Тыныс алу жүйесі» бойынша

ІІІ курс студенттеріне арналған

тест сұрақтары (2011-2012 оқу жылы):

Тыныс алу жүйесі» бойынша

1. Көмей кіреберісін қандай анатомиялық құрылымдар шектейді?

* мүйізтәрізді шеміршектер

*+ ожау-көмей қатпарлары (plicae aryepiglotticae)

* жүзіктәрізді шеміршек (cartilage cricoidea)

* сынатәрізді шеміршектер

* қалқантәрізді шеміршектер

2. Арасында дауыс саңылауы орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:

* кіреберіс алды қатпарлары

*+ ожаутәрізді шеміршектер арасында

* шырышты қатпарлары

* сынатәрізді шеміршектер арасында

* мүйізтәрізді шеміршектер арасында

3. Кеңірдектің бөліктерін көрсетіңіз:

* бассүйектік

* бас бөлігі (pars cranialis)

*+ кеуде бөлігі (pars thoracica)

* іштік бөлігі (pars abdominalis)

* жамбастық бөлігі

4. Қолқаның кеделік бөлігінің висцералды тармақтарын көрсетіңіз:

* 1. алдыңғы қабырғааралық

* 2. артқы тармақтар

*+3. перикардиалды тармақтар (rr. pericardiaci)

* 4. жұлын тармақтар

* 5. артқы қабырғааралық артериялар

5. Өкпе түбірін түзетін негізгі анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз:

* 1 альвеолдық қапшшықтар

* 2. альвеолдық жолдар

*+3. негізгі бронх (brnchus principalis)

* 4. сегменттік бронхтар

* 5. үлестік бронх

6. Оң өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

1. өкпе артериясы

2. *өкпе веналары

3. *нервтер

*+4. бронхтар

*5. лимфа түйіні

7. Сол өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

*+1. өкпе артериясы

*2. өкпе веналары

*3. нервтер

*4. бронх

*5. лимфа түйіні

8. Ацинусты құруға қатысатын құрылымды көрсетіңіз:

* 1.үлесшелік бронхтар

*+2. тыныстық бронхиолалар (br. respiratoriii)

* 3. үлестік бронхтар

* 4. сегменттікасты бронхтар

* 5. сегменттік бронхтар

9. Соңғы бронхиолалардың қабырғасында болмайды:

*+1. шеміршектер

*2. кірпікшелі эпителии

*3. шырышты бездер

*4. бірыңғай салалы бұлшықеттік элементтер

*5. шырышты қабық

10. Оң жоғарғы үлестік бронх қанша бронхқа бөлінеді?

*1.екі

*+2. үш

*3. төрт

*4. бес

*5. он

11. Оң өкпенің ортаңғы үлесінде қанша сегмент бар?

*+1. екі

*2. үш

*3. төрт

*4. бес

*5. он

12. Сол өкпенің жоғарғы үлесінде қанша сегмент бар?

*1.екі

*2.үш

*3.төрт

*+4. бес

*5. он

13.Оң өкпенің төменгі үлесінде қанша сегмент бар?

*екі

*үш

*төрт

*+4. бес

*5. он

14. Ауа мен қанның арасында газ алмасу өтетін өкпенің құрылымдық элементтерін көрсетіңіз:

* 1. негізгі бронхтар

*+2. көпіршіктер (alveoli pulmonis)

*3. үлестік бронхтар

*4. үлесшелік бронхтар

*5. сегменттік бронхтар

15. Көкеттік нерв өтетін аралықты көрсетіңіз:

*+1. жоғарғы көкірекаралық

*2. төменгі көкірекаралықтың алдыңғы бөлігі

*3. төменгі көкірекаралықтың артқы бөлігі

*4. төменгі көкірекаралық

*5. артқы көкірекаралық

16. Негізгі бронхтар қай көкірекаралыққа жатады?

