Атриовентрикулярлы блокада 1 5 страница

Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ең тиімді?

*беродуал

*эуфиллин

*пенициллин

*+парацетамол

*левомицетин

#594

*!Ұл бала,2 жаста.кеше ауырған,дене температурасы 39,2 С қа дейін көтеріліп,мұрыннан көп мөлшерде серозды бөлінді пайда болған.Объективті: мұрын айналасында терісі базданған,жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарған.Пальпацияда мойын,жақасты лимфа түйіндерінің диаметрі 1-1,5 см.ге дейін үлкейген.Жүрек тондары ырғақты,дыбысты.Перкуссияда өкпеде-ашық өкпелік дыбыс,аускультацияда-везикулярлы тыныс.Іші жұмсақ,пальпацияда ауырсынбайды.Дәрігер орташа дәрежелі аденовирусты инфекция, жоғарғы тыныс жолдарының катары диагнозын қойды.

Төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысы науқасқа ең тиімді?

*беродуал

*эуфиллин

*пенициллин

*+парацетамол

*левомицетин

#595

*!2 жасар бала,кешеден бері әлсіздік,енжарлық,құрғақ үрген тәрізді жөтел,дауысының қарлығуы,тәбетінің төмендеуі мазалайды.Таңертенгі дене темпера­турасы 37,0-37,50С. Қарап тексергенде тынысы алыстан естіледі, тыныштық жағдайында инспираторлы ентігу байқалады. Бала қозу жағдайында,мазасыз,ұйқысы бұзылған.Тері жамылғысы бозарған,жөтел ұстамасы кезінде күшейетін периоральды цианоз,ный цианоз,тахикардия.ТАЖ 23 рет минутына.Өкпесінде қатаң тыныс,бірең сараң құрғақ сырылдар естіледі.Тілі құрғақ,түбі ақшыл жабындымен қапталған. Этиологиясы вирусты бактериальды стеноздаушы ларинготрахеит диагнозы қойылды.

Төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысы науқасқа ең тиімді?

*тавегил

*но-шпа

*эуфиллин

*анальгин

*+ дексаметазон

#596

*!Бала 2 жаста.Бүгін таңертен дене температурасы 37,8ºСқа дейін көтерілген,шулы тыныс, дөрекі үрген тәрізді жөтел, дауысының қарлығуы пайда болған. Кешке жағдайы нашарлаған.Қосымша бұлшық еттер қатысумен алыстан естілетін шулы тыныс,мұрын ерін үшбұрыышының цианозы,мазасыздық.

Науқасқа қандай емдеу жүргізу тиімді?

*антибиотиктер, тырысуға қарсы препараттар,диуретиктер

*оксигенотерапия, қақырық түсіретін препараттар, антибиотиктер

*+оксигенотерапия, глюкокортикостероидтар, ауруханаға жатқызу

*транквилизаторлар, муколитиктер, қысқа әсерлі бета 2 агонистер

*диуретиктер,небулайзер арқылы қақырық түсіретін заттармен ингаляция

#597

*!Қыз бала 7 жаста.Қызба,жалпы әлсіздік,қалжырау,дене температурасы 39,5°С,бас ауруы, сандырақтауға, дене қалпын өзгерткенде басының айналуына шағымданады.Объективті: әлсіздік,ұйқышылдық,бозару байқалады.Терісі құрғақ,бозарған,аяқ қол ұштары суық. Пульсі 164 рет минутына. АҚҚ 110/80 мм.с.б. жүрек тондары тұйықталған.Бадамша без және аңқа доғасы қызарған,өкпеде тыныс біркелкі,сырыл жоқ,ТАЖ 25 рет минутына.Айқын мұрынның бітуі,сирек жөтел.Менингеальды симптомдар теріс.Тұмау,токсикалық форма диагнозы қойылды.

Төменде көрсетілген әрекеттердің қайсысы науқасқа ең тиімді болып табылады?

*төсектік режим,көп мөлшерде сұйықтық,тырысуға қарсы препараттар

*этиотропты терапия,төсектік режим, дезинтоксикациялық терапия

*эуфиллин енгізу, изотониялық ерітінді, жедел стационарға тасымалдау

*+көп мөлшерде сұйықтық,гипертермияға қарсы ем, жедел стационарға тасымалдау

*оксигенотерапия, тырысуға қарсы заттар, глюкокортикостероидтар, дезинтоксикациялық терапия

#598

*!7 айлық ұл бала,ауруының 3ші күні ата-анасы жедел жәрдем шақырған.Қарап тексергенде жағдайы ауыр,дене температурасы 37.40 С,беті мен ернінің көгеруі пайда болатын жиі қақырықсыз жөтел. Периоральды және периорбитальды цианоз,алыстан естілетін сырылдар.Кеуденің созылуы байқалады,ТАЖ 45 рет минутына.Тыныс шығаруы шулы,ұзарған.Перкуторлы өкпеде қорапты дыбыс,тынысы біркелкі,екі өкпенің барлық бетінен ысқырықты сырылдар естіледі.ЖСЖ 130 минутына.РС инфекциядан дамыған бронхообструктивті синдром диагнозы қойылды.

Төмендегі дәріліердің қайсысын тағайындау ең тиімді?

*эуфиллин енгізу, изотониялық ерітінді, беродуалмен ингаляция

*төсектік режим,көп мөлшерде сұйықтық,тырысуға қарсы препараттар

*этиотропты терапия,төсектік режим, дезинтоксикациялық терапия

*+беродуалмен ингаляция, 3-5 мг/кг преднизолон к/і эуфиллин,қақырық түсіретін заттар

*оксигенотерапия,тырысуға қарсы заттар, глюкокортикостероидтар, дезинтоксикациялық терапия

#599

*!Науқас П. 78 жаста, дене қызуының жоғарылауына, тыныс алған кездегі кеудедегі тұйық ауру сезіміне, аз қақырықты жөтелуге шағымданады. Жедел ауырды, сол күні төсектік қалыпта болды, тамақтан қақалды. Содан кейін суық тиді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылады. Рентгенограммада өкпе тығыздалуы.

Төменде аталғандардың ішінде қайсысы науқас үшін ЕҢ тиімді әрекет болып табылады?

*антибиотиктермен емдеу, үйінде бақылау

*дезинтоксикалық, антибактериалды терапия, учаскелік дәрігерге «актив»

*ылғалды оттегі, антибиотикотер, мекен- жайы бойынша терапевт бақылауы

*+қалыпты тынысты қамтамасыз етумен госпитализация және тасымалдау кезіндегі анальгезия

*қызуды түсіретіндер,викасол, антибиотик енгізу, мекен- жайы бойынша терапевт бақылауы

#600

*!Бала 2 жаста. Таңертен дене қызуы 37,8 С – қа көтерілді, шулы тыныс, қатқыл үрген тәрізді жөтел, дауыстың қарлығуы байқалды. Кешке жағдайы нашарлады: шулы тыныс алыстан естіледі, көмекші бұлшықеттер тынысқа қатысады, мұрын-ерін үшбұрышында цианоз, мазасыздану.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқасқа ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*седативті препараттар

*+глюкокортикостероидтар

*транвилизаторлар

*антибиотиктер

*диуретиктер

#601

*!Науқас 61 жаста. Тыныс алудың қиындауы, қажытатын жөтел шағымдарына байланысты жедел жәрдем бригадасын шақырды. Жағдайының нашарлағанына 40 минут болды. Беротекпен 2 рет тыныс алған, жағдайы аса жақсарған жок. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Тері жабындылары көкшіл. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттері қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖСЖ 89 рет минутына. АҚ 130/80 мм.с.б.б.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*оксигенотерапия

*преднизолон ішке

*серетид ингаляциясы

*спейсер көмегімен спирива

*+ небулайзер көмегімен беродуал

#602

*!Науқас К. 58 жаста. Шағымдары: ентігу, қақырықты жөтел, қақырық қиын бөлінеді.Тұншығу ұстамасы 24сағаттан ұзаққа созылған.Соңғы тәулікте беротек қабылдаған .1 күнде 15 рет әсер болмаған. Обьективті қарау:науқас қозған,ашушаң,қиналып сөйлейді,ортрпноэ.Тері жамылғысы

