E) Нәрестені анасының көкірегіне жатқызу 7 страница

жатырдың жыртылуы

плацентанның ұрық жолында орналасуы

плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы

+плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы

кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

6.Босанушы әйелді қынаптық тексергенде тігіс бөліп өткен тегіс беткей анықталды.Бір жағынан тігіске кеңсірік тұсы және қас үстіндегі доғасы,екінші жағынан – үлкен еңбектің алдыңғы ұшы келіп тұр.Бұл жағдайда ұрық басының қай бөлігімен келуін анықтаймыз:

шүйденің алдыңғы көрінісі

алдыңғы бастық

+маңдайлық

беттік

шүйденің артқы көрінісі

7.Алғашқы босанушы, 24 жаста, босанудың II кезеңінде 20 минут, ұрық басының жылжуы жоқ, ұрықтың жүрек соғысы 135 рет/минутына, қынап арқылы тексергенде аузы, беті анықталады. Нәрестенің басының қандай қондырылуы:

+бетпен келуі

шүйдемен келгендегі артқы көрінісі

артқы төбемен келуі

маңдаймен келуі

алдыңға төбемен келуі

8.Алғашқы босанушы 24 жаста күні жетілген ұрықпен босану болды. Бұлшық етке окситоцин 10 ӘБ еңгізілді. Не істеу керек?

көк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі-дәрімектерді еңгізу

бала жолдасын қолмен бөліп шығару

+ босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу

Абуладзе әдісін қолдану

Креде –Лазаревич әдісін қолдану

9.Шүйдемен келу, алдыңғы көрініс, II позиция, қынап арқылы тексеру кезінде анықталады:

+ сагитальды жігі сол жақ ќиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жаќта

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жаќта

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жаќта

сагитальды жігі оң жаќ ќиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жаќта

сагитальды жігі тік өлшемде, кіші еңбек алдына ќарай

10.20 жастағы алғашқы босанушыда, гистерограммада жиырылу жатырдың тқмеңгі сегментінен басталады. Диагноз қойыныз.

қалыпты босану қызметі

+ босану қызметінің дискоординациясы

босанудың I кезеңінің әлсіздігі

босану қызметінің қатты болуы

босанудың I кезеңінің екіншілік әлсіздігі

11.Босанушы әйелде толғығы 10 сағат жалғасуда. Қағанақ суы бүтін. Әйел кенеттін бозарып кетті, ішінде күшті кернеген ауырсыну пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет минутына. Ќынап арќылы ќарағанда: жатыр мойнының ашылуы толыќ, ќағанаќ ќабы бүтін, керілген, ұрыќтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас ќуысында. Дәрігердің тактикасы:
жедел кесар тілігі

ұрыќтың жедел гипоксиясын емдеу

амниотомия

амниотомия, окситоцинмен босануды күшейту

+ амниотомия жасау

12.Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге?

Жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар

Қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру

+Жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу

жатырдың қынапүстілік ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды

Жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар

13.Қайталап босанушыда босанудың ІІ кезеңі басталғаннан 30 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. АҚҚ 120/65 мм.с.б. Толғақ 2-3 минут сайын, 50-55 секундтан. Толғақ арасында жатыр нашар босансиды, пальпация кезінде төменгі сегменттің ауырсынуы байқалады, жамбас өлшемдері 26-27-33-18 см. Ұрықтың жүрек соғысы әлсіз. Механикалық кедергіге байлансты қуыққа катетер қою мүмкін болмады. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрықтың басы кіші жамбас кіре берісіне бекіген, басында айқын босану ісігі анықталады. Сагиттальды жігі алға қарай ығысқан, бір деңгейде орналасқан үлкен және кіші еңбектері анықталады. Диагноз:

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

клиникалық тар жамбас, қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

жалпақ рахитикалық жамбас, тарылудың ІI дәрежесі, құрсақ ішілік ұрықтың жедел гипоксиясы

+ клиникалық тар жамбас, жатыр жыртылуының басталуы

жатыр жыртылуы

14. Алғаш босанушы, 26 жаста, жүктілік 38 апта, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан кейін 4 сағаттан және қағанақ суының кетуінің басталуымен түсті. 10 минутта 2 толғақ, 20 секундтан. Түскеннен кейін 20 минуттан ентігу, жөтелге, кеуде аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, қорқыныш сезімге шағымдар пайда болды. Жүктіліктің 35 аптасында су егіздікке байланысты ем алған. ІА -100 см, ЖТБ – 34см. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы 136 рет минутына. PV: жатыр мойны тегістелген, шеттері қалын, жұмсақ, ашылуы 2 см, қағанақ қабы жоқ. Мүйіске саусақ жетпейді. Диагноз қойыңыз:

Жүктілік 38 апта. Суегіздік. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі.

