Кесте Менингококтық вакциналар.

Вакцина Құрамы Дозасы
А менигокок вакцинасы Ресей А серотобының полисахариді 1-8 жас балалараға.1доза - 25мкг (0.25мл) және 9 жас және одан үлкен балаларға 50 мкг (0.5мл )
А+С полисахаридті менингокок синофи пастер, Франция А және С серотобының леофизирленген полисахариді (50мкг) 18 айлық (көрсетуі бойынша 3 жастан) балаларға және ересектер 1доза - 50мкг (0.5мл)
Менцевакс А С W V ГлаксоСмитКляин, Бельгия А С W-135, Y типтеріндегі полисахаридті 1 дозасы (0,5мл) 50мкг. ≥2жас балалар мен ересектерге - 1доза 0.5мл.. 2-5жастағы балаларға 2-3ж кейін ревакцинация жасалады.
Меньюгейт Новартис вакцинс және Диагностикс Гмбх және Ко, КГ Алмания 1 дозада (0.5мл ) 10мкг С типті полисахарид 197 С дифтерия ақуызбен коньюгирленген. 2 айлық балаға бұлшықетке енгізеді. 3 доза 4-6 апта аралығынмен., жасөспірімдермен ересектерге 1 доза.

Вакциналар еріткіштерімен бірге құрғақ түрде шығарылады, консервантсыз және антибиотиксіз, 2-ден 8°С температурада сақталады.

Егу әдісі мен схемасы

Полисахаридті вакциналарды біррет теріастына екі жастан бастап енгіземіз. Менцевакс АСWV жолға шығар алдында >6 жасқа дейінгі баларға тері сатына енгізеді. <6 жастан 2 аптадан кеш емес, 2 жасқа дейінгі балаларға 3 айдан кейін енгізеді. Меньюгейт1жылында үш рет бұлшықетке енгізеді, 2 айлықтан бастап және одан жоғары жастағыларға – бір рет.

Иммунитет

Полисахаридті вакцинамен иммундау (5-ші 14 күндері) қарсытектердің тез өсуіне әкеледі, 2 жасқа дейін балаларда қабылдаумаушылық туады; ересектерде вакцинациядан кейін қарсыденелер 10 жыл сақталады. Қайта вакцинациялау 3 жылдан ерте емес.

Полисахаридті вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі – 85-95%, бірақ Канадағы тәжірибе көрсетуі бойынша әр адамды вакцинациялағанда ол 2-9 жастағыларда 41% құрады, 10-14 75% 15-20 жаста 83 %; 0-2 жастағыларды ол тең болды.

Меньюгейт2 айдан жоғары жастағыларға (3 доза) жасөспірімдерде және ересектерде (1 доза) минимум 10 жылға қорғанысты құрады. Сонымен бірге конъюгирленген вакциналардан айырмашылығы олар иммундық есте сақтауды өндіреді.

Егуден кейінгі реакциялар

А, А+С вакцинасы, Меньюгейт аз реактогенді. Жергілікті реакция - ауру сезімі және терілік гиперемия, егілген адамдардың 25% байқалады. Дене қызуы 38.5°С, 24-36 сағаттан кейін 0.6-3.6% жағдайда қалпына келуі мүмкін, Менцевакс АСWV сирек температураны шақырады (әлбетте біркүндік), жергілікті - қызару мен салған жерде ауру сезімі болады, өте сирек бас ауыруы, аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилактоидты.

Инактивтелген вакциналарға жалпы қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдерге қауіпі анықталмаған, оларды тек аурудың үлкен қаупітуғанда кезде ғана егеді.

Қарсы көрсетулер

Жіті жағдайдан басқа қарсы көрсеткіштері жоқ.

Ерекше топтағы егулер

Менингококты инфекцияны жоғарғы қауіп қатерлігіне байланысты вакцинациялауға келесілер жатады: эндемиялық аймаққа шығар алдында, сонымен қатар келесі категориялар:

· туа пайда болған аспления немесе көк бауыры кесіп алып тасталған адамдар;

· беттің ликвореясы;

· кохлеарлы имплантация операциясынан кейінгі науқастар;

· пропердин жеткіліксіздігімен және С5-9 комплемент соңғы компоненті бар адамдар.

