Интерндерге Превентивтік педиатрия пәнінен.
№ 1 аралық бақылау тест сұрақтары., 2- вариант
1. 3,5 жасар баланы қарағанда аналь тесігі манында тітіркену және қасылған іздер орны бар. Диагностикалау үшін ең қолайлы қадам:
А)құрт жұмыртқасына нәжіс
В)копрограмма
С)дисбактериозға нәжіс
Д)нәжісті бактериологиялық егу
Е)жалпы қан анализі
2. Бала 10 жас, орташа ауырлық дәрежеде интоксикация әсерінен, температурасы 38,7 С, соққылау симптомы оң. ЖЗА лейкоцитурия, бактериурия. УЗИ-тостағанша-түбек жүйесінің қабыну өзгерісі. Гипертермияны жою үшін тағайындайды:
А)парацетамол 5 мг/кг
В)парацетамол 10-15 мг/кг
С)парацетамол 20 мг/кг
Д)аспирин 5 мг/кг
Е)аспирин 15 мг/кг
3.Балада фолликулярлы ангинаның ауыр өтуі байқалады, ЖҚА-де Нв – 75 г/л, СОЭ-72 мм/ч, эр. 2,1х 1012/л, тромб. 42,5х10 9/л, Л – 3,2х10 9/л, бласты - 35%, с/я-8, лимф-50, мон – 7%. Анемияның диагностикасында қолайлы скрининг тест:
А)стерильдікке қан тапсыру
В)эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығы
С)стернальді пункция
Д)сарысулық темірді зерттеу
Е)бос гемоглобиннің деңгейі
4.7 жасар науқас, бас ауыруы, бетімен сирағының ісінуі, зәр түсі «ет жуындысы», ауруының 3 күні клиникаға түсті. Жалпы зәр анализінде: мөлшері- 70,0мл, тҮс- қызыл, реакция – сілтілі, тығыздығы- 1023, эритроциттер- өзгерген, өте көп, лейкоциты- 2-3 в п\з, белок 0,99г/л. Нефрологиялық бөлімшеге госпитализацияланды. Стационардан шыққан сон диспансерлік бақылау ұзақтығы:
А)6 ай
В)1 жыл
С)5 жыл
Д)3 жыл
Е)Тұрақты
5. 8 айлық балада фебрилитет, айқын интоксикация, көз астында қараюлар, тістері шығып келеді, кіші дәреті сирек. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ –25мм/сағ; в ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)жіті цистит
В)жіті гломерулонефрит
С)жіті пиелонефрит
Д)тіске «реакция»
Е)жіті пневмония
6. Бала 3 жаста. ЖРА кейін денесінде көгерулер, петехии, мұрын және тіс иегінен қан кету көрінді. ЖҚА: эрит-4,6х1012/л, Нв-130г/л, Ц.П-0,9, лейкоц-7,4х109/л, тромб-50мың., ЭТЖ-5мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)лейкоз
В)ИТП
С)тромбоцитопатия
Д)геморрагиялық васкулит
Е)виллебранд ауруы
7. Бала 4 жүктіліктен, 27 аптада УДЗ ұрықта «будда» позасы анықталды, плацента массасының бір шама ұлғаюы. Терісі өте боз, сарғылт, дененің барлық бетінде ісіну, гепатоспленомегалия. Биохимияда – гипербилиру-бинемия. ЖКА – эр. 2,5х10 12 /л, гемоглобин – 70 г/л, ҚТК 0,75, тромбо-циты 100 мың.... тағайындағанда нәрестенің бұл жағдайының алдын алуға болар еді.
