Зіндік жұмыс тапсырмалары

ИӨЖ мазмұны
Нефрология және диализ бөлімшелерінде Медициналық құжаттарды жүргізу  
Оқу-клиникалық орталық жағдайында жедел, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі клиникалық синдромдардың диагносткиасы және шұғыл көмек көрсету бойынша дағдыларды өтеу
Клиникалық және патолого-анатомиялық конференцияларға баяндамалар, презентациялар дайындау
Қан тобын, резус-факторды анықтау, донор мен реципиент қанының сәйкестілігіне сынаманы жасау
Консилиумдер мен консультацияларға қатысу
Кітапханаларда, интернетте жұмыс жасау
Нефрологиялық және диализдік науқастарды курациялау
Нефрология және гемодиализ бөлімшелерінде кезекшілік
Санитарлы-ағарту жұмыстарын орындау. Науқастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойыынша жұмыс жасау
Науқастарды медико-әлеуметтік сараптау
Портфолио жасау
  Барлығы 30сағат

Интерндердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптық жоспар (ИӨЖ)

Тақырыбы Өткізу формасы Сағат
Зәрді зерттеудің ескі және жаңа әдістері. Артықшылықтары мен кемшіліктері. презентация, мақала – ғылыми шолу
Гематуриялық синдромды диагностикалау алгоритмі. Нозологиясына байланысты емдеу тактикасы. Сызба  
Протеинуриямен науқасты жүргізу тактикасының алгоритмі. Сызба  
Нефропротективті ем. ҚД, СЖЖ бар науқастарға препарат таңдау. ААФи және ангиотензин II рецепторлары блокаторларының, статиндердің, альдостеронның антагонистерінің әсері. Презентация, кроссворд
Гипертониялық нефропатиямен науқастардың диагностикасы мен жүргізу алгоритмі. Схема  
МПГН, МН патогенезіндегі жаңа мәліметтер презентация, мақала – ғылыми шолу
В, С гепатиттері кезінде бүйрек зақымдалуы. Нефрологиялық науқастарда В гепатитіне қарсы вакцинопрофилактика: БСА әртүрлі сатыларымен Презентация
Контраст-индуцирленген нефропатиялар. Презентация
Бүйрек амилоидозы. Этиопатогенезі, классификациясы, клинико-зертханалық белгілері, ажырату диагностикасы, диагнозы. Бүйрек амилоидозының заманауи емдеу принциптері Презентация
ЗЖИ-ң антибактериалды емінің қағидалары. Презентация  
  Барлығы: 30 сағат

Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзіндік жұмыстары:

· ғылыми жобаны орындау, клиникалық есептер құрастыру;

· арнайы медициналық әдебиеттерді оқу;

· электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішіндк Интернет желісінде медициналық порталда жұмыс жасау;

· медициналық статистика мен есеп-қисап негіздерін оқып-үйрену;

· персоналды компьютермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстары білім беру жобасын орындау нәтижесі бойынша бағаланады:

1. «Аналитическая матрица» топтық жобасын орындау – жоба 1 семестр бойы орындалады.

2. Индивидуалды тапсырмалар – медициналық симуляция сценарийін немесе ұсынылған тақырып бойынша диагностика және емдеу алгоритмін жасау.

Пәннің саясаты: барлық жұмыс түрлерінің дамуына бағытталған, келесі бағыттарда:

- Тұтынушы мен қызығушылық танытатын жақтардың оқу сұраныстары негізінде, білім беру қызметтерінің және еңбек жәрмеңкесінің талаптарының қажеттілігінің динамикалық түрде өзгерістеріне сай жоғары білімі бар, жоғары білікті мамандар және жоғары білікті ғылыми педагогикалық мамандарды дайындау;

- әрбір жұмысшының оқуы, мотивациясы, еңбектік рейтингтік бағасы арқылы профессор оқытушылық және университеттің қосымша қызметкерлерінің біліктілігін және жігерлігін жоғарылату;

- білім беру үрдісінің оқу әдістемелік сапасын, материальді техникалық және ақпараттық қамсыздандыруды үздіксіз жақсарту;

- фундаментальді және қолданбалы зерттеулердің жаңа нәтижелерін қолдана отырып, оқытудың инновациялық технологияларын денсаулық сақтаудың басым бағыттары бойынша енгізу;

Кафедраның интернтерге қойылатын жалпы талаптары:

Тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу

1. Сабақ басталғанда әр бір интернде болуы тиіс: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, өзінің жеке маскасы, ауыстыратын аяқ-киімі.

2. Интерн дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға кешікпеуі тиіс.

  1. Қатаң тыйым салынады: 1) тәжірибелік сабаққа кешігуге; 2) ұялы телефондар, пейджер мен шу туғызатын және сабақ жүргізуге кедергі болатын аспаптарды қолдануға; 3) 3)сабақта бөтен тақырыпта сөйлесу және сабаққа қатыссыз басқа нәрсемен айналысуға; 4) басқа студенттерден тапсырманы көшіру және оны орындауда басқалардың көмегін қолдануға. Студенттен плагиат фактілері анықталған жағдайда қайтадан сол тақырыпқа альтернативті тапсырма беріледі, содан бағасы 1 балға төмендейді.

4. Интерн оқу және клиникалық үрдістерге белсене қатысуы тиіс; теорияалық материалдарды білуі, ситуациялық есептерді, тесттік тапсырмаларды шешуі тиіс, науқасты объективті зерттеу әдістерін қолдана алуы және игеруі тиіс: бүйрек пальпациясын, артериалдық қысымды өлшеу, ісіктерді анықтау және шығармашылық ізденіске белсене араласуы тиіс.

5. Бір кредитке кез келген оқыған тақырыптары бойынша ИӨЖ 2 вариантын міндетті түрде орындау. ИӨЖ материалдарын тапсыру мерзімі (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмдері, емдеу сызбалары) және ИӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес белгіленген уақытта жүзеге асады (тақырып талқыланатын күні).

6. Клиникалық базада қызметкерлер мен пациенттерге интернтердің әдепті қатынасы.

7. Топтағы конфликті жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлім мегерушісімен ашық талқылау.

Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда жасалатын айып шаралары:

· Сағаттың 30 %-нан аз көлемінде тәжірибелік сабақты жіберудің дәлелді себебі болса, интерн сабақты деканаттың рұқсатымен 3 сағат ішінде тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға жіберілген тақырып бойынша ауызша жауап беруі керек; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса интерн 0 балл алады.

· Сағаттың 30 %-нан артық көлемінде тәжірибелік сабақты жіберсе деканатқа рапорт түрінде мәлімет беріледі.

· Интерн сабақты өтегеннен кейін біріктірілген емьтханға жіберіледі.

· Егер интерн жіберілген сабақтарын өтемесе, онда ол жазғы семестрде пәнді қайталап өтеді. не

Наши рекомендации