II.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
1.Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
2.Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
ІІI.Негізгі бөлім.
Тренинг. Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір – бұл...
Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады.
Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ.
Е-ЕРІНБЕУ
Н- НИЕТТЕУ.
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ.
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ.
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ.
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ.
- Сонымен балалар, біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
1 слайд.
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.
«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В.И.Вернадский
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
3 слайд.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқымқуалаушылық
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
4 слайд.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8. Эмоциялардың оң болуы. Ал оқушылар сіздерге енді «Салауатты өмір салты» атты слайд көрсетпекпін, тамашалап әсерімізбен бөлісеміз.
VI.Танымдық әрекет ерекшеліктері
Тест. «Мен кіммін?» мына бес фигураның (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, қисық сызық) өзіңе ұнағанын немесе қалағаныңды таңда.
1) Егер сен шаршыны тандаған болсаң. Сен өте еңбекқор және ісіңді сонына дейін жеткізгенді ұнататын жансың. Саған ең ауыр, ең қиын жұмысты сеніммен тапсыруға болады.Сенің жақсы жақтарың: дәлдік, ұқыптылық, жауапкершілік, сақшылдық. Сен бүкіл жерде тәртіпті жақсы көресің, сенің бөлмеңде барлығы өз орындарында жатады. Сен ашық-шашық болып жүргенді ұнатпай, күнтізбек және күнделік жазып жүргенді ұнатасың.
2) Егер сен тіктөртбұрышты тандаған болсаң. Сен өте ұшқалақ мінездісің. Сенің көңіл-күйің және қалауың күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін.Сен өзіңе не керектігін де білмейсің. Бірақ сонымен қатар сен білімге құштарсың, кітап оқығанды, жаңа бір нәрсені ұғынғанды ұнатасың. Кеңес: шешім қабылдап үйренгенің жөн болар.
3) Егер сен үшбұрышты тандаған болсаң. Мүмкін сен жаныңдағы адамдар арасында көшбасшы боларсың. Сен басшы болғанды және өзіңе назар аудартқанды ұнатасың. Сонымен қатар сен еңбекқор әрі өз өзіңе сенімін мол жансың. Кеңес: Менменшіл,кекшіл болудан сақтан.Ондай қасиеттердің сенде тууын болдыртпа!
4) Егер сен дөңгелекті тандаған болсаң. Сен өте мейірімді жансың. Сен талас-тартыс, дау-дамай бар жерлерден айналып өткенді жөн көресің. Сонымен қатар сенде дос-жарандарың көп және олармен сөйлесіп, көңіл бөліскеннен сенің жаның рахаттанады. Алайда саған шешім қабылдап үйрену керек, себебі сен әдетте басқалардың айтқанына келісіп, өз ойынды айтпай жүре бересің! Басқалардың сені басынуына жол бермеуге тырыс.
5) Егер сен қисық сызықты тандаған болсаң. Сен – шығармашыл адамсың. Саған не бір қызықты, толғандыратын оқиға ойлап тапқан,сурет салған, бірнәрселерден бір нәрсе құрастырған ұнайды, бір сөзбен айтқанда сен жаңа бір заттар ойлап тапқанды ұнатасың.Сенің қиялың өте жақсы дамыған. Бірақ, сен ұстамсыз, әрі шыдамсызсың. Жаңа бір нәрсеге қызығушылық туған кезде, сен ескі ісіңді соңына дейін жеткізбей тастайсың. Сол себептен саған шамалы ұстамдылық қажет
Шығармашылық жұмыс.
Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке» Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды.