Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады?

Ішкі аурулар» пәнінің «Фтизиатрия» блогы бойынша «Жалпы медицина» мамандығында оқитын 6 курс интерндерге дайындалған

ЕМТИХАННЫҢ ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

Тесттік тапсырмалардың барлығы: 180

Деңгей 20

Деңгей 80

Деңгей 80

Алматы, 2015 жыл

ЖПД –интерндердің ҚМА/ИГА тапсыруға арналған «Фтизиатрия» пәніне MCQ бойынша дайындалған тесттік есептер

Фтизиатрия*1*20*1

#1

Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады?

*диагностикум- эритроцитарлы туберкулезді антигенді

*+стандартты ерітіндегі тазартылған белок дериватын

* халықаралық стандартты туберкулинді

* құрғақ тазартылған туберкулинді

* Кохтың альт-туберкулиннің

#2

*!Туберкулездің диагностикасында аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

* қарап тексеруден алынған мәліметтер

* туберкулиннің 2 ТБ жасалатын сынама

*+қақырықты ТМБ зерттеу анализы

* туберкулиннің Кох сынамасы

* зертханалық мәліметтер

#3

*!Өкпе ұшындағы плевральдык спайкаға тән аталған рентгендік белгілердің қайсысы жатады?

* өкпе алаңдарының күнгіртенуі

* өкпе алаңдарының тарылуы

* тегістелген синустар

*+«плевральды шапка»

* тісті диафрагма

#4

*!«Туберкулезді менингит, асқынған ағым. Босанғаннан кейінгі кезең». Туберкулез ауруының аталған жағдайларының қайсысы (жіктелуге сәйкес) болуы мүмкін?

*+асқынған/запущенный жағдай

* жаңадан анықталған жағдай

* қайталану

** ауысқан

басқалар

#5

*!Өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезіне тән рентгендік өзгерістер төменде аталған мерзімдердің қайсысында анықталады:

* ауру басталғаннан кейін алғашқы 1-3 күнде анықталады

* ауру басталғаннан кейін 15-17-ші күні анықталады

* ауру басталғаннан кейін 18- 20-ші күні анықталады

* ауру басталғаннан кейін 21-24-шікүні анықталады

*+ауру басталғаннан кейін 7-10-ші күні анықталады

# 6

*!Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ошақты туберкулездің диагностикасында өте маңызды?

* 2 ТБ жасалатын туберкулин сынамасы

* объективті тексерудің мәліметтері

* туберкулиннің Кох сынамасы

* лабораториялық мәлімет

*+рентгендік зерттеу

#7

*!Туберкулезді менингитке қайсы цитоз сәйкес келеді?

* 1 мл 700-800 жасуша, нейтрофильды-лимфоцитарлы

* 1 мл 800-1000 жасуша, нейтрофильды

*+1 мл 100-300 жасуша, лимфоцитарлы

* 1 мл 400-600 жасуша, нейтрофильді

* 1 мл 1-10 жасуша, лимфоцитарлы

#8

*!Өкпенің инфильтратты туберкулезіндегі морфологиялық ерекшеліктер ол:

*+орталық орналасқан ошақ айналасындағы перифокальды қабыну

* екі жақты ошақты көлеңкелердің полиморфизмі

* әртүрлі қанықтықтағы ошақтар

* өкпе тінінің диссеминациясы

* өкпе тінінідегі экссудат

#9

*!Рентгенологиялық көріністің қайсысы туберкулемаға тән болуы мүмкін?

*+12 мм ден астам домалақ көлеңке

* ошақты- фокусты күңгірттену

* инфильтратты көлеңке

* сақинатәріздес көлеңке

* 1 см ге дейінгі көлеңке

#10

*!Төменде аталған клиникалық ағымдардың қайсысы бірінші рет анықталған өкпенің кавернозды туберкулезіне тән болуы мүмкін?

* мерзімді асқынулармен

* симптомсыз

* созылмалы

*+жеделдеу

* жедел

#11

*!Туберкулезді плеврит - клиникалық түрі, ол қалай сипатталады:

*+плевра қуысында экссудаттың жиналуымен және плевраның қабынуы

* плевраның обыр жасушасымен зақымдануы

* плевраның стафилококктармен зақымдануы

** плевраның қабынуы және ауаның болуы

плевраның нейтрофилдермен зақымдануы

#12

*!Сүйек-буын туберкулезінің дамуы қанша этаптан тұрады:

* 5 этаптан

* 6 этаптан

*+4 этаптан

* 2 этаптан

* 3 этаптан

#13

*!Ересектерде перифериялық лимфадениттің пайда болуына септігін тигізеді:

*+эндогенді реактивация

* экзогенді реактивация

* иммунитет төмендеуі

*екіншілік инфекция

* суперинфекция

#14

*!Туберкулез инфекция ошақтарында індетке қарсы өткізілетін іс шаралардың мақсаты:

*+науқастың айналасында кісілердіТМБ жұқтырудың және аурудың жаңа анықталған
жағдайларынан алдын ала сақтандыру

* айналасындағыларды жұқтыру қаупін бағалау
* ошақты есептен шығаруға дайындау

* ТБ 093у есеп формасын рәсімдеу

* іс шаралар жоспарын құру

#15

*!Өкпенің активті туберкулезі бірінші рет анықталған пациентті диспансерлік есептің қайсы тобында бақылайды?

*+1А диспансерлік есеп тобында

* 1Б диспансерлік есеп тобында

* 1В диспансерлік есеп тобында

* 1Г диспансерлік есеп тобында

* 2 диспансерлік есеп тобында

#16

*!Өмірінде бірінші рет активті туберкулез деген диагноз қойылған науқастарқа қайсы есеп формасы толтырылады?