ылғылды,терісінде цианоз. ТАЖ мин 32рет . Аускультативті белгілерде:тыныс алу шуы естілмейді.Жүрек тондары тұйықталған,тахикардия. ЖСЖ-125 мин.АҚ-150\100мм.сбб

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*+эуфиллин, оттегі, преднизолон

*сальбутамол, интал, оттегі

*оттегі, сальбутамол

*беродуал, оттегі

*беротек, оттегі

#603

*!Бронхиалды астмамен ауыратын 22 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Түскен кездегі жағдайы қозғыш, дене қызуы 36,7 С. ЖСЖ 120 рет минутына, ТЖ 32 рет минутына. Аускультацияда: тыныс айқын әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырылдар, рН-7,3, раО2- 50 мм.сын.бағ.. Бір тәулік ішінде 15 рет беротек ингаляциясын алды.

Төменде көрсетілгендердің ішінде ЕҢ мүмкін болатын қарсы көрсеткіш қайсысы?

*глюкокортикостероидтар

*эуфиллин парентеральды

*көктамырлық регитратация

*ылғалданған оттегі маска арқылы

*+симпатомиметиктер дозасын ұлғайту

#604

*Ер адам, демікпесі бар, орташа ауырлық дәрежесіндегі демікпемен 5 жылдан бері ауырады, соңғы екі жыл бойы күнделікті 1,5-2 таблеткадан преднизолон қабылдап жүр. Жалақысы жоғары жұмыс істейді. Кейінгі кездері АҚҚ көтерілген, екі рет қандағы қант мөлшері көтерілген.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*преднизолон, гипотензивті және қант деңгейін төмендететін препараттарды бастау

*+преднизолон дозасын біртіңдеп төмендетіп, флутиказон пропионатын тағайындау

*ішке 300 мг-нан күніне 2 рет әсері ұзартылған теофиллин қабылдау

*преднизолон, қант деңгейін төмендететін препараттарды бастау

*натрий недокромилдінің 2 дозасын күніне 4 рет базисті емге қосу

#605

*!Науқас 20 жаста, студент. Үнемі қайталанатын экспираторлы тұншығу ұстамасымен қатар жөтел және кеудедегі сырыл мен ысқырықты сезімге шағымданды. Екі жылдан бері ауырады. Ұстама жиі түнде басталады, бір сағат өткеннен кейін еш симптомсыз жоғалады. Дәрілік препараттар қабылдамаған. Балалық шақтан бері күзгі – көктемгі уақыттағы вазомоторлы ринит байқалады. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Анасында бронхиалды астма.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*+эуфиллин, оттегі, преднизолон

*салбутамол, интал, оттегі

*оттегі, салбутамол

*интал, оттегі

*беродуал, оттегі

*беротек, оттегі

#606

*!Науқас 49 жаста, бронхиалды демікпесінің өршуіне байланысты преднизолонды ішке тәулігіне 20 мг тағайындады. Бір аптадан соң обструкция белгілері жоғалды, бірақ эпигастри аймағында ауру сезімі, қыжыл, қышқылмен кекіру пайда болды.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*преднизолонды дереу тоқтату

*преднизолон дозасын екі есе томендету

*преднизолонды парентеральды тағайындау

*преднизолонды сол дозада қалдырып, бірақ арада бірнеше күн үзіліспен

*+м-холинолитик, антацид тағайындау, преднизолонды бекотидпен алмастыру

#607

*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына. Жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2

Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*+көп мөлшерде сұйық ішу,антибиотиктер,преднизолон, муколитиктер

*диуретиктер, небулайзер арқылы қақырық түсіретін заттармен ингаляция

*транквилизаторлар,муколитиктер, қысқа әсерлі бета-2-агонистер

*тәулігіне 4-5 рет эпинефринмен ингаляция, оксигенотерапия

*антибиотиктер, тырысуға қарсы препараттар, диуретиктер

#608

*! Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс , ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық. Жедел ларинготрахеит, көмей стенозы диагнозы қойылды.

