Экстрагеды аурулар және жүктілік 4 страница
961. Пациент 33 жаста, стационарға жедел жәрдеммен әкелінді. Науқас есі анық, бірақ айналаға мән бермейді. Сұрақтарға баяу жауап береді. Анамнезінде етеккірінің кідіруі 6 аптаға. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 120 рет минутына, АҚҚ 70/40 мм сб., іші кебінген, перистальтикасы жоқ. Құрсақ қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшық еттерінің қатаюы байқалады. Сыртқы қан кетулері жоқ. Нв 66г/л. Сіздің ЕҢ ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?
+A) жатырдан тыс жүктілік, түтіктің жарылуы, геморрагиялык шок 3 сат.
B) жатырдан тыс жүктілік, түтіктің жарылуы, геморрагиялық шок 2 сат.
C) аналық безінің апоплексиясы, геморрагиялық формасы, геморрагиялық шок 3 сат.
D) аналық безінің кистасының жарылуы, геморрагиялық шок 3 сат.
E) басталған өздігінен түсік, геморрагиялық шок 2 сат.
962. 18 жастағы пациент гинекологқа контрацепция әдісін таңдау үшін қаралды. Некеде тұрмайды. Жыныс серіктесі әр түрлі. Қандай контрацепциялық әдіс ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) жатыр ішілік контрацептивтер
B) пероралды комбинирленген контрацептивтер
C) таза гестагендер
D) хирургиялықя стерилизация
+E) барьерлызаттар.
963. 35 жастағы пациент, 5 баланың анасы, босануды жоспарламайды. Қандай контрацепциялық әдіс ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) жатыр ішілік контрацептивтер
B) пероралды комбинирленген контрацептивтер
C) таза гестагендер
+D) хирургиялык стерилизация
E) барьердызаттар
964. Іріңді тубоовариалды түзілістердің ЕҢ ықтимал асқынулары:
A) малигнизация
B) қан кету
+C) перфорация.
D) перитонит
E) бұралу
965. 26 жастағы науқас әйелдер консультациясына етеккірінің болмауына байланысты келді. Шағымдары: жүрек айну, таңертеңгі құсу белгілері, шаршағыштық, ашушаңдық. Анамнезінде – үш медициналық түсік. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цианозды, гипертрофияланған, бөшке тәрізді, сыртқы ернеу жабық. Жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан кішкене ұлғайған. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері ерекшеліксіз. Бөлінділер қанды, аз мөлшерде. Ең ықтимал диагноз қандай?
A) түсік. Асқынған акушерлік анамнез
B) басталған өздігінен түсік. Асқынған акушерлік анамнез
+C) жатыр мойындық жүктілік. Аскынған акушерлік анамнез
D) жатырлық жүктілік. Асқынған акушерлік анамнез
E) жатырлық жүктілік. Төмен плацентация. Асқынған акушерлік анамнез
966. 20 жастағы пациент дәрігерге етеккірінің болмауына және жүрек айнуына шағымданады. Жыныстық қатынасы ретті. Жүктіліктен сақтанбайды. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шарышты қабаты цианозды, , аз мөлшерде қанды бөлінділер. Қынаптық зерттеуде: Жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан кішкене ұлғайған, қозғалмалы. Оң жақтан қосалқылар аймағында «қамырлы» консистенциялы түзіліс анықталады. Емдік шаралардың ЕҢ ықтимал жоспары:
A) антикоагулянтты терапия
B) дезинтоксикациялық терапия
C) микробқа қарсы ем
D) құрсақ қуысының рентгенографиясы
+E) жедел лапароскопия.
967. 40 жастағы науқас, гинекологиялық бөлімшеге ішінің жедел ауру сезіміне, оң жақ қабырға астына, жауырын аралық аймаққа, бұғанаға ауру сезімінің берілуі. Сұраққа бір сөзбен жауап береді. Тері жабындылары және шырышты қабаттары бозғылт. Пульсі 140 рет мин, жиі, нашар саналады. АД 70/40 мм с. б. Іші кебінген. Құрсақ қабырғасын пальпациялағанда іш бұлшықеттерінің айқын қатаюы байқалады. Сыртқы қан кету белгілері жоқ. Емдік шаралардың ЕҢ ықтимал жоспары:
+A) жедел лапаротомия.
B) дезинтоксикациялық терапия
C) гемотрансфузия
D) плазманы құю
E) лапароскопия
968. Науқас, 25 жаста дәрігерге ішінің төменгі бөлігінің толғақты ауру сезіміне, тік ешекке иррадияцияланатын және жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып келді. 2 күн бұрын ауырып қалған. Анамнезінде 2 медициналық аборт. Айнамен қарағанда: жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабаты цианозды, аз мөлшерде қанды бөліністер. Қынаптық зерттеуде: жатыры кішкене ұлғайған, қозғалмалы, пальпацияда ауру сезімсіз, оң жақ қосалқылар аймағында анық шекарасыз, қамыр консистенциялы, ауру сезімді түзіліс анықталады. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс – әрекеті қандай?
+A) гинекологиялык бөлімшеге жатқызу
B) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
C) инфекционистке жіберу
D) хирургқа жіберу
E) антибактериалды терапия
969. Науқас дәрігерге ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, дене қызуының 37,5ºС дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді бөліністерге, несеп шығаруының ауырсынуына шағымданады. Қарап тексергенде: уретра инфильтрацияланған, айнамен қарағанда-жатыр мойны гиперемияланған. Бөлінділер іріңді-шырышты, көп мөлшерде. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпацияда ауру сезімді, қосалқылар екі жақтан ұлғайған, ауру сезімді. Жағындының бактериоскопиясында – гонококктар. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс – әрекеті қандай?
A) учаскелік дәрігерге жіберу
B) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
C) инфекционистке жіберу
D) +дерматовенерологка жіберу
E) антибактериалды терапия
970. 25 жастағы пациентке біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Суретте: жатыр қуысы Т тәрізді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлікте шоқпарлы кеңейген, контрастты заттың құрсақ қуысына шығуы анықталмайды. Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз қандай?
A) созылмалы сальпингит
B) жатыр түтіктерінің эндометриозы
C) жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі
+D) жыныс мүшелерінін туберкулезі
E) жедел сальпингоофорит
971. Әйелдер жыныс мүшелерінің туберкулезінің ЕҢ ықтимал жиі кездесетін локализациясын таңдаңыз:
A) эндометрий
B) аналық бездері
C) жатыр мойны
+D) жатыр түтіктері.
E) вульва
972. 28 жастағы пациентті бимануалды тексергенде жатыр қабырғалары аймағында екі жақты тығыз, қозғалмайтын түзілістер анықталады. Ректалды тексергенде: көптеген тығыз әр түрлі өлшемді өрімшелер пальпацияланады. Ішінің төменгі бөлігінің сыздап ауру сезімдері мазалайды. Төменде келтірілген әдістердің қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады.
A) жатыр мойнының биопсиясы
+B) метросальпингография.
C) пневморельвиография
D) кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сы
E) компьюторлы томография
973. Гинекологқа 23 жастағы пациент біріншілік бедеулікпен қаралды. Гистеросальпингография жүргізілді. Суретте жатыр қуысының деформациясы, түтіктердің қысқаруы, ампулярлы бөлігінің шоқпартәрізді кеңеюі анықталады. Патологиялық үрдістің белсенді дәрежесін нақтылау мақсатында қандай ЕҢ ықтимал зерттеу әдісін таңдайсыз?
A) жатыр қуысын диагностикалық қыру
B) аспирациялық биопсия
+C) Кох әдісі.
D) биологиялық әдіс
E) себу әдісі
974. 31 жастағы науқас ішінің төменгі бөлігінің сыздап ауру сезіміне байланысты жанұялық дәрігерге қаралды. Балалық шағында туберкулезбен ауырған. Етеккірі ретті, бірақ аз мөлшерде. Анамнезінде бедеулік. Бимануалды зерттегенде қосалқылар аймағында ауырлық сезімі екі жақтан анықталады.Сіздің ЕҢ ықтимал диагнозыңыз?