*+089у

* 058у

* 063у

* 033у

* 093у

#17

*!Қант диабетімен ауырған науқастар қай жиілікте туберкулезбен ауырады:

* 2-4 есе жиі

* 2-3 есе жиі

*+2-6 есе жиі

* 6-8 есе жиі

* 6-9 есе жиі

#18

*!Босанудан кейінгі кезеңде дамыған инфильтратты туберкулездің ағымы жиі қалай сипатталады:

* жүктілік кезіндегі жағдайдан айырмашылығы жоқ

*+процесстің өршу қаупі өте жоғары

* қолайлы

* шектеулі

* торпидті

#19

*!Туберкулезбен ауыратын науқастың химиотерапиясының негізгі ұстанымдары:

* препараттармен қамсыздандыру

* витаминдермен қамсыздандыру

* интермиттирлеуші

* парентеральды

*+бақылау

#20

*!Кең дәріге төзімді (ШЛУ) туберкулездің формасын 4- режим бойынша емнің қарқынды фазасымен емдейді:

* 12-14 ай аралығында

*+ 8-12 ай аралығында

* 4-6 ай аралығында

* 2-4 ай аралығында

* 6-8 ай аралығында

Фтизиатрия*2*80*1

#21

*!Перзентханада нәрістеге вакцинацияны егуге невропатолог бас миінің туарда алған жарақатына байланысты 2 айға медициналық қарсылық білдірді. 2 айдан кейін невропатолог және педиатр қарап тексергеннен кейін вакцинацияны егуге рұқсат берді.

Вакцинация егу алдында педиатрдің қайсы тактикасы ең орынды?

*+2 ТБ Манту сынамасын жүргізу

* өкпенің рентгенографиясы

* қан биохимиялық анализі

* зәрдің жалпы анализі

* қан жалпы анализі

#22

*!Әйел М. 47 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 37,3° жоғарлады, тершендік, әлсіздік, дімкәстік, қиын бөлініп шығатын қақырықты жөтел, сол жақ кеудесінің ауырсынуы, жүдеу мазалады. Тексерілгеннен кейін сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі,ТМБ- деген диагноз қойылды.

Анықталған жағдайдың жіктелуіне сәйкес аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

*+жаңадан анықталған жағдай

* ауыстырылған

* басқалар

* сәтсіз ем

* рецидив

#23

*!37 жастағы Ж. деген науқасқа сол өкпенің төмеңгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозы қойылды. Анамнезінде: 6 ай бұрын оң өкпенің инфильтратты туберкуле-зінен ауырып жазылған. Қант диабетінің 2 типімен ауырады.

Аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

* жаңадан анықталған жағдай

* емнің үзілісі

* сәтсіз ем

*+рецидив

* басқалар

#24

*!АИТВ-инфицирленген балаларға БЦЖ ревакцинациясын егеме:

* 5 жасар балаға егеді

* 6 жасар балаға егеді

* 7 жасар балаға егеді

* 8 жасар балаға егеді

*+екпейді

#25

*!Пациенттің хал жағдайының және көңіл күйінің жақсаруына қарамастан емге мониторинг өткізгенде қақырығының жағынды анализінде бактериоскопиялық әдіспен ТМБ++ анықталды.

Пациентке одан әрі қарай жүргізілетін тактикасын анықтау үшінаталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

* бактериоскопиялық әдіспен қақырықтыТМБ зерттеу анализін қайталау

*+GeneXpert және BACTEC әдістері бойынша қақырықты зерттеу анализі

* люминесцентті әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализі

* екінші флораға қақырықты зерттеу анализі

* кандидаға қақырықты зерттеу анализі

#26

*!Өкпе түбіріндегі патологияға (екі жақты бронхопульмональды лимфа бездерінің үлкеюі) байла-нысты 54 жастағы З., әйелді туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансердің дифференциальды ажырату диагностикалық бөліміне жіберілді. Қақырық анализінде бактериоскопиялық әдіспен ТМБ үш рет теріс нәтиже берді. GeneXpert – теріс.

Клиникалық қорытынды диагнозды верификациялау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

*+бронхоскопия биопсиясымен және биоптатты саркоидозды гранулемаға зерттеу

* бронхоскопия биопсиясымен және биоптатты атипиялық жасушаларға зерттеу

* бронхоскопия және БАС-ты атипиялық жасушаларға зерттеу

* бронхоскопия және БАС-ты макрофагтарға зерттеу

* бронхоскопия және БАС-ты ТМБ зерттеу

#27

*!59 жастағы Д., еркек, тау-кен жұмыскері. Рентгенде:- өкпеде патологиялық өзгерістердің анықталуына және бронхопульмональды лимфа бездерінің тобының үлкеюіне байланысты тексерілді. Бронхоскопия биопсиясымен жүргізілді, онан алынған биоптатқа гистологиялық зерттеу өткізгенде силикозды түйіндер анықталды.

Аталған аурулардың қайсысына гистологиялық мәліметтер тән?

* созылмалы лимфолейкоз

* лимфогранулематоз

* өкпе туберкулезі

* гемосидероз

*+силикоз

#28

*!Мойын лимфа бездерінің үлкеюімен 22 жастағы Т., еркек терапевтке қаралды. Температурасы 38°С көтерілуімен жіті ауырды. Пальпацияда лимфа бездері ауырады, тығыз консистенцияда, жақын жатқан тіндермен жабыспаған. Хирургиялық әдіспен бір лимфа безді алып морфологиялық зерттеуге жіберді, одан эпителиодты жасушаларды, макрофагтарды, лимфоциттерді, плазтикалық жасушаларды және ортасынан ірімшіктәріздес некроз анықөталды.

