Аллергология» блогі бойынша. 4 страница
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
*+адамның қалыпты иммуноглобулині
* рекомбинатты интерлейкин-1
* рекомбинатты интерлейкин-2
* рекомбинатты альфа-интерферон
! 6 жастағы балада 3 ай бұрын жұтқыншақ папиломасы бойынша операция жасалған. Қайтадан тамағында ауру сезімі және дауыс қарлығуы пайда болды, ЛОР-қарауы кезінде – паполома рецидиві. Аталған жағдайда қандай рецидивке қарсы терапия көрсетілген?
* 3 курс ликопид
* 3 курс ацикловир
* 3 курс циклоферон
*+3 курс инозин пранобекс
* 6 айлық рибомунил курсы
! 36 жастағы әйел асқынуы жылына 6-7 рет болатын қайталамалы герпеспен ауырады, ол кезде ацикловир қолданады. 1 курс циклоферон алған, әсері болмаған – герпестің келесі рецидиві ем курсынан 2 аптадан кейін қайталанады. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай емдеу тактикасын жүргізу керек?
* 2-3 курс деринат
* герпеске қарсы емдік егу курсы
* келесі рецидивке дейін ганцикловир курстармен
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
*+иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау
! 28 жастағы науқас ауыр ағымды гриппен ауырады (грипп эпидемиясы кезінде) инфекциялық-токсикалық шокпен және екі жақты пневмониямен асқынған. Температура 40 °С. Қанда: лейкопения, таяқша-ядролық жылжу, нейтрофилердің токсикалық дәнденуі (зернистость), ЭТЖ 32 мм/сағ. Осельтамивирмен және кең спектрлі антибиотиктермен терапия басталды. Өмірлік көрсеткіштер бойынша иммунотерапия өткізу керек. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай препаратты тағайындау керек?
* арбидол
* деринат
* циклоферон
* интерферон (виферон шамдар)
*+рекомбинантты ИЛ-2
! Науқас 43 жаста ревматоидты артритпен метотрексат Пациентка 43 лет с ревматоидным артритом метотрексат 7,5 мг/аптасына және преднизолон 10мг/тәулігіне алады. Төменде аталғандардың ішінде инфекциялық асқынулар қаупін төмендету үшін жыл сайын не жүргізілу керек?
* ЖРВИ маусымы алдында инозин пранобекс курсы
* ЖРВИ маусымы алдында интерферон курсы
* пневмококкты вакцинамен егу
* әр күз сайын экстенциллин курсы
*+грипке қарсы егу
! 48 жастағы науқас Бехчет ауруымен преднизолонның сүймелдеуші дозасын 15мг/тәулік алады. Пневмония даму қаупін төмендету үшін төменде аталғандардың ішінде науқасқа не жүргізу керек?
* жылына 2 рет микостатик курсы
* жылына 2 рет кең спектрлі әсері бар антибиотиктер курсы
* ЖРВИ маусымы алдында интерферон курсы
*+5 жылда 1 рет пневмококкты вакцинамен егу
* вирусқа қарсы препараттармен превентивті курс
! Науқас 14 жаста жүйелі қызыл жегі бойынша преднизолон алады. Анасы қызында жатыр мойны ісігі даму қаупі жоғары болуы мүмкін деп мазасызданады. Науқасқа қандай алдын алу шараларын ұсынуға болады?
* еківалентті ВПЧ-вакцинасын егу
*+төртвалентті ВПЧ-вакцинасын егу
* РАР-тест жылына 1 реттен кем емес
* гинекологта үнемі қаралып тұру
* ВПЧ-ға ПЦР жыл сайын өткізу
! Анкилоздаушы спондилоартритпен ауыратын 38 жастағы науқас ФНО-ға моноклональды антиденелермен терапия курсын алу керек. Бірақ биологиялық терапия өткізу алдында инфекциялық асқынулар қаупін төмендету үшін шаралар жүргізу қажет.
Қандай шара міндетті түрде жүргізілу қажет?
* кең спектрлі антибиотиктер курсы
* вирусқа қарсы препарат курсы
* туберкулостатиктер курсы
*+грипке қарсы егу
* Herpes zoster қарсы егу
! 32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған.
Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек?
* HLA-B27 анықтау керек
* ИФА Cl. Trachomatis-ке
* РПГА Y. Enterocolitica-ға
* ИФА Campylobacter jejuni-ге
*+АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг
!Әйел 22 жаста (босанудан кейін 20-шы күн) дене температурасының 39°С дейін жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі, жыныс жолдарынан бөлінділоер мазалайды. Айқын ентігу, терілік геморрагиялар пайда болды, жүрек ұшында систолалық шу, ЖЖЖ 110 минутына, диурез – 100 мл/тәулігіне. Қанда: протромбинді индекс – 55%, креатинин және билирубин деңгейі жоғарылаған; лейкоцитоз, таяқша-ядролық жылжу, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Меропонеммен терапия басталды. Қандай емдеу тактикасы дұрыс?
* емге левофлоксацинді қосу
* гемосорбцияны қосымша тағайындау
* қанды ультрадыбысты сәулелендіруді жүргізу
*+рекомбинатты ИЛ-2 иммунокоррекция тағайындау
* MARS-терапия (жасанды бауыр) сеансын жүргізу
! Науқас 32 жаста ауыр сепсиспен тиенам, инфузиялық терапия, антистафилакоккты иммуноглобулин алып жатыр. Жүргізілген терапиға қарамастан жағдайы нашарлауда: температура 35,8°С төмендеген, лейкопения, нейтрофилдердің токсикалық дәнденуі (зернистость), анемия, ЭТЖ – 42 мм/сағ. Тәуліктік диурез – 100 мл.
Дәлелді медицинаға сүйене отырып өмірлік көрсеткіштерге байланысты төменде аталғандар ішінен қай препаратты қолдану керек?
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
* интерлейкин- 1 рецепторының рекомбинантты антагонисті
* адамның қалыпты иммуноглобулині
* рекомбинантты альфа-интерферон
*+рекомбинантты интерлейкин-1
!47 жасар әйел адам балалық шағынан бронх демікпесімен ауырады. Соңғы бір жылда жөтел, қиын бөлінетін қақырық күшейді, таралған тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі уақыттағы тыныс алу қиындауы аптасына 1 реттен қайталанады. Қарап тексергенде кеуде торы эмфизематозды, қораптық перкуторлық дыбыс, бәсең везикулярлы тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 74% құрады. Сальбутамол тағайындалды.
Төменде көрсетілген препараттардан қайсысын емге қосқан барынша тиімді?
* амбробене
* теофиллин
* преднизолон
* натрий недокромилы
*+беклометазон дипропионаты
! 16 жасар бойжеткен 5 күннен бері мазалайтын жөтел ұстамаларына, мұрыннан сұйықтық ағуына, түшкіруге шағымданады. 5 күні госпитализацияланды, амоксициллин тағайындалды. 3 күннен соң жағдайы нашарлады: жөтел күшейді, дистантты сырылдар, дем шығарудың қиындауымен ентігу пайда болды. Об-ті: ЖЖЖ-78 соғу/мин, t-36,6°С, дем шығарғанда көптеген жайылған құрғақ сырылдар. Спирография: ТШК1=65%; ТШК50=55%; ТШК75=45%; сальбутамолмен сынамадан кейін барлық көрсеткіштер қалпына келді.
Қандай диагноз ең мүмкін?
* ЖРВИ, обструктивті бронхит
* Жедел аллергиялық альвеолит
* Бронх демікпесі, аллергиялық, жеңіл ағымды
*+Бронх демікпесі, аллергиялық, орташа ағымды
* Демікпелік компонентпен ауруханадан тыс пневмония
! 32 жасар ер адам аптасына 2-3 рет болатын тұншығу ұстамаларыны, аптасына 2-3 рет тыныс қиындауынан түнде оянуына шағымданады. Спирография: ТШК1=70%; ТШК50=60%; ТШК75=55%; сальбутамолмен сынамадан кейін барлық көрсеткіштер қалпына келді.
Қандай препаратты тағайындаған ең тиімді?