A) созылмалы сальпингит
B) жатыр түтіктерінің эндометриозы
C) жатыр түтіктерінің қатерлі ісігі
+D) жыныс мүшелерінін туберкулезі
E) жедел сальпингоофорит
975. 31 жастағы науқас жанұялық дәрігерге бедеулікке шағымданып келді. Бимануалды зерттегенде қосалқылар аймағында ауырлық сезіміекі жақтан анықталады.Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс – әрекеті қандай?
A) гинекологиялық бөлімшеге жатқызу
+B) учаскелік акушер-гинекологка жіберу
C) инфекционистке жіберу
D) хирургқа жіберу
E) антибактериалды терапия
976. Жатыр қосалқыларының туберкулезді жарақаттануында ЫҚТИМАЛ клиникалық симптом:
A) жамбастың созылмалы ауруы
B) аменорея
C) менометроррагия
+D) біріншілік бедеулік.
E) екіншілік бедеулік
977. 16 жастағы қызды профилактикалық қарауда жатыр қосалқыларының екі жақты ұлғаюы анықталды. Шағымдары жоқ. Анамнезінде созылмалы тонзиллит, жиі қабынумен жүреді. Соңғы қабыну 4 ай бұрын болған. Жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің қабыну көріністері болмаған. Жатыр түтіктерінің зақымдануының ЫҚТИМАЛ патогенезі қандай?
A) аппендикстен лимфогенді жолмен инфекциялану
+B) бадамша безіненгематогенді жолмен инфекциялану.
C) өкпедегі біріншілік ошақтан гематогенді жолмен инфекциялану
D) бүйректегі біріншілік ошақтан гематогенді жолмен инфекциялану
E) балалық шақтағы гонореямен каникулярлы жолмен инфекциялану
978. 23 жастағы пациент гинекологқа бір жылдан бері етеккірінің болмауына және бедеудікке шағымданып келді. Кох сынамасы – оң. Прогестеронмен сынама – теріс. Гистеросальпингография жоспарланады. Бұл патологияда қандай ЫҚТИМАЛ рентгенограммалық көріністі көруге болады?
A) жатыр қуысын толтырған үлкен, домалақ ақаудың болуы
+B) жатыр ішіндегі кішкене көптеген аралықпенбөлінген қуыстардын болуы
C) эндометрийден алшақ орналасқан көлеңкелердің болуы
D) жатырдағы контрастты заттың болмауы
E) жатырдың анық контурының болуы
979. Жыныс инфекциялардың анықтаудағы ЕҢ ықтимал ақпаратты әдісін көрсетіңіз:
A) иммуноферментті анализ (ИФА)
+B) полимераздытізбекті реакция (ПТР).
C) антибиотиктерге сезімталдыққа микрофлораны егу
D) қан анализі
E) қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды
980. Төменде келтірілген ЕҢ ықтимал қандай контрацептивтер жамбас ағзалардың қабыну ауруларының дамуына минималды әсер етеді?
+A) презерватив.
B) химиялық контрацептивтер
C) жатыр ішілік контрацептивтер
D) диафрагма
E) ішке қабылдайтын контрацептивтер
981. 35 жастағы пациентте анамнезінде 3 рет босану, соңғысы 6 ай бұрын – мерзімді босану қан кетумен болған. Қазіргі уақытта баласын емшекпен емізеді. ЕҢ ықтимал контрацептивті таңдаңыз:
A) лактационды аменорея әдісі
B) комбинирленген оралды контрацептивтер, құрамында гестагені жоқ
C) жатыр ішілік контрацептивтер
+D) комбинирленген оралды контрацептитер, қурамында гестагені бар
E) механикалық контрацепция әдісі
982. Жас әйелде «Мирена» ЖІК-ті колданғаннан бастап етеккірі келген жоқ. Төменде келтірілген қандай әдістер ЕҢ ықтимал және асқыну бермейді?
+A) оралды комбинирленген контрацептивтер.