Аталған аурулардың қайсысына морфологиялық мәліметтер тән?

* жүре жабысқан иммунодефицитті синдром

* бейспецификалық мойын лимфоадениті

*+мойын лимфа бездерінің туберкулезі

* лимфогранулематоз

* мононуклеоз

#29

*!46 жастағы С., деген еркектен профилактикалық тексеруде «ортаңғы бөліктің синдромасының» көрінісі оң жағында анықталды.

Ортаңғы бөлігінің көлемінің кішіреюін қандай себептермен байланыстыруға болады?

*+ортаңғы бөліктік бронхтың туберкулезімен

* бронхтың микролитиазымен

* іріңді эндобронхитпен

* орталық ракпен

* ателектазбен

#30

*!Ұзақ уақыт болған 37,3°С субфебрильды температураға, әлсіздікке, тершендікке, шырышты қақырықпен шығатын жөтелге шағымданып 33 жастағы Т., еркек дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - сол өкпенің артқы сегментінде домалақ пішінді күнгірттену көлеңке анықталады, шеті салыстырмалы анықтықта, бояу қанықтығы орташа, құрылымы біртекті емес, диаметрі 2,5х2,5см көрінеді. Басқа өзгерістер анықталмайды.

Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына рентгендік тексеру хаттамасына сәйкес келеді?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің микоплазмалық пневмониясы

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің абсцестелген пневмониясы

*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің созылмалы абсцессі

#31

*!Ентігуге, жүректің қатты соғуына, әлсіздікке,шаршағыштыққа, жөтелгенде шырышты-іріңді қақырықпен шығатын қан жолағына шағымданын56 жастағы Ш., еркек дәрігерге қаралды. Анамнезінде: бұрын туберкулезбен ауырып жазылған. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында - оң өкпенің жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген, фиброздың фонында каверна көрінеді, формасы дұрыс емес деформацияланған және сыртқы қабырғасы қалың фиброз-ды. Кавернаның диаметрі 2,5х3,0 см. Өкпенің төмеңгі бөлімінде бронхогенді себінді полиморфты ошақтар мен фокустар көрінеді.

Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына рентгендік тексеру хаттамасына сәйкес келеді?

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы

*+оң өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды кавернозды туберкулезі

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы

* казеозды пневмония

#32

*!Сол кеудесінің ауыруына, жүргенде, физикалық жүктемеде ентігуге, температурасы 38°C дейін көтерілуіне шағымданып 23 жастағы А., еркек терапевтке қаралады. Суық тигеннен кейін жіті ауырады. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында- сол өкпенің төмеңгі бөлімінде үшбұрышты күнгіртену көлеңкісі көрінеді, оның негізі диафрагмаға бағытталған, ұшы жоғары қаралған және параболикалық жоғарғы шекарасымен. Көлеңке біртекті және жоғарғы қанықтықта. Кеуде аралық ағзалар көлеңкесі өкпенің оң жағына ығысқан.

Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына рентгендік тексеру хаттамасына сәйкес келеді?

*+сол жағының экссудатты плевриті

* сол төмеңгі бөліктің инфильтратты

* сол төмеңгі бөліктің пневмониясы

* сол төмеңгі бөліктің рағы

* ателектаз

#33

*!Бала 6 жаста, ревакцинацияны егу алдында туберкулин сынамасын 2ТБ жасады, оның нәтижесі – папуланың өлшемі 9 мм болды. Баланы тексергеннен кейін диагноз қойды: «ТМБ жұқтырған бірінше рет анықталған». Туберкулиннің Манту сынамасының нәтижесі нені дәлелдейді:

* ревакцинацияны егу қажеттілігін

* поствакцинальды аллергияны

* туберкулездің бар екенің

*+біріншілік жұқандықты

* қайта жұққандықты

# 34

*!Бала 8 жаста. Пневмонияның клиникалық белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Жиі суық тию ауруларымен ұзақ ауырады. Тексергенде: физикалық дамуында артта қалуы айқын көрінеді, перифериялық лимфа бездері үлкейген. Туберкулезбен ауырған науқаспен қарым қатынаста болғаны анықталмады. 2 ТБ жасалған Манту сынамасының реакциясы теріс. Рентгендік тексеруде 9-10 сегменттердің проекциясында пневмониялық фокус ортасында ыдырау қуысымен оң жағында анықталған және ол үлкейген түбірмен байланысқан. Диагноз қойылды: «Абсцестелген пневмония». Қабылдаған емі айтарлықтай оң нәтиже берген жоқ, сондықтан ТМБ қақырықты зерттеу белгіленді, оның нәтижесі оң болып шықты. Төменде аталған клиникалық диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң өкпенің төмеңгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

* оң өкпенің төмеңгі бөлігінің кавернозды туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

*+біріншілік туберкулездің комплексі, ыдырау фазасы, ТМБ+

* өкпенің диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

* кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, ТМБ+

#35

*!14 жастағы жасөспірімде температурасы 38°C көтерілуі байқалды, балтырында түйінді эритема көрінді, майда буындарында артралгия сыртқы өзгеріссіз мазалады. Анамнезінде: туберкулез ауыратын әкесімен қарым қатынаста болған. 2 ТБ жасалған Манту сынамасының реакциясы – 8 мм. Қарап тексергенде патология анықталмаған. Рентгендік тексеруде- оң өкпе түбірі кеңейген және деформацияланған, сыртқы контуры дөнестелген және түбір айналасындағы зонада өкпе суреті күшейген.

