Оқытудың соңғы нәтижелері

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

(Syllabus)

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ - 1

Пәннің коды: 051301

Мамандығы: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Оқу сағатының көлемі: 108

Курсы және оқу семестрі: II курс IV семестр

Семей 2008

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) жалпы фармакология кафедрасында жоғарғы медициналық оқу орындары студенттеріне арналған фармакологиядан типтік жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды. Типтік жұмыс бағдарламасы 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша (жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу мамандығы бойынша ҚазММА Оқу - әдістемелік секциясы бекіткен және баспаға ұсынған. Хаттама №______ «___» _______2008 ж.) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы; С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, Семей мемлекеттік медицина академиясы, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы қатысуымен құрастырылды.

Авторлар: м.ғ.к., профессор Павлова Л.И., м.ғ.к. Амренова Қ. Ш., оқытушы Қожекенова Л. Ғ.

Кафедра отырысында талқыланды________._______________200___.

Хаттама №_____

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор:___________________ Мусин М. Н.

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Мусин М.Н.: жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚР МҒА мүше-корреспонденті. Аритмияға қарсы заттардың фармакологиясын зерттеумен шұғылданады. 100-ге жуық ғылыми жұмыстардың, 3 оқулықтың авторы, Ресей патентінің иегері, екі кандидаттық жұмыстың ғылыми жетекшісі, көп жылдық және жемісті еңбегі үшін көптеген Республикалық және аймақтық мақтау қағаздарымен марапатталды.

2. Павлова Л.И.: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Ми қанайналымына әсер ететін заттардың фармакологиясы мен фармакогнозияны зерттеумен шұғылданады. 63 ғылыми басылымның, 6 рационализаторлық ұсыныстың, 1 өнертабыстың («Препараттардың ми тамырларына әсерін зерттеу үшін резистографты қолдану»), 1 монографияның (« Ми қанайналымына препараттардың фармакологиялық топтарының әсері»), 1 оқу құралының («Фармакогнозия пәнінен дәрістер курсы») авторы.

3.Сеилханов С.К.: медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, кардиотропты заттардың фармакологиясын зерттеумен шұғылданады, 35 аса ғылыми жұмыстардың авторы.

4.Амренова К.Ш.:медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы, дәрілік заттардың бағытталған транспортын, рациональды фармакотерапия мәселелерін зерттеумен шұғылданады. 15 ғылыми басылымның, 3 оқу құралдарының, 1 клиникалық фармакология бойынша қысқаша анықтамалықтың авторы және бірлескен авторы.

5.Крулькевич Е.А.:оқытушы, фармакогнозия және фитотерапияны зерттеумен, соның ішінде Семей қаласы және ШҚО аймақтарындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеумен шұғылданады.

6.Қожекенова Л.Г.:оқытушы, кардиофармакологияны зерттеумен шұғылданады.

Кафедраның ғылыми приоритеттері болып табылады:

· Кардиотропты заттардың фармакологиясының зерттелуі. Бұл тақырыпқа кафедра қызметкерлерінің көптеген ғылыми жұмыстары арналған, докторлық (проф. Мусин М.Н., 1993) және екі кандидаттық (доцент Сеилханов С.К., 1991, ассистент Аргынбекова А.С., 2000ж.) диссертациялар қорғалды. Ауруларды емдеу оптимизациясының мәселесі және кейбір кардиотропты препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу негізінде дәрілік заттарды мөлшерлеу режимінің талдануы белсенді түрде жүріп жатыр.

· ШҚО, сонын ішінде Семей қаласы аймағындағы дәрілік өсімдіктерінің зерттелуі. Берілген мәселе бойынша оқытушы Крулькевич Е.А. жетекшілігімен фармация факультетінің студенттерімен көптеген бірлескен зерттеулер жүргізілді, олардың нәтижелері қорытынды ғылыми- студенттік конференцияда көрсетілді және жүлделі орынға (1 орын) ие болды.

Байланыс ақпараты:

Жалпы фармакология кафедрасы Абай көшесі 103 мекен- жайы бойынша СММА Басты ғимаратында орналасқан, аудиториялары №№ 202-210, телефон 56-28-88, электрондық мекен- жайы: SGMA.mail.@ ok.kz.

Пәннің саясаты:

Пәннің саясаты студенттердің оқу мәліметтерін толық меңгеруіне және оқытушылар мен студенттердің ұтымды бірлесе жұмыс істеуіне бағытталған.

