өткізу

! Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, температура өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Науқасқа міндетті түрде қандай қандай кеңес берілуі қажет?

* полипэктомия жасау

*+аспирин және басқа СҚҚЗ қолдануын болдырмау

* дипроспанмен эндоназальды блокада жасау

* дипроспанмен паравертебральды блокада жасау

* ингаляционды кортикостероидтар дозасын жоғарылату

! Әйел адам 27 жаста, көп жылдар бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 2 жылда таңғы сағат 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Аллергендердің қай тобы науқаста себепті болып табылады?

* ағаштар (терек, қайың, қарағаш)

* ерте шөптер – бидай тұқымдастар

*+кеш шөптер - жусандар

* зең саңырауқұлақтары

* тұрмыстық аллергендер

! Әйел адам 25 жаста, 10 жыл бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы сағат 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында аптасына 2-3 рет байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Өршу кезеңінде кромондарга қосымша қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?

* клемастин

* пипольфен

*+цитиризин

* димедрол

* кетотифен

! Әйел адам 36 жаста, 10 жыл бойы шаң және үй жануарларымен (мысық) қатынаста мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар аптасына 1-2 рет байқалады. Ауру ремиссиясы кезінде қандай ем тактикасы ең дұрыс болып табылады?

* ем қажет емес

* полиоксидонй курсы

* рекомбинатты ИЛ-2 курсы

*+арнайы иммунотерапия

* кетотифенмен демеуші ем

! 44 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. 12 жылдан бері ауырады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. Науқаста спирометрия көрсеткіштері қандай болуы ең мүмкін?

* ӨТС 90%, ФТК1 – 72%

* ӨТС 80%, ФТК1 – 90%

*+ӨТС 74%, ФТК1 – 65%

* ӨТС 50%, ФТК1 – 72%

* ӨТС 42%, ФТК1 – 86%

! 35 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. Будесонидтің қандай тәуліктік мөлшерін тағайындаған ең дұрыс?

* 100-200 мкг

* 300-400 мкг

* 400-600 мкг

*+800-1400 мкг

* 1600-2000 мкг

! 36 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 2-3 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 1-2 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, кейде өздігінен кетеді. Диагнозды анықтау мақсатымен науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?

* кеуде қуысы мүшелері рентгенографиясы

* компьютерлі томография

* эхокардиография

*+спирография

* метахолинді сынама

! Әйел адам 44 жаста терапия бөлімшесіне 38°С қызумен, экспираторлы ентігумен, шырышты- іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Объективті: ортопное, тыныс алу актысіне қосымша көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Метилпреднизолонды енгізгеннен кейін ұстама басылды, науқас жағдайы тұрақталды. Кеуде қуысы мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төмеңгі бөлімінде инфильтративті қараю. Ары қарай кортикостероидтар жағынан қандай тактика ең дұрыс?

* ары қарай кортикостероидтарды енгізу қарсы көрсетілген

* 2-3 апта бойына ішке преднизолон тағайындауға болады

* антибиотиктар ағайындау, 2-3 тәулікке т/і преднизолон қосу

* будесонид немесе флюнисолидпен ингаляция тағайындауға болады

*+4-5 күн бойы т/і преднизолонды жалғастыру

! Науқас 28 жаста беклометазон дипропионат 400 мкг/тәул мөлшерінде теотардпен бірге 1 капсуладан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 4 аптада жануар жүнімен қатынастан кейін сальбутамолда қажеттілік 3 рет, түнгі ұстамалар болған жоқ. ПФМ – қалыптыдан 85-95% мөлшерінде. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?

* беклометазон мөлшерін 200 мкг/тәул дейін төмендету

*+теотард мөлшерін түнде 1 капсулаға дейін азайту

* теотардты тоқтату

* теотардты эуфиллинмен ауыстыру

* препараттарды сол мөлшерде жалғастыру

! Науқас 29 жаста фдюнисолид 600 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен бірге 1 дозадан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 2 аптада ол сальбутамолмен күніне 1-2 рет дем алды, түнде тыныс алу қиындауынан 5 рет оянды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?

* аллергология бөліміне госпитализациялау

* преднизолон мен эуфиллин т/і тамшылатып курсын өткізу

*+флюнисолид мөлшерін 1000 мкг/тәул дейін көбейту

* сальметеролды тәулігіне 4 дозаға дейін

* емге преднизолон 20 мг per os қосу

! Аспиринді триада (аспиринді демікпе) дамуының негізінде қандай негізгі механизм жатыр?

* 1 және 2 типті Т-хелперлер белсенділігі арасындағы тепе- теңдік жойылуы

*+арахидон қышқылы метаболиттерінің түзілуі арасындағы тепе- теңдік жойылуы

* науқаста ИЛ-4 және ИЛ-5 деңгейінің жоғары болуы

* иммуноглобулин Е деңгейінің жоғары болуы

* иммуноглобулин G4 деңгейінің жоғары болуы

! Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

* преднизолон демікпені бақылауда ұстайды – сол мөлшерде қалдыру

*+будесонид қосу және жайлап преднизолон мөлшерін төмендету

* будесонид ең жоғары иөлшерде тағайындау және преднизолонды алып тастау

* демікпе бақылауына жеткенге дейін теотард қосу

* преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

! Науқас 46 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынастан кейін әлсіздік, дене қызуы 38,5°С, құрғақ жөтел, жөтел кезінде кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

* ЖРВИ емдегенге дейін флутиказон мөлшерін азайту

* ЖРВИ емдеу үшін интерферон бастау

* сальметерол мөлшерін көбейту

*+флутиказон мөлшерін көбейту

* парацетамол тағайындау

! 37 жастағы ер адам бірінші рет 3 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады (бұрын тұншығу ұстамалары болмаған); сальбутамолдан әсер жоқ. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына, АҚ 110/70 мм.с.б. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы басталды. Шұғыл көмек көрсетуде төменде көрсетілгендерден бірінші кезекте не жасау керек?

* натрий тиосульфаты т/і бастау

* эуфиллин т/і бастау

* адреналин 0.1% 1мл енгізу

*+преднизолон 60 мг т\і енгізу

* сальбутамол ингаляциясы

! 23 жастағы әйел қозулы, тыныштық жағдайдағы ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТАЖ 32 минутына, ЖЖЖ 110 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 60% құрайды. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Оттегі ингаляциясы, преднизолон 60 мг т/і басталды, АҚҚ – 110/75 мм с.б. Төменде берілгендердің ішінен шұғыл көмек көрсетудің екінші кезегінде не істеу керек?

* натрий тиосульфаты т/і

*+эуфиллин т/і

* адреналин т/а

* импратопиум бромид

* сальбутамол ингаляциялық

! 39 жастағы ер адам 2 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, көп мөлшерде көпірікті серозды қақырық, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы мен преднизолон 30 мг жасалды. 20 мин кейін жағдайы: тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуда, АҚҚ – 85/55 мм с.б. Берілген деңгейде науқасқа төменде көрсетілгендерден не жасау керек?

* эуфиллин

* сальметерол

* фенотерол

*+преднизолон

* тиосульфат натрия

! 32 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағатта – сальбутамолдың 6 ингаляциясы тиімсіз. Қабылдау бөлімінде т/і метилпреднизолон мен эуфиллин басталды. 1 сағаттан кейін- дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 48%. Ары қарай қандай ем тактикасы ең дұрыс?

* терапиялық бөлімшеге аудару

* аллергологиялық бөлімшеге аудару

* пульмонологиялық бөлімшеге аудару

*+қарқынды терапия бөлімшесіне аудару

* статустан шыққанша қабылдау бөлімінде қалдыру

! Реанимация бөліміне 36 жастағы бронхоспазм көріністері бар ер адам жеткізілді. Жедел көмек бригадасымен және қабылдау бөлімінде жүргілізген терапия: преднизолон - 60 мг к/т, эуфиллин - 2,4% 10 мл (2 сағат өтті). Кардиомониторда: ЖЖЖ – 110 минутына, қарыншалық экстрасистолалар 1:4, АҚ – 100/70 мм рт. ст., ТАЖ – 34 минутына. Қандай зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?

* қанда натрий және калий деңгейін анықтау

* қышқыл- сілтілік жағдайды анықтау

*+гемоглобиннің оттегімен қанығу деңгейін анықтау

* наличие эозинофилдердің бар болуына қақырық талдауы

* бүйрек қызметін бағалау (зәр бөлінуі)

! 55 жастағы әйел 3 күн бойы мазалайтын ринорея, қызба, бас ауыруы, жөтелге шағымданып келді. 2 сағат бұрын шаңмен қатынас болғаннан кейін тыныс алу қиындауы пайда болды. Аздап қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, ЖЖЖ – 100 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Созылмалы обструктивті бронхит бойынша кезеңді түрде амбулаторлы ем қабылдайды. Науқаста ең мүмкін қандай жағдай дамыды?

* обструктивті бронхиттің өршуі

* вирусты бронхиолит

* ЖРВИ фонында обструкция ұстамасы

*+бронхиалды демікпе ұстамасы

* жүректік демікпе ұстамасы

! 42 жастағы әйел 3 сағат бұрын кір жуу ұнтағымен қатынас болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде тыныс шығару кезінде бәсеңдеген тыныс фонында жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығару ұзарған, ЖЖЖ – 98 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, ұстама тек кір жуу ұнтағының белгілі түрімен қатынастан кейін пайда болады, базисті терапия қабылдамайды, есепте тұрмайды. Қандай зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?

Наши рекомендации