* Натрий кромогликаты
* Триамцинолон
* Преднизолон
*+Будесонид
* Эуфиллин
! 30 жасар әйел адам сальбутамолмен басылмайтын айқын экспираторлы ентігумен жедел жағдайда жеткізілді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген препараттардан қайсысын тағайындаған барынша тиімді?
* Натрий кромогликаты
* Триамцинолон
*+Преднизолон
* Будесонид
* Эуфиллин
! Орташа ағымды бронх демікпесі бар ер адамда беклометазон дипропионатымен (400 мкг/тәул) бірге сальметерол алып жүрген емде 2 апта бойы түнгі белгілер болмады, физикалық жүктемеден кейін 2 рет ентігу эпизоды болды. Пикфлоуметрия: тәуліктік ауытқулар 450 мл- ден 500 мл дейін.
Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең тиімді?
*+Беклометазон дипропионаты дозасын 300 мкг/тәул дейін төмендету
* Сальметеролды пролонгирленген теофиллинмен ауыстыру
* Беклометозон дипропионатын тайледпен ауыстыру
* Сальметеролдың тәуліктік дозасын төмендету
* Сальметеролды беродуалмен ауыстыру
! 50 жасар әйел адам бронхолитик ингаляциясымен басылмайтын айқын экспираторлы ентігумен жедел жағдайда жеткізілді. 5 жыл бойы преднизолон 10 мг/тәул қабылдайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.
Көк тамырға тағайындалған сальметеролға қосымша метилпреднизолонды қандай мөлшерде тағайындаған дұрыс?
* 10 мг
* 20 мг
* 30 мг
*+120 мг
* 500 мг
! 49 жасар ер адам түнгі уақыттағы дем шығарудың ұзаруымен тұншығу ұстамаларына, алыстан естілетін ысқырықты демге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс патологиялық шуларсыз. Тыныс алу жиілігі - 19 рет/мин. Бронхоскопияда жоғары тыныс алу жолдары шырышты қабатының ісінуі мен қызаруы. ЭФГДС: өңештің төмеңгі үштен бір бөлігі гиперемияланған, қосылған эрозиялар. Бронх тарылуының ең мүмкін себебі не?
* Паразитоз
* Жүректік демікпе
* Бронхиалды демікпе
* Трахеобронхиалды дискинезия
*+Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру
! 22 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын ентігумен жеткізілді. Объективті: қозулы, дене температурасы 36,7°С, ЖЖЖ – 120 соғу/мин., ТАЖ – 24/мин. Аускультацияда: тынысы шұғыл бәсеңдеген, жекелеген құрғақ сырылдар. Анамнезінен: тәулік ішінде беротектің 10 ингаляциясын алған, тиімсіз. Жедел жәрдем дәрігері т/і 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін енгізді. Жедел көмектің келесі қадамы қандай болуы керек?
* Симпатомиметиктер дозасын жоғарылату
* Регидратация
*+Кортикостероидтар қолдану
* Эуфиллин дозасын жоғарылату
* Өкпенің жасанды желдетілуі
! 34 жасар ер адам күнделікті тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет болатын түнгі тұншығу ұстмаларына шағымданады. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 64%, тәуліктік ауытқушылық– 38%. Төменде көрсетілгендердің қайсысын базисті терпияның препараты ретінде қолданған ең дұрыс ?
* Преднизолон
* Сальбутамол
*+Флунисолид
* Теофиллин
* Амбробене
! 35 жасар әйел адам күндізгі уақытта 10-12 ретке дейін, түнде 6-8 ретке дейін қайталанатын тұншығу ұстамаларына шағымдарымен келіп түсті. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы 45%, тәуліктік ауытқушылық 35%. Ең мүмкін диагноз қайсысы?