Экспозициядан кейінгі алдын алу

Адам қалыпты иимуноглобулиінін қарым-қатынастан кейін 7 күненнен кешіктірмей 1,5 дозада (2 жасқа дейін) және 3,0 (2 жастан жоғары) 7 жасқа дейінгі балаларға менингококты инфекция ошағында бір рет енгізеді. Ошақтағы тасымалдаушыларға 4 күн бойы амоксициллинмен, ал жабық ұжымдарды ересектерге күніне 2 рет 0,3 г рифампицин химиялық алдын алу жүргізеді. Шет елдерде барлық қарым-қатынаста болғандарға рифампицинмен 2 күн бойы немесе бір рет бұлшық ет ішіне цефтриаксонмен алдын алады.

Менингиттің екіншілік оқиғалары бірнеше аптадан кейін пайда болатындықтан қарым-қатынастан кейін 5 күненн соң алдын алуды вакцинациямен толықтырады.

3.11.Түйнеме (күйдіргі)

Түйнеме (күйдіргі) спора түзетін анаэробтармен шақырылады, адам ауру жануармен қарым қатынаста болғанда және жұқтырылған жануар өнімдерін, және де өлген малдардың қалдықтарын пайдаланғанда жұқтырып алады. Сібір жарасы терілік, ішектік, өте ауыр өкпелік түрде, соңғысы ингаляциялық жұқтырғанда дамиды. Жасырын кезеңі: бірнеше сағаттан 12 күнге дейін. Емделмеген түрлерінде летальділік: терілік түрінде -5-20%, ішектік-25-75%, өкпелік түрінде- одан да жоғары. Науқас адам қоздырғышты бөлмейді, сондықтан айналасындағыларға қауіпті емес. Дегенмен Қазақстан үшін зор әлеуметтік-экономикалық зоонозды инфекция болып табылады. Эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін мына цифрлар дәлелдей алады: соңғы 60 жылда ҚР-да 1787 сібір жарасы бойынша тұрақты қолайсыз елді пунктер, 2,1 млн. кв. Км жерді алып жатқан 2677 ошағы тіркелген. Ауырған дамдар саны -1800 асса, 2000 астам ауыл шаруашылығы жануарлары сібір жарасына ұшырады.

Түйнемеге (күйдіргі) қарсы 2 түрлі вакцина тіркелеген:

Түйнемеге (күйдіргі) қарсы тірі құрғақ вакцинасы (тері астына және скарификациялық әдіспен қолдануға арналған) - СТИ тірі споралық вакциналық штамы, 10% сахарозаның сулы ерітіндесіндегі лиофизирленген. Шығару түрі: 1.0мл ампулада (200 доза тері астына немесе 20 доза теріішіне )+1.5мл еріткіш теріүстіне -30% глицерин ерітіндісі. Вакцинаны 2-10° C температурада сақтап және тасымалдайды (25°C-20 тәуліктен көп емес).

Түйнемеге (күйдіргі) қарсы комбинирленген вакцинасы (теріастына қолданылатын лиофилизат) СТИ -1 тірі споралық вакциналық штамы бар, концентрленген протективті сібір жаралық антиген (ПА), қоспасы алюмин гидроксиді гелінде адсорбирленген. Ампулада -2мл (10 доза ). 0.9%NaCL ерітіндісін қосса гомогенді қоспа болады. Шығару түрі: ампулада құрғақ препарат (10доза), ампулада еріткіш-физиологиялық ерітінді 6 мл. Сұйық препарат 5мл (10доза) ампула немесе флаконда. Бір қорапта 5 ампула (флакон) сұйық вакцина немесе 5 ампула құрғақ вакцина және еріткіш бар. 2-6°С температурада сақтайды, 2-10°С температурада тасымалдайды. Сақталу мерзімі құрғақ вакцина 3 жыл, сұйық вакцина 2 жыл.

Иммунологиялық қасиеттері

Екі вакцина 14 жастағы балалар мен ересектерде қолданылады комбинирленген вакцинаға 7 күннен кейін1 жылға дейін жететін күшті иммунитет пайда болады. Тірі құрғақ вакцинаны 20-30 күндік үзіліспен 2 рет енгізгенде 1 жылға дейін имммунитет қалыптасады.

Қолдану түрі мен дозалары

Жоспарлы егулерді бірінші тоқсанда - жаз-күз мезгілінің алдында жүргізеді. Біріншілік егуді құрғақ вакцинамен 20-30 күндік үзіліспен тері астына немесе теріішіне енгізеді және комбинирленген вакцинаны теріішіне, ревакцинацияны тірі вакцинамен жыл сайын жасау керек. Біріншілік 3 ревакцинацияны комбинирленген вакцинамен жыл сайын, келесілерін- 2 жылда 1рет. Жоспарлы емес жағдайда вакцинаны теріастына енгізген жөн.

Түйнемеге (күйдіргі) қарсы тірі құрғақ вакцинаны теріастына және скарификацияланған түрде қолданады. Барлық теріішне жасалатын вакцина доза 0.05мл және құрамында 500 млн спорасы бар, иықтың үштен бір бөлігінде 2 тамшы 3-4см арақашықтық бойынша ерітілген вакцина жасай отырып, оған 2 параллельді 10 мм қашықтықта 30 сек ішінде енгіземіз. 20 дозалық ампуладағы вакцинаны 1.0 мл еріткіште ерітеміз. Ерітілген, асептикалық қасиеті сақталған вакцинаны 4 сағат ішінде енгізу керек. Теріастына препаратты 1.0 мл ампуладағы 0.9% натриий хлориді ерітіндісімен қосып, сосын 0,9% NaCl 1 мл стерильді ерітіндісімен ерітеді, сосын стерильді 99 мл сол стерильді ерітінді бар флаконға құйылады. Вакцина теріастына жауырынның төменгі бұрышына 0.5 мл (500млн спорасы бар) енгізіледі.

Комбинирленген түйнемеге (күйдіргі) қарсы вакцинаны теріастына 1 ретжасайды. 10 дозалық ампулада 5.0мл стерильді физиологиялық ерітінді қосылады, бір доза (0.5мл) құрамында 50+-10млн спора және 0.35+-0.05 мг белок ПА бар. Ашылған ампуланы 4 сағат ішінде енгізу керек. Егуді сол жауырынның төменгі бөлігіне жасайды.

Енгізгеннен кейін пайда болатын реакциялар

Тері ішіне жасалған егуден кейін 24-48 сағат ішінде егуге жауап ретінде болатын реакциялар гиперемия, кішігірім инфильтрат түзу ретінде көрінеді. Теріастына енгізгенде 24-48 сағатта реакция пайда болып,гиперемия мен инфильтрат көлемі кейде 50 мм дейін жетеді. Жалпы реакция сирек пайда болады, оған: мазасыздық, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі 38.5°Cқа және өңірліклимфа түйіндерінің үлкеюі жатады.

Қарсы көрсеткіштері:

Тірі вакциналарға Жалпы көрсетулерге қосымша есепке алынады:

· дәнекер тінінің жүйелі аурулары;

· қайта қайталанатын таралған тері аурулары;

· эндокринді жүйе аурулары.

Сібір жарасына қарсы вакцина мен басқада ауруларға қарсы жасалатын вакцинаның арасындағы ұзақтық 1 айдан кем болмауы керек.

Экспозициядан кейінгі алдын алу

Сібір жарасының қоздырғышы ко-тримаксозол мен цефалоспориндерге тұрақты. Ересектерге сібір жарасы кезінде ципрофлоксацин немесе доксициклин, ал балаларға – амоксициллин 80мг/кг тәулігіне (1.5г тәулігіне) қабылдаған жөн.

Туляремия

Қоздырғышы-Francesella tularensis, адам 100 түрлі сүтқоректілермен, құстармен, жан-жәндіктермен қарым қатынаста болғанда, етін жегенде, ластанған су ішкенде, кене шаққанда жұқтырып алады. Қазақстанда бұл ауру сирек тіркеледі, соңғы 2 оқиғасы 2007 ж. болды. Содан бері ҚР аумағы адам туляремиясынан бос Туляремияға қарсы тірі құрғақ вакцина лиофизирленген тірі микробтық 15 НИИЭГ штамдардан жасалған. Жарамдылық мерзімі -2 жыл, 8° С температурада сақталуы тиіс.

Қолдану тәсілі

Вакцинаны 7 жастан бастап қолданады теріастына немесе теріішіне, теріастына -2 тамшы (2.108 микроб жасушалары), тері ішіне 0.1мл (107 микроб жасушалары). Вакцинация алдында міндетті түрде спецификалық иммунитет тексерілуі тиіс. Ревакцинация -5 жыл сайын эпидкөрсеткіш бойынша жүргізіледі. Ересектерде теріішіне обаға қарсы вакцинамен бірге қолдануға болады (бірақ дененің әртүрлі жеріне). Ерітілген вакцинаны 2 сағат ішінде қолдану керек. Теріішіне иықтың жоғарғы бөлігіне салады. 2 тамшы 2 жерге 30-40мм арақашықтықта, иықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде 2 параллельді ұзындығы 10 мм сызат жасауға болады. Теріастына -1мл, 0.9% NaCL вакцина ерітіндегісінде 20 рет сұйытылады ,1доза-0.1мл. 20-30 күннен кейін 5 жылға дейін сақталатын иммунитет өалыптасады.

Енгізгеннен кейін пайда болатын реакциялар

Жергілікті реакция теріішіне енгізгенде 4-5 немесе 10мм дейін гиперемия, 15мм дейін инфильтрат және ұсақ мөлшерлі везикула 10-15 күннен кейін қабыршақ пайда болады,қабыршақтың орнына біраз уақыттан соң тыртық қалыптасады,кей жағдайларда өңірлік лимфа түйіндері үлкейеді. Теріастылық егуден кейін жергілікті реакция 9 күнге созылып, инфильтрат көлемі 40мм дейін болады. Жалпы реакция өте сирек дамиды: мазасыздық, бас ауруы,дене қызуының 38.5 Cқа көтерілуі 2-3 күнге дейін. Аллергиялық реакциялар егудің 3-4 аптасында сирек кездеседі. Туляремиямен ауырған,ревакцинация алған адамдардв реакция тез күшейеді, бірақ біраз уақыттан кейін тез жоқ болып кетеді.

3.13. Тырысқақ

Тырысқақ көптеген елдерде эндемиялы, БДҰ деректері бойынша жыл сайын 100 000-300 000 оқиғалары тіркеледі. ҚР-да 2001 жылдан бері (0,22%ооо) эпиджағдай тұрақты, соңғы жылда тырысқақ оқиғалары болған жоқ. Ауыз арқылы қолданылатын вакцина пайдаланылады.

Бивалентті химиялық таблеткалы тырысқақ вакцинасыхолероген-анатоксин қосындысынан тұрады, тазалау және күкіртқышқылды аммониймен концентрациялау жолымен алынған 569В немесе 569 (КМ-76) Инаба серовары, және О-қарсы тектерінің сорпа дақылында формалинмен әлсіретілген тырысқақ вибрионы, 569В немесе 569 (КМ-76) Инаба серовары және М-41 Огава серовары сорпа дақылынан алынған тырысқақ вибрионы. Таблетка толықтырғышы – қант, крахмал, тальк, стеарт кальциі. Таблетка қабығы ацетилфталилцеллюлозадан - тұрады. Таблетка – сұрлау-сары жарқырауық қышқылға төзімді қабықпен жабылған, түссіз және дәмсіз. Шығару түрі: флаконда 210 таблетка (доза-70 адам). Вакцинаны 0-10° температурада қараңғы жерде сақтау керек. Сақтау мерзімі – 3 жыл.

Олдану әдістемесі

Егуді 2 жастан бастап жүргізеді. Ересектер үшін вакцинация дозасы3 таблетка, 11-17 жастағы жасөспірімдер үшін – 2 таблетка, 2-10 жастағы балалар үшін - 1 таблеткадан тұрады. Таблетканы тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын бүтіндей, шайнамай, қайнаған 1/4-1/2 стакан сумен ішеді. Бұл 6 айға созылған антибактериальді, антитоксикалық және жергілікті ішек иммунитетін қамтамасыз етеді. Қайта вакцинациялауды біріншілік вакцинациядан кейін 6-7 айдан кейін жүргізеді.

Наши рекомендации