Шигеллезбен ауыратын балалар жататын бөлімшеде қызылшамен ауыратын

Емтихандық тесттер 4 – ЖМ

І Вариант

Шигеллезбен ауыратын балалар жататын бөлімшеде қызылшамен ауыратын

бала анықталды. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз:

+А) науқасты боксқа орналастырып, бөлімшедегі қалған науқастарға қызылшаға қарсы сарысу немесе γ-глобулин енгізеді.

Б) қызылша симптомдары пайда болғанша науқасты жалпы палатада қалдыру

В) науқасты ширманың артына бөлектеу

Г) барлық науқастарды үйіне шығару

Д) ештеңе жасау керек емес

2. Соматикалық стационардың неврология бөлімшесінде желшешекпен ауыратын науқас анықталды. Қатынаста болғандарды қанша уақыт бақылау керек:

А) 20 күн

Б) 30 күн

+В) 21 күн

Г) 7 күн

Д) 22 күн

3. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдеммен екі жарым жастағы баланы жедел респираторлы инфекция диагнозымен алып келді. Тиянақты жиналған анамнезге қарап, қабылдау бөлімі дәрігері қызылша, типті түрі, катарльды кезеңі диагнозын қойды. Қатынас уақыты дәл белгілі болған кездегі бөлектеу уақыты қанша болады:

А) 21 күн

Б) 17 күн

+В) қатынас уақытының 8 күнінен бастап

Г) 22 күн

Д) 25 күн

4. Қызылшаға қарсы егу мына уақытта жүргізіледі:

А) 6-7 ай

Б) 1,3,4 ай

+В) 12 ай, 6-7 жас

Г) 12 ай, 15 жас

Д) 12 ай, 12 жас

5. Іш сүзегінің эпидемиялық үрдісі қазіргі заманға сай жағдайларда Қазақстан Республикасында былай сипатталады. Мына үрдістердің қайсысы дұрыс:

+А) аурудың спорадикалық түрі

Б) аурудың айқын мерзімділігі

В) аурудың эпидемиялық түрі

Г) аурудың өршуге бейімділігі

Д) ерте жастағы балалар ауруға бейімірек

6. К. қаласында канализациялық жүйеде апат болып, канализация суы ішетін суға араласып кетті. Қай ауру дамуы мүмкін:

А) қызылша, қызамық

+Б) тиф-паратиф, вирусты гепатит А және Е

В) вирусты гепатит В

Г) күл

Д) малярия

7. Алдын алу жұмыстарын қашан жүргізеді:

+А) жұқпалы аурудың болу-болмауына байланысты емес

Б) бірен-саран жұқпалы аурулар болғанда

В) көптеген жұқпалы аурулар болғанда

Г) жұқпалы ауруда да, жұқпалы емес ауруларда да

Д) жүргізбейді.

8. 7 жасар бала жүрек айну, құсу, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Кешке қарай зәрі қарайып, ахолиялық нәжіс пайда болды. Мектепте гепатит А-мен қатынаста болған. Вирусты гепатит А-ның инкубациялық кезеңінің уақытын көрсетіңіз:

+А) 10-45 күн

Б) 10-15 күн

В) 5-15 күн

Г) 3 ай

Д) 6 ай

9. 7 жасар бала жүрек айну, құсу, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. Кешке қарай зәрі қарайып, ахолиялық нәжіс пайда болды. Мектепте гепатит А-мен қатынаста болған. Қатынаста болғандарды бақылау мерзімі:

А) 10 күн

Б) 14 күн

В) 20 күн

+Г) 35 күн

Д) 25 күн

10. 5 жасар қыз бала жедел дене қызуымен 38,4о С қа көтерілуімен ауырып қалды. Бірнеше сағаттан соң бетінде, арқасында диаметрі 2-3мм сирек орналасқан ашық қызыл түсті дақтар пайда болды. Келесі күні бөртпелер көбейіп, дақтардың орнына көпіршіктер пайда болды. Осындай элементтер бастың шашты бөлігінде де пайда болды. «Желшешек» диагнозы қойылды. Үйінде 3 жасар бала бар. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізіледі:

+А) қатынаста болғандар, бірақ ауырмағандарды қатынаста болған күннен бастап 11-21 күнге дейін бөлектеу

Б) қатынаста болғандар, бірақ ауырмағандарды қатынаста болған күннен бастап 1-21 күнге дейін бөлектеу

В) қатынаста болғандар, бірақ ауырмағандарды қатынаста болған күннен бастап 1-40 күнге дейін бөлектеу

Г) қатынаста болғандар, бірақ ауырмағандарды қатынаста болған күннен бастап 11 күнге дейін бөлектеу

Д) бөлектеу керек емес

11. 5 жасар қыз бала жедел дене қызуымен 38,4оС қа көтерілуімен ауырып қалды. Бірнеше сағаттан соң бетінде, арқасында диаметрі 2-3мм сирек орналасқан ашық қызыл түсті дақтар пайда болды. Келесі күні бөртпелер көбейіп, дақтардығ орнына көпіршіктер пайда болды. Осындай элементтер бастың шашты бөлігінде де пайда болды. Желшешек диагнозы қойылды. Үйінде 3 жасар бала бар. Науқас баланы бөлектеу мерзімі:

+А) соңғы бөртпе болған күннен бастап 5 күнге дейін

Б) соңғы бөртпе болған күннен бастап 21 күнге дейін

В) соңғы бөртпе болған күннен бастап 10 күнге дейін

Г) аурудың басталған күнінен бастап 10 күнге дейін

Д) соңғы бөртпе болған күннен бастап 15 күнге дейін

12. Жанұяда 4 бала бар. Ортаңғы бала 4 жасында жұқпалы мононуклеозбен ауырған. Ошақта 9,7 және 2 жастағы балаларға жедел иммунизацияны қай уақытта жүргізеді:

А) 3 күн ішінде

Б) қатынастың 1 күнінде

+В) жүргізілмейді

Г) 48 сағат ішінде

Д) ауру анықталғаннан кейін иммуноглобулин енгізеді

Жасар ұл балада жұқпалы мононуклеоз анықталды. Жанұясында 7 айлық, 2 және 5 жасар балалар бар. Науқастың ата-анасы абыржуда және сізден қай уақытта кішкентай балаларына вакцина жүргізіледі деп сұрайды.

А) 1 күн ішінде

Б) 3 күн ішінде

В) 2 күн ішінде

+Г) жүргізілмейді

Д) 7 күн ішінде

14. Перзентханада жаңа туылған нәрестелерге қай вирусты гепатитке қарсы вакцинация жасалады:

А) ВГА

Б) ВГЕ

В) ВГС

+Г) ВГВ

Д) ВГG

15. Жүкті әйел вирусты гепатиттің қай маркерлеріне тексерілуі керек:

А) ВГА

+Б) ВГВ

В) ВГС

Г) ВГД

Д) ВГЕ

16. Зоонозды инфекция дегеніміз-:

А) ауру көзі, аурудың өршу кезеңіндегі науқас болып саналатын жұқпалы ауру

+Б) ауру көзі – жануарлар болып саналатын жұкпалы ауру

В) ауру көзі – тасымалдаушылар болып саналатын жұкпалы ауру

Г) ауру көзі масалар болып саналатын жұкпалы ауру

Д) ауру көзі - адам және жануар болып табылатын жұқпалы ауру

17. Мектепке дейінгі мекемеде карантин кезінде мына шаралар жүргізіледі, біреуінен басқасы:

А) топтарды мүмкіндігінше бір бірінен бөлектеу

Б) жаңа балаларды қабылдамау

В) жоспарлы егуді жүргізуді тоқтату

Г) іс-шаралар жүргізуге тыйым салу

+Д) тәулік бойы жұмыс жасау тәртібіне ауыстыру

18. Алдын алу іс-шараларына жатады, біреуінен басқасы:

А) қоршаған ортаның микробпен ластануын болдырмау

Б) ішетін суға қойылатын стандартты талаптарға сай суды залалсыздандыру

В) эпидемиялық маңызды объектілерге инфекцияның енуін болдырмау

Г) мемлекеттің территориясына жұқпалы аурулардың еніп, жайылуынан санитарлық қорғау

+Д) эпидемиялық ошақтарды жою

19. 4 жасар бала ауыз-жұтқыншақ күл ауруның токсикалық түрімен ауырды. Барлық реконвалисценттер үйіне шығарылған соң қанша уақыт ішінде мамандарға қаралуы тиіс:

+А) 3 ай

Б) 6 ай

В)1 жыл

Г) 3 жыл

Д) 1ай

20. 12 жасар ұл балада ауыз-жұтқыншақ күл ауруының токсикалық түрімен ауырғаннан кейін полирадикулоневрит түрінде асқыну пайда болды. Қанша уақытқа диспансерлік бақылауға алынады:

+А) 1 жыл

Б) бақылау жүргізілмейді

В) қалдық көріністер жойылғанға дейін

Г) 3 жылға

Д) 5 жылға

Максим 10 жаста, іші ауырады, дене қызуы көтерілген. Нәжісі «ректальды түкірік» түрінде. Диагнозы – шигеллез. Қатынаста болғандарды қанша уақыт бақылайды.

