ВНЖ, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.
ВНЖ –қызметі біздің санамызға бағынбайды.Ол жұлынға, мишыққа, гипоталамуста, соңғы мидың жоғарғы бөлімі- ми қыртысына тәуелді.
Жіктелуі:
ВНЖ – орталық және перефиялық бөлімдерге бөлінеді:
Орталық бөліміне:
1.ми бағансында орналасатын 3,7,9,10 жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары.
2. Жұлынның 8- мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сигменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік ядро.
3. Жұлынның үш сегізгөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары.
Перифериялық бөліміне:
- Жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар, талшықтар.
- Вегетативтік өрімдер, түйіндері.
- Симпатикалық сабау және оның түйіндері, дәнекер тармақтары.
- Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі- соңғы түйіндері.
Қызмет ерекшеліктеріне байланысты: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.
Симпатикалық бөлігінің негізгі қызметі трофикалық болып табылады.Ол тотығу үрдістерін, қоректік заттардың жұмслуын, тыныс алуды,жүрек қызметін, бұлшықеттерге оттегінің келуін күшейтеді.
Симпатикалық бөлігіне:
1. Жұлынның 8- мойын, 2- бел сигменттерінің бүйіраралық бағанасындағы вегетативтік ядро.
2. Оң және сол симпатикалық сабау .
3. Дәнекер тармақтар.
4. Омыртқа бағананы алдында және ірі тамырлардың маңында орналасатын вегетативтік өрімдер түйіндері.
5. Осы өрімдермен ағзаларға бағытталатын нервтер.
6. Тамыр маңындағы және ағзалық өрімдер.
7. Сомалық нервтердің құрамында ағзалар мен тіндерге баратын симпатикалық талшықтар жатады.
Парасимпатикалық бөлігінің қызметі қорғаныштық: жарық күшейгенде көз қарашығын тарылтады, жүрек қызметін тежейді, қуысты ағзларды босатып тазартады. Парасимпатикалық н.ж. орталық және перефиялық болып бөлінеді.
Парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлігіне: ми мен жұлынның әр түрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығы жатады.Бұл бөлік бассүйектік бөлікке, милық бөлікке және сегізкөз бөлігіне бөлінеді.
Парасимпатикалық бөлігінің перефиялық бөлігіне :
Перефиялық түйіндерге ми нервтері мен сегізкөз нервтері құрамында болатын талшықтардан және сыртқы түйіндері кіреді. Бұл бөлік 3,7,9, және 10 ми нервтері және 2,3,4,5 сегізкөз нервтерінің сабаулары ішінде өтеді.
221-222.Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі,краниалды және сокралд бөлімдеріне сипаттама.
ПНЖ-інде симпатикалық нерв жүйесі сиақты орталық,милық бөлігін және перифириялық бөлігін ажыратады.
Оратлық бөлік ми мен жұлынның әртүрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығын көрсетеді.Орталық бөлік бассүйектің бөлікке pars cranialis және сегіз көз бөлігіне,pars sacralis бөлінеді.
Перифериялық бөлігі:а.перифериялық түйіндерге ми нервтері мен сегіз көз нервтері құрамында баратын талшықтардан және Б.ағзаларға маңында орналасатын қабырға-сыртқы түйіндер,ganglia extramuralia, немесе ағзалар қабырғасына енетін қабырғаішкі түйіндер ,ganglia intramuralia , кіретін перифериялық түйіндерден тұрады.
Перифериялық бөлік ІІІ, ҮІІ,ІХ және Х жұп ми нервтері және І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү сегізкөз сабаулары ішінде өтеді.
Перифериялық экстармуралды түйіндерге: кірпікті түйін ,ganglion ciliare, қанат –таңдай түйін ,ganglion pterygopalatinum ,құлақ түйін ,ganglion oticum, төменгі жақсүйек асты түйін бронхтық және жүректік ағзасыртқы өрімі түйіндері,құрсақ өрімі түйіндері және құрсақ қуысы ағзаларының онымен байланыстағы өрімдерінің түйіндері (бүйрек,бүйрекүсті безі,бауыр,ұйқыбез,асқазан,шажырқай,аналық без,аталық безғқолқа ,көкбауыр) ,құрсақасты өрімі(жамбас түйіндері ,ganglia pelvic ) түйіндері және кіші жамбас астауы ағзаларының онымен байланыстағы түйіндері кіреді.
Перифериялық интрамуралды түйіндерге ішкі ағзалардың қабырғасында жататын көптеген нерв жасушаларының жиынтығын кіргізеді.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің бассүйек және сегізкөз бөліктері орталығында жататын жасушалар талшықтарын түйіналды,преганглионарлық ,перифериялық экстра және интрамуралды түйіндерде жататын жасушалар талшықтары түйінарты,постганглионарлық талшықтар д.а.