Экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу 7 страница

*Инкретины

#999

*!40 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастан бастап 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Қандай ем керек?

*+Диетотерапия

*Электросон

*Емдеудің керегі жоқ

*Гипокситерапия

*Индуктотермия

#1000

*!35 жастағы әйел жүктіліктің 13 аптасында, әйелдер консультациясына учетқа турды. Шағымдары жоқ .Анамнезде: 25 жастантан бастап 5 темекіден күніне шегеді, шарап ішпейді. Созылмалы гастритпен, панкреатитпен ауырады. Объективті үлкен салмақты ИМТ 35.

Құрсақтағы балаға қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*Гидроцефалия

*Туа біткен аурулары

*+бауыр мен көкбауырдың үлкейуі

*бүйректер агенезиясы

*Ахондроплазия

#1001

*!34 жастағы жүкті әйел, жедел түрде қабылдау бөлмесіне түсті, есі нашар, сұрақтарға жауап бермейді.Туысқандардың айтуы бойынша бас ауруына, ыстық сезімге, қолдардың дірілдеуіне, терлеуге,аштық сезімге шағымдары болған. Анамнезінде 2 жүктілік, 1өлі туылу, 2 –үлкен салмақты нәресте.Үлкен салмақты әйел.

Қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*Кетоацидоздық кома

*+Гипогликемиялық кома

*Геморрагиялық кома

*Гиперосмолярлық кома

*Лактоцидоздық кома

#1002

*!32 жастағы әйелде, жүктілік кезінде екі рет гипергликемия байқалды, қандағы қант 15,2 ммоль/л, 14,8. Жүктілікке дейін қанттың көтерілуі байқалмаған. Бірнеше күнде терісінің құрғауына, полиурияға, шөлдеуге, тәбетінің жоғалуына, құсуына, аузынан иіс шығуына шағымданды.

Қандай асқыну пайда болуы мүмкін?

*+Кетоацидоздық кома

*Гипогликемиялық кома

*Геморрагиялық кома

*Гиперосмолярлық кома

*Лактоцидоздық кома

#1003

*!Жүктілерде НШЖИ-сын емдегенде ҚАЙ топтың антибиотиктері ұрық үшін ең қауіпсізі болып табылады?

*Уросептиктер

*Макролидтер

*Фторхинолондар

*+Цефалоспориндер

*Аминогликозидтер

#1004

*!Жүктілерде бүйректің жедел зақымдалуының дамуының қандай себептері МЕЙІЛІНШЕ жиі кездеседі?

*Реналдық

*Ареналдық

*+Пререналдық

*Постреналдық

*Кездеспейді

#1005

*!Жүктілерде несеп шығару жолдарының инфекциясына күдік туғанда жалпы несеп талдауымен қатар, міндетті түрде жасалатын ЕҢ незізгі зерттеу түрін көрсетіңіз:

*Амбурже сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Нечипоренко сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*+Флораға сезімталдығын анықтай отырып несепті бактериологиялық егу

#1006

*!25 жастағы жүкті әйел, 2 жүктілік, 24 апта. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, несебінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Несеп талдауында: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – тұтастай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран.

Мына зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші жасау керек?

*Бүйрек биопсиясы

*Цистография, бүйрек УДЗ-і

*Цистоскопия, бүйрек УДЗ-і

*+Несепті бактериологиялық егу, бүйрек УДЗ-і

* Тұрып жасалынған экскреторлық урография

#1007

*!20 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 29-30 аптасы, беліндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: температура 36,0◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды. Зертханалық талдаулар: қанда Нв 122 г/л, Ле 7,8х109 г/л; Несепте: белок – жоқ, менш.салм. 1016, эпителий 8-10 к/а, лейкоциттер бірен-саран, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 130 мл/мин. Бүйрек УДЗ: өлшемдері ОБ 11х3,5, СБ 11,5х3,9 см, оң жақтағы АТЖ көбірек кеңейген.

Бүйрек УДЗ-індегі ЕҢ тән көрсеткіштерді бағалаңыз.

