Токсоплазмоздың диагностикасы
Токсоплазмоз
Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудырады, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты:
ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда
көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы СССР-де 25-30%)
осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады
осы инфекция көбінесе кезде нығаяды ( әсресе СПИД көрінісі)
бактериологиялық қарулар тобына кіреді
Этиологиясы мен эпидемиологиясы
} Toxoplasma gondii – клеткаішілік паразит, қарапайымдыларға жатады және даму циклы бар. Токсоплазмоздың соңғы иесі – үй мысығы болып саналады.
} Микроорганизмнің 3 түрі болады: ооцист, трофозоит ( эндозоит) және тіндік циста. Мысықтың нәжісімен ооцист бөлінеді, сосын ол адам немесе үй жануарларының асқазан ішек жолдарына түседі.
} Нәрестелерге транспланцентарлы және трансплантационды жұғу жолдары да кездеседі.
} Трансплацентарлы жұғу жолында, ауру көзі болып шешесі саналады, бірақ балаға ауру жұғу үшін жүкті әйелде ауру біріншілік кезеңінде болуы керек, себебі созылмалы инфекцияда балаға жұғу дәлелденбеген. Шешесінің пайда болған иммунитеті баланы қорғайды деп санайды. Балаға аурудың жұғуы 100% емес, және жүктіліктің мерзіміне байланысты, жүкті әйел жүктіліктің соңғы айларында ауырып қалса, онда аурудың балаға жұғуы әбден мүмкін, себебі:1триместрде – 14% , 11–29%, 111–59% . Ал жүктіліктің ерте айларында ауырса онда ауыр асқынуына әкеледі (түсік тастау, өлі туылу, ауыр аурулар). Жиі ауру туу кезінде инфицирленген плацента арқылы жұғуы мүмкін.
Берілу жолдары:
} 1)алиментарлы-95-96% 2)тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4% 3)трансплацентарлы Бірақта ойда сақтайтын жағдай: анадан балаға жұғу мүмкіншілігі тек анасы екі қабат кезінде жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады. Ал мұндай аса көп емес. Екі қабат әйелдер арасында жедел токсоплазмоз 0,5-1% ғана болады. Ал созылмалы формалармен ауырған немесе тасымалдаушылар осы инфекцияны тұқымға таратпайды.Қауіпті УІ айлар, ІХ ай латентті.
Патогенезі:
} Ас қорыту жолы арқылы-регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді- қабыну өзгерістер – инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін –бауыр, көк бауыр ОНЖ, миокард, бет, көзге т.б. Цисталар көп жылдар латентты түріне өтнді, сақтылынады. Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер (ГЗБ) 95-98%-инфекцияланған адамдарда – латентті инфекция (ГЗТ+ZdJ) (алл.пр.) (Егерде инфекцияланған кезде әйел адам жүкті болса, ІІІ-УІ айларында қауіпті).
Иммунитеті төмен адамдарда
} СПИД)-инфекция генерализденіп-сепсис түрінде өтіп, ауыр энцефалит - өлімге әкеледі. Созылмалы ағымында-өршу кезеңдері болады: туа біткен токсоплазмозда
} –ІІІ айларында инфекцияланса – 50% клиникасымен туады
} ІІІ-УІ айларында -25%
} УІ-ІХ айларында клиникалық көріністерсіз
} түсік, өлу туу, кемтар бала жүре пайда болады да, өзгерістер көбінесе бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндерінде, миокардта.
} Туа біткен токсоплазмозда
Клиникасы:
-жүре пайда болатын токсоплазмоз: инкубациялық мерзім 3-21 күн, бірнеше айларға дейін ауырлығына байланысты. Температура 38-39С-продром
-бөртпе-дақты- папулезды
-лимфоаденит
-гепатомегалия
-спленомегалия
-миокардит
-энцефалит
Токсоплазмоздың диагностикасы
} Анамнез мәліметтеріне, клиникалық белгілеріне және лабораториялық мәліметтерге сүйене қойылады.
} Лабораториялық зерттеу өзгерістерінің ішінде ең тиімділігі серологиялық өзгерістер – РИФ және ИФА. Серологиялық реакциялар спецефикалық деп саналады және ауру жұққаннан кейін 1-2 аптадан соң оң нәтиже береді. Ауру дамыған сайын титр деңгейі өседі, сосын сол деңгейде бірнеше жыл сақталады. Зерттеу барысында міндетті түрде бірнеше рет тексеру керек. Ig M классының антиденелері жедел инфекция бар екендігін көрсетеді.
Емі:
} этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады:
} тиндури (хлоридин)
} делагил
} аминохинел
} бисептол
} тетрациклин
} спирамицин
} Ұзақ курспен емдейді. Созылмалы формасы – этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде. Көбінесе десенсибилизация, иммуностимуляция әсер беретін препараттармен емдейді. Екі қабат әйелдерде – токсоплазмозға тексерген кезде реакциялар оң болса –«Д» бақылау (3 айда – тексеру). Реакциялардың титрі үдей түссе емдеу керек. Созылмалы формада – екі қабат кезінде емдеу қажеті жоқ.