ТуберкулездіҢ алдын алу
СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI бар
Спецификалық:
- вакцина және БЦЖ ревакцинациясы
Спецификалық емес:
- салауатты өмір салты;
- тиімді тамақтану;
- дене шынықтыру белсенділігі;
- зиянды әдеттерден бас тарту
1) Жедел респираторлы вирусты инфекцияларды көрсет:
А) Тұмау, желшешек
В) Аденовирус, РС вирус,риновирус
С) Мононуклеазды инфекция, қызылша
Д) Цитомегаловирусты инфекция, қызмы
Е) Эпидемиялық паротит, парагрипп
2) Герпес инфекцияларды көрсет:
А) Аденовирус, РС вирус,риновирус
В) Тұмау, қызамық
С) РС вирус, риовирус
Д) мононуклеазды инфекция, цитомегаловирусты инфекция
3) Тұмау инфекциясының бірінші пандемия ресми түрде қай жылы тіркелген?
A) 1580 ж.
B) 1575 ж.
C) 1570 ж.
Д) 1585 ж.
Е) 1590 ж.
4) Тұмау инфекциясының екінші пандемия түрі қай жылы тіркеген?
A) 1943-1951 ж.
B) 1944-1949 ж.
C) 1945-1950 ж.
Д) 1946-1951 ж.
Е) 1947-1952 ж.
5) Тұмау инфекциясының үшінші пандемия түрі қай жылы тіркелген?
A) 1957-1958 ж.
B) 1937-1958 ж.
C) 1947-1955 ж.
Д) 1955-1958 ж.
Е) 1950-1958 ж.
6) Тұмаудың төртінші пандемия түрі қай жылы тіркелген?
A) 1967 ж.
B) 1966 ж.
C) 1965 ж.
Д) 1964 ж.
Е) 1968 ж.
7) 1933 жылы вирустың А түрін кім тапты?
A) Смит, Эндрюс, Лейдлоу
B) Смит, Френсис
C) Френсис, Меджилл
Д) Тэйлор, Френсис, Меджилл
Е) Лейдлоу, Тэйлор
8) Эпидемил кезінде В түрімен халықтың неше пайызы ауырады?
A) 3-5%
B) 4-8%
C) 3-11%
Д) 9-14%
Е) 5-8%
9) Тұмау вирустары ауада неше сағатқа дейін сақталады?
A) 5 сағ
B) 3 сағ
C) 4 сағ
Д) 6 сағ
Е) 7 сағ
10) Тұмауды алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын препараттарды көрсет.
A) Тамифлю, амантадин, оксолин майы
B) Баралгин, ледокаин
C) Новокоин, конкор
Д) Верошпирон, магний сульфаты
Е) Капотен, диазепам, кренон
11) Ошақты эпидемиологиялық тексерудің мақсаты қандай?
A) Емханаларды басқа аймаққа көшіру
*) Инфекция көзін анықтау,қатынасқан адамдарды анықтау, және алдын алу шараларын
ұйымдастыру
C) Инфекцияны тарату
Д) Науқастармен қарым-қатынасты үзу
Е) дезинфекциялау
12) Егер бала бақшада бір топта 3-5 ауру тіркелсе сол топқа карантин неше күнге беріледі?
A) 8
B) 9
C) 11
Д 13
Е) 14
13) Парагрипп қыздырғышын көрсетіңіз:
A) РНК-лы вирус
B) ДНК-лы вирус
C) РНК-лы Keoviridea
Д) Corynebacterium diptheriea қоздырғышы
Е) Polinosa morbillivirus
14) ХХ ғасырдың 20 жылдары белсенді иммунизация ретінде дифтерияға анатоксин егуді кім ұсынған?
А) Бретонно
В) Смит
C) Рамон
Д) Эндрюс
Е) Тэйлор
15) Қызылша ауруын араб ғалымы Разес қай ғасырда зерттейді?
А) II ғ
В) V ғ
C) VI ғ
Д) IV ғ
Е) XI ғ
16) Қызылшаның қоздырғышын көрсетіңіз:
А) Corynebacterium diptheriae қоздырғышы
В) Polinosa morbillivirius
C) ДНК-лы аденовирус
Д) РНК-лы тогавирус
Е) РНК-лы Keoviridae
17) Қызылшаның қоздырғышы адам ағзасына түсу жолын көрсетіңіз:
А) Тыныс алу жүйесінің шырышты қабаттары арқылы
В) Тері жамылғысы арқылы
C) Жыныс жолдары арқылы
18) Қызамықтың қоздырғышын көрсетіңіз:
А)
В)
C)
Д)
Е)
19) Қызамыққа қарсы ваксына қанша айда енгізіледі?
А) 12-13
В) 11-14
C) 9-15
Д) 12-15
Е) 13-14
20) Паротитті инфекцияны ашқан ғалым
А) Тэйлор
В) Смит
C) Рамон
Д) Бретонно
Е) Джонсон және Гудпачер
Тарау
Тақырыбы: Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары
Трансмиссивті механизіммен берілетін аурулар алғашқыда біріншілік локализацияланатын ,екіншілік қан айналым құрамына енетін қоздырғыштарды тудырады.Олардың құрамына антропоноздар(Брилла-Цинссер ауруы,Қайтымды эпидемиялық тиф,малярия ж/е т.б),зооноздар(Туляремия,оба,кене энцефалиті,Денге қызбасы,гемморагиялық қызбалар,Марбург қызбасы т.б)жатады.Қоздырғыштың тасымалдаушы ағзасынан сау ағзаға берілуі қан сорғыш кеміргіштер (кене,бит,бүрге),вирустар,риккетсиялар,спирохеталар арқылы жүреді.Жабайы ауылшаруашылық және уй жануарлары қоздырғыштардың инфекция көзі және таратушысы болады,адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты.Эпидемиялық процестің белсенділігі мен маусымдық көтерілуі тасымалдайтын жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен жүреді.Трансмиссивті инфекциялардың қатарында біздің елімізде кездеспейтін,басқа жерлерден әкелінетін жұқпалы ауруларда бар.Олар: Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары.
Қан инфекциялары қоздырғышына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
· Вирусты геморрагиялық қызбалар-Қырым-Конго,Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары
· Вирусты энцефалиттер-кене энцефалиті,жапон энцефалиті т.б
· Риккетсиоздар-Бөртпе сүзегі,Қу қызбасы,Цуцугамуни қызбасы
· Боррелиоздар-қайталамалы бит сүзегі,Азия қайталамалы кене сүзегі
· Бактериоздар-Оба,Туляремия
Инфекция көзіне байланысты:
· Антропонозды инфекциялар-бөртпе сүзегі,безгек,Эбола қызбасы
· Зоонозды инфекциялар-оба,туляремия,кене энцефалиті
АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫ
АИТВ-инфекциясы –түрлі механизмдермен берілетін,созылмалы түрде өтетін,антропонозды,вирусты инфекциялық ауру.Вирустар адамның иммундық жүйесін зақымдап,ағзаның қорғаныс қабілетін нашарлатады,оппортунистік инфекциялардың қосылу әсерінен өкпенің қабынуы,мидың зақымдалуы,қатерлі ісік аурулары дамиды.Бұл ауру жөнінде алғашқы мәліметтер АҚШ басылымдарында 1979 жылдан бері жарық көре бастады.АИТВ-вирусын 1983 ж француз ғалымы,вирусолог Л.Монтанье және 1984 ж американдық ғалым Р.Галло ашқан.
Қоздырғышы-Retroviridae туыстығына жататын РНҚ лы вирустаар,3000 жуық серологиялық варианттары табылған.Тұмау вирустарымен салыстырғанда АИТВ вирустары 100 есе өзгергіш,сондықтан тиімді вакцина табу өте қиын.АИТВ вирустарының I,II,III типтері бар.Қазіргі пандемияның қоздырғышы I типтегі вирустар, II тип көбіне Батыс және Орталық Африка елдерінде жиі таралады.
Құрылысы-дөңгелек тәрізді,көлемі 100-140 нм вирион,орталық және сыртқы қабаттан құралады.Нуклеокапсидте 2 жіпшелі РНҚ және ревертаза түрінде вирустың геномы орналасады,сыртында 2 қабатты ақуызды қабығы бар.
АИТВ геномы 3 негізгі гендерден құралады:
-gag
-env
-pol
Клиникалық көріністері: жайылған лимфоаденопатия,жоғары температура,созылмалы диарея,салмақтың азаюы,ұзақ уақыт жөтелу,әлсіздік,терлегіштік,бөртпе,қышыма,орталық нерв жүйесінің зақымдалуы,түрлі бактериальдық ,вирустық инфекциялардың қосылуы.