*+Физиологиялық өзгерістер

*Несеп жолдарының туа біткен ақауы

*Созылмалы пиелонефриттің белгілері

*Несеп-тас ауруын білдіреді

*Жедел пиелонефритті көрсетеді

#1008

*!Егер жүкті әйелде несеп шығару жолдарының инфекциясының клиникалық белгілері жоқ, ал несебінде лейкоциттердің саны көру аймағында 7-8-ден асатын болса,

ЕҢ тиімді не істеу керек?

*Фурагин тағайындау

*Бүйрек УДЗ және урологтың кеңесі

*Экскреторлық урография жасау

*Тез арада цефтриаксон б/е

*+Несепті қайталап тексеріп, бак.себу жасау

#1009

*!23 жасар жүкті әйел. Жүктіліктің 26-28 аптасы, жедел гестациялық пиелонефрит диагнозы қойылды. Жүктілік уақытында жедел гестациялық пиелонефриттің дамуына ықпал ететін ЕҢ маңызды фактор:

*Туыт саны

*Төмендеген иммунитет

*+Уродинамиканың бұзылысы

*Жүктілік саны

*Инфекция ошақтарының болуы

#1010

*!Жүкті әйел, жүктіліктің 30 аптасы. Клиникаға температурасының 39С дейін жоғарылауымен, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Тексергенде: қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ОАМ: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтастай, бактерия +++.

Несептің жалпы талдауының ЕҢ дұрыс бағалауы?

*+Жедел гестациялық пиелонефрит, цефтриаксон б/е тағайындау керек

*Жүктіліктің үшінші триместрі үшін барлық көрсеткіштер дұрыс

*Симптомсыз бактериурия, зиннат p/os

*Жедел цистит, фосфомицин p/os

*Вульвовагинит, сыртқы жыныс мүшелерін санациялау

#1011

*!Әйел 25 жаста, жүктілік 13 апта. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++.

Қай топтың препараттарын тағайындау ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Макролидтер

*Карбапенемдер

*Сульфаниламидтер

*Аминогликозидтер

*+Цефалоспориндердің 2-3 буыны

#1012

*!Перзентхананың санбақылау бөліміне 28 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Анамнезінде босану, жатыр қабынуымен асқынған мед.түсік болған. Осы жүктіліктің ағымы қанағаттандырарлық. Қарағанда: тері қабаттары таза, бозғылт, ыстық. Т 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Несеп бөлуі ауру сезімінсіз. Несеп талдауы: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын тұтасымен алып жатыр, оксалаттар.

Қандай антибактериалды препаратты тағайындаған ЕҢ тиімді болып табылады?

*Монурал 3 г/тәул., p/os

*Сумамед 500 мг/тәул. p/os

*+Цефтриаксон 1г/тәул., венаға

*Гентамицин 80 мг/тәул., б/е

*Ципрофлоксацин 500 мг/тәул., венаға

#1013

*!Перзентханаға бірінші жүктілікпен 20 жастағы науқас жеткізілді, түскендегі шағымдары: ұйқысының бұзылуы, шөлдеу, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі. Бірнеше рет құсқан. Қарағанда: бойы 166 см, салмағы 83 кг. Терісі біршама бозғылт, беті домбыққан, алдыңғы құрсақ қабырғасы мен аяқтарында ісіну анықталады. Пульсі минутына 92 рет. АҚҚ 175/115, 180/110 мм с.б. Жүктіліктің 36-37 апта мерзіміне сай жатыры ұлғайған, пальпациялағанда тонусы жақсарады. Зерттегенде: Нв 80 г/л, Тр 134 мың, креатинин 220 мкмоль/л, ЖЗА: белок 1,65 г/л.

Бірінші кезекте ЕҢ ЖИІ қандай тактика қолданылады?