А) 1 күн

Б) 3 күн

В) 5 күн

+Г) 7 күн

Д) 21 күн

22. Рита 3 жаста, ішінің барлық жерінде ауыру сезімі бар. Үлкен дәреті нәжіссіз, сұйық, шырышты, жасыл, қан аралас. Дене қызуы 37оС. Диагнозы: «Шигеллез». Төменде атап көрсетілгеннің қайсысы инфекция көзі болып табылады:

+А) ауру немесе бактерия бөлуші

Б) шигеллез жұқпалы емес

В) жануарлар

Г) R-массаны құю

Д) масалар

23. Бала 2 жаста, энцефалитпен асқынған қызылшамен ауырған. Атап көрсетілген мамандардың қайсысының бақылауында болу керек:

А) хирург

+Б) невропатолог, педиатр-инфекционист

В) лор-дәрігер

Г) окулист

Д) бақылау керек емес

24. Оңтүстік Қазақстан облысында малшының үйінде түйе етін жегеннен кейін обаның пайда болуы болжамданды. Ауру ошағында қандай шаралар жүргізіледі:

+А) жұқтыруы мүмкін деген адамдарды және ауруларды анықтау және бөлектеу, СЭС-қа мәлімдеме жіберу

Б) қатынаста болғандарды қорғау жүргізілмейді

В) жұқтыру мүмкін адамдарды бөлектемейді

Г) карантин жүргізілмейді

Д) СЭС-ке мәлімет жіберілмейді

25. Қостанай облысының ауылдық жерінде балалар арасында сальмонеллездің таралуы анықталды. Ауру себебіне сатылымдағы «Птичье молоко» торты болып табылады. Атап көрсетілген шаралардың қайсысы ауру ошағында жүргізілуі маңызды емес:

А) құсты асырауға және союға ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізуі

Б) азық-түліктерді өңдеу технологиясына қойылатын талаптардың орындалуын бақылау

В) азық-түліктерді сақтау мен аспаздық өңдеуді бақылау

Г) аурухана ішілік сальмонеллездің алдын алу үшін эпидемияға қарсы тәртіпті және санитарлық-гигиеналық ережені сақтау

+Д) тұрғындарды иммунопрофилактикалау

26. 7 жасар қыз бала «баспамен» ауырған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Ауруының 8-күні дауысының қарлығуына, шашалу, сұйық тамақ ішсе мұрнынан ағуы пайда болды. Бұл симптомдар қай жұқпалы аурудың асқынуы болып табылады:

А) қызылша

Б) жәншау

+В) күл

Г) жұқпалы мононуклеоз

Д) қызамық

27. Тұмаудың эпидемиясы жүріп жатқанда, перзентханада 5 жаңа туған нәрестенің тұмаумен ауруы тіркелген. Төмендегі қай іс-шаралар жүргізу қажет:

+А) науқас балаларды боксқа бөлектеп, перзентхананың жабылуы жайлы сұрақты қарастыру

Б) науқас балаларды үйлеріне шығару

В) науқас балаларды бөлектеудің қажеті жоқ

Г) науқас балаларды үйлеріне шығару, кейін бір ай бойы диспансеризациялау

Д) жазылғанға дейін емшекпен емізбеу жеткілікті

28. 11 жасар балада клинико-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде: «Ішектік иерсиниоз» диагнозы қойылды. Қандай клиникалық көріністер бұл диагнозды қоюға негіз болады:

А) гемипарез, тырысулар

Б) менинигеальды белгілер

В) патологиялық қоспаларсыз сұйық, сулы нәжіс

+Г) гепатолиенальды синдром, қол-аяқ ұшында полиморфты бөртпе («қолғап», «шұлық» симптомдары), сұйық нәжіс

Д) коньюктивит, блефарит

29. 9 жасар қыз балада тұздалған қияр жегеннен кейін, ботулизмнің клиникасы дамыды. Патологиялық құбылысты шақырған ботулизмнің қандай токсикалық компоненті:

А) эндотоксин

Б) гемолизин

+В) нейротоксин

Г) стрептокиназа

Д) гиалуринидаза

30. 9 жасар қыз бала ауылдан келген, 1 аптадан соң полиомиелиттің клиникасы дамыды. Инфекция көзін атаңыз:

