Курс ҚДС студенттеріне емтиханға арналған тестік сұрақтар 2011-2012 оқу жылы 9 страница
А) вакцинадан кейінгі асқыну, егуді тоқтату керек;
Б) Мемсанэпидқадағалау орталығынан аталған вакцинаның сериясы туралы ақпарат алу, вакцинадан кейінгі асқыну;
В) вакцинадан кейінгі асқыну, аталған вакцинаның сериясы туралыөндірушіден ақпарат алу;
Г) +вакцинадан кейінгі серпіліс, егуді жалғастыру;
Д) тексеру және вакцинаның осы сериясының жарамдылығы туралы қорытынды алу үшін 5 баланы ауруханаға жатқызу керек.
671. Мектепте 4-ші сыныптың 2 оқушысы Флекснер шигеллезімен науқастанды. Жазда олар лагерде демалған және асханада тамақтанған және жақын маңдағы елді мекеннен тамақ сатып алған. Соңғы ауысымда олардың отряды су қоймасында шомылған. Төменде аталған берілу жолдарының қайсысы бұл жағдайда іске асты?
А) Тағамдық
Б) Тұрмыстық жанасу;
В) +Сулық
Г) Нәжіс ауыздық
Д) Ыдыс арқылы
672. 40 жастағы науқасқа «иерсиниоз» диагнозы қойылды. Аталған жағдайда төменде көрсетілген берілу факторларының қайсысы болуы мүмкін?
А) науқастанудан 2 күн бұрын ол виваридің желдету жолдарын жөндеген;
Б) +науқастанудан 7 күн бұрын ол бақшасында өскен сәбізді жинап шикі сәбіз жеген;
В) науқастанудан 2 күн бұрын ет консервісін жеген;
Г) науқастанудан 4-5 күн бұрын буфете бәліш жеген;
Д) 2 күн бұрын пастерленген сүт ішкен.
673. Парентералды процедура жүргізу кезінде мейірбикенің көзіне қан тамды. Төменде аталған зақымдалудан қорғану шараларының қайсысын жүргізу мақсатқа сай?
А)+ көзді ағымды сумен шайып және 0,5% левомицетин ерітіндісін көзге тамызу керек.
Б) көзді ағымды сумен шаю;
В) көзді сумен шаю және альбуцид ерітіндісін тамызу;
Г) көзді марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шаю;
Д) 0,25 % левомецитин ерітіндісімен шаю.
674. Үш адамнан тұратын (күйеуі, әйелі, бір жасар бала) жанұяда әкесі «В вирусты гепатит» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жанұяның басқа мүшелерінің зақымдалуының алдын алу мақсатында оларға жанұядағы заттарды бірге қолданудағы ВГВің берілу факторларын атап көрсетіңіз. Берілген жағдайда аталған берілу факт-ң қайсысы аса қауіпті?
А)+маникюр жиынтығындағы қайшы;
Б) жеке ұстара;
В) жеке тіс щеткасы;
Г) жанұядағы ыдыс;
Г) жеке жуынатын жөке.
675. Бала бақшаға баратын балаға «скарлатина» деген диагноз қойылды. Балалар ұжымында төменде аталған жұқпа көздерінің қайсысы ЕҢ жұқпалы?
А) құлақ маңы бездері ісінген бөртпесі жоқ науқас;
Б) папулезді бөртпесі және артқы мойын лимфа түйіндері ісінген науқас;
В) аллергиялық бөртпесі бар науқас
Г)+ алақан терісі қабыршақтанған ангинамен науқас;
Д) этапты қабыршақтануы жоқ папулезді дақты бөртпелі науқас
676. 3 жасар балаға “ауыз жұтқыншақ құрөзегі” диагнозы қойылды. Жанұя екі бөлмелі пәтерде тұрады: әкесі-инженер, анасы- бала бақша тәрбиешісі. Төменде аталған эпидошақтағы эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы ЕҢ бірінші жүргізілуі керек?