* Трахеобронхиалды дискинезия
* Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
*+Ауыр ағымды бронх демікпесі
* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
* Ауыр ағымды өкпенің созылмалы бронхообструктивті ауруы
! 50 жастағы ер адам тыныс жетіспеу сезіміне және тыныс алудың қиындауына шағымданып келді. Об-ті: қорқыныш сезімі бар, сөйлеу қиындаған, қалпы мәжбүрлі, бозарған, ТАЖ 22 минутына, бұғана үсті ойығы тегістелген, қкпесінде – тыныс алу әлсірген, тыныс шығару ұзарған, құрғақ сырылдар, тыныс алу және тыныс шығару кезінде систолалық АҚ өзгерісі анықталады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы болуы мүмкін?
* Өкпе ісінуі
*+Астматикалық статус
* Спонтанды пневмоторакс
* Өкпе артериясының тромбэмболиясы
* Жедел аллергиялық альвеолит
! Ер адам 26 жаста, ентігу және құрғақ ұстама тірізді жөтелмен бірге жүретін тыныс алудың қиындау ұстамалары анықталады; тамыз айында 6 жыл бойы риноконъюнктивит белгілері байқалады. Анамнезінде – атопиялық дерматит, жусанға және үй шаңына тозаңды аллергия анықталды. Науқастың анасы поллинозбен ауырады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы патология жоқ. Жалпы IgE – 170 МЕ/мл. Спирография – ӨТС – 93%. ОФВ1 – 85%, Тифно коэффициенті – 82% қалыпты көрсеткіштен. Бронхиальды обструкция вариабельділігі (пикфлоуметрия бойынша) – 15%.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Бронхиальды демікпе, инфекционды-аллергиялық, орташа ауырлықты ағым
* Бронхиальды демікпе, неатопиялық түрі, жеңіл интермиттирлеуші ағым
* Бронхиальды демікпенің аспиринді түрі, ауыр персистирлеуші ағым
* Бронхиальды демікпенің аутоиммунды түрі, жеңіл персистирлеуші ағым
*+Тозаңды (сенная) демікпе, жеңіл интермиттирлеуші ағым
! 38 жастағы әйел қиын бөлінетін қою шырышты қақырық бөлінетін жөтелге, тыныс алудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамаларына, ентігуге шағымданып түсті. Тоқымашы болып жұмыс істейді, жүнмен контакт бар. Аллергоанамнез қиындаған. Қарап тексеруде: тері беткейі бозарған, өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс, аускультацияда – өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 96 минутына. Қақырықта: эозинофилдер 40-60 к/а, Куршман спиральдары – 2-3, Шарко-Лейден кристалдары – 5-7 препаратта; БК табылған жоқ.
Төменде аталғандардың ішінде қай диагноз дұрыс болады?
* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхты түрі
* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, эмфизаматозды түрі
* Бронхиальды демікпе, инфекционды-аллергиялық түрі
* Созылмалы обструктивті бронхит, асқыну. Өкпе эмфиземасы
*+Бронхиальды аллергиялық демікпе, ұстамалы кезең
! ОРИТ бөліміне 43 жастағы ер адам ауыр жағдайда түседі. Объективті: есі тежелген, айқын цианоз, суық тер, жиі беткей тыныс, тахикардия, АҚ 80/50. Өкпенің ортаңғы бөліктерінде - көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, төменгі бөліктерінде – тыныс әлсіреген. Экспираторлы ентігу ұстамасымен 3 жыл бойы ауырады. Осы жағдайының нашарлауы ЖРВИ кейін, бир апта ішінде тұншығу ұстамасы жиіледі, соңғы ұстаманың ұзақтығы 8 сағат.
Науқаста қандай асқыну даму мүмкіндігі жоғары?
* Беттолепсия
* Пневмоторакс
* Пневмомедиастинум
* Астматикалық статус, ΙΙΙ стадия
*+Астматикалық статус, ΙΙ стадия
! Клиникаға ұзақ жыл бойы бронхиальды демікпемен ауыратын 45 жастағы әйел ауыр жағдайда түсті. Қарап тексеруде: қозулы, ауа жетіспеу сезімі, диффузды «көк» цианоз. Кеуде қуысы үлкейген, тыныс экскурсиясы кенет төмендеген, өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс жеткізілмейді. ТАЖ 30 ретминутына, ЖЖЖ – 120 рет минутына. ОФВ1 қалыптыдан 20% төмендеген. Науқаста қандай асқыну дамыған?
