Дәрігер-интерн міндетті
Білуі және қолдануы:
· жиі кездесетін бүйрек ауруларының этиологиясын, патогенезін және негізгі симптомдары мен синдромдарының даму механизмін, асқынуларын;
· біріншілік және екіншілік гломерулырлы аурулардың этиологиясы мен патогенезін;
· БСА кезінде бүйрек зақымдалуының үдеу механизмін, гиперфильтрация теориясын. БЖЗ паиогенезін. БЖЗ-мен науқастарды жүргізу тактикасының алгоритмін;
· бүйректі зертханалық, визуалды, морфологиялық зерттеу әдістерін;
· нефрололгияда қолданатын антибактериалды, иммуносупрессивті, гипотензивті, диуретикалық препараттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерлерін;
· бүйрек ауруларымен науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамалары мен стандарттарын;
· жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігін, бүйрек жетіспеушілігі кезінде жасалатын консервативті және алмастыру терапиясын;
· нефропротективті терапияның әдістері мен патогенетикалық негіздерін;
· пәннің дамуындағы заманауи тенденцияларды, нефрологиялық қызметті ұйымдастыруды;
· Науқаспен, оның туыстарымен және әріптстермен сенімді қарым-қатынасты қалай орнатуды;
· Науқас денсаулығын сақтаудың нормативті-құқықтық аспектілерін.
Жасай алуы:
· науқастың өмір және ауру анамнезін жинауды
· ШФЖ бойынша бүйректің функциональді жағдайын бағалау, БЖЗ немесе БСА сатысын анықтауды
· бүйрек қызметінің бұзылысын бағалауды және бүйрек ауруларының ағымын болжауды;
· нефрологиялық науқастардағы негізгі симптомдар мен синдромдарды диагностикалау және емдеуді;
· біріншілік және екіншілік гломерулырлы ауруларды ажыратуды;
· морфологиялық вариаттарына байланысты гломерулярлы ауруларды диагностикалау және емдеуді;
· оңтайлы клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдау және нәтижелерін интерпретациялауды;
· бүйрек биоптатын морфологиялық зерттеу нәтижесін бағалауды;
· микроскоп көмегімен гематурия түрлерін (гломерулярлы және гломерулярлы емес) ажыратуды;
· заманауи иммуносупрессивті терапияның әдістері, схемалары мен хаттамаларын, пульс-терапия техникасын меңгеру;
· гломерулярлы науқастармен науқастарда эклампсия, бүйректің жедел зақымдалуы, жедел жүрек және бүйрек үсті жетіспеушілігі кезінде шұғыл көмек жүргізуді;
· науқаспен, оны күтуші адаммен, туыстарымен, әріптстермен және басқа да медициналық қызметкерлермен максимальді сенімді қарым-қатынас орнатуды;
· ұжымда жұмыс істеуді;
· ақпараттармен (оқу, анықтамалық, нормативті, ғылыми) өз бетінше жұмыс жасауды.
Дағдыларды игеруі:
· науқастармен қарым-қатынаста мақсатбағытталған анамнездік жинау мен коммуникативті дағдаларды;
· ренальді және экстраренальді симптомдарды анықтай отырып науқасты клиникалық зерттеуді;
· бүйрек аурулары кезіндегі негізгі клиникалық синдромдарды интерпретациялауды;
· зәр анализдерін, қанның биохимиялық зерттеулерін, УДЗ қорытындыларын интерпретациялауды;
· бүйрек қызметін бағалауды;
· басты клиникалық синдромға байланысты зерттеу алгоритмін құруды;
· есептеу әдісімен ШФЖ анықтауды;
· бак.зерттеуге зәрді жинауды;
· анықталған патологияны емдеуді, бүйрек жетіспеушілігі кезінде жедел көмек көрсетуді;
· бүйректің жедел зақымдалуы және бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде гемо-перитонеальді диализ жасауды;
· ғылыми ақпараттар мен дәлелді зерттеулерді талдау мен критикалық ұғынуды;
· клиникалық ойлауды;
· ақпараттармен (оқу, анықтамалық, нормативті, ғылыми) өз бетінше жұмыс жасауды.
Құқықтық дағдылар:
· Денсаулық сақтау саласында ҚР заңнамалары мен нормативтік актілерін білу.
Өзін-өзі дамыту:
· Өздігінен дамуға әрдайым қызығушылық таныту;
· Аналитикалық ойлау қабілетіне ие болу;
· Әр түрлі білім көздерін, соның ішінде рандомизирленген клиникалық зерттеулерді қолдану және тұжырымдарды сәйкес сілтемемен бекіту;
· Өзін талдаудың жоғары деңгейін көрсету.