А) науқасты ауруханаға жатқызу және ошақтың қорытынды дезинфекциясын жүргізу;
Б) +науқасты ауруханаға жатқызу және жанасқандарды 7 күн бойы бақылап бак. тексеру;
В) жанасқандарды 7 күн бойы бақылап оларды АКДС вакцинасымен егу;
Г) науқасты аурух-ға жатқызу және жанасқандардағы арнайы алдын алу туралы мәлімет жинау;
Д) жанұя мүшелерін 7 күн бойы бақылау, анасын бактериологиялық тексереннің нәтижесін анықтағанша жұмыстан аластау;
677. Бала бақшаға баратын 3 жасар балаға «скарлатина» диагнозы қойылды. Төменде аталған жанасқандардың арасынан медициналық бақылауға ЕҢ бірінші қайсысы жатады?
А) қызмет көрсету сферасында жұмыс істейтін науқастың әкесі;
Б) сатушы болып жұмыс істейтін анасы
В)+ науқастың 7 жасар ағасы;
Г) 20жастағы әпкесі;
Д) зейнеркер әжесі;
678. «А Вирусты гепатит» диагнозымен 24 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Клиникалық ағымы жеңіл. Жанұясымен бірге жатақханада тұрады. Берілген жағдайда төменде аталған эпидемиологиялық көрсеткіштердің қайсысы ауруханаға жатуға көрсеткіш болып табылады?
А) жатақханада тұратындығы және жанұядағы жанасқандардың болуы;
Б) үйінде емделу жағдайының болмауы;
В) +науқас көпшілік тамақтанатын жерде жұмыс істейді;
Г) жанұяда ерте жастағы балалардың болуы;
Д) жатақханадағы санитарлық гигиеналық жағдайдың нашарлығы
679. Қалалық аурухананың терапевтикалық бөліміндегі науқасқа А гепатитінің маркерлерін анықтағаннан кейін «А вирусты гепатит» диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген алдын алу шаралар кешендерінің қайсысы мақсатқа ЕҢ сәйкесі?
А) бір реттік шприцтерді қолдану
Б) медициналық бұйымдарды стерилизациялау ережесінің сақталуын бақылау
В) қауіп қатер обының адамдарын егу
Г) сумен қамтамасыздауға санитарлық бақылау
Д)+тағам даярлау блогына санитарлық бақылау
680. Ата анасымен жатақханада тұратын 5 жасар балаға «скарлатина» диагнозы қойылды. Төменде аталған бұрын скарлатинамен ауырмағандардың ішінен карантин кезінде ЕҢ бірінші кімдер бақылауға алынады және ұжымынан аластатылады?
А) жұмыс уақытында күтуші алып кететін 2 жастағы бала;
Бб) жұмыс уақытында әжесі алып кететін 5 жастағы бала;
В)+ бірінші сыныпқа баратын бала;
Г) үшінші сыныпқа баратын бала;
Д) бесінші сыныпқа баратын бала.
681. 58 жастағы пациент. Диагнозы – фиброзды-кавернозды туберкулез. Балалар мен жүкті әйел бар жатақханада тұрады, алкогольге әуес. Төменде аталған инфекция ощағындағы эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы ЕҢ бірінші жүргізіледі?
А) Ауруханаға жатқысы келмегендіктен науқасты үйінде емдеу;
Б) Балаларға туберкулинді диагностика жүргізу;
В) Жүкті әйел өкпе R-графиясын өту;
Г) Барлық жанасқандарға флюорография тексеру өту;
Д) +науқасты стационарға жекелеу.
682. 32 жасар Н. бактерия бөлетін белсенді өкпе туберкулезі анықталды. Жанұялық жанасқандар 5 және 7 жастағы балалар. Төменде аталған эпидемияға қарсы шарлардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Науқастың жұмыс орнына және үйіне дезинфекция жүргізу;
Б) Балалар баратын мектеп пен бала бақшаға карантин қою;
В)+ Науқасты госпитализациялау, балаларға химиопрофилактика жүргізу.
Г) Науқасты госпитализациялау, балаларды бактериоскопиялық тексеру;
Д) Науқасты госпитализациялау, балаларды флюорографиямен тексеру.
