Сабаққа таратылатын материал. Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері

Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттің жиырылу түрлері.

№1 –жұмыс.Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау(Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,150-151 б.;Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И.Косицкого,1988,75-77 б.)

Тәжірибелік жағдайларда бұлшықеттің жиырылуын өзін тікелей тітіркендіргенде (тікелей тітіркендіру) және нақты бұлшықетті жүйкелендіретін қозғалыс жүйкесін тітіркендіргенде( тікелей емес тітіркендіру ) тудыруға болады.Жүйкелік, бұлшықеттік және бездік тіндер әр түрлі қоздырғыш қасиеттерге ие. Қозғыштық өлшемі ретінде қозу тудыра алатын қозу күшінің минималды мәні - қозу табалдырығы болып табылады.Бұлшықеттегі қозудың көрінісі оның жиырылуы болып табылады.Егер қозғыштық бұлшықетке әсер етсе ( тікелей тітіркендіру ), онда оның минималды күші бұлшықет қозуын сипаттайды, ал егер бұлшықеттің тітіркенуі оның қимыл жүйкесінің ( тікелей емес тітіркендіру ) әсері нәтижесінде болса, онда минималды жиырылуға алып келетін электр тогының мәні жүйкенің қозуын сипаттайды.

Құрал-жабдықтар: кимограф, тік миографты әмбебап штатив, қоздырғыш электродтар, оқу электростимуляторы (УЭС-1 немесе т.б.), қоздырғышты ауыстыратын кілт, сия, қағаз,су, Рингер ерітіндісі.Жұмыс бақаға жасалынады.

Жұмыс барысы: Аспапты жинаңдар.Дайындалған жүйке-бұлшықеттік препаратты табан сіңірі арқылы төмен және тізе буыны арқылы жоғары етіп, тік бағытта орнатыңдар(фиксациялаңдар).Шонданай жүйкесін қоздырғыш электродтармен жанасатын етіп көлденең бағытта орналастырып, оған Рингер ерітіндісіне батырылған дымқыл мақтаны қойыңдар.Стимуляторды қосыңдар.Ток күшін реттеуші тетікті «0» мәніне дейін, ал ауыстыру жиілігін «1» мәніне келтіріңдер. Кілтті «жүйке» қалпына келтіріп, ток күшін реттеуші тетікті ақырын қозғай отырып, бұлшықеттің минималды жиырылуын қамтамасыз ететін минималды күшін(қоздыру табалдырығын) анықтаңдар. Кимограф таспасына сия толтырылған қаламдыжақындатып, бұлшықет жиырылуының тікелей емес тітіркену кезіндегі мәнін жазыңдар.Содан соң кілтті «бұлшықет» қалпына келтіріп және жоғарыдағыдай бұлшықеттің тікелей тітіркену кезіндегі қозу табалдырығын анықтаңдар. Әрбір стимуляциядан соң тетікті қолмен айналдыра отырып жазбаны тоқтатылған кимограф таспасында көрсетіңдер.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Бұлшықетті тікелей және тікелей емес тітіркендіруге арналған жобаны салыңыз. (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,150-152 б. 79- және 80-суреттер), тәжірибенің нәтижесін жазыңыз.

№2 –жұмыс.Жеке бұлшықеттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.(Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,152-154 б.)

Жеке бұлшықеттік жиырылу – бұл бұлшықеттің жеке табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғарғы әсерге жауап беру реакциясы.Жеке жиырылу кезінде бұлшықетке келесі тітіркендіргіш әсер етсе,онда пайда болған жиырылулар жинақталады.Егер 2-тітіркендіргіш бұлшықеттің босаңсу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық емес , ал жиырылу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық деп аталады.

Жүйкесіз m.gastrocnemii препаратын дайындалады.Препаратты тізе буынының қапшығы және ахиллов сіңірі арқылы миографқа бектеді. Дайыншынылы раманы оңға жылжытып, ілмекпен бекітеді. Раманың осындай қалпында миограф перосы сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта закопченный пластинаға жанасу керек.