*1. артқы

*2. алдыңғы

*+3. жоғарғы

*4. ортаңғы

*5. төменгі

17.Париеталды өкпеқаптың бөліктерін көрсетіңіз:

*+1. қабырғалық (pars costalis pleurae)

*2. омыртқалық (pars vertebralis pleurae)

*3. өкпелік

*4. жүректік

*5. төстік

18. Өкпеқап қойнауларын атаңыз:

*+1. қабырға-көкет қойнауы (recessus costodiaphragmaticus)

*2. көкеттік

*3. қабырғалық

*4. көкет-омыртқа қойнауы (recessus phrenicovertebralis)

*5. қабырға-төс

19. Оң өкпенің төменгі шекарасы бұғананың орта сызығы бойынша нешінші қабырғаның тұсында өтеді?

*1. ІХ қабырға

*2. ҮІІ қабырға

*3. ҮІІІ қабырға

*+4. ҮІ қабырға

*5. ІҮ қабырға

20. Сол өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың алдыңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

*1. ІХ қабырға

*+2. ҮІІ қабырға

*3. ҮІІІ қабырға

*4. ҮІ қабырға

*5. ІҮ қабырға

21. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

*1. ІХ қабырға

*2. ҮІІ қабырға

*+3. ҮІІІ қабырға

*4. ҮІ қабырға

*5. ІҮ қабырға

22. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың артқы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

*+1. ІХ қабырға

*2. ҮІІ қабырға

*3. ҮІІІ қабырға

*4. ҮІ қабырға

*5. ІҮ қабырға

23.Өкпеқаптың төменгі шекарасы жауырын сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

*1. ІХ қабырға

*2. ҮІІ қабырға

*3. ҮІІІ қабырға

*+4. ХІ қабырға

*5. ІҮ қабырға

24.Ортаңғы және төменгі көкірекаралықтарды бөлетінгоризонталды жазықтық қандай құрылымдар арқылы өтеді?

*1. төстің мойындырық тілігі

*+2. төс бұрышы

*3. ІІІ-ІҮ кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек

*4. ҮI-ҮII кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек

*5. қабырға доғасы

25. Өкпе қақпасында сол негізгі бронхтан жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

*+1. өкпе артериясы (a.pulmonalis)

* 2. тақ вена (v.azygos)

* 3. жартылай тақ вена (v.hemiazygos)

* 4. айырша без (thymus)

* 5. жоғарғы қуыс вена

26. Өкпедегі жүректік тіліктің орналасқан жерін көрсетіңіз:

*1. оң өкпенің артқы жиегі

*+2. сол өкпенің алдыңғы жиегі

*3. сол өкпенің төменгі жиегі

*4. оң өкпенің төменгі жиегі

*5. сол өкпенің артқы жиегі

27. Тыныс алу жүйесiнiң төменгi тыныс алу жолдарына кiретiн бөлiктерiн көрсетiңiз

* + а) көмекей

* б) жүтқыншақтың ауыз бөлiгi

* в) жұтқыншақ

* г) жұтқыншақтың мұрын бөлiгi

*д) мұрын қуысы

28.Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы төменгi мұрын жолымен қатынасады?

* а) торлы сүйектiң ортаңғы ұяшықтары

* + б) көзжас-мұрын өзегi

* в) жоғарғы жақсүйек қойнауы

* г) тор сүйектiң артқы ұяшықтары

* д) маңдай қойнауы

29.Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен қатынасады?

*+ а) маңдай қойнауы

* б) тор сүйектiң артқы ұяшықтары

* в) сынатәрiздi қойнау

* г) көзұя

*д) бассүйек қуысы

30. Мұрынның шырышты қабығының қай бөлiгi иiс сезу аймағына жатады?

*а) төменгi мұрын қалқанының шырышты қабығы

* + б) жоғарғы мұрын қалқанының шырышты қабығы

* в) ортаңғы мұрын жолының шырышты қабығы

*г) төменгi мұрын жолының шырышты қабығы

шырышты қабығы

* д) мұрын қалқасының төменгi бөлігінің шырышты қабығы

31.Көмей қандай қызмет атқарады?