Жүктілік 38 апта. Босанудың 1 кезеңі. Су егіздік. Қағанақ суымен эмболия.

+Жүктілік 38 апта. Босанудың 1 кезеңі. Қағанақ суымен эмболия. Су егіздік. Қағанақ суының ерте кетуі.

Жүктілік 38 апта. Босанудың 1 кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Қағанақ суымен эмболия.

Жүктілік 38 апта. Қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі. Су егіздік. Қағанақ суының ерте кетуі.

15.Алғаш босанушы 20 жаста жамбас тарылуының I дәрежесі, ұрық салмағы 3400,0, I кезең 12 сағатқа созылды, 10 минутта 4 толғақ, ұрық басының жылжуы жоқ, ұрық басының конфигурациясы+++ . Не істеу керек?

босануды жалғастыру

+ кесар тілігі

акушерлік демалыс

амниотомия

босану қызметін қоздыру

16.Перзентханаға жедел жәрдем көлігімен босанушы әйел келіп түсті. Қағанақ суының кеткеніне 36 сағ болған, ұрық асқынған көлденен орналасуда. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, қынап арқылы тексергенде жатыр мойны толық ашылған, ұрық мойнына қол жетіледі. Дәрігердің іс-әрекеті?

босануды консервативті жүргізуді жалғастыру

кесар тілігі операциясы

ішкі акушерлік бұру жасау

босануды күшейтудің І түрін жүргізу

+ұрықты бөлшектеу операциясы - декапитация

17.Босанушы әйел перзенханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Бұл жүктілігі – үшінші, біріншісі уаќытында босанумен аяќталды, екіншісі - өздігінен түсіпкен. Ұрыќтың орналасуы ұзына бойы, кіші жамбас кіре берісіне жамбасы келіп тұр, босану ќызметі ретті. Зерттеу кезінде ќағанаќ суы кетті, содан кейін ұрыќтың жүрек соғуы минутына 100 ретке дейін азайды. Ќынап арќылы ќарағанда: жатыр мойнының ашылуы толыќ, ќағанаќ ќабы жоќ, ќынапта түскен кіндік бауы аныќталады. Ұрыќтың ќұйрыќтары жамбас ќуысының тар бөлігінде. Босануды жүргізіп жатќан дәрігердің тактикасы:

+жамбас бөлігі арќылы ұрыќ экстракциясы

жедел гипоксияның емін жүргізу

кіндік бауын орнына салу, босануды консервативті жїргізу

жедел кесар тілігі

эпизиотомия, Цовьянов әдісін ќолдану

18.Алғаш босанушы, 26 жаста, жүктілік 38 апта, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан және қағанақ суы кеткеннен 1 сағаттан кейін түсті. 10 минутта 4 толғақ, 55-60 секунд. Түскеннен кейін 20 минуттан ентігу, жөтелге, кеуде аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, қорқыныш сезімге шағымдар пайда болды. ІА -100 см, ЖТБ – 34см. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы 136 рет минутына. PV: жатыр мойны тегістелген, жеттері қалын, жұмсақ, ашылуы 8 см, қағанақ қабы жоқ. Мүйіске саусақ жетпейді. Босануда қандай асқыну пайда болды және неге?

Тез босануға байланысты жатыр жыртылуы

+Тез босану әрекетіне байланысты қағанақ сумен эмболия

Клиникалық тар жамбасқа байланысты жатырдың жыртылу қауіпі

Қағанақ сумен эмболия, өйткені қайталап босану – қауіп фактор

Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауына байланысты қағанақ сумен эмболия

19.Перзентханаға босанушы тұсті. Онда ұрықтын көлденен орналасуының асқынған тұрі және ұрықтын қолынын тұсуы анықталды. қынап арқылы қарағанда жатыр мойны толық ашылған, ұрықтын қолы төмен тұскен. Ұрықтын жұрек соғуы анықталмайды. Диагноз? Осы жағдайда босандыру әдісінің қай тұрі дұрыс?