А)антирезусты иммуноглобулинді
В)жүктілікті үзу
С)жолдасының тері лоскутын ауыстыру
Д)плазмоферез
Е)гемосорбция
8. 3 жасар балада жұтыну кезінде ауырсыну, температурасы 39,2С, басының ауыруы, бадамша бездерінде ірінді жабынды. Диагнозды нақтылау үшін қолданасыз:
А)жалпы қан анализі
В)аңқадан флораға жұғынды алу(ВL)
С)жалпы зәр анализі
Д)биохимиялық қан анализі
Е)кеуде торының R-графиясы
9. Бала 42 аптада босанды, салмағы 4000, бойы 51 см. Беті мен денесі-неің ісінуі . Үлкен еңбегі 4 х 4 см, сагитальды тігіс 0,5 см ашық. Адина-мия жоғарлауда, ұйқышылдық, апноэ ұстамасы, стридорозды тыныс. Жылу ұстауы әлсіз. Ұзаққа созылған сарғаю. Диагностикалауда ең қолайлы тексеру:
А)17-КС және 17-ОКС зәрде анықтау
В)қанда кортизолды анықтау
С)қанда қант
Д)Т3 және Т4 анықтау
Е)зәрде қант
10.Қабылдауда 11 айлық бала. Анасының айтуынан бала ұзақ уақыт тырысуға қарсы препараттар алған. Соңғы кездері жиі терлеп, мазасыз-данады, ұйқысы нашар. Дәрігер қарағаннан кейін Мешел ІІ, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі диагнозын қойды. Мешелдің дамуына ... алып келеді.
А)диазепам
В)пенициллин
С)фенобарбитал
Д)кальции глюконаты
Е)темір препараттары
11. Қабылдауда 12 жасар бала. Тамақтан соң 20-30 минуттан кейін оң жақ қабырға астында сыздайтын ауыру сеіміне шағымданып келді. Іштің пальпациясында өт қапшығы проекциясында ауырсыну байқалады. Ортнер, Кер симптомдары оң. Өт жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі диагнозы қойылды. Жанұялық дәрігерлік амбулаторияда өт жолдарының дискинезиясы бар балаларға ... міндетті емес.
А)дуоденальды зондтау
В)құрт жұмыртқасына нәжіс анализі
С)қан мен зәрдің жалпы анализі
Д)іштің УДЗ
Е)@асқазанды зондтау
12. 7 айлық қыз балаға үйге шақыру түсті. ЖРВИ, фебрильді тырысу диагнозы қойылды. Тырысуға қарсы балаға ... седуксен тағайындалады.
А)0,01 мл/кг
В)0,05мл/кг
С)0,1мл/кг
Д)0,2 мл/кг
Е)1мл/кг
13.Қабылдауда 2 жасар ұл . Анустың, әсіресе жиі түнге қарай қышуына шағымданады.Бала тітіркенгіш, жиі жылайды, тамаққа тәбеті нашар. Диагноз қою үшін ... толық мәлімет бере алады.
А)перианальды қатпардан қырынды алу
В)зәрдің жалпы анализі
С)құрт жұмыртқасына нәжіс анализі
Д)қанның жалпы анализі
Е)дуоденальды зондтау
14.3 жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Экспираторлы ентікпе мен қатты жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бала ересектердің қарауын-сыз моншақпен ойнаған. Аяқ астынан балада ұстамалы жөтел, тыныс алудың қиындауы пайда болды. Қарағанда: жағдайы ауыр, дене қызуы 36,8С, мұрын – ерін үшбұрышының цианозы оң жақта қабырға аралық ішке тартылуы байқалады. ЖЖЖ – 130/мин, жүрек тондары анық емес. Перкуссия кезінде:өкпеде перкуторлы дыбыс оң жақца жауырын ұшы астында қысқарған, аускультацияда сол жерде – тыныс әлсіреген. өкпенің қалған бөлігінде пуэрильді тыныс. Науқасқа ең алдымен жүргізу қажет:
А)рентгенография
В)бронхография
С)томография
Д) өкпе УЗИ-сы
Е)спирография
15.Қабылдауда 14 жасар қыз бала. Іштің, әсіресе эпигастрии аймағының ауруына шағымданады. Ауру сезімі тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін байқалады. Дәрігер толық клинико-лабораториялық зерттеулерден кейін асқазанның ойық жарасы, Нр ассоцияланған диагнозын қойды. Геликобактерии пилоридің эрадикациясы үшін ... қолданады.
А)азитромицин.