*+ а) дауыс шығару

* б) қан түзу

* в) тіректік

* г) иммундық

* д) эндокриндi

32.Көмей қарыншасын шектейтiн анатомиялық

құрылымдарды көрсетiңiз

* а) сынатәрiздi шемiршек

*+ б) дауыс қатпары

*в) ожау-көмей қақпашығы байламы

*г) ожаутәрiздi шемiршек

*д) қалқаншатәрізді шеміршектер

33.Көмейдiң тақ шемiршектерiн атаңыз

* а) ожаутәрiздi шемiршек

*+ б) жүзiктәрiздi шемiршек

* в) сынатәрiздi шемiршек

* г) мүйiзшетәрiздi шемiршек

* д) сесамойдалық

34.Жүзiктәрiздi шемiршектiң доғасы қай жаққа қарай бағытталған?

*+ а) алға қарай

*б) артқа қарай

* в) жоғары

* г) төмен

* д) латералді

35. Кеңiрдек айрығы (бифуркациясы) қандай анатомиялық құрылымдардың тұсында орналасқан?

* а) төс сүйектiң бұрышы

*+ б) Y-шi кеуде омыртқасы

* в) төс сүйектiң мойындырық тiлiгi

* г) қолқа доғасының жоғарғы жиегi

* д) II –кеуде омыртқасы

36. 2-сегменттке бөлінетін өкпенiң үлесін көрсетіңіз?

* а) оң өкпенiң төменгi үлесi

*+ б) оң өкпенiң ортаңғы үлесi

* в) сол өкпенiң төменгi үлесi

* г) оң өкпенiң жоғарғы үлесi

* д) сол өкпенiң жоғарғы үлесi

37.Ортаңғы бұғаналық сызықпен оң өкпенiң төменгi шекарасы қай қабырғаның тұсында сәйкес келедi?

* а) IX-шы қабырға

* б) YII- шi қабырға

* в) YIII-шi қабырға

*+ г) YI-шы қабырға

* д) IY-шы қабырға

38.Мұрын қуысының шырышты қабығының қызметі

* а) газ алмасу

*б)эндокринді

* в) қан түзу

* + г) тазарту

*д) дыбыс түзу

39. Көмей арт жағынан қандай анатомиялық құрылыммен жанасады?

*а) тіласты бұлшықеттері

*б) қалқанша безі

*+в) pharynx

*г) мойын шандырының омыртқаалды табақшасы

*д) өңеш

40. Кеңірдек мүйісі (carіna tracheae) орналасқан деңгейді көрсетіңіз

*а) vertebrae promіnens YІІ

*+б)Y-кеуде омыртқасы

*в) vertebrae thoracіcae YІІІ

*г) төс денесінің төменгі жартысы

*д) ІІІ-кеуде омыртқасы

41. Сол жағымен салыстырғанда оң жақ өкпенің қандай ерекшеліктері бар?

*+а)кеңдеу және қысқа

*б)ұзындау

*в)тарлау

*г)иреленген

*д) жоғарылау

42.Өкпедегі іncіsura cardіaca орналасқан жері

*а)оң өкпенің артқы жиегі

*+б)сол өкпенің алдыңғы жиегі

*в)сол өкпенің төменгі жиегі

*г)оң өкпенің төменгі жиегі

*д) оң өкпенің алдыңғы жиегі

43.Аrbor alveolarіs (ацинус) түзуге қатысатын құрылымдары

* а)негізгі бронхтар

* б)бронхтар

* в)үлестік бронхтар

*+г)альвеолдық қапшықтар

*д) сегменттік бронхтар

44.Оң жақ өкпе ұшының дене бетіне проекциясы

а) төстен 3-4 см. жоғары

*б) IІІ-мойын омыртқаның қылқан өсінді деңгейінде

*в) 5-6 см. жоғары І-қабырғадан

*+г) бұғанадан 2-3 см. жоғары

*д) І қабырға деңгейінде

45.Қандай құрылымдар тармақталғанда тыныс бронхиолдары пайда болады?

*а)bronchі segmentales

*б)үлесшелік бронхтар

*+в)соңғы бронхиолдар

*г)bronchі lobares

*д) сегменттік бронхтар

46. Оң өкпеде қанша үлес бар:

*а) екі

*+б) үш

*в) төрт

*г) бес

*д) он

47. Сол өкпеде қанша үлес бар:

*+а) екі

*б) үш

*в) төрт

*г) бес

*д) он

48.Оң өкпеде қанша сегмент бар:

*а) екі

*б) үш

*в) төрт

*г) бес

*+д) он

Наши рекомендации