Бап. Тауып алынған баланың туылғанын тiркеу тәртiбi

илет № 1

Азаматша Иванова Г.М., Александров И.М. есімді кәмелеттік жасқа толмаған ұлдарын бағып өсіру үшін, алимент төлеу үшін жұбайын сотқа берді. Сот арызды қарап, азамат М.М. Ивановты (бұрынғы жұбайы) сотқа шақырмай, оны тыңдамай-ақ «Алимент өндіру жайлы» сот бұйрығын шығарып, одан кейін іс сот орындаушыға берілді.

1. Соттың іс-әрекеті заңды болып табылады ма?

2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске сәйкес ажырасу тәртібі қандай?

3. Неке заңды түрде тоқтатылар кезінде М.М Ивановтың (бұрынғы жұбайы) міндетті түрде қатысуы шарт па?

Судьяның әрекеті заңды ма?

Иә

149-бап. Алиментті сот шешімімен өндіріп алу(отбасы кодексі)

Осы Заңның 124-142-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

150-бап. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері

1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.
2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.

бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртiбi мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.

Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасауға құқылы.

2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.

3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берiлмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы талап қоюға құқылы.

бап.Кәмелетктолмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi

1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiрiн; екi балаға - үштен бiрiн; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндiрiп алады.

2. Бұл үлестердiң мөлшерiн сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн.

127-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша
сомасы түрiнде алимент өндiрiп алу

1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бiрге үлесте/осы Заңның 125-бабына сәйкес/және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

Мұндай жағдайларға үнемi алынбайтын, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiстерi бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кiрiстерiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-анадан алимент өндiрiп алу жатады.

2. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше барынша сақтауды негiзге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгiлейдi.

3. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерiн аз қамтамасыз етiлген ата-ананың бiреуiнен екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот белгiлейтiн тұрақты ақша сомасы белгiленедi.

илет № 2

Қазақстан Республикасының азаматтары Ғалымовтар отбасы. Англия мемлекетінде оқып жатқан (ғылыми тәжірибе алмасу) кездерінде олардың балалары дүниеге келді.

1. Қазақстан Республикасының «Азаматтық алу туралы» заңына сәйкес, азаматтықты алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін бе?

2. ҚЗ азаматтығына қабылдау тәртібін көрсетіңіз?

3. Қос азаматтық алу қажетті ма (бипатриттер)?

11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы (ҚР аазаматтығы туралы кодекс)
болып табылатын баланың азаматтығы

Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

илет № 3

Ивановтар отбасы Ресей Федерациясында орналасқан Қазақстан Республикасының елшілігіне барып, оларға азаматтық беру жайлы өтініш білдірді. Олар өздері еш уақытта ҚР аумағында тұрмаған, бірақ олардың үлкен ағалары қарт ата-аналарымен бірге ұзақ жылдар бойы Қазақстанда тұрады.

1. ҚР «Азаматтық алу туралы» заңына сәйкес, Ивановтар отбасының азаматық алу кезінде қиындықтар болады ма?

2. ҚР азаматтығын алу тәртібін көрсетіңіз?

3. Қандай жағдайларда азаматтық алу мүмкін емес?

16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау шарттары( ҚР азаматтығы туралы кодекс)

2(тармағы) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.

31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.

Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.

илет № 4

Балалар үйінің маңайынан ата-анасының кім екені белгісіз емізулі бала табылды.

1. ҚР «Азаматық алу туралы» заңына сәйкес бала кім болып табылады: азаматығы жоқ, ҚР азаматы, шет ел азаматы?

2. ҚР азаматығын алу және азаматығынан шығу тәртібін көрсетіңіз?

3. Бұл балаға қос азаматтық берілуі мүмкін бе?

13-бап. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы(ҚР азаматтығы т кодекс)

Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

бап. Тауып алынған баланың туылғанын тiркеу тәртiбi

Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тiркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесi әкiмшiлiгiнiң немесе iшкi iстер органдарының мәлiмдемесi бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей тiркелуге тиiс. Мәлiмдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетiп, iшкi iстер органы немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған хаттама қоса тiркеледi.

илет № 5

ҚР азаматы Мусин К.К. басқа мемлекеттің әділет органына қызметке орналасты.

1. ҚР «Азаматтық алу туралы» заңына сәйкес оның азаматтығы жайлы сұрақ қалай шешіледі?

2. ҚР азаматығын алу және азаматықтан шығу тәртібін көрсетіңіз?

3. Шет ел азаматтарының Әділет органдарына жұмысқа орналасу тәртібі қандай?

21-бап. Азаматтықтан айырылу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.

илет № 6

Аудан әкімі аудан тұрғындарының сайлауға қатысуы міндетті деген шешім шығарды.

1. Әкімнің бұл шешімі сайлау туралы заңнамаға сәйкес пе?

2. Әкімнің бұл әрекеті үшін заңды жауаптылық қарастырылған ба?

3. Аудан тұрғындарының бұл әрекеті үшін заңды жауаптылық қарастырылған ба?

Наши рекомендации