В)амоксициллин.
С)кларитромицин.
Д)метронидазол.
Е)эритромицин.
16.11 айлық балаға үйге шақыру түсті. Анасының айтуынан бала мазасызданғанда аяқ-қолдарының дірілі байқалады.Қарағанда: гиперестезия, бір үнмен(монотонды) жылау, тремор, бұлшық ет гипотониясы, оң «Хвостек,Труссо синдромы» байқалады. Спазмофилия диагнозы қойылды. Спазмофилияның емін ... препараттын енгізуден бастаған дұрыс.
А)паратгормон
В)витамин D
С)фосфор
Д)кальции
Е)темір
17. Қабылдауда 8 жасар ұл бала. Бір апта бойы дене қызуының 37,2-37,5C көтерілуіне, аз қақырық бөлінетін тұрақты жөтелге, тәбеттің төмен-деуіне шағымданып келді. Анамнезінен ауру біртіндеп тұрақты жөтелмен, дене қызуының субфебрильді сандарға дейін көтерілуімен дамыған. Объективті: терісі таза, қызғылт. Аңқасында аздаған катаральды өзгерістер мен қабақтың конъюктивасы байқалады. Өкпеде: перкуторлы өкпелік дыбыс, шашыраңқы майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суретінде біркелкі емес ошақты инфильтрациялар көрінеді. Осы жағдайда қолданады:
А)цефалоспориндерді
В)тетрациклиндерді
С)макролидтерді
Д)аминогликозидтерді
Е)карбопенемдерді
18.Қабылдауда 3 айлық бала. Мазасыздыққа, тітіргеншіктікке, лоқсуға шағымданып келді. Анамнезінен: туғандағы салмағы 3,200г. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері асты май қабаты ішінде төмендеген, жұмсақ тіндер тургоры төмен, салмақ жетімсіздігі 18% құрайды. Бойы қалыпта. Осы балаға тамақ мөлшері ... салмағына есептеледі.
А)4,964г
В)5,400г
С)4,430г
Д)5,510г
Е)4,956г
19. Қабылдауда 4 жасар бала. Жөтелге шағымданып келді. Анасының айтуынша бала вирусты инфекциямен ауырып, ем қабылдаған. Бірақ жөтелі кетпейді. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі таза, боз. Жөтелі құрғақ, сирек. Ем тағайындаңыз.
А)мукалтин
В)амброксол
С)либексин
Д)амбробене
Е)амбро
20. Емханаға 13 жасар қыз бала қыста басталған, ұзаққа созылған (3 айға) жөтелге шағымданып келді. Түнде ұйықтағанда бала жөтелден оянып, өзі ысқырық тәрізді сырылды естиді, жөтелден жүгіре алмай тоқтайды, сол кезде ысқырық тәрізді сырыл пайда болады. Мұрыны жиі бітеді. ... толығырақ мәлімет алуға көмектеседі.
А)спирография
В)бронхография
С)рентгенография легких
Д)бронхоскопия
Е)пикфлоуметрия
21. 8 жасар балаға үйге шақыру түсті. Қиындаған дем шығарумен ұстамаға, қиын бөлінетін қақырықпен өтетін жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен ерте жасынан көктем-күз мезгілдерінде өршитін бронхитпен жиі ауырады. Соңғы 3 жылда күнде, әсіресе түнде болатын, сальбутамол ингаляциясынан кететін тұншығу ұстамасы байқалады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде, дистанциялы ысқырықты тыныс, тыныс жиілігі минутына 32 рет. Өкпеде қорап тәрізді дыбыс, тынысы қатаң, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық аймағында ысқырықты құрғақ сырыл естіледі. Сіздің тағайындайтын еміңіз:
А)ингаляциялық глюкокортикостероидтар
В)антигистамиді препараттар
С)муколитиктік препараттар
Д)антибактериальды препараттар
Е)бронхолитикалық препараттар
22. Қабылдауда 12 жасар бала. 7 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Соңғы кездері бастың ауру мен АҚ 130/80 мм.сын.бағ. көтерілуіне шағымданады. ЭКГ-де сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері анықталған. Науқас үнемі ингаляциялық беротек қабылдайды. Бұл жағдайда ... тағайындамаған жөн.