Төмен аталған болжама/жорамал диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы

* оң жағының біріншілік туберкулездің комплексі, инфильтрация фазасы

* оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, кіші формасы

* өкпенің оң жағының инфильтратты туберкулезі

* өкпенің оң жағының туберкулемасы

#36

*!Бұрын біріншілік туберкулезден ауырып жазылған және поликлиникада СОБ/ХОБ бақылау есебінде тұрған 28 жастағы пациентті тексергенде, оның кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында- ізбестелген ірі лимфа безі оң өкпе түбірінде анықталды.

Төмен аталған болжама/жорамал диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, инфильтрация фазасы

* оң жағының біріншілік туберкулездің комплексі, инфильтрация фазасы

* оң жағының кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі, кіші формасы

*+жазылған біріншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері

* жазылған екіншілік туберкулездің қалдықты өзгерістері

#37

*!Тамағының ауырғанына, дауысының қарлыққанына шағымданып 54 жастағы В., еркек дәрігерге қаралады. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында 2-жақты диссеминация полиморфты ошақтармен анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жіңішке қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз (2,0х2,0см) анықталды. Туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым қатынаста болған.

Төменде аталған болжама/жорамал диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* фиброзды кавернозды туберкулез себінді фазасы

*+өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі

* өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезі

* кавернозды туберкулез себінді фазасы

* өкпенің ошақты туберкулезі

#38

*!43 жастағы Д., еркектенөкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі дәрігерге қаралғанда анықталды. Дауысының қарлыққаны байқалады.

Тамағына ілескен патологияны ескере аталған іс шаралардың қайсысы ең орынды?

* ЛОР-дәрігердің қарауы және жұтқыншақтан алынған шағындыны атипиялық жасушаларға
зерттеу

* ЛОР-дәрігердің қарауы және жұтқыншақтан алынған шағындыны кандидаға зерттеу

* ЛОР-дәрігердің қарауы және жұтқыншақтан алынған шағындыны герпеске зерттеу

*+ЛОР-дәрігердің қарауы және жұтқыншақтан алынған шағындыны ТМБ зерттеу

кавернозды туберкулез себінді фазасы

* бронхоальвеолярлы лаваж

#39

*!Тамағының ауырғанына, дауысының қарлыққанына шағымданып 44 жастағы Ж., еркек дәрігерге қаралады. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында 2-жақты диссеминация полиморфты ошақтармен анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жіңішке қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз (2,0х2,0см) анықталды.

Төменде аталған ілескен болжама/жорамал диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* созылмалы тонзиллит

*+көмей туберкулезі

* бронх туберкулезі

* герпестік ангина

* көмей рагі

#40

*!Құрғақ жөтелге, тәбетінің болмауына, жүдеуге, жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне, тершендікке, дене температурасы 38°С көтерілуіне шағымданып 25 жастағы К., еркек ауруханаға жатты. Үйде симптоматикалық дәрілермен емделген. Аускультацияда - өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. КТАЖШ рентгенограммасында – екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінде сим-метриялы орналасқан ошақты көлеңкелер көрінеді, өлшемі 5-10 мм, кейде бір бірімен қосылып фокустар тудырады жарықтану учаскелерімен. Өкпе суреттері күшейген, деформацияланған. Қақырық анализінде ТМБ+. GeneXpert оң. Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* өкпенің созылмалы диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

*+өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

* өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

* өкпенің милиарлы диссеминирлі туберкулезі, ТМБ+

* өкпенің ошақты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+

#41

*!Профилактикалық тексеруде 30 жастағы Р., еркектің ФГ-да ошақты көлеңкелер анықталды, бояу қанықтыңы жұмсақ және орташа қанықтықта. Шағым айтпайды. Клиникалық анализдер өзгеріссіз.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің диссеминирлі туберкулезі

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің домалақ инфильтраты

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы

*+оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі

* оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы

#42

*!Профилактикалық тексеруде 28 жастағы Т., әйелдің оң өкпесінің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация фазасы, ТМБ-ФГ-да анықталды. Анамнезінде туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым қатынаста болған.

Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

*+жаіадан анықталған жағдай

* ауыстырылған

* режимді бұзу

* қайталану

* басқалар

#43

*!Оң өкпесінің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация фазасы, ТМБ-, жаңадан анықталған жағдай деген диагнозбен 32 жастағы еркек туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерде амбулаторлы емделіп жүр.

Төменде аталған емнің категорияларының қайсысы ең ықтимал?

* 4 Г категория

*+1 категория

* 2 категория

* 3 категория

* 4 категория

#44

*!28 жастағы И., әйелді, кітапханашыны профилактикалық флюоротексерістен кейін тексеріліп кетуіне шаұырылды. Шағым айтпайды. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограммада: сол өкпесінің жоғарғы бөлігінде әлсіз қанықтықтағы ошақты көлеңкелер күшейген өкпе суретінің фонында көрінеді. Бронхтың шайынды суының анализінде ТМБ анықталған жоқ. Қан анализінде- лейкоциттер-4,8х109, ЭШЖ-4 мм/сағ.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы ыұтимал?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі

*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің карцинаматозы

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы

* өкпенің милиарлы туберкулезі

#45

*!25 жастағы Д.,науқасқа «Туберкулезді менингит» диагнозы қойылған. Диагнозы аурудың бірінші аптасында анықталған. Болжам диагноз базиллярлы менингит.

Төменде аталған белгілердің қайсысытуберкулезді менингиттің базиллярлы түріне қайсысы тән ?