* Беттолепсия
* Пневмоторакс
* Пневмомедиастинум
*+Астматикалық статус, ΙΙΙ стадия
* Астматикалық статус, ΙΙ стадия
! Клиникаға 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда түсті, тұншығу ұстамасына, қою шыны тәрізді қақырық бөлінетін жөтелге шағымданады. Науқас қалпы мәжбүрлі: төсекте қолымен тіреп отырады. Кеуде қуысы эмфизематозды. ТАЖ – 30 рет минутына, тыныс шығару кенет қиындаған. Диффузды цианоз, мойын венасының ісінуі байқалады.
Диспноэның себебі болуы мүмкін?
* Өкпенің тыныс алу беткейінің төмендеуі (бөліктік қабынулық тығыздануы)
* Жоғарғы тыныс алу жолдарында (көмей) механикалық бөгеттік болуы
* Трахея және ірі бронх аймағында механикалық бөгеттің болуы
* Эмфизема нәтижесінде өкпе эластикалығының төмендеуі
*+Майда бронхтардың спазмы
! 32 жастағы әйел емге көнбейтін экспираторлы тұншығумен түсті. Ұстамалар 15 жыл бойы мазалайды. Апта бойы қалтырау, жасыл түсті қақырық бөлінетін жөтел, тұншығу ұстамаларының жиілеуі пайда болған, эуфиллин және сальбутамол ингаляциясын қабылдаған. Об-ті: қобалжулы, қатты терлеу, диффузды цианоз. ТАЖ 30 рет минутына, тыныс алу беткей қосымша бұлшықет қатысуымен. Кеуде қуысы бочка тәрізді, тыныс алуы кенет әлсіреген, сырылдар жоқ. ЖЖЖ 130рет минутына. Температура 38°С. Қанда – нейтрофильді лейкоцитоз. Терапияның бірінші кезеңінде қандай препарат тағайындаған дұрыс?
*+Недокромил натрий
* Беродуал
* Ампициллин
* Метилпреднизолон
* Беклометазондипропионат
! 34 жастағы әйел бронхиальды демікпе бойынша базисті терапия алып жатыр: беклометазон дипропианат 400 мкг/тәулігіне, ұзартылған теофиллин. Жүргізіліп жатқан терапияға қарамастан науқаста тұншығу ұстамалары күніне 3 ретке дейін сақталуда. Қандай емдеу тактикасы дұрыс болып табылады?
* Беклометазон мөлшерін жоғарылату
*+Сальметерол қосу
* Будесонид тағайындау
* Преднизолон per os
* Лоратадин тағайындау
! 27 жастағы ер адам, маляр, тыныс алу ұиындау ұстамаларына шағымданып түсті. Аллергия пенициллинге. Жағдайының нашарлауы ЖРВИ-ден кейін, қою қиын бөлінетін қақырық бөлінумен жүретін жөтел, дистанционды ысқырықты сырылдар пайда болған. Өкпеде – қораптық дыбыс, тыныс кенет әлсіреген, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар анықталады. ТАЖ 24 рет минутына. Қақырықта: Куршман спиральдары, Шарко-Лейден кристалдары – препаратта бір-екі. Өкпенің R – граммасы: ошақты және инфильтративті өзгерістер жоқ. Диафрагма куполы тегістелген, өкпе тінінің ауалылығы жоғарылаған. ОФВ1 – 53%; ОФВ1/ФӨТС – 82%.
Базисті терапияға қандай препарат тағайындау жұрыс?
* Сальбутамол
* Кетотифен
* Амброксол
*+Флунисолид
* Преднизолон
! 64 жасар ер адам таңертенгі сағаттардағы жөтелге, экспираторлы ентігуге шағымданадаы. Аускультативті: әлсіреген везикулярлы тыныс, қысқарған дым шығару, жайылған құрғақ сырылдар. Төменде аталғандардың ішінде көп деңгейде төмендеуі ммүкін?
* МОД
*+ОФВ1
* ӨТС
* ООЛ
* МВЛ