Қандай тактика науқас үшін ЕҢ тиімді болып табылады?

*антибиотиктер, тырысуға қарсы препараттар, диуретиктер

*оксигенотерапия, қақырық түсіретін препараттар, антибиотиктер

*+оксигенотерапия, глюкокортикостероидтар, госпитализациялау

*транквилизаторлар,муколитиктер, қысқа әсерлі бета-2-агонистер

*диуретиктер, небулайзер арқылы қақырық түсіретін заттармен ингаляция

#609

*! Көңілді жас жігіт тамақ үстінде қолдарымен тамағын ұстады. Дем алуы шулы, ысқырықты, беті көгерген, тері жабындысы көкшіл-сұр түсті. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттері қатысады.

Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ алғашқы тиімдісі қайсысы?

*өкпені жасанды желдендіруді бастау

*+тез арада Heimlich әдісін жасау

*жедел госпитализация

*коникотомия жасау

*трахеотомия

#610

*!Бронхиалды демікпемен ауыратын науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. Есінің бұлыңғырлануы, тахипноэ, тахикардия. Аускультация кезінде тыныс шулары естілмейді. Бронхиальді демікпе, ауыр ағымы. Демікпелік статус, 2 кезеңі диагнозы қойылды.

Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*+оксигенотерапия, глюкокортикостероидтар, эуфиллин, тез арада госпитализациялау

*оксигенотерапия, тырысуға қарсы препараттар, глюкокортикостероидтар

*эуфиллин енгізу, изотониялық ерітінді, тез арада стационарға тасымалдау

*төсектік режим, көп мөлшерде сұйық ішу, тырысуға қарсы препараттар

*этиотропты терапия, төсектік режим, дезинтоксикациялық терапия

#611

*!Тұншығу белгілері бар балада тыныс алу кезінде алыстан шапалақты шулар естіледі.

Бұл дыбыс феномені бөгде дененің трахеядағы қозғалысына байланысты.

Төменде көрсетілгендердің ішінде науқас үшін ЕҢ тиімдісі қайсысы?

*жасанды тыныс беру

*+жедел госпитализация

*емханаға актив қалдыру

*жүрекк тікелей емес массаж жасау

*тез арада кеңірдек интубациясын жасау

#612

*!Жедел жәрдем бригадасын шақырған 25 жасар науқасқа астматикалық статус болжама диагнозы қойылды.

Осы жағдайда қай препаратты енгізуге болмайды?

*преднизолон

*эуфиллин

*гепарин

*оттегі

*+димедрол

#613

*!БА ұстамасы кезінде 63 жасар науқас инг. сальбутамолды қабылдаған. Жағдайы жақсарғанымен, ысқырықты сырыл мен ентігу сақталаған.

Науқасқа қай препаратты енгізу керек?

*интал

*алупент

*теофиллин

*+преднизолон

*тербуталин

#614

*!Науқас К., 58 жаста. Шағымдары: бір күнге созылған тұншығу ұстамасы; ентігу, оңай бөлінбейтін қақырықты жөтел, айқын әлсіздік. Ұзақ уақыттан бері БД аурады, салбутамол, серетид қабылдайды. Соңғы кезде салбутамолды күніне 10ретке дейін қабылдаған. Нәтиже болмаған. Объективті: науқас қозған. Қимылы мен сөйлеуі қиындаған. Ортопноэ. Терісі ылғал. Диффузды цианоз. ТАЖ 35 р/мин. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультцияда: өкпедк тыныс шуы естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 125 р/мин., АҚҚ 150/100 мм.с.б.б

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

*салбутамол , эуфиллин, оттегі

*+преднизолон, эуфиллин, оттегі

*сальбутамол, преднизолон, оттегі

*беродуал, оттегі, преднизолон

*беротек, оттегі, эуфиллин

#615

Науқас 43 жаста.Жол апатына ұшыраған. Жедел жәрдем дәрігері пневмоторакс диагнозын қойған.

Ауруханаға дейінгі кезеңде қай іс-шараны жүргізген жөн?