*+бас-ми нервтерінің зақымдануы

* перифериялық гемипарездер

* интеллекттің бұзылуы

* гидроцефалия

* кахексия

#46

*!26 жастағы Б., әйел босанғаннан кейін (бала 5 айлық) дәрігерге мына шағымдармен келіп қаралған: бас ауру, шаршағыштық, әлсіздік, дімкәстік, ұйқы бұзылуы, жарыққа қорқыныш сезімі, дене қызуы 37,3оС субфебрильды температураға көтерілуі. Науқас өзін бір аптадай аурумын деп санайды.туберкулезбен ауырған әпкесімен қарым қатынаста болған, ол қазір өкпенің инфильтратты туберкулезі жайында ТМҰО емделіп жүр. Туберкулезді менингитке күдіктенген.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы туберкулезді менингитке уақытылы диагностика жүргізу үшін өте маңызды?

* тігінен жасалатын томография

* қанның биохимиялық анализі

*+люмбальды пункция

* жалпы қан анализі

* бас миының КТ

#47

*!23 жастағы К., әйел «Жедел жәрдеммен» облыстық аурухананың реанимация бөліміне ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілген. Әкесінің айтуы бойынша, науқас өзін 1 ай аурумын деп санайды. Үйде симптоматикалық дәрілермен емделген, дәрігерге қаралмаған. Балағақарау демалысында жүр.Соңғы екі аптада жалпы денсаулығының нашарлауы. Қарап- тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор, құрысулар, шүйде бұлшықет-терінің ригидтілігі 4 саусақ ені, Керниг, Брудзинский симптомдары оң, бассүйек- ми нервтерінің зақымдануы (3, 6,7, 9, 12). Ликворда цитоз – 28 жасуша, белок – 12 г/л, қант және хлоридтер - төмендеген. Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* туберкулезді базилярлы менингит

*+туберкулезді менингоэнцефалит

* іріңді менингоэнцефалит

* серозды менингит

* іріңді менингит

#48

*!Әлсіздікке, апатияға, тәбетінің төмендеуіне, үрейлі ұйқысына, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, күнделікті емес субфебрильдытұрақсыз температурағашағымданып терапевтке 28 жаста Л., әйел қаралды. Өзін 5 күн шамасында аурумын деп есептейді. Жүргізілген терапияға қарамастан, денсаулығы нашарлаған: қатты басының ауруы, құсу, дене қызуының 38оС көтерілуі, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, рефлекстердің жоғарлауы. Люмбальды пункция жасалынды. Ликворда: сұйықтық жоғары қысыммен ағады, мөлдір, цитоз - 120 жасуша., белок – 6 г/л, қант және хлоридтер төмендеген, ИФА, ПЦР оң нәтиже берді.Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+туберкулезді менингит

* менингоэнцефалит

* серозды менингит

* іріңді менингит

* арахноидит

#49

*!33 жастағы Л., науқас әйел кеудесінің ауруына, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырығында қан жолақтары көрінеді. 5 күннен аса дене қызуы субфебрильды болды. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Қақырығында МБТ анықталмаған. Қан анализінде: лейкоциттер– 9,5 х 109, ЭШЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: - оң өкпенің2- сегментінде гомогенді емес күңгірттену көлеңкесі көрінеді, жиектері анық емес, ал бояу қанықтығы әлсіз, өлшемі 4 см ге дейін, ортасында жарықтану учаскесі көрінеді.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+өкпенің инфильтратты туберкулезі

* жоғарғы бөліктік пневмония

* эозинофильды инфильтрат

* абсцессті пневмония

* рактык пневмония

#50

*!Науқаста өкпенің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+. Емнің қарқынды және жалғастырушы фазасының толық курсын бітірген. Ыдырау қуысы жабылды және бактерия бөлу тоқтаған. Нәтижесі - жазылған.

Эпидемиологиялық есептен пациентті шығару мерзімінің қайсысы болуы мүмкін?

* бактерия бөлу тоқтатылғаннан кейін бірден шығару

*+бактерия бөлу тоқтатылғаннан кейін 1 жылдан соң

* бактерия бөлу тоқтатылғаннан кейін 2 жылдан соң

* бактерия бөлу тоқтатылғаннан кейін 6 айдансоң

* ТМБ үшрет болмауынан кейін шығару

#51

*!Оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай жайында 36 жастағы Е., еркек ауруханада емделуде. Емге мониторинг жүргізгенде 2 айдан кейін пациентте бактерия бөлу тоқтамаған, рентгендік динамика мардымсыз.

Аталған іс шаралардың қайсысы ең орынды?

*+BACTEC және себу әдісімен қақырықты ТМБ зерттеу анализі

* қақырықты бактериоскопиялық әдіспер ТМБ зерттеу анализі

* люминесцентті микроскопия

* GeneXpert

* ПЦР

#52

*!Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай 29 жастағы Д., еркектен дәрігерге қаралғанда анықталған.

Пациентті жүргізу тактикасының қайсысы ең орынды?

*+ТБ 14 толтыру және туберкулезге қарсы күрес жүргізетін ауруханаға жатқызу

* ТБ 15 толтыру және туберкулезге қарсы күрес жүргізетін ауруханаға жатқызу

* ТБ 09 толтыру және туберкулезге қарсы күрес жүргізетін ауруханаға жатқызу

* ТБ 04 толтыру және туберкулезге қарсы күрес жүргізетін ауруханаға жатқызу

* ТБ 01 толтыру және туберкулезге қарсы күрес жүргізетін ауруханаға жатқызу

#53

*!Бірінші рет анықталған оң өкпенің 1-сегментінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ+ диагнозы- мен 25 жастағы Т., еркек 2 ай көлемінде стационарда жатқан, туберкулезге қарсы 4 препараттар- менқарқынды фазасын және 4 айлық жалғастыру фазасының емін қабылдаған. Бактерия бөлу тоқтатылған. Рентгенограммада – оң өкпенің S1 домалақ гомогенді айқын көлеңке d – 3 см. анықталады.

