Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 4 страница

Жоғарыды аталған өзгерістердің қайсысы сүйек-буын туберкулезінің зақымдану этапына жатады?

* 1 этап

*+2 этап

* 3 этап

* 4 этап

* 5 этап

#108

*! 24 жастағы Ф., есімді әйел келесі шағымдармен дәрігерге қаралды: әлсіздік, терле-гіштік, сол жақ жамбас-сан буынының кешке қарай ауырсынуы, ақсаңдау. Анамнезден: 1,5 ай бұрын сол жақ жамбас-сан буынын зақымдап алған. Амбулаториялық ем нәтиже бермеді. Ауырсыну мен ақсаңдау күшейген. Қарап тексеру кезінде: сол жақ бұлшықеттер кернелген, ісінген, жеңіл атрофияланған, салқын. Жамбас-сан буынының жалпы рентгенограммасында және МРТ – буынаралық саңылауы тарылған, буын айналасының остеопорозы, сүйек тінінің деструкциясының өлшемі1,5х2,0 см.

Аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* сол жақ жамбас-сан буынының бруцеллезді артриті

*+ сол жақ жамбас-сан буынының туберкулезі

* сол жақ жамбас-сан буынының остеоартрозы

* Бехтерев сырқаты, перифериялық формасы

* деформирлеуші артрозы

#109

*!Ересектерде перифериялық лимфадениттің пайда болуына септігін тигізеді:

*+эндогенді реактивация

* экзогенді реактивация

* иммунитет төмендеуі

*екіншілік инфекция

* суперинфекция

#110

*! 19 жастағыК., еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғалмалы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Кеуде торша ағзаларының рентгенограммасында түбірлерде петрификаттар көрінеді.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ең информативті?

* лимфа бездерінің рентгенографиясы

* туберкулиндиагностикасы

* беткей биопсия

*+эксцизионды биопсия

* пункционды биопсия

#111

*! 18 жастағы Д., еркекеркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғал малы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Кеуде торша ағзаларының рентгенограммасында түбірлерде петрификаттар көрінеді.

Зақымданған лимфа бездерінің көлемі мен консистенциясын анықтауға аталған зерттеу әдістерініңқайсы ең орынды?

* рентгенографиялық зерттеу

* морфологиялық зерттеу

* гистологиялық зерттеу

*+ультрадыбыстық зерттеу

* лимфа бездерінің пункциясы

#112

*! 18 жастағы Д., еркек еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғал малы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Биоптатта казеозды некротикалық өзгерістер анықталған.

Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* мойын лимфа бездерінің бейспецификалық лимфоадениті

* флюстан кейіңгі бейспецификалық лимфоадениті

*+ мойын лимфа бездерінің туберкулезі

* герпетикалық лимфоаденит

* мононуклеоз

#113

*! 27 жастағыН., әйел окулистке келесі шағымдармен қаралдыі: жасаурау, жарықтан қорқу, сол жақ көзінің ауырсынуы. Қараған кезде -қасаң қабықта қантамырлар гиперемиясы, сол жақ коньюк- тиваның ісінуі, ұсақ сұр түйіндер байқалды. Тамырлы қабықта және көз торында – ірі бөртулер көрінді. Жергілікті антибиотиктер мен қабынуға қарсы дәрілермен өткізілген терапия әсер бермеді.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды верификациялауға өте маңызды?

* ультрадыбысты, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

*+туберкулиндиагностикасы, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

* рентгенография, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

*биохимиялық қан анализі

* жалпы қан анализі

#114

*! 24 жастағы еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, әлсіздікке, температурасы 38оС дейін көтерілуіне, ауырсынуына, ісінуіне шағымданып дәрігерге қаралды. Анамнезінде: жасөспірім кезінде туберкулезді экссудатты плевритпен ауырып жазылған. Тексеруден кейін «Перифериялық мойын лимфа бездерінің туберкулезі» диагнозы қойылды.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы ең орынды?