+*теріні, кеуде торын, мойын қан тамырларын қарау; өкпе аускультациясы мен перкуссиясы, ЖСД, АҚҚ

*тері жамылғысының бүтіндігін тексеру, кеуде торының рентгенографиясы, ЖСЖ, АҚҚ

*теріні қарап тексеру, жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау, ЖҰТ, ЖСЖ, АҚҚ

*лимфа түйіндерін пальпциялау, қарап тексеру; ТАЖ, ЖСЖ, АҚҚ

* теріні қарап тексеру, кеуде торын қарап тексеру, ЭКГ, ЖСЖ, АҚҚ

#616

*!Науқас 30 жаста. Шағымдары: жөтел, әлсіздік, дене температурасының 37,7ºС дейін көтерілуі. Анамнезі: созылмалы бронхит диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Ауруының өршуін 2 күн бұрын салқындап қалуымен байланыстырады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысының түсі қалыпты. Тілі ақ қақпен қаптаған, аңқасы гиперемияланған. Өкпесінде қатаң тыныс, екі жақтан да ылғалды сырыл естіледі. Қақырығы шырышты-іріңді. Дәрігер антибактериальді терапия тағайындау керектігін айтты.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

*эуфиллин, изотониялық ерітінді енгізу; жедел түрде стационарға тасымалдау

*сұйықтық ішу, температурасын төмендету, жедел түрде стационарға тасымалдау

*оксигенотерапия, глюкокортикостероидтар, дезинтоксикациялық терапия

*төсектік режим, сұйықтық ішу, тырысуға қарсы препараттар

*+ дезинтоксикациялық, антибактериальді, қақырық түсіруші терапия

#617

*!Бала 12 жаста. Кеуде торының оқ жарақатын алған, жағдайы өте ауыр. Шок пен жедел тыныс жеткіліксіздігінің клиникасы айқын. Шұғыл көмек көрсеткен дәрәгер диагнозы: ашық пневматоракс.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

* ӨЖЖ

* Бюлау бойынша дренаж қою

*+ окклюзиялық таңғыш қою

* плевра пункциясын жасау

* ауру сезімін басу, оксигенотерапия

#618

*!Пациент Т., 63 жаста. Жүрген кезде үдей түсетін, алқызыл түсті қанмен жөтелге шағымданады. Анамнезі: тұрғылықты мекен-жайында өкпе ауруына байланысты есепте тұрады, жақында өкпесіне операция жасалған. Жүрек ауруымен ауыратындықтан аспирин қабылдайды. Объективті: тері түсі боз, ЖСЖ 120 р/мин., АҚҚ 80∕50 мм.с.б.б.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

*аналептиктер, викасол, кетанал

*ауру сезімін басатын препараттар, реполиглюкин к/т

*қысқа әсерлі бета 2 агонисттер, жүрек гликозидтері, кеудеге суық дәке басу

*+қимылды шектеу, науқасты сөйлетпеу, дицинон, кеудеге суық дәке басу

*физиологиялық ерітінді к/т енгізу, жүрек гликозидтері

#619

*!7 айлық нәрестенің ауырғанына 3 күн болғанда ата-анасы жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 37.40, жиі қиын бөлінетін қақырықты жөтел, жөтелгенде бет пен еріннің цианозы пайда болады. Цианоз көз бен ауыз айналасында. ТАЖ 45 р/мин. Дем шығаруы ұзарған, шулы. Перкуссияда: қораптық дыбыс, екі жақ өкпеде де жайылған ысқырықты сырыл естіледі. ЖСЖ 130 р/мин.:РС инфекция фонындағы бронхообструктивті синдром.

Қай препаратты тағайындау тиімдірек?

* эуфиллин, изотониялық ерітінді енгізу; беродуалмен ингаляция

*төсектік режим, сұйықтық ішу, тырсуға қарсы препараттар

*этиотропты ем, төсектік режим , дезинтоксикациялық терапия

*+ беродуалмен ингаляция, 3-5 мг/кг преднизолонды к/т енгізу, эуфиллин, қақырық түсіретін препарттар

*оксигенотерапия, тырсуға қарсы препараттар, глюкокортикостероидтар, дезинтоксикациялық терапия

#620

*!Науқас А, 63 жаста. 10 жылдан бері бронхиальді астмамен ауырады. Жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Дәрігердің болжам диагнозы: астматикалық статус, 1дәрежесі. Ентігу ұстамасын жойғаннан кейін, науқастың АҚҚ күрт 180/100 мм.с.б.б дейін жоғарылады.

