Рсақ ішінде дамитын бактериялық инфекциялар.
Рсақ ішілік инфекциялар
Құрсақ ішілік инфекциялар – екі қабат әйелден немесе босану кезінде туу жолдарынан қоздырғыш өтуінен болатын инфекциялар. Уақытына байланысты антенатальды немесе интранатальды деп аталады.
Инфекцияның ену жолдары.
1. Трансплацентарлы қан ағымы арқылы
2. Жоғары өрлеу арқылы. Құрсақ қуысынан, жатыр мойынынан.
3. Төмен түсу арқылы. Құрсақ қуысынан және жатыр түтікшелерінен.
4. Трансмуралды-тікелей инфицирленген эндометрий арқылы.
Инфекциялық процесс дамуына мынадай факторлар әсер етеді:
• Гипоксия;
• Жүктілік ақаулары;
• Құрсақ ішілік дамуының артта қалуы;
• Шала туылу;
• Анасының көп мөлшерде дәрі – дәрмек ішуі.
Рсақ ішілік инфекциялардың дамуы
Құрсақ ішілік инфекциялардың дамуы көбінесе бала жолдасының бүтіндігінің өткізгіштігінің бұзылуына байланысты және қоздырғыштың вируленттілігіне, ұрықтың иммундық жауабының түріне байланысты. Неғұрлым ертерек жұқтырса, соғұрлым ауыр түрде өтеді, қауіпті болады. Құрсақ ішілік инфекциялардың ауруларының дамуы бір – біріне ұқсас болады.
Патогенезі.
Антенатальды инфекциялар .
Бала жолдасының зақымдалуы.
Фетоплацентарлық жетіспеушіліктің күшеюі.
• Шала туылу;
• Түсік тастау;
• Өлі туылу;
• Тұншығу (асфиксия)
Ұрықта Ig деңгейі төмендеуі.
Антидене комплексі пайда болуы.
• Энцефалит
• Гломерулонефрит
• цирроз
Клиникасы
Улану белгілері
• Әлсіздік;
• Дене салмағын қоспауы;
• Тері түсінің бозғылт, сұр болуы;
• Склерема, сарғаю;
• Пурпура
Респираторлы бұзылыстары:
• Тахипноэ
• Ентігу
• Тыныс тоқтауы
• Көгерудің болуы
• Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары:
• Құсу;
• Лоқсу;
• Іш кебу;
• Диарея, т.с.с.
• ОЖЖ зақымдалуының белгілері:
• Гипертензия;
• Гипотензия;
• Тырысулар; т.с.с
Рсақ ішінде дамитын вирустық инфекциялар.
Көптеген вирустық инфекциялар іштегі балаға (немесе ұрыққа) өтіп, әр түрлі өзгерістер, оның ішінде вирустарға тән қабыну үрдістерін қоздыра алатыны анықталған. Оларға: қызамық вирусы, цитомегалия, жел шешек, жай герпес, паротит, коксаки, сарысулы гепатит, аленовирус, АИВ және т.б. жатады
Жатырішілік герпес.
Жатырішілік герпес ДНК вирустарына жатады. Оның қоздырушысы 2 – типтегі вирус, Herpes simplex, сирек жағдайда 1 – тип. Вирустар эпителий жасушаларында көбейіп, олардың үлкеюіне, ядроларда ірі вирустық қоспалардың пайда болуына соқтырады. Зақымданған жасушалар кейін бөлшектеніп, жойылып кетеді. Өлген жасушалар айналасында қабыну реакциясы аз немесе тіпті жоқ, тек қан айналымының бұзылуы көрінеді.
Тума цитомегалия.
Цитомегалия (cytos – жасуша, megalos - үлкен) - сөл бездерінің қабынуымен (сиалоаденит) және алып, ядроішілік қоспалары бар жасушалардың пайда болуымен және аралық қабынуымен сипатталатын ДНҚ вирустық инфекция. Вирустар плацента арқылы өтіп, эмбриопатия, фетопатияларға соқтырады. Ол жаңа туылған нәрестелер мен шала туылған балаларда генерализацияланған (жайылған) ауыр инфекция түрінде өтеді.
рсақ ішінде дамитын бактериялық инфекциялар.
Құрсақ ішінде дамитын бактериялық инфекцияларға: листериоз, туберкулез, мерез, бруцеллез, хламидиоз, және т.б. кіреді. Сонымен қатар кейбір паразиттер (токсоплазма, трипанасома), саңырауқұлақтар (кандидоз, аспергиллез, криптоккоз) да гемотогендік жолмен таралуы мүмкін.
Инфекция гемотогендік жолмен түскенде плацентаның қабықтарына қарағанда парензимасының қабынуы көбірек кездеседі, бүрлернің қабынуы (виллит) басым болады. Таралу түрлеріне қарап виллит ошақты немесе диффузды, продуктивті немесе экссудативті (жиі іріңді) болуы мүмкін. Плацентаның қабынуы нәрестеге инфекцияның таралу көзі болып саналады. Көп жағдайда ол нәрестенің жатыр ішінде өлуінің себебі бола алады. Нәрестенің инфекциялық ауруларында инфекция таралған көбінесе сепсистік түрде өтеді.