Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1
Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А
____________
Ф-МК-003/012
Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі
ЕСЕП № 4
2008 жылдың 20-шы қарашасында 10 сағат 10 минутта Абай ауданының прокуратурасына Пресс автомат зауытының цехының бастығы Ф.И. Сухановтан дайын өнім цехында көпірлік краннан құлап өлген 45 жастағы жұмысшы Никоноров А.С. туралы хабар түсті.
Оқулық мәліметтер
Техникалық электрдің әсерінен 6 метр биіктіктен құлап темірден жасалған арбаның бұрышына баспен соғылған. Ток тасымалдаушы өткізгішпен контакт орны-оң қолдың алақан беткейі. «Электртаңбадан» және төбе сүйектерінің ашық сынықтарынан басқа мәйітте анықталғаны: Тұлғаның артқы жағында қанталаулармен сыдырулар, сол иықтың жабық сынықтары. Токтың қуаты 380 В., токтың 20 Ампер. Өлім 20-шы қарашада сағат 9-да болды. Цехтағы температура - +22ْ . Тапсырма
1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;
б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;
в) айғақты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.
2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.
Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.
Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1
Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А
____________
Ф-МК-003/012
Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі
ЕСЕП № 5
2008 жылдың 23-ші маусымында 23 сағат 20 минутта АІІБ-не учаскелік полицей С.И.Мусаевтан Рәметов көшесіндегі № 5 үйде зорлықтан өлген белгілері бар, белгісіз еркек мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті. Мусаевтың айтуынша, ол осы көшеден 2 сағат бұрын № 5 үйдің жанынан өткенде мәйітті көрмеген.
Оқулық мәліметтер
Адам өлтіру. Зақым басының желке тұсына доғал затпен (күйген қыштың жартысымен) келтірілген. Басындағы зақымдардан басқа, мәйітте екі иықтың сыртқы жақтарында көптеген жаңадан пайда болған қанталаулар және түсі өзгере бастаған, 3-4 күн алдын болған оң балтырдың алдыңғы жағында қанталау анықталған.23-нен 24- маусымға қараған түнде ауа температурасы - +19-20ْ .
Тапсырма
1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;
б) мәйіттің басындағы және аяқ-қолдарындағы зақымданулардың объективті суреттемесін беру;
в) белгісіз адамның мәйітін қарап тексеру ерекшеліктерін көрсетіңіз;
г) оқиға болған жерде табылған болжамды жарақаттау қаруын және оның айғақты зат ретінде алынуын суреттеу.
2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.
Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.
Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1
Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А
____________
Ф-МК-003/012
Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі
ЕСЕП № 6
2008 жылдың 14-ші маусымында 3 сағат 30 минутта Ордабасы АІІБ-не азамат Қ.Т. Тәжиевтен Әлиев көшесіндегі № 5 үйдің маңында зорлықтан өлген белгілері бар 29 жастағы азамат А.С. Васильевтің мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.
Оқулық мәліметтер
Адам өлтіру. Комбинацияланған жарақат. Кеуденің алдының сол жағына пышақпен, бастың желке тұсына доғал затпен (қыштың бөлігімен) зақым келтірілген. Өлім 2008 жылдың 13-маусымында сағат 23-те болған. Ауа температурасы 14-маусымға қараған түні - +12-15ْ .
Тапсырма
1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:
а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;
б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;
в) оқиға болған жерде табылған болжамды жарақаттау қаруын және оның айғақты зат ретінде алынуын суреттеу.
2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.
3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.