Герпес тудыратын аурулардың клиникалық түрлері

Герпесты инфекция

Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру.

Қазіргі күнде анықталған герпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Энштейн Барр вирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция). Жыныс қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae).

Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді:

Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);

ІІІ типы-VZV (zoster)-желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.

ІV типы-Энштейн-Барр вирусы (EBV) (γ)-инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.

V типы-цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.

VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады:

- генерализденген түрлері

- энцефалиттер

- пневмониялар

- лимфаденопатия

VII типы- созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.

VIIІ типы (γ-типы) – 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде)

- саркома Капоши

- біріншілік лимфомалар

- кастлеманн ауруы

Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті. Инфекция рецидивтермен араласып латентты түрінде өтеді.

Этиологиясы:HSV I, HSV II-Alphaherpes-virinae тұқымдасқа кіреді.

Зақымдайтын клеткаларды лезде жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, нерв жүйенің ганглийларында латентты түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады.

Жоғары температурада лезде жойылады (50-520 С-30), төмен теператураларда ұзақ сақталынады.

Эпидемиологиясы: аурудың көзі:

- әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар

- вирус тасымалдаушылар

Тарау жолдары:

- тұрмыстық қатынас

- ауа-тамшы

- жыныс қатынас арқылы

- вертикальды жолмен (мүмкін)

- интранатальды жолмен (көбінесе)

Патогенез бен патанатомиясы: организмге вирус тері және шырыш қабаттар арқылы түседі. Орналасатын жері: паравертебральды сенсорлы ганглийдердің клеткаларында (өмір бойы сақталады).

Аксондар арқылы вирус тері және шырыш қабаттарға түсіп – типті везикулезды бөртпелер тудырады (эпителиальдар клеткалардың тікенекті қабаттын баллон тәрізді дегенерализация және бөліну себебінен). Везикулалардың іші фибринозды сұйықтыққа және сызылған эпителиальды клеткалармен толады.

Репликация – 10 сағаттай өтіп, одан кейін вирус қанға шығады. Организмде иммунды жетіспеушілік айқын болса, онда инфекцияның генерализденген түрі дамиды (ішкі ағзалардың-ОНЖ, бауыр, бүйрек т.б., - зақымымен).

Вирусқа қарсы қорғаныста микрофрагтармен интерферонның әсері маңызды роль атқарады.

Инфекцияның ерекше түрі – туа біткен герпес. Трансплацентарлы жолымен жұқса – плацентит дамып, бала герпесты инфекция көріністерімен шала не өлі туады. Интранатальды түрінде жұқса (анада генитальды герпес болғанда)- көбінесе тері шырыш зақымдалу, сиректеу генерализденген түрі болады.

Перинатальды герпес 3000-30000 туған балалардың біреуінде кездеседі.

Герпесты инфекцияның жіктелуі:

Тарау механизмі бойынша жүре пайда болған: - бірінішілік - рецидивті (екіншілік) - туа біткен
Инфекциялық процесстің ағымы бойынша латентті-тасымалдаушылық локальды таралған генерализденген (висцеральды, диссеминирленген)
Қабыну орнына байланысты Тері: жалпы герпес, герпетиформды экземе, жаралы-некрозды герпес, зостер тәрізді герпес. Шырыштар: стоматит, фарингит, тонзиллит. Жоғары тыныс алу жолдары: жедел респираторлы аурулар. Көз: кератит, кератоконьюнктивит, ирит, иридоциклит. Урогенитальды ағзалар: уретрит, цистит, вульвовагинит, цервицит. Нерв жүйе: менингит, энцефалит, менингоэнцефалит Ішкі ағзалар: эзофагит, пневмония, гепатит, гло....нефрит
Ауырлығына байланысты - жеңіл - орташа - ауыр

Біріншілік герпес 80-90% адамдарда жасырын түрінде болады, тек қана кішкентай балаларда –афтозды стоматит, ОРВИ түрінде көрінеді.

Рецидивті герпес-көбінесе тері зақымымен өтеді. Типті түрінде ауыз-мұрын маңайында орналасады, бірақта терінің басқа жерлерін де зақымдау тиіс. Көбінде рецидив кезінде бөртпелер бір орнында шыға береді, кейбірінде орын ауыстыруымен өтеді. Рецидивтердің жиілігі жылына 1-2 реттен 10-20 ретке дейін.