* ҚР ТМҰО дифференциальды -диагностикалық бөліміне жатқызу

* ҚР ТМҰО терапия бөліміне жатқызу

* ҚР ТМҰО хирургия бөліміне жатқызу

*+ ҚР ТМҰО өкпеден тыс бөліміне жатқызу

* күндізгі стационар жатқызу

#115

*! 18 жастағы Ш., еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, температурасы 38°C көтерілуіне, дімкәстікке шағымданып дәрігерге қаралады. Тексергенде: мойын лимфа бездерінің үстіндегі тері жабындысы сәл гиперемияланған, ауырсынады, қозғалымды, тығыз консистенцияда.

Перифериялық лимфадениттің инфильтратты формасы қалай сипатталады:

* көптеген туберкулезді ошақтармен

*+ лимфоидты тіннің гиперплазиясымен

* жыланкөзбен

* казеозды некрозбен

* іріңдеумен

#116

*! 22 жастағы Л., әйел қолтықасты лимфа бездерінің ұлғаюына, әлсіздікке, дімкәстікке, температурасы 38°C көтерілуіне шағымданып дәрігерге қаралады. Тексергенде: қолтықасты лимфа бездерінің үстіндегі тері жабындысы өзгермеген ауырсынады, өзара біріккен.

Перифериялық лимфадениттің индуративті түріне тән:

* зақымдалған лимфа бездерінің және айналасындағы тіндердің экссудациясы

* + лимфа бездерінің және айналасындағы тіндердің тыртықты тығыздалуы

* лимфа бездерінің және айналасындағы тіндердің индурациясы

* жыланкөздің түзілуі

* іріңдеу

#117

*! 18 жастағы В., әйел оң жақ қолтықасты лимфа бездерінің ұлғаюына дәрігерге шағымданып қаралады. Тексергенде жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Оң жақ қолтықасты лимфа бездері 1,0 х 1,5см ұлғайған, ауырсынбайды, өзара біріккен. Басқа ағзалар мен жүйелерде патология анықталмаған. Манту сынамасының нәтижесі – папуланың өлшемі 23 мм, Диаскинтест – 18 мм, қан және зәр анализдері қалыпты.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы ең орынды?

* лимфа бездерінің биопсиясы және атипті жасушаларға зерттеу

*+ бездердің биопсиясы және оларды гистологиялық зерттеу

* антибиотиктермен емдеу

* жергілікті емдеу

* физиомен емдеу

#118

*! Туберкулез инфекция ошақтарында індетке қарсы өткізілетін іс шаралардың мақсаты:

*+ науқастың айналасында кісілердіТМБ жұқтырудың және аурудың жаңа анықталған жағдайларынан алдын ала сақтандыру

* айналасындағыларды жұқтыру қаупін бағалау
* ошақты есептен шығаруға дайындау

* ТБ 093у есеп формасын рәсімдеу

* іс шаралар жоспарын құру

#119

*! 58 жастағы И., еркек сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ ауырады. Емнің қарқынды фазасын бітірді. Эпидемиялық ошақтың 3 тобында бақыланады.

Потенциальды қауіпті эпидемиологиялық ошаққа не тән емес (3 топ):

* санитарлы-гигиеналық ережелерді ұстану

* ауыртпалы факторлардың болмауы

* формальды бактерия бөлу

* +массивті бактерия бөлу

*тек ересектердің тұруы

#120

*!64 жастағы Ч., еркек сол өкпенің төмеңгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагноз бойынша емнің жалғастыру фазасын амбулаторлы емделіп жүр. Туберкулез инфекция ошағы 1эпид. ошақ тобыды деп есептелген.

1 эпидемиологиялық топ ошақтарын ТҚКЖД/ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:
*+кварталына 1 реттен кем емес

* екі айда 1рет
* жартыжылда 1рет

* ай сайын 1 рет

* жылына 1 рет

#121

*! 45 жастағы Ш., әйел өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, рецидив деген диагноз бойынша емнің жалғастыру фазасын қабылдап жүр. Туберкулез инфекция ошағы 2 эпид. ошақ тобына жатқызылды.