B) мойындық қалпақтар
C) таза гестагендер
D) презервативтер
E) спермицидтер
983. Комбинирленген контрацептивті қолдануға абсолюттікқарсы көрсеткішті таңдаңыз:
A) жатыр мойнының эндометриозы
B) гирсутизм, АКНЕ немесе себорея
+C) жедел тромбофлебит, 2-3 дәрежелі гипертониялык ауру
D) жатырдағы операциядан кейін жағдай
E) жатыр миомасы
984. 40 жастағы науқас жанұялық дәрігерге аяғындағы көк тамыр аймағының ісінуіне, гиперемияға және ауру сезіміне шағымданады. Бауыр мен өт жолдарының ауруымен ауырады. Науқасқа ЕҢ ықтимал жанұяны жоспарлау әдісін ұсыныңыз:
A) симптотермалды
B) миниаборт
C) лактационды аменорея
+D) барьерлы
E) химиялық
985. 32 жастағы әйел диспансерлық есепте созылмалы аднекситпен 3 жылдан бері тұрады. Гинекологиялық зерттеуде- оң жақ қосалқылар аймағының тартпалылығы,кішкене ауру сезімі анықталады. Физиотерапияның қандай әдістері ЕҢ ықтимал болып табылады?
+A) импульсті режимдегі ультрадыбысты.
B) “ іш киім “ аймағына ультракүлгінмен сәулелендіру
C) сантиметрлі диапазондағы микротолқындармен терапия
D) курспен магнитотерапия
E) синусоидалды тоқтармен кальций электрофорезі
986. 32 жастағы науқаста тубоовариалды түзілістің қабынуына байланысты операциядан кейінгі тігістердің жартылай ашылуы байқалады. Науқас комплексті антибактериалды терапия мен жергілікті емді қабылдайды. Қандай емдеу жоспары ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) синусоидалды модулді тоқтармен цинктің электрофорезі
B) синусоидалды модулді тоқтармен йодтың электрофорезі
C) синусоидалды модулді тоқтармен кальцийдің электрофорезі
+D) төменгі жиілікті лазерлі сәйлелену.
E) лидаз мен пеллоидиннің электрофорезі
987. Стационарға 24 жастағы науқас мына диагнозбен келіп түсті: толық емес инфицирленген түсік. Қандай емдік шаралар ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) +стационарға жаткызу
B) инфузионды терапия
C) жатырдың қынап үстілік ампутациясы
D) бөлек диагностикалық қыру
E) ұрық қалдықтарын алып тастау
988. 24 жастағы пациентдәрігерге жоғары температурамен, әлсіздік, жыныс жолдарынан қанды бөліністермен келіп түсті. Анамнезінен: 3 күн бұрын жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысына темір катетерді енгізген. Соңғы етеккірі есінде жоқ. Жүктілікпен есепте тұрмайды. Жағдайы орташа. Дене қызуы 39°С. Іші қатайған, пальпация кезінде кіндік аймағында ауру сезімді. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда – жатыр мойнының алдыңғы ернеуінде шаншуіздері көрінеді. Цервикалды каналдан –жағымсық иісті қанды бөліністер, орташа мөлшерде. Қынаптық зерттеуде – жатыр мойны конус тәрізді, сыртқы ернеу саусақтың ұшын өткізеді. Жатырды бөлек пальпациялаудың мүмкіншілігі жоқ. Жамбас қуысында анық контурсыз, қозғалмайтын, ауру сезімді түзіліс палпацияланады. Қосалқылар пальпацияланбайды. Сіздің ЕҢ ықтимал іс әрекетіңіз қандай?
A) +гинекологиялық стационарга жатқызу
B) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
C) инфекционистке жиберу
D) хирургқа жіберу
E) антибактериалды терапия
989. 33 жастағы пациентке жүктілікті үзу мақсатында медициналық түсік жасалынды. Әйелдің анамнезінде созылмалы сальпингооофарит. Физиотерапияның қандай әдісі ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) “ іш киім “ аймағына ультракүлгінмен сәулелендіру
B) төменгі жиілікті лазерлі сәйлелену
E) лидаз мен пеллоидиннің электрофорезі
D) сантиметрлі диапазондағы микротолқындармен терапия
+E) синусоидалды модулді тоқтармен мыстын электрофорезі
990. 37 жастағы пациент гинекологқа ішінің тұрақты ауру сезіміне келіп қаралды. Анамнезінде – жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруымен шалдыққан. Антибактериалды терапияның курсын алған. Ішінің ауру сезімі азайған. Физиоемнің қандай әдістері ЕҢ ықтимал болып табылады?