А)АПФ ингибиторы
В)ветта –адреноблокаторлар
С)кальции каналының блокаторы
Д)АТ ІІ рецепторының антагонисі
Е)миотропты спазмолитиктер
23.Қабылдауда 5 айлық бала. Терлегіштікке, ұйқының нашарлауына, шошынуға шағымданады. Бала ана сүтімен тамақтандырылады. Қарағанда терісі боз, таза,жұмсақ тіндердің тонусы төмен, краниотабес, шүйде жалпайған. Қан анализінде кальции 2,02ммоль/л, фосфора 1,71 ммоль/л. Мешел І І дәрежелі, бастапқы кезең, жедел ағымды диагнозы қойылды. Витамин Д3 ... мөлшері тағайындалады.
А) 1000 ХБ
В) 1500 ХБ
С) 2000 ХБ
Д) 500 ХБ
Е) 3000 ХБ
24.Қабылдауда 13 жасар бала. 2 апта бұрын дамыған стрептодермиядан кейін жедел ауырды. 3-4 күннен бері бастың ауруына, зәр түсінің «ет жуындысына» ұқсас болуына шағымданады. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Аддис – Каковский бойынша зәр анализінде: лейкоциттер 3 млн, эритроциттер 100 млн. астам. Балаға ... жүргізу қажет.
А)бүйректің ультрадыбысты доплерографиясын
В)бүйрек тамырларының ангиографиясын
С)ретроградты пиелографияны
Д)экскреторлы урографияны
Е)бүйректің пункционды биопсиясын
25.3 айлық қыз баланың анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге қызының 2 айдан бері нашар еміп, бір емгенде 50-70 мл сүт ғана еметініне және тез ұйықтап қалатынына шағымданып келді. Емгенде қатты терлейді, терісі бозарып, тынысы жиілейді, көздің, ауыздың жан жағасы көгерген. Бала боз жылағанда мұрын-ауыз үшбырышының цианозы, ентікпе, болады, тыныс жиілігі – минутына 60 рет, жүрек соғу жиілігі минутына 150 рет. Жүрек тондары әлсіз. Жүрек ұшы бұғана орта сызығынан 2,5 см сыртқа орналасқан, шулар жоқ. Өкпеде тынысы қатаң. Бауыры қабырға астынан 2,0 см шығыңқы. Анасы жүктіліктің 20 аптасында ЖРВИ – мен ауырған Босануы қалыпты өткен. Диагноз қоюға ... толығырақ ақпарат береді.
А)электрокардиография
В)эхокардиография
С)фонокардиография
Д)рентгенографиялық жүрек
Е)спирография
26. 12 жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Қызбаға, қалтырауға, жүрек аймағының ауыруына шағымданады. Перкуторлы: жүректің барлық шекаралары кеңейген. Аускультацияда: тондары әлсіз, жүрек ұшында, 3-4 қабырғааралықта жүрек фазасымен байланыссыз, қар сықыры тәріздес, басса күшейетін, иррадиация бермейтін шу естіледі. Диагноз қою үшін ... өткізу қажет.
А)электрокардиография
В)пикфлоуметрия
С)рентгенография
Д)бронхография
Е)спирография
27. 7 айлық бала жедел ауырып дәрігерді үйге шақырған. Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел. Үй жағдайында 1 баланы қарауға дәрігер-педиатрға ... керек.
А)15 минут
В)30 минут
С)10 минут
Д)20 минут
Е)5 минут
28.Эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация ... жүргізіледі.
