Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин 6 страница

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

9. Бақылау:

1. Тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы заттардың жіктелуін атау.

2. Эпилепсиялық статуста қолданылатын заттарды атау.

«Эндокриндік жүйе» модулі

«Эндокриндік жүйе» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы.«Гипергликемия және гипогликемияда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. 3.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулері, жағымсыз әсерлері және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың жұптастырып қолдану бойынша білімін қалыптастыру.

4. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу) компетенциясы:

3. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

4. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 5 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.

· Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гипергликемия, гипогликемия туралы түсінік.

2. Инсулиннің және глюкагонның зат алмасуға әсері.

3. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Инсулиннің алыну көздері мен алу жолдары. Инсулин препараттарының (тазартылған препараттары - монопикті және монокомпонентті) әсерініңдің басталуы мен әсерінің ұзақтығы бойынша салыстырмалы сипаттамасы. Қант диабетін емдеу үшін инсулинді дозалау принципі, балаларда қолдану ерекшелігі. Асқынулар, көмек шаралары.

4. Синтетикалық гипогликемиялық заттар: сульфонилмочевинаның туындылары және бигуанидтер глинидтер, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

5. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын заттар (пиоглитазон, розиглитазон).

6. Аш ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін заттар (акарбоза).

7. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза).

5.Оқыту әдістері:сабақтың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жетекші құралы бойынша және жағдайлық есептерді және тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен рецепт жазу және дозасын есептеу, шағын топтарда жұмыс, кесте, суреттер, сызбаларды сараптау, «ми шабуылы», «кейс-стади», пікірталас.

Бағдарламалық препараттар: актрапид, хумулин-регуляр, протафан, хумалог, хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, глибомет, акарбоза, пиоглитазон, розиглитазон, натеглинид, рапеглинид, глюкагон, глюкоза, адреналин гидрохлориді

Рецепт жазуға арналған препараттар: актрапид, глибенкламид, метформин, глюкоза.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

7. Бақылау.

Когнитивті компетенция (білім) бағаланады.

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Тесттік тапсырмаларды орындау.

Өзіндік бақылауға арналға тесттік тапсырмалар

Тест №1.Дәрілік заттардың тобын анықтау. Нысана-тіндердің (бұлшық ет, май тіні, бауыр) инсулинге сезімталдығын жоғарылатады, май жасушаларында липидтердің синтезін төмендетеді. II типті диабетте пероралді қолданылады, тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдайды

1. сульфонилмочевина туындылары 2. бигуанидтер 3. орын басушы ем үшін қолданылатын заттар 4. тиазолидиндион туындылары 5. альфа-гликозидазаның тежегіштері

Тест №2.Сәйкестендіру: А – инсулиннің қысқа уақыт әсер ететін препараттары, Б - инсулиннің орташа ұзақтықта әсер ететін препараттары, В- инсулиннің ұзақ уақыт әсер ететін препараттары:

1. ультратард ЧИ 2. хумулин-регуляр ЧИ 3. протафан СИ 4.хумалог ЧИ 5. инсулин семиленте СИ

1. А-2, 4 Б- 3,5 В- 1 2. А- 3,5 Б-4 В- 1,2 3. А- 1,5 Б- 2,3 В-4

Тест №3.Қант диабетінде инсулинді қолданғанда дамитын әсерлерге жатады:

1. қанда глюкозаның концентрациясының төмендеуі 2 .гликогеннің тіндерде жиналуы 3.глюкозурия, полидипсия 4. зәрде азотты қосылыстардың концентрациясының төмендеуі 5. май қышқылдарының синтезінің жоғарылауы

Тест №4.Аш ішекте көмірсулардың сіңірілуіне кедергі жасайтын препарат:

1. метформин 2. инсулин 3. глюкагон 4. акарбоза 5. гликлазид 6.актрапид 7.розиглитазон 8.натеглинид

Тест№5.Актрапидтің негізгі қасиеттеріне жатады:

1. гипогликемиялық әсері 15-30 минуттан соң дамиды 2. максималді әсері 1-4 сағаттан соң байқалады 3. әсер ету ұзақтығы 4-8 сағат 4. тері астына, бұлшықетке, көктамырға енгізуге болады 5. тек тері астына енгізіледі

Тест №6. Препаратты анықтау. Пероралді қолданылатын синтетикалық гипогликемиялық зат. Қан сарысуында қанттың деңгейін төмендетеді, липогенезді тежейді, анорексигенді әсері болғандықтан дене салмағын төмендетеді, қант диабеті мен семіздік қосарланған науқастарға тағайындалады. Гипогликемиялық әсерінің механизмі бауырда глюконеогенездің және глюкозаның тіндерге түсуінің тежелуіне байланысты.