Типті түріндегі герпесты бөртпе:

- гиперемияланған және ісінген тері үстінде тығыз орналасқан көпіршіктер (везикулалар). Бөртпе шығар алдында тері қышып, сыздап, ісінуі, қызаруы жиі болады. Ауырсыну герпесты бөртпелерге тән емес. Көпіршіктер бір аздан кейін жарылады, орнында эрозиялар қалыптасады, лезде қабықшамен тегістеледі. Эпителизация кетіксіз өтеді. Процесстің ұзақтығы 5-7 күн. Кейде субфебрильды қызба, шамалы интоксикация қатарымен жүреді. Маңайдағы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Иммунды жетіспеушілігі бар организмде қабыну жаралған түріне айналады. Бұл жағдайда бөртпелер денеге, шаш арасына, аяқ-қолына таралып; жайылған эрозиялар қалыптасып, айқын интоксикациямен өтеді.

Атипті түрлері:

- қарапайым герпестың абортивті ағымы (саусақтардың ұшына)

- ісікті

- зостер тәрізді (алақан мен табандарға папулезды элементтер шығу)

Генитальды герпес-жасырын түрінде өтуі тиіс- вирус зәр шығару және жыныс ағзаларда сақталынады.

Рецидив кезінде бөртпелер жыныс мүшелеріне шығады, жиі циститпен асқынады, әйел адамдарда генитальды герпес вульвавагинит, цервицит, уретрит, сальпингит, эндометрит түрінде өтуі тиіс.

Шырыш қабаттардың зақымдалуы:

- жедел герпесты стоматит немесе созылмалы рецидивті герпесты стоматит түрінде өтеді. Көбінесе балаларда кездеседі. Көздің герпесты зақымдары недәуір жиі кездесуде – кератоиридоциклиттер (кератаувеит), иридоциклит, увеит, хориоретинит т.б.

ОНЖ зақымы- келесі түрлерінде өтуі тиіс:

- субклиникалық

- герпесты менингит

- әлсіз диффузды энцефалит

- ауыр диффузды менингоэнцефалит

- соңы қолайсыз локальды энцефалит

Перифериялық нерв жүйенің зақымы:

- ганглионит

- ганглионеврит

- радикулоневрит

- полинейропатия түрінде өтеді.

Висцеральды түрлері: герпесты гепатит, ас қорыту және тыныс жолдарының зақымдалуы. 80-%-те өліммен аяқталады.

Диагностикасы:

- клиникалық көріністері (көбінесе типті везикулезды бөртпелер)

- анамнез мәліметтері (бұрын болғаны)

- лабораторлы дәлелдеу

а) вирусологиялық әдіс

б) иммунофлюоресцентті әдіс

в) иммуноферментті әдіс

г) басқа серологиялық әдістер (КБР) – жұпты сарысу әдісімен

д) ПТР – (полимеразды тізбелі реакция)

г) иммунды жағдайын анықтайтын әдістер

Емі:3 этапта жүргізіледі:

1) жедел кезеңінде (рецидивте)

- вирусқа қарсы әсер ететін майлар – бонафтон, оксалин, зовиракс

- антиоксиданттар (вит А,Е,С)

- простагландиндердің ингибиторлары (индометацин)

- антивирусты химиопрепараттар (ацикловир)

- иммуномодуляторлар (циклоферон, Т-активин т.б.)

ІІ-этап – ремиссия кезінде (рецидив өте салысымен)

Мақсаты – вакцинацияға дайындау

- иммономодуляторлар

- адаптогендер

ІІІ-этап – спецификалық профилактика – герпеске қарсы вакцина енгізу (инактивирленген, рекомбинантты).

Герпес тудыратын аурулардың клиникалық түрлері

Вирус Біріншілік инфекция Латенциядан кейінгі реактивация
HSV-I Біріншілік HSV гингивостоматит. HSV-энцефалит (сирек)- HSV- энцефалит неотальды HSV-инфекция HSV-эзофагит генитальды HSV-инфекция- HSV-гепатит рецидивті оральды-лабиальды герпес Рецидивті аногенитальды герпес
HSV-II Генитальды-ректальды герпес неонатальды герпес менингоэнцефалит құймышақты радикулит субклиникалық инфекция HSV-менингит HSV-энцефалит (сирек) Созылмалы терілі-шырышты түрі
CMV Субклиникалық инфекция Гетерафильды-негативты мононуклеоз CMV –ретинит CMV-колит/холангит CMV-пневмония (сирек) CMV-адренал жетіспеушілігі, сүйек майының функциясы бұзылуы
HHV-6 Розеолеолезды бөртпе (мүмкін) гепатит -интеретициальды пневмония (иммунодефицит кезінде)
EBV Инфекциялық мононуклеоз бұлшық еттердің саркомасы жаңа туған балалардың энцефалиты балаларда-лимфоидты интерстициальды пневмония EBV-ассоциативті лимфопролиферативті с-м. EBV-байланысқан ОНЖ-ның лимфомасы

Наши рекомендации