А)12 айда
В)6 айда
С)9 айда
Д)3 айда
Е)2 айда
29.6 айлық балада II дәрежелі гипотрофия анықталды. Баланың дене салмағының дефицитін көрсетіңіз:
А) 6-10%
В) 11-20%
С)21-30%
Д)5 %дейін
Е) 31% аса
30.Қабылдауда 15 жасар бала . оң жақ тізе буынының ауырсынуына шағымданады. Қарау барысында оң жақ тізесі ұлғайған, қимыл қозғалысы шектелген,ауырсынулы.. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)бруцеллез
В)Бехтерев ауруы
С)Ревматикалық қызба
Д)ревматоидты артрит
Е)СКВ
31. 14 жасар қыз бала дәрігерді үйге шақырған. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, ішіндегі өткір ауырсынуға, құсу. Оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, Шоффар зонасындағы ауырсынуға. Ортнер, Кер симптомдары оң.
Ем тағайындаңыз:
А)спазмолитиктер, антибиотиктер
В)нитрофурандар, эубиотиктер
С)антигистаминдер, өт айдағыштар
Д)антибиотиктер, нитрофурандар
Е)гипертензивті, антипиретиктер
32.Қабылдауда 8 жасар қыз.Гематологтың тағайындауы бойынша 3 ай бойы теміртапшылықты анемияға қарсы ем қабылдаған. Шағымы жоқ.Қарап тексеруде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, мушелер мен жүйелерінде патологиялық өзгерістер жоқ..Ферротерапияны жүргізудің эффективтілігін ... көрсетеді.
А)гематокрит көрсеткішінің жоғарылауы
В)эритроциттер көлемінің өсуі
С)ретикулоцитарлы криз
Д)перифериялық қанда мегалобласттардың пайда болуы
Е)түстік көрсеткіштің жоғарылауы
33.11 айлық балаға үйіне дәрігер шақырған. Анасының айтуы бойынша балада жиі мазасыздық және аяқ қолдарының дірілдеуі байқалады. Қарап тексеруде гиперестезия, монотонды жылау, тремор,бұлшықеттік гипотония, Хвостека, Труссо симптомдары оң. Спазмофилия диагнозы қойылды. Спазмофилия терапиясын ... препаратын енгізуден бастау керек.
А)паратгормон
В)кальций
С)витамина D
Д)фосфор
Е)темір
34.2 жасар бала қабылдауда .дене салмағы - 16 кг. Әлсіздікке, енжарлыққа шағымданып келген. Анасының айтуы бойынша бала жедел респираторлы аурулармен жиі ауырады. Қарап тексергенде енжар, апатиялы, пастозды.терісінің эластикалығы, жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеті әлсіз дамыған. Шеткері лимфа түйіндерінің барлық топтары III-IV дәрежеге дейін ұлғайған, бір бірімен және айналасындағы ұлпалармен байланыспаған.мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – тамшылы жүрек, тимомегалия. Қан анализінде: Нв-120 /л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с-25%, лимфоцит-62%, моноцит-10%.
Қосымша тексеру тағайындаңыз:
А)кардиотимикоторакальді индекс
В)эрисмана индексі
С)кардиоторакальді индекс
Д)чулицкий индексі
Е)сүйек жасы
35. 6 жасар қыз. Шағымдары: аяқ қолдарындағы, арқасындағы, буын мен бұлшықеттегі ауырсынулар, қатты тағамды жұтынудың қиындауы. Қарап тексергенде тері жамылғысы қызыл көкшіл түсті, жоғарғы қабақта ісіңкі эритема, Готтрон көрінісі анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)ревматизм
В)ювенильді дерматомиозит
С)ревматоидты артрит
Д)склеродермия
Е)жүйелі қызыл жегі