ұрықтын көлденен орналасуы. Классикалық акушерлік бұру ұрық аяғының экстракциясымен жалғасқан жасау

ұрықтын көлденен орналасуы. Кесар тілігін жасау

+ұрықтын көлденен орналасуының асқынған тұрі. Ұрық бұзу операциясын жасау

ұрықтын көлденен орналасуының асқынған тұрі. Босануды консервативтәі жұргізуді жалғастыру

ұрықтын көлденен орналасуы.босану қызметінін өздігінен басталуын кұту

20.Қайталап босанушы 30 жаста, 2 сағат бұрын босану әрекеті басталды, егіздер, бірінші ұрықтың орналасуы көлденең. Дәрігердің іс-әрекеті?

+кесар тілігі

сыртқы акушерлік бұрылыс

толық ашылуы кезінде классикалық акушерлік бұрылыс жасау

босануды жалғастыруды консервативті жүргізу, толық ашылуы кезінде классикалық бўұылыс жасау, егер болмаса – кесар тілігін жасау

қолдың түсіп кетпеуінің алдын алу үшін максимальды ұрық қапшығын сақтау

21.Егіз ұрықпен босану. Бірінші нәресте туылғаннан кейін қан кету басталды. Екінші ұрық ұзына бойы орналасқан, аяқтары келіп тұр. Диагноз және іс-әрекетіңіз:

жатыр гипотониясы, көк тамырға тамшылатып окситоцин енгізу

+ІІ ұрықтың қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, жедел кесар тілігі

ІІ ұрықтың қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, амниотомия жасап, наркоз беріп, ұрықты аяғынан алып шығару

босану жолдарының жарақаты, екініші нәресте туылғаннан кейін босану жолдарын қарап, тігіс салу

гемостаз жүйесінің бұзылысы, жедел лаборантты шақыртып қанның ұю қабілетін анықтау

22.Қайталап босанушы, 26 жаста, ретті толғақ басталуынын 6 сағаттан кейін бұтін қағанақ суымен түсті. Ұрықтын болжакм салмағы 4000,0. PV: жатыр мойны тегістелеген, ашылуы 4,0 см. Қағанақ қабы қарау кезінде жарылды; содан кейін кіндік бауының қынапқа түсуі анықталды. Ұрықтын басы кіші жамбас кіреберісіне бекітілген. Дәрігердің іс-әрекеті?

ішкі акушерлік бұрылыс

+жедел түрде кесар тілігі

кіндік бауын орнына салып көру

окситоцин 1,0 көк тамырға

Николаев үштігі

23.Қайталап босанушы, күні жетілген жүктілікпен қағанақ суы кеткеннен 4 сағаттан соң, толғақсыз босану үйіне келіп түсті. Анамнезде: тар жамбасқа байланысты 2 жыл бұрын кесар тілігі жасалған. Дәрігердің іс- әрекеті?

босануды қоздыру

глюкоза-витаминді-гормональды фон

спонтанды толғақ басталуын күту

+ жедел түрде кесар тілігі

сусыз кезең 10 сағатқа созылса және әлсіз толғақ болса кесар тілігін жасау

24.27 жастағы алғаш босанушы, жамбас өлшемдері 23-26-29-18 және 14 күнге асқан жүктілікпен босану үйіне қағанақ суы кеткеннен 8 сағат өткен соң босану қызметінсіз келіп түсті. Бойы 143 см, салмағы 46 кг, іш көлемі 110 см, жатыр түбінің биіктігі 37 см. ұрық ұзына бойы, басымен кіші жамбас кіреберісінде орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 136 рет. P.V. жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды канал 1 к/саусақ өткізеді, оның ұзындығы 2,5-3,0 см. қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен кіші жамбас кіре берісінде орналасқан. Бас сүйектері тығыз. Мүйіске қол жетеді. Диагональды конъюгата 11 см. кіші жамбаста экзостаздар жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз?

глюкозо-витамино-гормональды фон жасау

босануды қоздыруды бастау

босануды күшейтуді бастау

жоспарлы түрде кесар тілігі

+шұғыл түрде кесар тілігі

Тема «Акушерство и гинекология»

Подтема «Патология беременности»

1.Ауыр артериалды гипертензияға тән:

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б.

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

2.Ауыр артериалды гипертензияға тән:

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б.

+диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

3.Бөлімге 26 жасар А. жүкті іштің төмеңгі жағындағы ауырсынуларға шағымдарымен келіп түсті. Бала кезінде қызылшамен, скарлатинамен ауырған. Берілген жүктілігі 3, мерзімі 20 апта, 1 жүктілігі –ірі ұрықпен босану, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған, 2-жүкілігі 2 жылдан соң кеш басталған абортпен аяқталды. Қарау кезінде жатыр тонуста. Жатыр мойны деформацияланған, сыртқы араң ашық, мойны қысқарған, канал ішімен ішкі араңға ішіне 1 саусақ бос өтеді. Сіздің диагнозыңыз:

Жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қауіпі.

+Жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қауіпі. ИЦЖ.

Жүктілік 20 апта. Басталған кеш өздігінен түсік. ИЦЖ.

Жүктілік 20 апта. Жолдағы кеш өздігінен түсік. ИЦЖ.

Жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш үйреншікті түсік қауіпі.

4.Келесі қынаптық мәліметтерге байланысты жатыр мойнының “жетілу” дәрежесін анықтаңыз. Жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 саусақты өткізеді, оның ұзындығы 3,0-3,5 см. Төменгі сегментке өтуі тік бұрышты:

«жетіліп келе жатқан»

«жетілген»

толығымен жетілмеген

+«жетілмеген»

«жетіле бастаған»

5.23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарлауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия.

Диагнозыңыз:

+Гестационды пиелонефрит.

Зәртас ауруы

Созылмалы пиелонефриттің қайта өршуі.

Созылмалы гломерулонефриттің қайта өршуі.

Гломерулонефрит, нефротикалық түрі.

6.Әйелдер кенесіне келген жүкті әйел көз алдындағы қарауытулардың пайда болуы мен басының ауруына шағымданады. Тексеруде АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. Дәрігердің іс-әрекеті?

стационарға жолдама беру шұғыл госпитализация және жүктілік патологиясы бөлімінде гестозды емдеу

амбулаторлы бақылау жүргізу

келесі дәрігерлік қабылдауға шақыру қағазын беру және үйіне жіберу

+ магнезия сульфатты көк тамырға еңгізу және жедел жәрдем көлігімен шұғыл стационарға жатқызу

7.Босану стационарына жүктілігі 40 апта құрайтын қайтадан босанушы жүктілік кезінде АИВ тест сынағының нәтижесінсіз келіп түсті. Босану кезінде АИВ экспресс-тесті оңды нәтиже берді. Босанулар еш асқынуларсыз өтті, салмағы 3000г болатын қыз бала туылды. Берілген патология кезіндегі омыраумен емгізуге арналған ұсыныстар:

Емгізу әйел қалауына байланысты

Тек қана омыраумен емгізуді ұсыну

+Жасанды қоспалармен емгізуді ұсыну

Әрбір тамақтандыру сайын емізгекшелерді жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу

Аралас тамақтандыруға ерте көшіруді ұсыну

8.23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 39 апта жүктілігінде эклампсия ұстамасы болып қалды. Дәрігердің әс-әрекеті?

наркоз беріп, интенсивті емді бастау

+интенсивті емдеп, жалпы жағдайы жақсарған соң босандыру

наркоз беріп, амниотомия жасау

амниотомия жасау

амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау

9.25 жастағы жүкті әйел салмағы өсу, іш көлемі ұлғаю, жатыр тонусының қатаюы, жылдам шаршау шағымдарымен тұсті. Бұл симптомдар 25 аптасынан бастап көрінді соңгы аптасында ұлғайды. I триместрде- ЖРА, қызуы 38,8°С көтерілді, өзбетімен емделді. Жұктілік мерзімі -32 аптасы. Ұрық орналасуы - көлденен, басымен келу. Ұрық жұрек соғуы анық, ырғақты. Флюктуация симптомы оң. Диагнозы?

көп ұрықты жүктілік

уақытынан бұрын босанудын қаупі

ірі ұрық

жатырдын жұқалығы

+ суегіздік

10.25 жастағы қайта босанушы анамнезінде 2 аборт, жұктіліктің 37 апталық мерзімінде толық тынығу кезінде жыныс жолдарынан қанды бөліністер көрінді. Қандай патология туралы айтылған?