A) УВЧ- терапия
B) СВЧ - терапия
+C) жергілікті дарсонвализация.
D) магнитотерапия
E) электрофорез
991. 20 жастағы пациент криманалды түсіктен кейін 10 күннен кейін келіп түсті. Объективті: ентігу, денесі қолмен ұстағанда ыстық, тахикардия. Дене қызуы 39,0 – 37,50С, қалтырау. Сағаттық диурез – 30,0 мл. Айнамен қарағанда- қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, цервикалды каналдан бөлінділер іріңді, жағымсыз иіспен. PV: жатыр мойны цилиндрлі, цервикалды канал саусақтың ұшын өткізеді. Жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімді. Қосалқылар палпацияланбайды. Күмбездері бос. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
А) инфекционистке жиберу
Б) хирургқа жіберу
В) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
Г) +гинекологиялық стационарға жаткызу
Д) қабынуға қарсы терапия
992. 24 жастағы әйел стационарға дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге келіп түсті. Анамнезінен- 5 күн бұрын жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысына темір катетерді енгізген. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
А) инфекционистке жиберу
Б) хирургқа жіберу
В) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
Г) +гинекологиялық стационарға жаткызу
Д) қабынуға қарсы терапия
993. 32 жастағы науқастың ДЖҚК-не байланысты эндометрийдің гистологиялық зерттеудің нәтижесі: безді –кистозды гиперплазия. Жалпы тәжірибелік дәрігердің іс әрекеті:
А) онкологқа жиберу
Б) эндокринологқа жіберу
В) +участкелік акушер – гинекологқа жіберу.
Г) гинекологиялық стационарға жатқызу
Д) терапевтке жіберу
994. Асқынбаған инфицирленген түсік бұл- іріңді септикалық ауру, бұл жағдайда:
+А) инфекция ұрықпен және децидуалды қабыкпен шектелген
Б) инфекция жатырды шекарасынан шыққан, бірақ кіші жамбаста қалған
В) инфекция кіші жамбас шекарасынан шаққан және генерализденген
Г) іріңді – резорбтивті безгек дамиды
Д) жатыр қан тамырларының тромбофлебиті дамиды
995. Асқынған инфицирленген түсік бұл- іріңді септикалық ауру, бұл жағдайда:
А) инфекция ұрықпен және децидуалды қабықпен шектелген
Б) инфекция ұрықпен шектелген
В) инфекция децидуалды қабықпен шектелген
+Г) инфекция жатырдың шекарасынан шыққан, бірак кіші жамбаста қалған
Д) инфекция кіші жамбас шекарасынан шаққан және генерализденген
996. Науқас В., 30 жаста, әйелдер консультациясының дәрігеріне біріншілік бедеулік, аз келетін етеккірге шағымданады. Объективті: толық келген, ДСИ (ИМТ)-32, ішінің және жамбас аймағында созылған сызықтар көрінеді. Жоғарғы ерінінде, сүт бездерінің, ішінің ортаңғы сызығының аймағында шаштың өсуі байқалады. Қынаптық зерттеуде: жатыры қалыпты, аналық бездері екі жақтан ұлғайған, тығыз, қозғалмалы. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
A) мамологқа жіберу
B) эндокринологқа жіберу
C) +акушер – гинекологқа жіберу.
D) гинекологиялық стационарға жатқызу
E) терапевтке жіберу
997. 20 жастағы науқас гинекологқа аз келетін етеккірге, 15 жастан бастап жоғарғы ерінінде, төменгі жағының аймағындағы шаштың өсуіне байланысты қаралды. 1 жыл бойында жыныстық қатынас ретті, бірақ жүкті бола алмай жүр. Анамнезінде – әпкесінде де ретсіз етеккір циклы анықталады. Менархе 16 жастан, етеккірі 2-3 ай сайын келеді. Бойы 162 см, дене салмағы 52 кг. Сүт бездері кішкентай, бөлінділер жоқ. Емшек аймағында, ішінің ортаңғы сызығының аймағында шаштың өсуі байқалады. Гинекологиялық зерттеу кезінде: жатыры кішкентай, оң жақ қосалқылар анықталмайды, сол жақтан аналық бездерінің өлшемі 4,5 х 3,0 х 2,5см, ауру сезімсіз. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
A) мамологқа жіберу
B) эндокринологқа жіберу
C) +акушер – гинекологқа жіберу.