Студент міндетті:

· білімді және тәжірибелік дағдыларды толық көлемде меңгеру;

· берілген әдебиеттер және бақылау сұрақтары бойынша тақырып мәліметтерін оқып сабаққа (дәрістер, практикалық сабақтар, ОЖСӨЖ) келу;

· кафедра мүліктеріне ұқыптылықпен қарау;

· оқытушыларға, қызметкерлерге және оқушыларға сыйластықпен қарау;

· дәрістерде, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтарда, емтихандарда медициналық форманы (халат, бас киім, ауыстыратын аяқ киім) сақтау;

· кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒҚ үйірмелеріндегі, кафедра мерекелеріндегі және т.б. жұмыс);

· дәріс, сабақ кезінде ұялы телефондарды өшіру;

· ұялы телефондарды емтиханға алмау;

· міндетті түрде тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға, ОЖСӨЖ сабақтарына қатысу; сабаққа кешікпеу;

· дәрістерге қатысу. Дәрісті босатқан жағдайда, мәлімет дәріс конспектін дайындау және дәріс оқитын оқытушымен сұхбаттасу түрінде өтеледі;

· себепті жағдаймен (ауру, стационарлы емді қабылдау, босану, үйлену тойлары, төтенше сипатты оқиғалардың туындауы: жақындардың қайтыс болуы, табиғи апаттар, авариялар және басқа) сабақты немесе дәрісті босатқан жағдайда болған оқиға жайлы бір тәулік аралығында кез келген тәсілмен (телефон арқылы және тағы басқа) өздігінен, топ жетекшісі арқылы немесе туысқандар арқылы кафедраға хабарлау;

· себепті жағдаймен сабаққа келмеген кезде келесі күннен кеш емес бұл жайлы факультет деканына немесе оның орынбасарына хабарлау және келудің бірінші күнінде сабақты босатудың себептері жөнінде мәліметтерді академияға беру. Ауырған жағдайда студент факультет деканына немесе оның орынбасарына белгіленген үлгі бойынша сәйкес емдік мекеменің анықтамасын береді;

· студенттік емханадан анықтама, жақындардың қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, неке қию туралы куәлік, баланың дүниеге келуі туралы куәлік ақталу құжаттары болып табылады. Ақталу құжаттары болмаған кезде жағдай себепсіз деп саналады. Декан (декан орынбасары) студентке босату себебін көрсетіп, сабақтар мен өтеулерге рұқсат беру қағазын жазады. Сабақтар мен өтеулерге рұқсат беру қағазы деканаттың «рұқсат беру қағаздарын тіркеу журналында» және кафедраның «өтеулерді тіркеу журналында» тіркеледі. Ақтау құжатының көшірмесі деканатта сақталу керек, ал оригиналы студентте қалады.

· сабақтар мен дәрістерді себепті жағдаймен босатқан кезде студент оларды босатқан мәлімет көлемінде тегін өтейді.

· сабақтар мен дәрістерді себепсіз жағдаймен босатқан кезде студент босатқан сағат көлемінде ақылы факультативті өтуге міндетті.

· екі не одан да көп өтелмеген сабақтар мен дәрістер болған жағдайда студент аттестация кезеңінде аттестацияланбаған болып саналады және факультет деканатынан сабақтар мен дәрістерге рұқсат қағазын алу керек.

· жоғары рейтингті алу үшін қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Өтелмеген қанағаттанарлықсыз бағалар бар болған жағдайда студент төмен рейтингті алады, ол өз кезегінде емтиханға рұқсат алуға әсерін тигізеді.

· егер оқушыда жіберу рейтингі бойынша, сонымен қоса қорытынды бақылау бойынша жағымды бағалары болса ғана қорытынды баға саналады. Бұл кезде жағымды баға 50%-дан 100%-ға дейін бағаларды қамтиды, қанағаттанарлықсыз баға- 0-ден 49%-ға дейін.

· өтеулер кафедрада сабақтан тыс уақытта өтелу кестесіне сәйкес сенбі күндері өткізіледі.

· егер студентте пән бойында қарыз болса, ЖОО-нан ЖОО-на ауысқанда оқу жоспары бойынша айырмашылық болса, студент жазғы ақылы семестр өтуі керек.

Берілген семестрдің оқу жоспарын орындамаған студенттер сессияға жіберілмейді және оқу тәртібін бұзғаны үшін ЖОО-нан семестрдің соңғы күнінде шығарылады.

Ақылы негізде оқитын студенттер семестрдің соңғы аптасында оқуына төлеу бойынша бухгалтериямен салыстыру жүргізеді.

Төлеуі бойынша қарызы болса, студент ақылы негізде оқу бойынша келісім шартты орындамаған болып ЖОО-нан шығарылады.

Сынақты, диф.сынақты кестеге сай тапсыруға келмеген жағдайда, студент түсініктеме қағазын жазуға міндетті және содан кейін тапсыруға жіберіледі. Екінші ретінде себепсіз жағдаймен келмеген кезде студентке қатаң сөгіс жарияланады, үшінші рет келмеген жағдайда студент ЖОО-нан шығарылуға жіберіледі.