683. 18.05.2001ж ҚР ДСМ №4 бұйрығына сәйкес Алматы облысының Қарасай ауданында жоспар бойынша туберкулезге қарсы 230 нәресте БЦЖ вакцинасыман егілуі керек еді. Жоспар 99% орындалды. Балаларды қорғау мақсатында төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ мақсатқа сай шара?
А) +туберкулездің диссеминирленген (миллиарлы туберкулез, туберкулезді менингит) түрлерінің дамуынан қорғайтын перзентханада жасалған бірінші егу;
Б) Манту реакциясының теріс нәтижесінен кейін 6-7 жастағы балаларды ревакцинациялау қорғаныс эффектісін күшейтеді;
В) Манту реакциясының теріс нәтижесінен кейін 11-12 жастағы балаларды ревакцинациялау қорғаныс эффектісін күшейтеді;
Г) ДДҰ ұсынысы бойынша БЦЖ вакцинасын нәрестелерге бір рет салады;
Д) Туберкулезді науқаспен жанасқандар мен балаларға егу эпидемиологиялық тиімді.
684. 3 жастағы бала бақшаға баратын балада қызылша диагнозы анықталды (мойны мен бетінде бөртпе бар).Тобындағы барлық балалар тірі қызылша вакцинасымен егілген. Төменде аталған эпидемияға қарсы шарлардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Жанасқан балаларға иммунды глобулин егу;
Б) Жанасқан балаларға тірі қызылша вакцинасын егу;
В)+ топтағы балаларды 17 күн бойы медициналық бақылауға алу;
Г) бала бақшада үнемі күнделікті дезинфекция жүргізу;
Д) бала бақшада қорытынды дезинфекция жүргізу.
685. 3 жасар балада жел шешек диагнозы анықталды. Жанұяда ата анасы ауырған, 6 жастағы ағасы бала бақшаға барады, 10 жасар әпкесі оқушы, жел шешекпен ауырмаған. Төменде аталған жел шешешктің эпидемияға қарсы шарларының қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) науқасты эпидемиялық көрсеткіштеріне байланысты госпитализациялау;
Б) жанасқан балаларды 21 күн бойы мед бақылауға алу;
В) 21 күн бойы ағасын бала бақшаға жібермеу;
Г)+ жанасқан 11-шіден 21-ші күн аралығында ағасын бала бақшаға жібермеу;
Д) жанасқан 11-шіден 21-ші күн аралығында әпкесін мектепке жібермеу.
686. 8 жасар 2 сынып оқушысы эпидемиялық паротитпен ауырды. Жанұяда 5 жасар бала тірі паротит вакцинасымен медициналық қарсы көрсетулерге байланысты егілмеген, эпидемиялық паротитпен ауырмаған. Бала бақшаға барады. Ата анасының эпиданамнезі белгісіз. Төменде аталған ошақтағы эпидемияға қарсы шараларының қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) жанұяда 21 күнге карантин қою және 21 күнге карантин қою оларға ұжымдарға баруға тыйым салу;
Б) бала бақшада 21 күнге карантин қою және жаңадан балаларды қабылдатпау;
В) бала бақшада 21 күнге карантин қою және күнделікті дезинфекция жүргізу;
Г) 21 күн бойы жанасқандарды бақылау
Д) +1-ші науқас анықталған уақыттан 72 сағаттан кем емес уақытта егілмегендерді эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты вакциндеу.
Жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды, өлгеннен кейінгі диагнозы ЖИТС. Капоши саркомасы, пневмоцистік пневмония. Эпидемиологиялық анамнезінде анықталғаны: күйеуі Россияның азаматы және сифилиспен ауырған, және де АИВ ке ИФА сынамасы оң. Төменде аталған инф-ң берілу мех-нің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А) парентеральды;
Б) +жыныстық;
В) тұрмыстық жанасу;
Г) жанасу;
Д) алиментарлық.
Ауыл шаруашылық малдың қырылғаны тіркелді. Сырқатшылық қанды көп бөлінділермен септикалық түрде өтті. Малдар жаңа шабындыққа барған кезде жұқтырғаны мәлім болды. Эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тексергенде анықталғаны: ол шабындықта мал өліктері көмілген (түйнемеден өлген малдардың өліктері көмілуі мүмкін).