2 эпидемиологиялық топ ошақтарын ТҚКЖД/ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:

* + жартыжылда 1 реттен кем емес

* квартал сайын
* апта сайын 6 айда

* ай сайын1 рет

* жылына 1рет

#122

*! 3 эпидемиологиялық топ ошақтарын ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:

* квартал сайын

* 1 айда 1рет

* 1 айда 2рет

* 6 айда 1рет

*+1жылда 1реттен кем емес

#123

*! оң өкпенің төменгі бөлімінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы, ТМБ+ 52 жастағы еркек өздігінен дәрігерге қаралу кезінде анықталды, созылмалы маскүнемдік ауырады. Баласы спайс қолданады. отбасында 7 және 4 жасар балалар бар.

Туберкулез инфекция ошағының аталған эпидемиологиялық тобының қайсысы болуы мүмкін?

* «0»
* III
* IV
* II
* +I

#124

*! 56 жастаға С., еркек өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, ТМБ+, ТБ МЛУ, созылмалы маскүнем. Сырқатына байланысты 2 тобының мүгедегі. Бірнеше рет ауруханалық режимды бұзған үшін шығарылған. Санитарлық гигиеналық режимді сақтамайды. Қарт шешесімен өзінің үйде тұрады.

Санитарлы-гигиеналық жағдайлары төмен, өмір деңгейі төмен ошақтар қайсысына жатады:

* туберкулез ошағының «0» эпид. тобына жатады
* туберкулез ошағының «III» эпид. тобына жатады
* туберкулез ошағының «IV» эпид. тобына жатады
* туберкулез ошағының «II» эпид. тобына жатады
* + туберкулез ошағының «I» эпид. тобына жатады

#125

*! Сол өкпенің төмеңгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ+себінді. 2 бөлмелі жақсы жабдықталған пәтерде әйелімен тұрады. Зиянды әдеттері жоқ.

Төменде аталған туберкулез инфекция ошағының эпидемиологиялық тобының қайсысы болуы мүмкін?

* + III тобы
* «0» тобы
* IV тобы
* II тобына

* I тобы

#126

*! 46 жастағы У., еркек автомобиль апатында қайтыс болды. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы өлікті сойғанда анықталды. Әйелінің аутуы бойынша туберкулез жайында диспансерлік есеп тобында тұрған жоқ және ем қабылдамаған.

Төменде аталған туберкулез инфекция ошағының эпидемиологиялық тобының қайсысы болуы мүмкін?

*+III эпид. тобында
* «0» эпид. тобында

* IV эпид. тобында

* II эпид. тобында

* I эпид. тобында

#127

*! Өкпенің активті туберкулезі бірінші рет анықталған пациентті диспансерлік есептің қайсы тобында бақылайды?

*+ 1А диспансерлік есеп тобында

* 1Б диспансерлік есеп тобында

*1В диспансерлік есеп тобында

*1Г диспансерлік есеп тобында

* 2 диспансерлік есеп тобында

#128

*! 38 жастағы П., еркек оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай жайында емделіп қарқынды және жалғастыру фазасын бітірді. Нәтижесі жазылды.

Аталған критериялардың қайсысы өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен ауырған науқасты 2 диспансерлік есеп тобына ауыстыру мүмкін?

*+ интоксикация белгілерінің жоғалуы, бактерия бөлудің тоқтауы, ыдырау қуысының жабылуы

* бактерия бөлудің тоқтауы, ыдырау қуысының үлкеюі

* интоксикация белгілерінің жоғалуы, IV категорияға ауысу

* фиброзды-кавернозды туберкулезге ауыстыру

* плевриттің қосылу

#129

*! Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтрация және себілу фазасы, ТМБ+, ТБ МЛУ, рецидиві жайында ауруханалық емге 57 жастағы С., еркекті жатқызды.