Осы асқыну қай препаратпен емдеуден соң дамыды?

*+сальбутамол

*преднизолон

*эуфиллин

*амбросан

*гепарин

#621

*!Бала 2 жаста. ЖРВИ-мен ауырған. 5-күні кешке қарай жағдайы күрт нашарлаған: демді алу қиындаған, ентігу пайда болған. «Ит үрігендей» жөтел, дауысының қарлығуы байқалған. Объективті:бала мазасыз, бір орнында отырмайды. Тыныс алуға кеуде мен мойын бұлшық еттері қатысады. Тері жабындысы боз. Тынысы алыстан естіледі, шулы. Аускультатияда: өкпеде везикулярлы тыныс. в легких везикулярное дыхание. Жүрек тоны ашық, ритмді. ЖСЖ 90 р/мин., АҚҚ 100/70 мм.с.б.б.

Науқасқа қай препаратты енгізу керек?

*седуксен

*димедрол.

*сальбутамол

*парацетамол

*+преднизолон

#622

*!Бала 2 жаста. Тамақтану кезінде тамаққа шашалып қалған, терісі цианоздалған.. Тынысы стеноздық типте, шулы. Науқас есін жоғалтқан. ЖМЖ дәрігерінің диагнозы: тыныс жолындағы бөгде зат.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

* ларингоскоп арқылы бөгде затты алып тастау

* бронходилятатор қолдану, асқазанға зонд енгізу

*+асфиксия болса жедел коникотомия немесе трахеостомия жасау, оксигенотерапия

* гормональді препараттарды, антиоксиданттарды б/е, к/т енгізу

*аналептик тағайындау, өкпені жасанды желдету

#623

*!50 жасар науқас өкпе ісінуімен. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопноэ қалпында. Акроцианоз, ентігу. Тынысы беткей, жиі. Жөтелгенде алқызыл түсті, көпіршікті қақырық бөлінеді. Барлық өкпе алаңында ылғалды сырыл естіледі. Үйде шүғыл көмек көрсетілген.

Осы жағдайдағы науқасты тасымалдау үшін қандай критерий қажет?

*құрғақ сырылдардың жойылуы

*тыныс алу мен АҚҚ қалпына келуі

*+ ентігу мен акроцианоздың азаюы
*ылғалды сырыл мен ентігудің толықтай жойылуы

*горизонтальді қалыпта жата алу мүмкіндігі

#624

Бала 7 жаста. Көктем-күз мезгілінде өршитін ылғалды жөтелге шағымданады. Қақырық ірің аралас. Қарап тексергенде: оң жақ бөлігі кішірейген, қабырғааралық тарылған. Перкуссияда: өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталған. Аускультацияда ылғалды сырыл естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпе алаңының төменгі бөлігі тарылған.

Аталған шаралардың қайсысы науқас үшін аса маңызды ?

*+бронхоскопия, бронхография, ЛОР органдар санациясы

* ЖҚА, ЖЗА

*пульсоксимтерия, электрокардиография

*плевра қуысын дренаждау полости

*пикфлоуметрия, спирография

#625

*!Науқас П, 70 жаста. Жөтелгенде алқызыл түсті қан бөлінуіне шағымданады. Анамнезі: ұзақ уақыттан бері бронх-өкпелік аурудан зардап шегеді. Объективті: тері жабындысы боз (жер түстес). Өкпесінде қатаң тыныс, сырыл естіледі. Жүрек тондары ритмді, тұйықталған. ЖСЖ120 р/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.

Осы жағдайда қай препаратты тағайындауға болмайды?

*аминокапрон қышқылы

*кальций хлориді

*+гепарин

*дицинон

*викасол

Наши рекомендации