Төменде аталған диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* домалақ инфильтрат

* толтырылған киста

* перифериялық рак

*+туберкулема

* эхинококк

#54

*!Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы. ТМБ- деген диагноз 27 жастағыЕ., науқас қойылған. 13 жасынан қант диабетімен ауырады.

Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

*+жаңадан анықталған жағдай

* режимді бұзу

* ауысқан

* рецидив

*басқалар

#55

*!Сол өкпенің жоғарғы бөлігінде 12 мм астам диаметріндегі домалақ көлеңке, шеттері анық айна- ласында фиброзды ошақты өзгерістер 39 жастағы Г., еркекте флюорографиялық профилактика -лық тексеруде анықталған. Тыныс алу ағзаларына шағым айтпайды. Қан анализінде: лейкоциттер -4,8х109, ЭШЖ- 18 мм/сағ.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* инфильтратты туберкулез

* диссеминирлі туберкулез

* кавернозды туберкулез

* ошақты туберкулез

*+туберкулема

#56

*!Сол өкпенің төменгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозы 47 жаста- ғы Ф., науқасқа қойылған. Анамнезінде: 6 жыл бұрын оң жақ өкпенің инфильтратты туберкулезі- мен ауырып жазылған. Қант диабетінің 2-типімен ауырады.

Аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?

* жаңа анықталған жағдай

* еміндегі үзіліс

*+рецидив

* басқалар

* сәтсіз ем

#57

*!Науқас М, 50 жаста. Бірінші рет анықталған сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы, ТМБ+ диагнозымен 1- категория бойынша емнің толық курсын аяқтаған. Бактерия бөлуі тоқтатылып, терапиялық әсері болған, бірақ орнында каверна пайда болған. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпенің жоғарғы бөлігінде жіңішке қабырғалы сақинатәріздес көлеңке анық жиектерімен көрінеді.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі ыдырау фазасы

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі

* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы ыдырау фазасы

*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі

* сол жақты абсцессті пневмония

# 58

*!Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі жайында 27 жастағы М., әйел емделіп жүр. Кеуденің бақылау рентгенограммасында ыдырау қуысының үлкеюі көрінеді.

Аталған негізгі себептердің қайсысы өкпенің деструкциялы туберкулезінде ыдырау қуысының көлемінің үлкеюіне әкелу мүмкін?

*+бронхтың дренаждық қызметінің бұзылуы

* бронхоплевральды жыланкөздің түзілуі

* спонтанды пневмоторакс

* кавернаның гангренасы

* қанайналым бұзылысы

#59

*!Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтрация және себілу фазасы, ТМБ+++, ТБ МЛУ жайында 63 жастағы Э., еркек емделді. 17 жыл ауырады. Соңғы 2 айда жалпы хал жағдай және көңіл күй нашарлады. Комплексті химиотерапияны өткізу барысына қарамастан науқас қайтыс болды.

Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауырған науқастардың қайтыс болуынааталған өлім себептерінің қайсысы болуы мүмкін?

*+тыныс жетіспеушілігі және созылмалы өкпелік жүрек

* бронхтардың дренаждық қызметінің бұзылуы

* өкпелік қан кету және қан түкіру

* ішкі ағзалардың амилоидозы

* туберкулезді интоксикация

#60

*!Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды кавернозды туберкулезі, ТМБ+ жайында 25 жастағы Д., еркек емделіп жүрі. Ем барысында улану симптомдары жойылды, абацилярлы, клиникалық рентгендік динамикасы оң.

Өкпенің шектелген фиброзды кавернозды туберкулезінде химиотерапиямен қатар әсері күштірек болатын тиімді әдіс:

*патогенетикалық терапия

*+хирургиялық әдіс

* коллапсотерапия

* климатотерапия

* физиотерапия

#61

*!Оң жақты экссудатты плеврит диагнозы 18 жастағы еркекке қойылды. Анализінде: серозды экссудат сипатында, 162жасуша (лимфоциттер 88 %, нейтрофилдер 8%, эозинофилдер 4%). Рентгенограммада: өкпе алаңы мөлдір, оң жақтағы бронхопульмо-нальды лимфа бездері үлкейген. Манту сынамасы 20 мм, Диаскинтест – 15 мм. 2 ай бұ-рын полиартриттен емделген.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+туберкулезді аллергиялық плеврит

* туберкулезді перифокальды плеврит

* жүйелі қызыл жегілі плеврит

* ревматоидты плеврит

* іріңді плеврит

#62

*!Туберкулез этиологиясындағы экссудатты плеврит дәрігерге қаралғанда 18 жастағы Ю.,еркекте анықталды. Негізгі препараттармен химиотерапия тағайындалды.

Аталған плевриттердің даму жолдарының қайсысы біріншілік туберкулезде болуы мүмкін?

*+қарым қатынастық, аллергиялық, лимфогематогенді

* бронхогенді, аллергиялық, рецидивирлеуші

* қарым қатынастық, экссудатты, лимфогенді

* аллергиялық, рецидивирлеуші, гематогенді

* продуктивті, жабысқақ, лимфогенді

#63

*!26 жастағы еркек дәрігерге қаралды келесі шағымдармен: оң жақ кеудесінің ауырсынуына, температурасы 38°C дейін көтерілуне, әлсіздікке, енбекке жарымдік қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Қан анализінде: лейкоциттер -10,2х109, ЭШЖ -32 мм/сағ. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында бөлікаралық жүлге аймағында «линзаға» ұқсас көлеңке көрінді.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*+оң жағындағы бөлікаралық плеврит

* оң жағындағы қалталы плеврит

* оң жағындағы инфильтрат

* оң жағындағы пневмония

* Сержан үшбұрышы

#64

*!43 жастағы С., еркек терапия бөліміне дене қызуының 39°C градусқа дейін көтерілуіне, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына және ауырлық сезіміне келіп түсті. Суық тигеннен соң бірден ауырып қалған. Үйдегі дәрілермен емделгенмен,бірақ нәтиже бермеген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныштықта ентігу, оң жақ кеуде қуысы тыныс алғанда артта қалады, қабырға аралықтары тығыздалған. Перкуторлы өкпе дыбысы тұйықталған, сол жерде тыныс естілмейді. Кеуде ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңы субтотальды, біртекті күнгіртенген. Кеуде аралық ағзалар солға ығысқан.Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң өкпенің ауруханадан тыс пневмониясы

* оң өкпенің инфильтратты туберкулезі

*+оң өкпенің экссудатты плевриті

* оң өкпенің пневмоплевриті

* оң өкпенің құрғақ плевриті

#65

*!48 жастағы В., әйел арқасының ауырсынуына, шаршағыштыққа, жүрісінің өзгеруіне шағымданып дәрігерге қаралды. Туберкулезбен ауырған інісімен қарым қатынаста болған. Қарап тексергенде арқа бұлшықеттерінің ригидтілігімен келбеті мәжбүрлі жағдайда және бұлшықеттердің ауырғаны байқалады. Омыртқа жотасының кеуде бөлімінің рентгенограммасында VII,VIII кеуде омыртқааралық саңылудың арасының жақындауы және остеопорозы анықталды.

Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

* VII,VIII омыртқа жотасының кеуде бөлімінің остеохондрозы

* VII,VIII кеуде омыртқаларының деформирлеуші артрозы

* VII,VIII кеуде омыртқаларының остеомиелиті

*+VII,VIII кеуде омыртқаларының туберкулезі

* Бехтерев ауруы

#66

*!38жастағы Л., есімді әйел шаршағыштыққа және түнге қарай арқасының ауырсынуына шағымданып дәрігерге келіп қаралды. Ауырсыну күш түсіру кезінде үдейді. Қарап тексеру кезінде арқа бұлшықеттерінің ригидтілігімен келбеті мәжбүрлі жағдайда байқалады. Кеуде аумағының пальпациясы кезінде ауырсыну кеудеге және іш аумағына иррадиациясы байқалды.

Диагнозды анықтау/нақтылау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?

* 2 проекцияда жасайтыен шолу рентгенограммасы

* компьютерлі томография

* жалпы қан анализі

* артроскопия

*+МРТ

#67

*!Аяқтарының жарақатынан кейінгі баяу үдеп келе жаткан оң жамбас-сан буынының ауырсынуына 49 жастағы еркек шағымданып травматологқа қаралды. Ауырсыну аяққа күш түскен кезде үдейді. Қарап тексерген кезде жергілікті температураның жоғарылауы, бұлшықеттердің гипотрофиясы мен гипотониясы байқалады, теріде гиперемия жоқ. МРТ-да оң жақ жамбас-сан буынының остеопорозы, буынаралық саңылауының тарылуы, эпифизда ыдырау қуысы анықталды.

Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* оң жақ жамбас-сан буынының деформирлеуші артрозы

* оң жақ жамбас-сан буынының остеомиелиті

* оң жақ жамбас-сан буынының остеоартрозы

*+оң жақ жамбас-сан буынының туберкулезі

* оң жақты бейспецификалық полиартрит

#68

*!35 жастағы Л., әйел арқасының ауырсынуына, шаршағыштыққа, жүрісінің өзгеруіне шағымданып дәрігерге қаралды. Анамнезінде: туберкулезбен ауырған інісімен қарым қатынаста болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бұлшықет пальпациясы ауырсынусыз, перкуссия кезінде омыртқа жотасының кеуде бөлімінде ауырсыну анықталды. Қан және зәр анализдері/сараптамалары өзгеріссіз. Омыртқа жотасының кеуде бөлімінің рентгенограммасында ІХ және Х кеуде омыртқааралық саңалудың арасының жақындауы, ІХ омыртқа денесінің остеопорозы анықталды.

Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

* ІХ, Х кеуде омыртқаларының деформирлеуші артрозы

* омыртқа жотасының кеуде бөлімінің остеохондрозы

* ІХ , Х кеуде омыртқаларының остеоартрозы

* ІХ, Х кеуде омыртқаларының остеомиелиті

*+ІХ, Х кеуде омыртқаларының туберкулезі

#69

*!19 жастағы К., еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғалмалы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Кеуде торша ағзаларының рентгенограммасында түбірлерде петрификаттар көрінеді.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ең информативті?

* лимфа бездерінің рентгенографиясы

* туберкулиндиагностикасы

*+эксцизионды биопсия

* пункционды биопсия

* беткей биопсия

#70

*!18 жастағы Д., еркекеркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғал малы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Кеуде торша ағзаларының рентгенограммасында түбірлерде петрификаттар көрінеді.

Зақымданған лимфа бездерінің көлемі мен консистенциясын анықтауға аталған зерттеу әдістерініңқайсы ең орынды?

* лимфа бездерінің пункциясы

* рентгенографиялық зерттеу

*+ультрадыбыстық зерттеу

* морфологиялық зерттеу

* гистологиялық зерттеу

#71

*!18 жастағы Д., еркек еркек мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, ауырсынуына, темпратурасы 38оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке шағымданып терапевтке каралды. Қарап тексергенде мойын лимфа бездерінің бетіндегі тері қызарған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластикалы, қозғал малы, бір бірімен бірікпеген, ауырсынады. Биоптатта казеозды некротикалық өзгерістер анықталған.

Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* мойын лимфа бездерінің бейспецификалық лимфоадениті

* флюстан кейіңгі бейспецификалық лимфоадениті

*+мойын лимфа бездерінің туберкулезі

* герпетикалық лимфоаденит

* мононуклеоз

#72

*!27 жастағы Н., әйел окулистке келесі шағымдармен қаралдыі: жасаурау, жарықтан қорқу, сол жақ көзінің ауырсынуы. Қараған кезде -қасаң қабықта қантамырлар гиперемиясы, сол жақ коньюк- тиваның ісінуі, ұсақ сұр түйіндер байқалды. Тамырлы қабықта және көз торында – ірі бөртулер көрінді. Жергілікті антибиотиктер мен қабынуға қарсы дәрілермен өткізілген терапия әсер бермеді.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды верификациялауға өте маңызды?

*+туберкулиндиагностикасы, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

* рентгенография, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

* ультрадыбысты, офтальмологиялық аппаратты зерттеу

*биохимиялық қан анализі

*жалпы қан анализі

#73

*!58 жастағы И., еркек сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ ауырады. Емнің қарқынды фазасын бітірді. Эпидемиялық ошақтың 3 тобында бақыланады.

Потенциальды қауіпті эпидемиологиялық ошаққа не тән емес (3 топ):

* санитарлы-гигиеналық ережелерді ұстану

* ауыртпалы факторлардың болмауы

* формальды бактерия бөлу

*+массивті бактерия бөлу

* тек ересектердің тұруы

#74

*!64 жастағы Ч., еркек сол өкпенің төмеңгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагноз бойынша емнің жалғастыру фазасын амбулаторлы емделіп жүр. Туберкулез инфекция ошағы 1эпид. ошақ тобыды деп есептелген.

1 эпидемиологиялық топ ошақтарын ТҚКЖД/ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:

*+кварталына 1 реттен кем емес

* жартыжылда 1рет

* ай сайын 1 рет

* жылына 1 рет

* екі айда 1рет

#75

* 45 жастағы Ш., әйел өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі, рецидив деген диагноз бойынша емнің жалғастыру фазасын қабылдап жүр. Туберкулез инфекция ошағы 2 эпид. ошақ тобына жатқызылды.

2 эпидемиологиялық топ ошақтарын ТҚКЖД/ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:

*+жартыжылда 1 реттен кем емес

* апта сайын 6 айда

* квартал сайын
* ай сайын1 рет

* жылына 1рет

#76

*!3 эпидемиологиялық топ ошақтарын ПТД және СЭС қызметкерлері бірігіп қарауы тиіс:

*+1 жылда 1реттен кем емес

* квартал сайын

* 1 айда 1рет

* 1 айда 2рет

* 6 айда 1рет

#77

*!38 жастағы П., еркек оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай жайында емделіп қарқынды және жалғастыру фазасын бітірді. Нәтижесі жазылды.

Аталған критериялардың қайсысы өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен ауырған науқасты 2 диспансерлік есеп тобына ауыстыру мүмкін?

*+интоксикация белгілерінің жоғалуы, бактерия бөлудің тоқтауы, ыдырау қуысының жабылуы

* интоксикация белгілерінің жоғалуы, IV категорияға ауысу

* бактерия бөлудің тоқтауы, ыдырау қуысының үлкеюі

* фиброзды-кавернозды туберкулезге ауыстыру

* плевриттің қосылу

#78

*!Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтрация және себілу фазасы, ТМБ+, ТБ МЛУ, рецидиві жайында ауруханалық емге 57 жастағы С., еркекті жатқызды.

Дәріге төзімділігі бар фиброзды-кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарды қайсы диспансерлік есеп тобында бақылау ең орынды?

*+1 «В» есеп тобында

* 1 «А» есеп тобында

* 1 «Б» есеп тобында

* 2 есеп тобында

* 3 есеп тобында

#79

*!35 жастағы С., еркек «оң өкпенің төменгі бөлімінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай» диагнозымен емделген. Емнің мониторингісінде 2 айдан кейін клиникалық – рентгенологиялық оң динамика байқалады және қақырық анализінде ТМБ теріс. Науқастың өтінуімен тұрғылықты жеріне емге шығарылған. Шыққаннан соң антибактериальды препараттарды қабылдамаған. 3 айдан кейін қан аралас қақырықты жөтелге щағымданып келді. Қақырық жағындысында – нәтижесі ТМБ+.

Төменде аталған типтердің қайсысы туберкулезбен ауырған науқаста болуы мүмкін?

* жаңадан анықталған жағдай

*+үзілістен кейінгі ем

* ауыстырылды

* сәтсіз ем

* рецидив

#80

*!Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерден « ем аяқталды» нәтижесімен 42 жастағы Д., еркек шықты. Жұмысқа кірісті. 2 жылдан кейін пневмониядан соң бактерия бөлу анықталды.

Төменде аталған типтердің қайсысы туберкулезбен ауырған науқаста болуы мүмкін?

* жаңадан анықталған жағдай

* ауыстырылды

*+рецидив

* басқалар

* сәтсіз ем

#81

*!Кант диабетінің 1 типі декомпенсациясыменэндокринологқа қаралғанда оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы,ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай 50 жастатағы М., еркекте анықталды.

Төменде аталған іс шаралардың қайсысын қолданған еңорынды?

*+ 089, 058 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 016, 015 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 089, 030 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 063, 112 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

* 05, 06 есеп формаларын СЭС-ке жолдау

#82

Наши рекомендации