Ситуациялық есеп №11

Науқас 69 жаста. Соңғы бір жыл ішінде дисфагия, даусының қарлығуы, ентігуге шағымданып келді. Қарағанда: науқас жүдеген, тері тургоры төмендеген. Тері жабыны бозарған, құрғақ, тілі қоңыр жабынмен жабылған құрғақ. Пульс ритмді, жүректің жиырылу жиілігі минутына 90 рет. АҚ 110/60 мм.рт.ст. Іші жұмсақ , ауырсынусыз. Рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерде өңеш-асқазан өтісінің толық стенозы.Биоптатты гистологиялық зерттегенде аденокарцинома диагнозы қойылды.

Сұрақтар:

1. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?

2. Болжамды диагноз

3. Аталған науқасқа жүргізілетін тактика қандай?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

Ситуациялық есеп №12

Науқас 63 жаста. Тамаққа тәбеттің төмендеуіне, жүдеуге, кекіруге шағымданады.Зерттеулер нәтижесі: Өкпе рентгенографиясы: патология анықталған жоқ. ЭФГДС: асқазан денесі аймағында орналасқан атрофиялық гастрит фонындағы каллезды шеттері бар созылмалы жаралық деффект. ЭКГ: синусты ритм, минутына 65 рет.Оң жақ жүрекшеге жүктеме түскен.Қанның клиникалық талдауы: гемоглобин – 100 г/л; эритроциттер - 4,0х1012 /л; түсті көрсеткіш - 0,9; тромбоциттер – 240х109/л; лейкоциттер - 8,2x109/л.

Сұрақтар:

1. Болжамды диагноз

2. Морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не істеу керек?

3. Ағзада үрдістің таралу дәрежесін нақтылау үшін қандай стандартты рентгендік зерттеу жүргізу керек?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

Ситуациялық есеп №13

Науқас 50 жаста тәбетінің төмендеуі, жүдеуіне, іш кебуі мен тамақтың қиын өтуіне шағымданады.

Зерттеу нәтижесінде : Өкпе рентгенографиясында патология анықталмады. ЭФГДС: атрофиялық гастриттің фонында асқазанның кардия аймағында өңешке таралатын 5,0 см –ге дейін каллезді шеттерімен жаралық дефект анықталады. ЭКГ-да: синусты ритм, минутына 65 соққы. Оң жақ жүрекшеге жүктеме. Қанның клиникалық анализінде: гемоглобин -100 г/л; эритроцит-4,0х1012/л, түстік көрсеткіш – 0,9; тромбоцит- 240х109/л; лейкоцит -8,2х109/л; СОЭ -30мм/сағ.

Сұрақтар:

1. Мүмкін болатын диагноз қандай?

2. Емдеуді бастағанға дейін морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не жасау керек?

3. Осы патологияны емдеудің негізгі тәсілі кандай?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

Ситуациялық есеп №14

Науқас 64 жаста әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, субфебрильді температура, тұрақсыз үлкен дәрет, оң жақ асқазан аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Зерттеу нәтижесінде: Өкпе рентгенографиясында патология анықталмады. ЭКГ-да: синусты ритм, минутына 85соққы. Оң жақ жүрекшеге жүктеме. Қанның клиникалық анализінде: гемоглобин -60 г/л; эритроцит-4,0х1012/л, түстік көрсеткіш – 0,9; тромбоцит- 240х109/л; лейкоцит -8,2х109/л; СОЭ -30мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ: бауырдың диффузды өзгерістері.

Сұрақтар:

1. Мүмкін болатын диагноз қандай?

2. Емдеуді бастағанға дейін морфологиялық диагнозды нақтылау үшін не жасау керек?

3. Аталған патология ағымының формасы қандай?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

Ситуациялық есеп № 15

Науқас О., 62 жаста онкологиялық диспансердің емханасына көздің шырышты қабатының сарғаюына, әлсіздікке, салмағының азаюына, тәбеттің төмендеуіне, жүрек айну сезіміне, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді.Соңғы жыл ішінде 12 кг арықтаған. Анамнезінен 6 жыл көлемінде қанты диабет ауруымен ауырады. Гепатит В, С, ВИЧ, анализдерніңі қорытындысы теріс. Инфекционист дәрігеріне қаралынып: сарғаюдың инфекциялық сипаты жоққа шығарылған.

Лабораториялық анализдер бойынша: Жалпы билирубин 260 мкмоль/л, тікелей 198мкмоль/л, ЭТЖ-30 мм сағатына, Эр-2.7 г/л, Нв-123 г/л, Л-5.6 Е/л.

Сұрақтар:

1. Сіздің болжама диагнозыныз? Дифференциалды диагноз?

2.Диагнозды нақтылау үшін диагностикалық зеттеу әдістерін атаңыз?

3.Радикалды және паллиативті операциялар? Комбинирленген емнің принциптері?

Кафедра отырысында талқыланған Онкология кафедрасының меңгерушісі

«03» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1 м.ғ.д., проф. ___ А.К.Макишев бекіткен

Наши рекомендации