босанудың басталуы

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

кіндіктің қабыққа бекуі

+плацентаның жолда орналасуы

ұрық гипоксиясы

11.Созылмалы гемотогенді – диссеминациялық өкпе туберкулезі бар жүкті әйелдерге дәрігер тактикасы:

арнамалы терапия фонында 35 апталық мерзімде жүктілікті үзу

+12 аптаға дейін жүктілікті үзу

жүктілікті сақтау және акушер-гинекологтың бақылауы

жүктілік аяғына дейін туберкулезге қарсы ем жүргізу

хирургиялық емге жолдау, жүктілікті жалғастыру

12.Перзентханаға 32 апталық жүктілікпен әйел келіп түсті. Түсу барысында бет бұлшықетінің тырысуы байқалады. Аяқтарында ісінулер бар. АҚҚ 140/100 мм.с.б.б (бастапқысы 120/90). Протеинурия 3,0 г/л, гемоглобин 68,0 г/л. Темір препараттарын бүкіл жүктілік бойында қабылдап келген. Жүкті әйелде қандай асқыну дамуы мүмкін:

Эпилептикалық жағдай

Преэклампсия жеңіл дәрежесі

Преэклампсия ауыр дәрежесі

+Эклампсия

Темір преператының кері әсері

13.Жүктіліктің 38 аптасы, босану кезінде эклампсия тырыспасы ұстады. АҚҚ 170/110 мм.с.б.б.,ұрықтың болжам салмағы – 3000,0 гр. Ұрық басы жамбас түбінде.Ұрықтың жүрек соғысы айқын. Дәрігердің тактикасы:

босануды күшейту

кесар тілігі операциясымен босандыру

наркоз беру

босануды консервативті жүргізу

+көк тамырға сульфат магний егу. Вакуум-экстракция қолдану

14. 28 жастағы алғаш босанушы әйелде, босану әрекеті басталғаннан 2 сағаттан кейін басы ауыра бастады, 10 минуттан кейін қысқа уақытты есінен танумен тырысу болды; АҚҚ 150/95 и 160/100 мм рт ст. зәрінде – белок 1,65 г/л. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ретті 132 уд/мин. PV: жатыр мойны тегістелген, ашылуы 2 см. қағанақ қабы бүтін, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. ҚР ДСМ 29.12.08 №697 бұйрығына сәйкес патогенетикалық терапия:

+Сульфат магния

Окситоцин

Допегит

Диазепам

Дроперидол

15.Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға 22 жастағы алғашқы босанушы жеткізілген. Шағымы эпигастрий тұсында ауырсынуға, көз көруінің нашарлауына шағымданады. Жүктілік мерзімі 37 апта, артериальдік қысым 160-100 мм.с.б., жатыр мойны жетілмеген. Зәр анализінде меншікті салмағы 1020, тәуліктік протеинурия 5 г. Не істеу қажет?

1 тәулік гестозды емдеу

+ 3-4 сағат емдеу, нәтиже болмаса босандыру

амниотомия,содан соң толғақты қоздыру

гестоз толық жазылғанша емдеу

12 сағат емдеу, нәтижесіз болса босандыру

16.Қайталап жүкті болушы 26 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 30 минуттан кейін жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм сын бағ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек?

жатырдың жыртылуы

плацентанның ұрық жолында орналасуы

плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы

+плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы

кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

17.Кардиологиялық орталыққа 20 жастағы алғаш жүкті әйел келіп түсті. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Д есепте жүрек ақауы бойынша тұрады. Ревматизмның ақырғы өршуі 16 жасында. Шағымы түскен кезде жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, төбесінде систолялық шу, акцент өкпе артериясында. Тамыр соғуы 80 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б. басқа ағзалар бойынша патология жоқ. Лабораториялық зерттеу кезінде: Нв 110 г/л, СОЭ 35 мм/ч, лейкоциттер 6,2*109, лейкоцитарлы формула қалыпты, ревмосынамалары қалыпты деңгейде. Ауруханаға жатқызудың негізгі мақсаты:

Жүрек ақауының түрін анықтау

Қанайналымы бұзылысының белсенділігін анықтау

Қанайналымы бұзылысының белгілерін анықтау

Инфекция ошақтарын анықтау

+Жүктілікті ары қарау жалғастыру сұрағын шешу

18. Жүкті әйел К. Жүктіліктің 7 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон + + + +, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

Наши рекомендации