Dermacentor Ixodes- Жайылым кенесі
Акариформдық кенелер.Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады.
Қамба кенесі.Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелерқұстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі.
Алма кенесі - тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады. Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
Қансорғыш кенелер (Ixodіdae) – өрмекшітәрізділер класы, кенелер отрядына жататын тұқымдас. Жер шарында кең тараған мыңға жуық түрі белгілі (соның ішінде ең үлкен маңызы бар топ – Ixodes туысы). Қансорғыш кенелер – ең ірі кене, әсіресе, қанға тойып алғанда дене тұрқы үлкейіп 10 – 15 мм-ге, кейбіреулері 20 мм-ге дейін жетеді, аш кезінде 3 – 5 мм. Буынаяқтылардан айырмашылығы – денесі бас, көкірек және құрсақ болып буындарға бөлінбеген. Қансорғыш кенелер аналығының дене тұрқы аталығынан үлкен. Бұлар негізінен ашық далалық аймақтарда, мал жайылатын жерлерде тіршілік етеді. Ересек қансорғыш кенелер ірі жануарлардың (тұяқтылар, жыртқыштар) қанын, ал дернәсілдері – кеміргіштердің, жәндікқоректілердің, ұсақ жыртқыштардың, құстардың қанын сорады. Қансорғыш кенелер аштыққа өте шыдамды, әдетте, бірнеше айға, кейде тіпті 2 жылға дейін шыдайды. Қансорғыш кенелер жылына бір рет көбейеді. Өсімталдығы өте жоғары. Аналығы бір рет жұмыртқа (15 – 18 мыңдай) салады да, өзі өліп қалады. Қансорғыш кенелер – сарып, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, оба, гемоспоридиоз, т.б. ауруларды таратушылар. Олар ауру қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, жәндікқоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда жұқтырады. Бұдан адам және мал көп зиян шегеді. Мысалы, Қансорғыш кенелер шаққан малдың салмағы төмендеп, сүт беруі азаяды. Қансорғыш кенелердің ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және Ixodes rіcіnus – кене энцефалиті ауруын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда және құстарда кездеседі. Ал Dermacentor pіctus және Hyalomma – туляремия, қырым геморрагиялық қызбасының таратушылары