А) полиомиелит вирусмен залалданған су

Б) полиомиелит вирусмен залалданған сүт өнімдері

+В) ауру адам және вирус тасымалдаушы

Г) ауру жануарлар

Д) үй құстары

31. Ауылдық жерде балалар мен ересектер арасында бруцеллезбен ауру жағдайы көрінген. Бруцеллезге қарсы күрес кезінде жақсы нәтиже алу үшін эпидемиологиялық процестердің қай сатысына әсер ету қажет:

А) берілу механизміне

+Б) қоздырғыш көзіне

В) қабылдағыш топқа (вакцинация)

Г) процеске әсер етудің мағынасы жоқ

Д) берілу механизміне және қабылдағыш топқа

32. Емханаға 13жасар бала мынандай шағымдармен келді: ауызының айналасында-

ғы қышыну, ауру сезімі, ашу. Қарау кезінде ішінде мөлдір сұйықтығы бар, инфильтрацияланған тері үстіндегі көпіршіктер. Herpes simplex-ң қай вирусы көбіне тері мен шырышты қабаттарды зақымдайды:

+А) HSV-1 тері мен шырышты қабаттарды зақымдайды

Б) HSV-2 теріні зақымдайды

В) терісі зақымдалған ауруларда бірдей жиілікте 1 және 2 типті вирусты бөліп алады

Г) HSV-1 урогенитальды жүйені зақымдайды

Д) HSV-2 шырышты қабаттарды зақымдайды

33. Ауруханаға 7 жасар бала бұлшық ет, буындағы ауыру сезімімен, барлық топ лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, гепатолиенальды синдроммен түсті. Анасының айтуы бойынша балада ұзақ уақыт субфебрилитет болған. Үйлерінде үш мысық бар. Клинико-лабораториялық мәліметтер негізінде «Токсоплазмоз» диагнозы қойылды. Жұқтыру көзі:

А) ауру адам

+Б) мысықпен қатынаста болу

В) қайнатылмаған су ішу

Г) сүт өнімдері

Д) токсоплазмоз тасымалдаушы

34. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдеммен науқас баланы «Зоонозды инфекция» диагнозымен алып келінді. Зерттеу кезінде пастереллез диагнозы қойылды. Қандай лабораториялық зерттеу әдісі көп мәлімет береді:

А) тері-аллергиялық сынама қою

+Б) пастерелланы биологиялық әдіспен бөліп алу және идентификациялау

В) қақырық жағындысында микроскоппен анықтау

Г) қан жағындысында микроскоппен анықтау

Д) копрограмма

35. Қазақстанның шығыс аудандарында клинико-лабораториялық мәліметтер негізінде 2 жағдайда «Полиомиелит» диагнозы қойылған. Полиомиелит кезінде тиімді шаралар:

А) вирустың берілу механизмін үзу

+Б) вакцинопрофилактика

В) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау

Г) шыбындармен күрес

Д) тұрғындарды сумен қамту көздерінің сапасын бағалау

36. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 13 жасар қыз бала 3 күндік малярия клиникасымен түсті. Анамнезінде ата-анасымен Болгарияда демалған. Әзірбайжанда туыстарының үйінде болған. Қандай мемлекеттерден малярия Қазақстанға алып келінеді:

А) Италия, Англия

Б) Испания

+В) Тәжікстан, Әзірбайжан

Г) Жақын Балтық

Д) Норвегия

37. Оңтүстік Қазақстан облысында балалар арасында маляриямен ауырудың 3 жағдайы тіркелді. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде эпидемиялық процестің қай звеносына әсер ету керек:

А) қоздырғыш көзіне

Б) берілу механизміне

В) қоздырғыш көзіне және берілу механизміне

+Г) қоздырғыш көзі, берілу механизмі және сезімтал топ

Д) сезімтал топ

38. 5 жасар қыз баланың анасы бала бақша дәрігерінің жолдауы бойынша емханаға «Вагинит» диагнозымен келді. Қарау кезінде құрт жұмыртқасы табылды. Жұқтыру барлық жағдайда болады, біреуінен басқа:

А) жұмыртқа тікелей ауызға түскенде

Б) тағаммен залалданған тамақпен ішке түскенде

В) төсек-жабдықтары және киімдер арқылы

+Г) ірі қара мал және шошқа еті

Д) жүзу бассейнінде

39. Соңғы жылдары ҚРда сібір жарасының табиғилық жағдайлары тіркелген. Аурудың бас көтеруінің ең басты себебі:

А) сібір жарасы бойынша жағдайы нашар пунктердің белсенуі

Б) жануарлардың жұқтыруының жоғары болуы

+В) ауыл шаруашылық жануарларының вакцинациясының болмауы

Г) қоздырғыштың берілу механизмінің белсенуі

Д) адамдарда вакцинацияның жасалмауы

40. 15 жасар қыз бала вирусты гепатит В-мен ауырады. Қыздың анасы гепатит Д-ның бар екенін білген соң, ол қандай формада болатынын сұрады:

+А) коинфекция және суперинфекция

Б) жекеленген гепатит Д вирусы

В) гепатит Д және С вирусы

Г) гепатит Д және А вирусы

Д) гепатит А+Д+С вирусы

41. Полиомиелитке қарсы вакцинацияны қолданғанда ауру сирек кездесетін болды және қазіргі кезде тек спорадикалық жағдайлар ғана кездеседі. Қай жастағы балаға полиомиелитке қарсы иммунизация жасалады:

+А) перзентханада 0-4 күн, 2, 3, 4 айда

Б) 6-7 жас

В) 12-15 жас

Г) 1, 2, 3 ай

Д) 1, 2, 3, 4 ай

42. Мектеп дәрігері қыркүйек айында алдын алу шаралар жоспарын құрастырғанда вирусты гепатиттер туралы әңгіме жүргізуді енгізу қажет. Күз-қыс айларында гепатиттің қай түрлері жиі кездеседі:

+А) ВГА

Б) ВГС

В) ВГД

Г) ВГЕ

Д) ВГВ

43. Жедел ішек инфекциясының көріністері бар балада ф.30 оң болды. Қай ауру туралы ойлау керек:

А) АИВ/ЖИТС

+Б) кенелік энцефалит

В) тырысқақ

Г) күл

Д) гельминтоз

44. 3 айлық баланың анасы емханаға мынандай шағымдармен келді: бір ай бойы субфебрильды температура, сұйық нәжіс, дене салмағының төмендеуі. Қарау кезінде ауыз қуысында жаралар анықталды. Үлкен кандилома, пневмония. Бұл жағдай баланы қай форма бойынша қарауды талап етеді:

А) ф.60-у

+Б) ф.58-у

В) ф.50

Г) ф.307-у

Д) ф.045-у

45. Ауа тамшылы жұқпалы аурулар бөлімшесіне 7 жасар ұл бала қызылша ауруына күдікпен түсті. Бала көпбалалы және санитарлық-гигиеналық жағдайы төмен жан ұядан. Барлығын толық педикулезге тексеру керек, біреуінен басқа:

А) басын және шүйде-самай аймағын қарау

Б) тігістер, жағаны қарау

В) киім қатпарларын

Г) белдігін

+Д)қолдың алақанын

46. Мектеп интернаттың жоғарғы сыныптарында қотыр ауруы табылды. Ауру ошағышда қандай шаралар жүргізу керек:

+А) киімдерді, төсек-жабдықтарын камералық дезинсекцияға немесе қайнатып, кейін үтіктеу керек

Б) мекемені 5-8% лизол ерітіндісімен өңдеу

В) масаларға қарсы шаралар жүргізу

Г) химиопрофилактика

Д) суға және топыраққа нәжістің түсуін болдырмау

47. Жұқпалы аурулар стационарында парентеральды вирусты гепатит кезінде медициналық құрал-жабдықтарды мына жолдармен залалсыздандырады:

А) 30 мин 3% хлорамин ерітінсімен шаю

Б) 15 мин 3% хлорамин ерітіндісімен сүрту

+В) 60 мин бойы 3% ерітінсіне малып қою

Г) 10 мин бойы 3% ерітінсіне салып қою

Д)1,5 сағатқа хлораминды сеуіп қою

48. Қоршаған тіндердің тез арада некрозы мен жайылуы ұйқы артериясының перфорациясына алып келуі мүмкін. Қай баспаға осы симптоматика тән:

А) некроздық баспа

Б) герпестік баспа

В) лакунарлы баспа

+Г) Венсан баспасы

Д) Людвиг баспасы

49. Бадамшаларда қоңыр және сұр түсті сасық жабынды тән:

А) дифтерии

Б) некрозды баспа

В) герпестік баспа

+Г) Венсан баспасы

Д) Людвиг баспасы

50. Жедел тіл және жақ асты тіндерінің қабынуы тән:

А) күлге

Б) некрозды баспа

В) герпестік баспа

Г) Венсан баспасы

+Д) Людвиг баспасы

Наши рекомендации