1.Метформин 2.Глибенкламид 3.Акарбоза 4. Гликлазид 5. Актрапид

Тест №7.Гормондық препараттардың әсер ету механизмдері:

1. аденилатциклазаны белсендіреді, жасуша ішінде цАМФ мөлшерін арттырады

2. цАМФ-те интрацеллюлярлы үдерістерге қатысатын протеинкиназаларды ынталандырады 3. жасуша мембранасының басқа эндогенді заттарға өткізгіштігін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша арқылы енуі) 4. цитоплазмалық рецепторлармен өзара әсерлесіп, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді 5. кальций ионының жасуша ішіне енуін тежейді

Тест№8. Инсулин препараттарына жатады:

1.актрапид НМ 2.хумулин - регуляр ЧИ 3. протафанЧИ 4. глимепирид 5.ультратард ЧИ

6. глибенкламид 7.акарбоза

Тест №9.Глюкагонға тән:

1. ұйқы безінің альфа-жасушаларымен өндіріледі. 2. қант диабетін емдеу үшін қолданылады 3. көмірсу алмасуына әсер етеді, гипергликемия тудырады 4. бауырда гликогенолиз, гликонеогенезді ынталандырады 5. оң инотропты әсер көрсетеді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді 6.микседеманы емдеу үшін қолданылады

Тест№10. Заттардың тобын анықтау. Зат алмасуына айқын және жан-жақты әсер көрсетеді: көмірсу алмасуына – глюконеогенезді жоғарылатады, гипергликемия, глюкозурия тудырады; белок алмасуына – теріс азоттық балансты дамытады, регенерациялық үдерістерді баяулатады, жасушалық пролиферация тежеледі, балаларда тіндердің қалыптасуы бұзылады, өсуі баяулайды; май алмасуына – майдың қайта таралуы жүреді; су-тұз алмасуына – натрий ионы мен суды ұстап қалады, калий ионының секрециясын арттырады, кальций ионының сүйектен шығуына ықпал етеді және оның бүйрек арқылы экскрециялануын күшейтеді, остеопороз дамуы мүмкін.

1. қант диабетінде орын басушы ем үшін қолданылатын заттар 2. синтетикалық гипогликемиялық заттар 3. глюкокортикоидтар 4. глюкагон 5. минералокортикоидтар

«Эндокриндік жүйе» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқау

№1 сабақ

1.Тақырыбы: Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттар. Балалардағы қолдану ерешеліктері

2.Мақсаты. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері бойынша білім қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасын әсер ету механизмі және негізгі фармакологимялық әсерлері бойынша білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері бойынша білімді қалыптастыру.

3. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетулерін анықтау, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу бойынша білімді қалыптастыру.

4. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын заттардың дәрілік қалыптарын, олардың енгізу жолдарын таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалқанша безі гормондарының зат алмасуға әсері.

2. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.

3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар. Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары, алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

4. Гипертиреоз синдромында қолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

Бағдарлама бойынша препараттар:L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, калий йодиді

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии \ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

8.Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1.Амин қышқылдарының туындыларына жататын гормондар:

1. эпифиз гормоны 2. гипоталамус және гипофиз гормондары 3. қалқанша маңы безі гормоны

4. қалқанша безінің тиреоидты гормондары 5. бүйрекүсті безінің гормондары

Тест №2.Тиреоидты гормондардың синтезін реттейтін гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормоны:

1. тиреотропты гормон 2. инсулин 3. мерказолил 4. тироксин 5. соматотропты гормон

Тест №3.Қалқанша безінің гипофункциясында қолданылады:

1. трийодтиронин гидрохлориді 2. калий перхлораты 3. мерказолил 4. йод препараттары

5. L - тироксин

Тест №4. Заттардың тобын анықтау: тіндердің дифференцациясына, сүйектердің энхондралді өсуіне, сурфактант синтезіне, қаңқаның қалыптасуына және жүйке тінінің дамуына ықпал етеді. Негізгі алмасуды және тіндердің реактивтілігін олардың катехоламиндерге реакциясын жоғарылата отырып арттырады, тіндік тыныс алуға, терморегуляцияға қатысады.

1. гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары 2. қалқанша безінің құрамында йод бар гормондары 3.антитиреоидты заттар 4. кальцитонин 5.гипогликемияда қолданылатын заттар

Тест №5. Мерказолилдің әсер ету механизмі:

1. аденилатциклазаны белсендіреді, жасуша ішінде цАМФ мөлшерін арттырады

2. цАМФ-те интрацеллюлярлы үдерістерге қатысатын протеинкиназаларды ынталандырады

3. жасуша мембранасының басқа эндогенді заттарға өткізгіштігін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша ішіне енуіне ықпал етеді) 4. қалқанша безінде тиреоидты гормондардың синтезін тікелей тежейді 5. цитоплазмалық рецепторлармен өзара әсерлесіп, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді

Тест №6. Трийодтиронин гидрохлоридіне тән:

1. тиреоидты гормонның синтетикалық аналогы 2. тироксиннен айрмашылығы – әсері тез басталады және әсер ету ұзақтығы қысқа 3.тироксинге қарағанда зат алмасу үдерісіне 3-5 есе күшті әсер етеді 4. орын басушы ем үшін тиімді 5.негізінен ТТГ босап шығуын қысқа уақыт тежеу үшін, сондай ақ, Т3 гормонын супрессиялау үшін диагностикалық мақсатта қолданылады

Тест №7.Қалқанша безінің тиреоидты гормондарына және олардың препараттарына жатады:

1. тироксин 2. тиреокомб 3. трийодтиронин гидрохлориді 4. мерказолил 5. тиреотом

Тест №8.Мерказолилдің жанама әсерлеріне жатады:

1. лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия 2.зобогенді әсер 3. йодизм симптомдары

4. холестаздық сарғыштану, гепатит, нефрит 5. уртикарлы бөртпе, васкулит, артралгия

Тест №9.Қалқанша безінің гипофункциясында қолданылады:

1. трийодтиронин гидрохлориді 2.тиреокомб 3. L-тироксин 4. мерказолил 5. тиреотом

Тест №10. Препаратты анықтау. Тирозиннің йодталуын және әрі қарай монойодтирозиннің конденсациялануын бұзу арқылы тиреоидты гормондардың синтезін тежейді. Жанама әсерлері: лейко-, тромбоцитопения, теріде бөртпелер, құсу, лоқсу, бауыр қызметінің бұзылуы.

1.тироксин 2. калий перхлораты 3. мерказолил 4. трийодтиронин гидрохлориді 5.преднизолон 6.тиреокомб 7.актрапид

№2 сабақ

1. Тақырыбы: «Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау

2.Мақсаты: гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:.

Когнитивті компетенция

1. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін білу.

2. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін және оларды дер кезінде түзету шараларын білу.

3. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында эндокриндік жүйе қызметіне әсер ететін заттарды таңдай білу бойынша білімді қалыптастыру.

4. Гипо- және гипертиреозда, гипо- және гипергликемияда, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1.Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2.СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 5 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Бөлім бойынша тапсырмалар:

1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері. Гормондық терапияның принциптері.

2. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.

3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар. Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары, алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

4. Гипертиреоз синдромында қолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

5. Гипергликемияда, гипогликемияда синдромы туралы түсінік.

6. Инсулиннің және глюкагонның зат алмасуға әсері.

7. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Инсулиннің алыну көздері мен алу жолдары. Инсулиннің тазартылған препараттары (монопикті және монокомпонентті) қысқа және әсері ұзақ (ұзақтығы орташа және ұзақ) препараттары, олардың әсердің басталуы мен әсердің шыңы бойынша салыстырмалы сипаттамасы. Қантты диабетті емдеу үшін инсулинді дозалау принципі. Асқынулары, көмек шаралары.

8. Синтетикалық гипогликемиялық заттар сульфонилмочевинаның туындылары және бигуанидтер, глинидтер, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

9. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын заттар (пиоглитазон, розиглитазон).

10. Аш ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін заттар (a-гликозидазаның ингибиторлары).

11. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза), әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

12. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмі, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы мен жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшелігі.

13. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуі.

14. Семіруде қолданылатын препараттардың фармакодинамика мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, салыстырмалы сипаттамасы.

15. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың мүмкін болатын жанама әсерлері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

Бағдарламалық препараттар: актрапид, хумулин-регуляр, протафан, хумалог, хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, глибомет, акарбоза, пиоглитазон, розиглитазон, натеглинид, рапеглинид, глюкагон, глюкоза, адреналин гидрохлориді, L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, калий йодиді, дезоксикортикостерон ацетаты, фторгидрокортизон ацетаты, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, сибутрамин, олестра, орлистат

Рецепт жазуға арналған препараттар:L-тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, мерказолил, актрапид НМ, глибенкламид, метформин, глюкоза, преднизолон

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Наши рекомендации