36. 2 жасар балаға жергілікті педиатрды шақырған. Бала жедел ауырған дене қызуы 39 градусқа дейін жоғарылаған, катаральді белгілер пайда болған, мазасыздық. Кенеттен қысқа мерзімді тырысулар болған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)фебрильді тырысулар
В)эпилепсия
С)спазмофилия
Д)менингит
Е)вирусты энцефалит
37.Балада ОРЗ дан бир аптадан кейін бүкіл денесінде полиморфты, полихромды, симетриялы емес бөртпе пайда болған,ауыз қуысының шырышты қабатында қан құйылулар, мұрнынан қан аққан. Қарап тексергенде: жүрек жағынан айқын тахикардия, үндері тұйықталған, жүрек ұшында систолиялық шуыл. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) мея-Хеглин аномалиясы
В) гланцман тромбастениясы
С) верльгоф ауруы
Д) виллебрант ауруы
Е)вискотта-Олдрича синдромы
38. 11жасар бала арықтауға ( 7кг салмақ жоғалтқан),оң жақ қабырға аймағында, эпигастрий аймағында ауырсынуға,жүрегінің айнуына, бас ауруына, тітіркенгіштікке, тершеңдікке, қалтырауға шағымданады. Қарап тексергенде физикалық дамуының артта қалуы. Тері жамылғысы субиктерленген, іші жұмсақ, ауырсынулы оң жақ қабырға астында, өт қапшығы нүктесінде ауырсынулы . жалпы қан анализінде Нв 90г/л, Эр 3,0 х1012/л, лейк 10,5 х109/л, п/я 2%, сегмент ядролы 55%, э-8%, лимф -25%, м 10%, ЭТЖ 17мм/ч. Нәжісті гельминт жұм тексеруде: гельминт жұмыртқасы табылған. Құрт инвазиясын анықтаңыз:
А)трихинеллез
В)дифилоботриоз
С)аскаридоз
Д)описторхоз
Е)энтеробиоз
39. 4 айлық қыздың анамнезінде тұрақсыз нәжіс, вакцинациядан кейін ішек дисфункциясы дамыған. ... вакцинациясы осы жағдайды туғызады.
А)көкжөтел
В)туберкулез
С)паротит
Д)полиомиелит
Е)қызылша
40.3,5 жасар қыз таңертең жоғары температурамен 39,6С оянған, аузынан су аққан, тамағы ауырған, дисфагия, афония. Басын атрқа шалқайтып отырады.Тынысы стридорлыкеуде клеткасының бұлшықеттерінің қатысуымен.Кешке баланың дені сау болған. Кеуде клеткасының бүйірлік рентгенограммасында: «үлкен саусақ симптомы оң». Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)эпиглотит
В)стенозирующий ларингит
С)жедел обструктивті бронхит
Д)бронх демікпесі
Е)жұтқыншақтың аллергиялық ісігі
41.4 айлық қыз. Шағымдары: ылғалды өнімді жөтел, мұрын бітелуі. Ауырғанына 3 күн болған. Бүгін жағдайы бірден нашарлаған: дене қызуы 39С дейін жоғарылаған, анасының төсін ембейді, дистанционды сырылдар естіледі. Қарап тексергенде: терісі бозғылт,ылғалды, периоральді цианоз, беткей тыныс, аралас типті ентігу, ТЖ 60 рет мин, қабырғааралықтың және мойын шұңқырының ішке тартылуы, PS 160рет мин, аускультативті – әлсіреген тыныс фонында барлық алаңда көптеген әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II ст
В)жіті обструктивті бронхит, ТЖ II ст
С)бронхиолит, ТЖ II ст
Д)жіті бронхит, ТЖ I ст
Е)бронх демікпесі
42.8 жасар қыз. Шағымы: қақырықты жөтелге, түнгі уақыттағы ентігуге. ЖРВИ дан кейін 6 ай бойы ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 36,8 С,ТЖ 30 рет мин, тынысы ысқырықты,құрғақ сырылдар естіледі.Жүрек үндері тұйықталған. Рентгенограммада : екі жағынан да өкпе суретінің күшеюі. Тағайындау керек.