D) гинекологиялық стационарға жатқызу
E) терапевтке жіберу
998. 38 жастағы пациент етеккірінің тоқтауына байланысты дәрігерге қаралды. Соңғы етеккірі 1,5 жыл бұрын келген. Сонымен бірге құйылулар күніне 15 рет мазалайды және түнде нашар ұйықтайды, тершеңдік болады. Етеккірі 13 жастан, ретті болған, орташа мөлшерде, ауру сезімсіз 36 жасқа дейін келген. Некеде тұрады, 5 рет жүкті болған, соның ішінде 2 рет мерзімді босанған, 3 рет медициналық түсік жасатқан. Жүктілік пен түсік ерекшеліксіз өткен. Объективті: дені сау, бойы 160 см, салмағы 62 кг, сүт бездері жұмсақ, патологиясыз. Гинекологиялық зерттеу кезінде патологиясыз. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
А) эндокринологқа жіберу
Б) невропатологқа жіберу
В) +акушер – гинекологқа жіберу.
Г) гинекологиялық бөлімшеге жатқызу
Д) терапевтке жіберу
999. Науқас 27 жаста жанұялық дәрігерге дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуіне, қалтырау шағымдарымен келді. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексергенде шап лимфа өрімдерінің сол жақтан ұлғаюы, пальпация кезінде бартолин безі аймағының ұлғаюы, ауру сезімділігі, флюктуациясы анықталады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті:
А) инфекционистке жиберу
Б) хирургқа жіберу
В) учаскелік акушер-гинекологқа жіберу
Г) +гинекологиялық стационарга жатқызу
Д) қабынуға қарсы терапия
1000. Дисплазияның қандай дәрежесіне келесі өзгерістер ықтимал болып табылады: эпителий дифференцировкасының аз айқындалған бұзылыстары, базалды қабаттың орташа пролиферациясы, жасушалардың орналасуының құрылымы мен полярлығы сақталған.
A) +Дисплазияның женіл дәрежесі
B) Дисплазияның орташа дәрежесі
C) Дисплазияның ауыр дәрежесі
D) Преинвазивті рак
E) Аденоакантома
1001. 45 жастағы науқаста 1 жыл бойы қайтамалы қан кетулер болады. Бұл науқасқа тағайындау керек:
+А) жатыр қуысының бөлек диагностикалық кыруы
Б) оперативті ем
В) гормоналды ем
Г) симптоматикалық ем
Д) аспирационды биопсия
1002. Науқас 34 жаста, етеккірі овуляторлы, етеккір уақытылы келеді, қансырауға өтеді. Етеккір циклының бұзылуының қай түрі?
А) метроррагия
Б)+ меноррагия
В) қалыпты цикл
Г) гипоменорея
Д) дисменорея
1003. Науқастарды зерттегеде анықталды: қынаптық бөлінділердің рН 4,5 – тен жоғары, шырышты қбаты гиперемияланған, аминді тест- оң, микроскопиялық зерттеуде «маңызды» жасушалар анықталады. ЕҢ ықтимал диагноз:
А)+ бактериалды вагиноз
Б) арнайы емес вагинит
В) кандидозды вагинит
Г) трихомонадты кольпит
Д) қынаптағы бөтен затпен шақырылған вагинит
1004. 20 жастағы науқас жедел ауырып, дене қызуы 38,4 ºС дейін көтерілді. Аурудың басталуы етеккірдің басталуымен сәйкес келді. Ішінің төменгі бөлігінің қатты ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: екі жақтан қосалқылар аймағында ауру сезімі, жатыр қалыпты,инфильтраттар жоқ. Науқасқа не қажет:
А) инфекционистке жолдама
Б) хирургке жолдама
В)+ учаскелік акушер-гинекологқа жолдама
Г) терапевтке жолдама
Д) қабынуға қарсы ем
1005. Аналық безде өндірілмейді: