Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылау

Пәннің оқу бағдарламасын меңгерілуі білімдерді ағымдық, аралық,, қорытынды бақылауды қолдануымен іске асырылады.

Студенттердің білімдерін бағалау және үлгерімін бақылау 2006 ж. – 5.03.006 ҚР МЖМБС 25.08.06 ж. шыққан ҚР білім беру жүйесіне негізделген және ОҚМФА үйлестіріп, қабылданған. Жоғары оқу орындарында білімді бағалай және бақылау.

· Ағымдағы бақылау – бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі. Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.

· Аралық бақылау –бұлбір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет СӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 аптасы) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады.

· Қорытынды бақылау –пәнді оқып бітіргеннен соң тест түрінде (КТИЦ) эмтихан тапсырады.

Қорытынды бақылау:

Қорытынды бақылау емтихан (тестілеу) түрінде өткізіледі.

Емтиханға пәннің оқу бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингісін жинаған студенттер жіберіледі. Жіберу рейтингісі төмендегі формула (1) бойынша есептелінеді:

ЖРБ=ТСОБ+ОЖСӨЖОБ+СӨЖОБ;

Мысалы: ЖРБ=3,33+3,67+4=3,67

Мұнда:

ЖРБ – жіберу рейтингісінің бағасы

ТСОБ – тәжірибелік сабақтар бойынша орташа баға

ОЖСӨЖОБ – оқытушының жетекшіліген студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының орташа бағасы

СӨЖОБ – студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының орташа бағасы

Жіберу рейтингісінің пайызы төмендегі формула (2) бойынша есептелінеді:

(2)

Мысалы:

Жіберу рейтингісінің пайызы максимум 60%, минимум 15% болу керек.

Қорытынды баға (ҚБ):

Қорытынды баға пайызының мазмұны келесідей анықталады:

55,1%+40%=95,1%

Немесе формула (3) бойынша:

ҚБ=ЖРБ х 0,6+ҚББ х 0,4; (3)

Мұнда:

ҚБ – қорытынды баға

ЖРБ – жіберу рейтингісінің бағасы

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пін бойынша емтихан бағасы).

Сонымен:

  1. Қорытынды бағаның пайыздық мазмұны – 95%
  2. Ұпайдың цифрлік эквиваленті – 4
  3. Ұпайдың әріптік эквиваленті – А
  4. Дәстүрлі жүйелік бағасы - өте жақсы.
Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл % Балл мөлшері
Өте жақсы А 95-100
А- 90-94 3,67
Жақсы В+ 85-89 3,33
В 80-84
В- 75-79 2,67
Қанағаттанарлық С+ 70-74 2,33
С 65-69
С- 60-64 1,67
Д+ 55-59 1,33
Д 50-54 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49

Аралық бақылау

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмыс жасау сабақтарында және тәжірибелік сабақтарда жүргізіледі.

Ауызша жауап

Дәстүрлік баға Әріптік баға Цифр. эквивалент Пайыздық мазмұны Бағалау критерилері
өте жақсы А А- 4,0 3,67 95-100 90-94 Студент жауап берген кезде қателіктер және дәлсіздіктер жібермеді. Оқу пәнінің теориясында, концепцияларында және бағыттарында хабардар, оларға критикалық баға бере алады, басқа да пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана алады
Жақсы В+ В В- 3,33 3,0 2,67 85-89 80-84 75-79 Студент жауап берген кезде дөрекі, принципиалды емес, өзі туралайтын қателіктер жіберді. Бағдарлама материалын жүйелей алды
Қанағаттанар-лық С+ С С- Д+ Д 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 Студент жауап берген кезде принципиалды емес қателіктер жіберді. Оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерді ғана шектелді, материалды жүйелеу бойынша қиналды.
Қанағаттанар-лықсыз F 0-49 Студент жауап берген кезде принципиалды қателіктер жіберді, тақырып бойынша негізгі әдебиетпен жұмыс жасамаған, пән бойынша ғылыми терминологияны қолданбады, дөрекі стилистикалық және логикалық қателіктер жіберді

Түймедақ

Баға Бағалау критерилері
өте жақсы А (4,0:95-100%) А-(3,67 90-94%) Студент сұраққа толық жауап, термин және түсінікке анықтама берді. Жауап кезінде қателіктер жібермеді. Оқу пәні бойынша негізгі концепциялармен бағыттар бойынша дұрыс бағдар, оларды критикалық баға бере алды, басқа пәндердің ғылыми жетіктіктері қолдана алды
Жақсы В+ (3,33; 85-89 %) В (3,0; 80-84 %) В- (2,67; 75-79 %) Студент жауап берген кезде дөрекі қателіктер жібермеді, кейбір жерінде өзі жөндеген принципиалды емес қателіктер болды.
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Студент жауап берген кезде принципиалды емес қателіктер жіберді, оқу әдебиетімен ғана шектелді
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) Студент жауап берген дөрекі және принципиалды қателер жіберді, оқу материалында хабарсыз, ғылыми терминологияны қолдана алмады

«Интеллектуалды футбол»

Баға Бағалау критерилері
өте жақсы А (4,0:95-100%) А-(3,67 90-94%) Студент қарсы команданың сұрағына толық және дұрыс жауап берді, қателіктер жіберілмеді, басқа пәндер және оқу материалы бойынша ғылыми жетістіктер мен терминдерді дұрыс қолданды, қарсы командаға сұрақты дұрыс қойды
Жақсы В+ (3,33; 85-89 %) В (3,0; 80-84 %) В- (2,67; 75-79 %) Студент қарсы команданың сұрағына дұрыс, толық жауап берді, дөрекі қателіктер жоқ, өзі жөндеген принципиалды емес қателіктер жіберді, қарсы командаға сұрақты дұрыс қойды
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Студент жауап берген кезде принципиалды емес қателіктер жіберді, толық жауап бермеді. Қарсы командаға сұрағы толық емес
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) Студент жауап берген кезде дөрекі, принципиалды қателіктер жіберді немесе мүлдем жауап бермеді

Реферат

Дәстүрлік баға Әріптік баға Цифр эквива-ленті Пайыздық мазмұны Бағалау критерилері
өте жақсы А 4,0 95-100 Реферат ұқыпты жазылған және кестеге сай уақытылы тапсырылған, машина текстпен 10 парақта жазылған, әдебиет көздері 5-тен кем емес. Тақырып бойынша суреттермен кестелер берілген. Рефератты қорғаған кезде студент текстті оқымай, өз сөзімен айтты. Берілген сұрақтарға қобалжымай, қатесіз жауап берді
жақсы В+ В В- 3,33 3,0 2,67 85-89 80-84 75-79 Реферат ұқыпты жазылған, кестеге сай уақытылы тапсырылды. Текстті 10 парақтан кем емес, 5 әдебиет көздері бар. Тақырыпқа сай кестелермен суреттер бар. Студент рефератты қорғаған кезде оқымай, өз сөзімен айтты. Сұрақтар қойылған кезде принциалды емес қателер жіберді.
Қанағат-танарлық С+ С С- Д+ Д 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 Реферат ұқыпты жазылған, кестеге сай уақытылы тапсырылды. Текст 10 парақтан, ал әдебиет көзі 5-тен кем емес. Студент рефератты қорғаған кезде тестті оқып берді. Сұрақтарға батылсыз жауап берді, принципиалды қателер жіберді.
Қанағат-танар-лықсыз F 0-49 Реферат ұқыпсыз жазылған, кесте сай тапсырылмады. Текст 10 парақтан кем, әдебиет көздері 5-тен кем. Рефератты қорғаған кезде оқып отырды. Сұрақтарға жауап бергенде дөрекі қателіктер жіберілді, материалдан хабары жоқ

«Теңіз шайқасы»

Баға Бағалау критерилері
өте жақсы А (4,0:95-100%) А-(3,67 90-94%) Студент қарсы команданың сұрағына толық және дұрыс жауап берді, қателіктер жіберілмеді, басқа пәндер және оқу материалы бойынша ғылыми жетістіктер мен терминдерді дұрыс қолданды, қарсы командаға сұрақты дұрыс қойды
Жақсы В+ (3,33; 85-89 %) В (3,0; 80-84 %) В- (2,67; 75-79 %) Студент қарсы команданың сұрағына дұрыс, толық жауап берді, дөрекі қателіктер жоқ, өзі жөндеген принципиалды емес қателіктер жіберді, қарсы командаға сұрақты дұрыс қойды
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Студент жауап берген кезде принципиалды емес қателіктер жіберді, толық жауап бермеді. Қарсы командаға сұрағы толық емес
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) Студент жауап берген кезде дөрекі, принципиалды қателіктер жіберді немесе мүлдем жауап бермеді

Презентация

Сабақ өткізу әдісі Презентация Бағалау Бағалау критерилері
өте жақсы А (4,0:95-100%) А-(3,67 90-94%) Презентация өз бетінше жасалған, белгіленген уақытта, слайд көлемі 20 дан кем емес. Қолданылған әдебиеттер көздері – 5, слайдтар мазмұнды және нақты анықталған. Автор тақырыпты қорғағанда терең білім көрсетті. Талқылау кезінде, сұрақтарға жауап беруде ешқандац қателіктер жіберілмеді.
Жақсы В+ (3,33; 85-89 %) В (3,0; 80-84 %) В- (2,67; 75-79 %) Презентация өз бетінше жасалған, белгіленген уақытта, слайд көлемі 20 дан кем емес. Қолданылған әдебиеттер көздері – 5, слайдтар мазмұнды және нақты анықталған. Автор тақырыпты қорғағанда терең білім көрсетті. Талқылау кезінде, сұрақтарға жауап берген жеңіл қателіктер жіберді, сол кезде өзі жөндеді. (оқытушының көмегімен жөндеді)
Қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Презентация өз бетінше жасалған. Белгіленген уақытта, слайд көлемі 20 дан кем емес. Қолданылған әдебиеттер көздері – 5 тен кем. Слайд мазмұндары тақырыптан ауытқиды, презентацияны қорғаған кезде қателіктер жіберілді. Сұрақтарға толық жауап берілмеді.
Қанағаттанарлықсыз F (0-49%) Презентация берілген уақытта өткізілмеді, көлемі 20 слайдтан кем. Қолданылған әдебиеттер – 5 тен кем. Слайд мазмұндары тақырыпқа сай емес, мағынасыз. Қорғағанда автор көп қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде өзінің материалдарын меңгере алмады

Семинар

Наши рекомендации