*+Шұғыл босандыру

*Препараттар санын көбейту

*Қолданылып жүрген препараттар мөлшерін көбейту

*Босану мерзімі жеткенше жүктілікті созу

*Науқасты өкпенің жасанды желдетуіне ауыстыру

#1014

*!18 жасар жүкті әйел, 10 апта, ісінулерге, несебінің түсінің өзгеруіне және несеп бөлудің сиреуіне шағымданады. Анамнезінен: осының алдында ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: балтыры аздап ісінген, тығыз, АҚ 140/80 мм с.б., макрогематурия, 1 тәулікте 600 мл несеп бөлген. Зертханалық тексеру: Қанда Нв 120 г/л, лейкоциттер 10х109 г/л, ЭТЖ 34 мм/сағ., белок 60 г/л, креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, холестерин 3,2 ммоль/л, калий 4,0, натрий 139 ммоль/л; Несепте белок 1,8 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер - тұтастай.

Қандай емдеу тактикасы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*Монотерапия преднизолонмен

*Преднизолон мен гепарин

*Дезинтоксикациялық ем, плазма

*Преднизолонды цитостатикпен біріктіріп

*+Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем

#1015

*!20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін жоғарылауына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті несетің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – бірден оң нәтиже берді.

Жүктілікке қатысты қай болжам МЕЙІЛІНШЕ сәйкес келуі мүмкін?

*Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы

*Ұрықтың құрсақішілік дамуының кідіруі болуы мүмкін

*+Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

*Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі

*Жүктіліктің 20-22 аптасына дейін белгісіз

#1016

*!Жүктілік мерзімі 20 апталық 34 жастағы жүкті әйелде нефротикалық синдроммен, мембраноздық нефропатия диагнозы қойылды. ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

*Ремиссияның болмауы

*Спонтандық ремиссия

*+Бүйрек веналарының тромбозы

*Артериалдық гипертензия

*Тубулоинтерстициалдық нефрит

#1017

*!Жүктіліктің 15-16 аптасындағы 23 жастағы жүкті әйел бетіндегі, аяқтарындағы, бел аймағындағы айқын ісінулерге, АҚҚ 185/115 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Бұл шағымдары баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң көріне бастады. Ауру басталғаннан кейін 3 күн өткен соң ентігу, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүректің соғуы, бас ауруы пайда болды. Аускультацияда өкпеде – көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар. ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөліміндегі систолалық жүктеме белгілері. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай, белок – 4,2 г/л, гиалинді цилиндрлер.

Бұл көріністер ЕҢ мүмкін болатын қандай асқынуларды көрсетеді?

*+Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздікті

*Жедел тыныс жеткіліксіздігін

*Бүйректің жедел жеткіліксіздігін

*Пневмонияның қосарласуын

*Жедел дистресс-синдромды

#1018

*!Жүкті әйел 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, несептің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Талдауларында: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады. ШСЖ=28 мл/мин.

ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

*Диуретиктерді тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1019

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Несеп талдауынде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң.

ЕҢ мүмкін болатын жүктілікке қатысты болжам қайсы?

*+Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

*Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

*Құрсақішілік ұрық дамудың кідіруі мүмкін

*Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

*Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

#1020

*!Жүктіліктің 31-32 аптасындағы 19 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін таңертеңгі уақытта бетінің ісінуіне, белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданды. Қарағанда: соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан, беті, балтыры ісіңкі, АҚҚ – 90/60 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 34 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 9,9 ммоль/л. ЖЗА: белок 3,6 г/л, лейкоциттер 2-4 к/а, эритроциттер 0-2 к/а.

Қандай ары қарайғы жүргізу тактикасы коллаптоидтық жағдай және тромбоэмболиялық асқынулардың дамуын ЖИІ күшейтіп жіберуі мүмкін?

*+Диуретик тағайындау

*Преднизолон тағайындау

*Жоғалған белок орнын толтыру

*Антикоагулянттар тағайындау

*Тұзды шектен тыс қабылдау

#1021

*!27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай.

Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Преднизолон тағайындау

*+АҚҚ мен креатининді бақылап отыру

*Циклоспорин тағайындау

*Босандыру

*Диклофенак натрий тағайындау

#1022

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, несебінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады.

Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Моноприл тағайындау

*Гемосорбция жүргізу

*Преднизолон тағайындау

*Циклоспорин тағайындау

*+Босандыру

#1023

*!19 жастағы жүкті әйелде айқын ісіну, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, несебінде протеинурия 1,5 г/л анықталған жағдайда нефротикалық синдромның критерийлерін толықтыру үшін тағы қандай қосымша тексеру жүргізу керек?