Ток көзінің кілтін және фаль-аппарат контактын тұйықтайды. Фаль-аппараттың контактын қолмен босатып, бұлшықеттің жиырылу күшінің жеткіліктігін тексереді. Егер жиырылу әлсіз болса, онда катцушкаларды жақындатады.

Қозғалыстағы пластинка жанасуды тоқтатқан және бұлшықетті тітіркендірген кездегі уақытты орнату үшін оны ұстап тұрған ілмекті босатады; рамканы қолмен ұстай отырып, жанасуға босатылған штифтті баяу жақындату қажет және осы қалыпта кілтті босатады: бұлшықет жиырылады. Дайын шыныға жанасу тоқтаған кездегі бұлшықеттің тітіркену уақытының мәнін тік сызықпен бейнелейді.

Миографтың перосын абайлап тартады және раманы алғашқы орнына қойып,ілмекті босатып, кілтті тұйықтап, тек содан кейін ғана пероны жібереді. Ол бұрынғы қалпында : пластинаның сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта болу керек.

Ілмекті көтеріп, раманы қозғалысқа келтіреді,бұлшықет жиырылады, миограф перосы әйнекте жиырылған жеке бұлшықеттің теріс қаратылған қисығын сызады.

Миографты жылжытып, уақытты белгілейді.Бұл үшін рама мен пластинканы тағы да оңға жылжытып, ілмекті жібереді.Пластинканың сол жағынан 0,5см жоғарыда алынған жазбаға электрокамертонның төменгі аяғына пероны орналастырады. Кілтті тұйықтайды. Камертон теңселе бастайды да, перо таспада тік сызықтар бейнелейді.Раманы қозғалысқа келтіре отырып, ілмекті көтереді.Жеке жиырылудың қисығы негізінде камертон синусоиданы жазады, әрбір тісшесі 1/100 секундқа тең.

Латентті периодта неше тісше, қысқарту периодында қанша тісше және босаңсу периодында қанша тісше бар екенін есептейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Сурет дәптеріңізге жеке бұлшықеттік жиырылу, толық және толық емес жинақталу қисығын салыңыз.Жеке бұлшықеттік амплитудасын, толық және толық емес амплитудасымен салыстырыңыз.

№3 –жұмыс.Динамометрия(Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,175 б.)

Динамометрия – максимальді бұлшықеттік жиырылу күшін және қол бұлшықетінің күштік төзімділігін зерттеу тәсілі.

Құрал-жабдықтар: кистевой динамометр,секундомер.Зерттеу адамға жүргізіледі.

Жұмыс барысы: зерттелушіден тұруды өтініңіз,қолын алдыға созып және динамометрді ұстатыңыз, ал екінші қолын босаңсытып және еркін кеуде бойына жіберу керек.

1. Бұлшықет күшін бағалау.

Ең максималды күшпен динамометрді екі рет қысыңыз.Бұлшықет күшін бағалауға болатын ең жоғары нәтижені белгілеңіз.

2. Бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін зерттеу

Зерттелушіні максималды мүмкін күші мен жиілігі 5 с 1 рет болатындай динамометрді 10 рет қысуды өтініңіз. Әр қысқан сайын көрсеткішті жазып отырыңыз.Жұмыс істеу қабілетін мына формуламен анықтаңыз: Р=

Мұндағы Р- жұмыс істеу қабілеті, f1- f 2 бұлшықеттің соңғы шартындағы динамометр көрсеткіші, n – динамометрдің қысу саны.

3. Бұлшықеттің қажуын зерттеу.

2 жұмыста алынған нәтижелерді бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін төмендеуін есептеуге қолданылатын формулаға салып есептеңдер:

S=

S- анықталатын көрсеткіш ,f1- бұлшықет күшейтуінің бірінші шамасы, f min және fmax - максималды және минималды күшейтудің сәйкестігі.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:

1. Анықталатын көрсеткіштерді есептеп,протоколға енгізіңдер.

2. График сызыңыз, оның абсцисса осінде жиырылудың бағаналық нөмірін, ал ордината осінде әрбір жиырылудан кейінгі динамометр көрсеткішін көрсетіңіз.

3. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. Әр түрлі зерттелінген конституциялық типтердің нәтижелерін салыстырыңдар.

Наши рекомендации