Дәріге төзімділігі бар фиброзды-кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарды қайсы диспансерлік есеп тобында бақылау ең орынды?

*+1 «В» есеп тобында

* 1 «А» есеп тобында

* 1 «Б» есеп тобында

* 2 есеп тобында

* 3 есеп тобында

#130

*! 35 жастағы С., еркек «оң өкпенің төменгі бөлімінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай» диагнозымен емделген. Емнің мониторингісінде 2 айдан кейін клиникалық – рентгенологиялық оң динамика байқалады және қақырық анализінде ТМБ теріс. Науқастың өтінуімен тұрғылықты жеріне емге шығарылған. Шыққаннан соң антибактериальды препараттарды қабылдамаған. 3 айдан кейін қан аралас қақырықты жөтелге щағымданып келді. Қақырық жағындысында – нәтижесі ТМБ+.

Төменде аталған типтердің қайсысы туберкулезбен ауырған науқаста болуы мүмкін?

*+ үзілістен кейінгі ем

* сәтсіз ем

* жаңадан анықталған жағдай

* ауыстырылды

* рецидив

#131

*! Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерден « ем аяқталды» нәтижесімен 42 жастағы Д., еркек шықты. Жұмысқа кірісті. 2 жылдан кейін пневмониядан соң бактерия бөлу анықталды.

Төменде аталған типтердің қайсысы туберкулезбен ауырған науқаста болуы мүмкін?

* сәтсіз ем

* жаңадан анықталған жағдай

* ауыстырылды

*+рецидив

* басқалар

#132

*! 28 жастағы И., әйел босанудан кейін (7 айлық бала) оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ-, жаңадан анықталған жағдай анықталды. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін стационарға жатқызылып1-категориямен ем басталды.

Төменде аталған диспансерлік есеп тобының қайсысы болуы мүмкін?

* 3 А диспансерлік есеп тобы

*+1 А диспансерлік есеп тобы

* 1 В диспансерлік есеп тобы

* 0 диспансерлік есеп тобы

* 2 диспансерлік есеп тобы

#133

*! Вакцинация еккеннен кейін нәрісте 2 айдан соң қолтықасты лимфа бездері үлкейген флюктуациясымен, жыланкөз түзілді, одан бөлінген ірің иіссіз. Диагноз: «Поствакцинальды перифериялық лимфоаденит».

Төменде аталған диспансерлік есеп тобының қайсысы болуы мүмкін?

*+3 В диспансерлік есеп тобында

* 1 А диспансерлік есеп тобында

* 1 В диспансерлік есеп тобында

* 0 диспансерлік есеп тобында

* 2 диспансерлік есеп тобында

#134

*! 15 жастағы жасөспірім туберкулезбен ауыратын әкесімен контакта болғандықтан диспансерде тексерілді. Сау. Бактерия бөлуге байланыссыз туберкулездің активті түрімен ауыратын науқастармен қатынаста болған балалар мен

Төменде аталған диспансерлік есеп тобының қайсысында жасөспірімді бақылайды?

* 3 В диспансерлік есеп тобында

*+3 А диспансерлік есеп тобында

* 1 А диспансерлік есеп тобында

* 0 диспансерлік есеп тобында

* 2 диспансерлік есеп тобында

#135

*! Сол өкпенің инфильтратты туберкулезі, ТМБ- жаңадан анықталған жағдай бойынша емделген 20 жастағы қыз емнің қарқынды және жалғастыру фазасын бітірді, емнің нәтижесі «жазылды».

Төменде аталған диспансерлік есеп тобының қайсысында кіші қалдықты өзгерістері бар кісілер және қанша уақыт бақыланады?

* 0 диспансерлік есеп тобында, 6 ай

* 1 Б диспансерлік есеп тобында, 2 жыл

* 1 А диспансерлік есеп тобында, 1 жыл

*+2 диспансерлік есеп тобында, 1 жыл

* 3 диспансерлік есеп тобында, 1 жыл

#136

*! Өмірінде бірінші рет активті туберкулез деген диагноз қойылған науқастарқа қайсы есеп формасы толтырылады?

*+089у

* 058у

* 063у

* 033у

* 093у

#137

*! Кант диабетінің 1 типі декомпенсациясыменэндокринологқа қаралғанда оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы,ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай 50 жастатағы М., еркекте анықталды.

Төменде аталған іс шаралардың қайсысын қолданған еңорынды?

*+ 089, 058 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 063, 112 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 016 , 015 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 089 , 030 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 05 , 06 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

#138

*! 30 жастағы Н., еркекті ҚКА пульмонология бөлімшесіне өкпеден қан кетуге байланысты жедел жәрдеммен әкеліп жатқызды. Флюорографиялық тексеруден 2 жыл бұрын өткен. Тексеру және фтизиатр кеңесінен кейін «оң өкпенің төменгі бөлігінің кавернозды туберкулезі, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай» деген диагноз қойылды.

Есеп формалардың қайсысын дәрігер СЭС-ке жіберу қажет?

*+058у,089у

* 030у, 014у

* 112у, 015у

* 063у, 05

* 016у, 06у

#139

*! 29 жастағы Р., әйелді ЖМЖА/БМСП терапия бөлімшесіне өкпеден қан кетуге байла- нысты жедел жәрдем каретасыменәкеліп жатқызды. Флюорографиялық тексеруден 4 жыл бұрын өткен. Тексеру және фтизиатр кеңесінен кейін «оң өкпенің төменгі бөлігінің фиб-розды-кавернозды туберкулезі, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай» диагнозы қойылды.

Есеп формалардың қайсысын дәрігер рәсімдеу қажет?

*+089у, 058у

* 063у, 030у

* 063у, 093у

* 089у, 033у

* 058у, 112у

#140

*! Профилактикалық тексеру кезінде «жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтра- ция фазасы, ТМБ-, жаңадан анықталған жағдай» 35 жастағы П., еркектен анықталды.

Есеп формалардың қайсысын дәрігер рәсімдеу қажет?

* + ТБ 14у

* ТБ 04у

* ТБ 09у

* ТБ 11у

*+ТБ12у

*!29 жастағы Р., әйелді ЖМЖА/БМСП терапия бөлімшесіне өкпеден қан кетуге байла- нысты жедел жәрдем каретасымен әкеліп жатқызды. Флюорографиялық тексеруден 4 жыл бұрын өткен. Тексеру және фтизиатр кеңесінен кейін «оң өкпенің төменгі бөлігінің фиб-розды-кавернозды туберкулезі, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай» диагнозы қойылды. Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық ем алуға ауыстырылды. 1-категория бойынша ем тағайындалды.

Есеп формалардың қайсысын дәрігер рәсімдеу қажет?

*+ТБ 01у

* ТБ03у

* ТБ 05у

* ТБ 06у

* ТБ 04у

#142

*! Туберкулездің санитарлық профилактикасына жатады:

*+ пассивті туберкулезге қарсы иммунизация

* + туберкулез инфекция ошақтарында дезинфекция жүргізу

* туберкулезге қарсы БЦЖ ревакцинациясын егу

* туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинациясын егу

* химиопрофилактика

#143

*! Туберкулезбен аурған әкесімен контакта болған үшін 9 жасар баланы тексеру кезінде 2 ТБ жасалған Манту сынамасы – 17 мм, Диаскинтест – 15 мм болды.

Туберкулездің химиопрофилактикасын өткізу мақсатында аталған дәрілік препараттардың қайсысын және қанша уақытқа тағайындалуы қажет?

* изониазидті 1айға

* рифампицинді 3 айға

*+изониазидті 6 айға

* этамбутолды 2 айға

* изониазидті 1 жылға

#144

*! 34 жастағыШ., әйел салмағы 2700гр қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестені тексерген кезде АИТВ-пенинфицирленуі анықталды.

АИТВ-пен инфицирленген балаларға БЦЖ вакцинациясы қай жаста егіледі?

* жасы 12айға толғанда

* жасы 15 айға толғанда

* жасы 18 айға толғанда

* жасы 24 айға толғанда

*+ егілмейді

*Тыныс алу ағзалар туберкулезі соматикалық аурулармен және иммуноскомпро-метирленген науқастармен қосарлануы.*1*1*1*

#145

Қант диабетімен ауырған науқастар қай жиілікте туберкулезбен ауырады:

* 2-4 есе жиі

* 2-3 есе жиі

*+ 2-6 есе жиі

* 6-8 есе жиі

* 6-9 есе жиі

*Тыныс алу ағзалар туберкулезі соматикалық аурулармен және иммуноскомпро-метирленген науқастармен қосарлануы.*2*4*3*

#146

*! 48 жастағы О., еркек дәрігерге қаралғанда оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ +, жаңадан анықталған жағдай, ілескен асқазанның ойық жарасы анықталды.

Ойық жарасымен ауырған науқастың туберкулездің емі нәтижелі болу үшін не маңызды:

ауруы бар науқастарды туберкулезден емдеу үшін маңызды :

*+ ойықжараның өршуін басып және АБП парентерально тағайындау

* III категория бойынша емдеу

* жеке ем тағайындау

* I категория бойынша ем тағайындау

* ойық жараны емдеу

#147

*! Орташа ауырлықтағы қант диабетінің 1 типі жайында диспансерлік бақылау есебінде тұрған науқаста өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі, инфильтрация фазасыТМБ+ бірінші рет анықталды.

Қажетті диетаны таңдаңыз?

* диетаны № 11

* диетаны № 10

*+ диетаны № 9

* диетаны № 7

* диетаны № 1

#148

*! 28 жастағы еркек шырышты іріңді қақырықты жөтелге, температурасы 38°C көтерілуіне, жалпы әлсіздікке,тершендікке шағымданды. Суық тигеннен кейін жіті ауырды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасын тағайындады.

Пневмониядан ажырататын туберкулезді инфильтратқа тән рентгенологиялық белгі:

*+негізгі көлеңкеге ілескен полиморфты ошақтар

* өкпе суретінің күшеюі және деформациясы

* 1,2, 6 сегменттердің зақымдануы

* көлеңкенің гомогенді структурасы

* ыдырау қуысы

#149

*! 31 жастағы У., еркек дәрігерге қаралғанда оң өкпенің ортаңғы бөлігінде инфильтрат анықталды және улану симптомдары айқын.

Инфильтратты туберкулезбен бейспецификалық пневмонияны дифференциальды ажырату диагностикасында қиындық туған жағдайда не шешуші болып табылады:

*+ инфильтраттың рентгенологиялық динамикасы

* науқастың жалпы жағдайы

* физикальды ақпарат

* өкпенің сканограммасы

* лейкограмма

*Тыныс алу ағзалар туберкулезі соматикалық аурулармен және иммуноскомпро-метирленген науқастармен қосарлануы.*3*4*3*

#150

*! 27 жастағы И.,әйел тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілеттігінің төмендеуіне, тәбетінің төмендеуіне, ентігуге, шырышты – іріңді қақырықты жөтелге, температурасы 39оC дейін көтерілуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жіті ауырған. Өкпеде сол жақтан майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде бояу қаңықтығы әлсіз ошақты көлеңкелер өкпе суреті күшей- ген фонында анықталады. Бактериоскопия әдісімен қақырықта 3 рет ТМБ табылған жоқ. Қан анализінде лейкоцит - 12,8 х 109, ЭШЖ – 39 мм/сағ.

Наши рекомендации