*Бүйрек УДЗ

*Коагулограмма

*Липидтер фракциясы

*+Тәуліктік протеинурия

*Несеп тұнбасының микроскопиясы

#1024

*!Босануға дейінгі бөлімшеге 25 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: шөлдеу, ентігу, аяқтарының ісінуі, жиі несеп бөлу. Анамнезінде: қызылша, баспа, тұмаумен ауырған. Қант диабетіне байланысты 4 жыл эндокринологта есепте тұрады. Күнделікті инсулин қолданады, қандағы қант 10-15 ммоль/л деңгейінде сақталынып тұрады. Бірінші жүктілік, 35 апта. Қарағанда: бойы 165 см, салмағы 92 кг. Аяғында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісіну анықталады. АҚҚ 120/80, 115/70 мм с.б. Талдауларында: креатинин 70 мкмоль/л, несебінде: 1012, белок 0,66 г/л, лейкоциттер 10-12 к.а., эритроциттер 5-6 к.а.

ЕҢ тиімді жүргізу тактикасын таңдаңыз?

*Босандыру үшін ауруханаға жатқызу

*Амбулаторлы жағдайда бақылау

*Несептегі кетон денелерінің деңгейін анықтау

*+Ауруханаға жатқызу, 37 апта толғанда босандыру

*Амбулаторлы жағдайда инсулин мөлшерін коррекциялау

#1025

*!Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан талдауынде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 2,5 г/л, лейкоциттер 5-6 к.а, эритроциттер 15-20 к.а.

ЕҢ дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз?

*Диуретиктер тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1026

*!Әйел 22 жаста, люпус-нефриттен зардап шегеді. Жүктіліктің 12-ші аптасында анти-ДНҚ антиденелердің анықталуымен аурудың өршуі орын алды.

Асқынулардың қайсысы ұрық үшін ЕҢ қауіптісі болып табылады?

*Түсіктер

*Шала туылу

*Мерзімінен асып туылу

*Құрсақ ішілік дамудың кідірісі

*+Ұрықтың құрсақішілік өлімі

#1027

*!Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен бақылауда болған. Жүктіліктің 1-ші жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖЗА-де белок – 0,1-іздері. Қарау кезінде ісінулер байқалады, АҚ 160/100 мм с.б., Биохимилық қан талдауынде: жалпы белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 8 ммоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. ЖЗА-де белок 2,5 г/л, лейкоциттер 5-6 к.а, эритроциттер 15-20 к.а.

ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

*Диуретиктерді тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#1028

*!23 жасар жүкті әйел, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефрит диагнозымен (ауру жиі өршіп отырған) бақыланған. Созылмалы гломерулонефрит немен ЖИІ аяқталуы мүмкін?

*Иммуносупрессорлармен емдеу барлық қабыну өзгерістерінің кері дамуына әкеледі

*Иммуносупрессивті ем склероздың азаюына әкеледі

*+Шумақшалар мен интерстицийдегі склероз артады

*ГН-ң бір түрі басқа түрге ауысады

*Толығымен айығуы мүмкін

#1029

*!Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/90 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданып келді. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б. болған. Қарау кезінде АҚ 125/80 мм с.б., ісінулер жоқ. Талдаулар патологиялық өзгеріссіз.

Бұл жағдайда АҚ жоғарылауы ЕҢ ЖИІ немен байланысты?

*+Адаптивті реакциямен

*Эклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ-мен

*Преэклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ -мен

*Жүктіліктің алдында болған созылмалы АГ-мен

*Жүктілікпен индуцирленген преэклампсия немесе гипертензиямен

#1030

*!Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 21 апта. АҚ 130/80 мм с.б дейін жоғарылауына шағымданып келді. Бұрындарда АҚ 120/80 мм с.б. болған. Талдаулар патологиялық өзгеріссіз.

Аталған тактикалардың қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*+Бақылау

*Тұзды шектеу

*Сұйықтықты шектеу

*Физикалық жүктемені шектеу

*Антигипертензивті препараттарды тағайындау

#1031

*!Төмендегі аталғандардың қайсысы жүкті әйелдерде гипертониялық криз кезінде ЕҢ мүмкін болатын асқыну болып табылады?

*Тырысулар

*Вегето-тамырлық дистония

*Нейроциркуляторлық дистония

*Гипертониялық энцефа­лопатия

*+Ми қан айналымының жедел бұзылысы

#1032

*!Жүкті әйел, 24-26 апта, бас ауыруына, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: бұрындары АҚ жоғарылаулары болып тұрған, мәндері есінде жоқ, тексерілмеген, ем алмаған. Қарағанда: ісіну жоқ, АҚ 160/80 мм с.б.

Қандай тексерулер ЕҢ жиі бұрыннан келе жатқан артериалды гипертензияны дәлелдейді?

*Бүйрек УДЗ

*Қан креатинині

*Тәуліктік протеинурия

*Натриуретикалық пептид

*+ЭКГ, көз түбін қарау

#1033

*!Клиникаға преэклампсияға күдікпен 32 жасар жүкті әйел келіп түсті. Ертеректегі анамнезді жинау барысында науқас 25 жасында гипертониялық криздің болғандығын айтты, бірақ тиянақты тексерілмеген. Осы жүктілігі бірінші, мерзімі 20-21 апта. Қарағанда: екі балтырында да аздаған ісіну бар, тері жабындылары таза. АҚ 150/100 мм с.б., протеинурия 200 мг/тәул, несептің микроскопиясында – жалпақ эпителий 5-6, лейкоциттер 8-10 к/а. Қанда креатинин 35 мкмоль/л, мочевина 5,2 ммоль/л. ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, фундоскопия – көздің тор қабығының тамырларының ангиопатиясы.

Бірінші кезекте ЕҢ жиі қандай тактика қолданған жөн?

*ЭКГ-ға жіберу

*Окулистің кеңесі

*Бүйрек УДЗ-не жіберу

*Альбуминурияға тексеру

*+АГ емдеу, АҚ мен креатининді бақылау

#1034

*!Әйелдер кеңесінің қабылдауында жүкті әйелде АҚ 180/100 мм с.б. тіркелді. Шағымы жоқ.

Шұғыл көмек көрсету этапында қандай препаратты МЕЙЛІНШЕ қолдану керек?

*+Нифедипин тіл астына, кушеткаға жатқызу керек

*Спазмолитиктер вена ішіне, кушеткаға жатқызу керек

*Эналаприл вена ішіне, ауруханаға жіберу керек

*Каптоприл тіл астына, кушеткаға жатқызу керек

*Фуросемид вена ішіне, ауруханаға жіберу керек

#1035

*!37 жасар әйелдің анамнезінде үйреншікті түсіктер, жүктілікке дейін артериалды гипертония 160/100 мм с.б. дейін болып, жүкті болысымен АҚ 140/90 мм с.б. дейін аздап төмендеген, протеинурия 0,132 г/л. Қандай тактиканы ЕҢ дұрыс қолдана білген жөн?

*ААФт

*Статиндер

*+a-2 адреноблокаторлар

*Кальций каналдарының блокаторлары

*Ангиотензин рецепторларының блокаторлары

#1036

*!33 жасар жүкті әйел, 24-26 апта, 150/90 мм с.б. АГ анықталуына байланысты жіберілген. Диагностикалық тексеру жүргізілді.

Нысана-мүшелердің зақымдалғанын көрсететін ЕҢ негізгі белгі:

*Жоғарғы тығыздықтағы липопротеиндер > 1,2 ммоль/л

*+Креатинин 150 мкмоль/л

*Қандағы холестерин 5,9 ммоль/л

*Қант ашқарынға 5,5 ммоль/л

*Көздің тор қабығының артериясының диффузды тарылуы

#1037

*!Гемолиз синдромы, бауырлық ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы және тромбоциттер деңгейінің төмендеуімен (HELLP-синдром) жүретін жүктілердегі өмірге қауіпті асқынуды көрсетіңіз:

*Тырысулар

Наши рекомендации