Емтихандар оқу жоспарына сай емтихандық сессия кезеңінде тапсырылады. Факультет деканы жеке жағдайларда (ауру жағдайымен, жанұя жағдайларымен немесе басқа объективті себептермен) өтініш негізінде студентке емтихандық парақты берумен индивидуальды емтихан тапсыруға рұқсат етуі мүмкін.

Емтиханға келген кезде студенттің қолында емтихандық сессияға кіру рұқсаты жайында мөрі бар сынақ кітапшасы болу керек.

Дәріске келген кезде студентте конспекттерді жазу үшін дәріс дәптері болу керек.

Сабаққа келген кезде студент өзімен бірге сабақ тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқауды, сонымен қоса 2 дәптер әкелуі керек: біреуі дәріс дәптері және біреуі сабақ тақырыбы бойынша бастапқы бақылау тапсырмалары орындалған жұмыс дәптері.

Кіріспе

«Фармакология» пәні барлық мамандық студенттеріне оқылуы үшін міндетті болып табылады. Фармакология теориялық және клиникалық пәндерді байланыстырады. Әсіресе тәжірибелік медицина үшін фармакологияның маңызы зор. Әсері жоғары препараттардың кең көлемде жасалып шығарылуына байланысты фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің әмбебап әдісіне айналды. Осыған байланысты фармакотерапияның негіздерін білу кез келген мамандықтағы дәрігерге өте қажетті.

2. Пәннің мақсаты:

студенттерде түрлі аурулар кезінде препараттардың ұтымды таңдауын қамтамасыз ету үшін, дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

· рецепттерді толтырудың жалпы принциптерін және рецепт жазбаларын құруды үйрету;

· әр түрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды үйрету;

· дәрілік заттың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдауды үйрету;

· дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеуді үйрету;

· дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары жайында ұғым қалыптастыру;

· дәрілік заттарды қолданудың және дәрілік заттардың организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметіне әсерін болжаудың мүмкіндіктерін бағалауды үйрету;

· патогенді микроорганизмдер, қарапайымдар, гельминттерге қарсы дәрілік заттарды таңдауды үйрету.

Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент міндетті:

Білуге:

· фармакология пәні мен мақсаттары;

· дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік қалып жөнінде түсінік;

· жедел жәрдем көрсету үшін қолданылатын негізгі өмірге маңызды дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын білу;

· негізгі дәрілік формалар;

· рецептің құрылымы, әр түрлі дәрілік формаларға рецептерді жазудың ережелері;

· дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

· дәрілік заттардың жіктелуі;

· дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

· дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Істей алуға:

· алған білімдерін болашақ кәсіби қызметінде қолдана білу;

· әр түрлі дәрілік формаларға рецепттер жазу;

· дәрілік формаларды,қолдану әдістерін таңдау;

· рецептерді түзете білу, препаратты айырбастау, мөлшерді бағалау;

· дәрілік заттарды енгізу жолын таңдау;

· дәрілік заттардың әсерін олардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығы, әсерінің механизмдері мен локализациясы бойынша сараптау;

· органимнің әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметтерін белгілі бір бағытта өзгертуге арналған және патогенді микроорганизмдерге, қарапайымдарға және гельминттерге қарсы дәрілік заттарды таңдау;

· дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау, олардың алдын алу және пайда болатын жағдайларында жою;

· жаңа дәрілік заттарды жақсы білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылықтарын, өзара алмастыру принциптерін және жиі қолданылатын синонимдерін білу.

Дағдыларды меңгеруге:

· дәрілік заттардың мөлшерін, концентрациясын есептеу;

· түрлі дәрілік формаларға рецептер жазу;

· негізгі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттарға рецептер жазу;

· енгізу жолдарын таңдау;

· клиника және дәріхана қызметкерлеріне және тұрғындарға ақпарат беру үшін дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

5. Реквизитке дейінгі:

· молекулалық биология және медициналық генетика

· биологиялық химия

· физиология – 1

· микробиология

6. Реквизиттен кейінгі:

· ішкі аурулар пропедевтикасы

· жалпы хирургия

· басқа клиникалық пәндер

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Фармакология- теориялық ғылымдардың мәліметтерін клиникалық тәжірибемен, әсіресе фармакотерапиямен байланыстыратын мультипәнді ғылым. Фармакологиялық зерттеулердің құндылығы олардың дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық және физиологиялық әсер ету механизмдерін табуға және фармакотерапияның бүкіл ағзаға әсерін зерттеуге мүмкіндік беретінінде жатыр. Осыған байланысты фармакотерапияның негіздерін білу кез келген мамандықтағы дәрігерге өте қажетті.

Наши рекомендации