А)серетид
В)эуфиллин
С)лазолван
Д)флутиказон дипропионат
Е)кромогликат натрия
43.9 жасар бала. Шағымы: жиі суық тию ауруына. Рецидивирленуші іріңді бронхит диагнозы қойылған.Ағасында Картагенер синдромы. Объективті: дене температурасы 37,6С, терісі бозғылт сұр көкшіл түстес.Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, өкпесінде перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Рентгенологиялық: бронхтардың диффузды деформациясы
Бұл жағдайда ақпаратты зерттеу:
А)мұрынның шырышты қабатының биопсиясы
В)генетикалық тексеру
С)қақырық егіндісі
Д)жылулық визионды зерттеу
Е)бронхоскопия
44.4 жасар қыз. Шағымдары: ұстамалы жөтел, жанына бататын өнімді қиын қақырық бөлінетін жөтел, ентігу. Жиі созылыңқы ағымдағы суық тию ауруларымен ауырады. Ағасы рецидивирленуші бронхит диагнозымен есепте тұрады. Объективті: қыздың тәбеті төмендеген, саусақтары «барабантаяқшалары» тәрізді. Өкпесінде қатқыл тыныс, ылғалды сырылдар. Іш мөлшері бойынша ұлғайған, жұмсақ. Тер Хлориды 85 ммоль/л. Эффективті ем:
А)амброксол
В)гвайфенезин
С))эуфиллин
Д)N-Ацетилцистеин
Е)сальбутамол
45. Бала 4 жаста. Шағымы: жүрек айнуына, 4 күн бойы нәжісінің болмауына. Анамнезінде 6 ай бойы осындай ұсталулар болған. Объективті: терісі құрғақ, қабыршақты, шашы мен тырнағының сынғыштығының жоғарылауы. Аузынан жағымсыз иіс шығады, бұрышында ауыздық. Іші кебіңкі, ұлғайған. Пальпациялағанда ауырсынусыз, өрлемелі және сигма тәрізді ішекте нәжіс түйіршіктері анықталады. Тиімді зерттеу әдісі:
А)ирригоскопия
В)ректоромоноскопия
С)колоноскопия
Д)гистологиялық зерттеу
Е)тік ішекті саусақпен зерттеу
46. 9 жасар бала анасымен бірге қабылдауда. Шағымдары: әлсіздік, көрінетін себептерсіз жиі көп мөлшерде мұрнынан қан кету, денесінде көгерулердің пайда болуына. 2 жыл бойы ауырады. Ауруы бойынша гормональді терапия курсын қабылдаған, тромбоцитарлы массаны құйған,бірақ әсері қысқа мерзімді болған. Терісінде көптеген ассиметриялы көлемді бозарулар, шырышты қабаты бозарған, склерасы қалыпты түсті. Шеткері лимфа түйіндері мен көкбауыры ұлғаймаған. Тахикардия, жүрек ұшында функциональді сипаттағы систолиялық шуыл. Бауыры 1см шығыңқы,зәрі сары түсті. Қан анализі: эритроциты- 2,4х1012/л; гемоглобин-50г/л; ЦП - 0,89; тромбоциты-22х109/л, Дьюк бойынша қанның ұю уақыты -12 мин., қан ұйындысының ретракционды уақыты – 6сағ. Емдеу жоспарына қосуға болады:
А) цефалоспориндерді
В) антигистаминді
С) гемостатикті
Д) витаминотерапия
Е)глюкокортикостероидтарды
47.ЖДА ға 5-жастағы бала мен анасы келді.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, оң иығының терісінде диаметрі 4 см эхкимоз. Шеткері лимфа түйіндері шамалы ұлғайған, жақсүйек маңында. Жүрек үні аздап тұйықталған,функциональді систолиялық шум. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Оң тізе буыны шар тәрізді, қозғалысы шектелген, ауырсынулы. Анамнезінен: бала ерте жасынан мұрнынан қан ағуымен, жеңіл жарақаттан денесінде және аяқ қолдарында гематома пайда болуымен зардап шегеді.Қан анализінде: эритроциты 3,6х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциты 6,5х109/л, СОЭ 20 мм/ч, тромбоциты 2,0х109/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)апластикалық анемия
В)гемофилия А
С)тромбастения Гланцманна
Д)верльгоф ауруы
Е) геморрагиялық васкулит
48.ЖДА да дәрігерлік қабылдауда анасы 2 жасар баласымен. Анамнезінен: анасының айтуы бойынша басқа бөлмеде ойнап отырғанда кенеттен жөтел, ентігу пайда болып он бес минутта жойылған. Қарап тексергенде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді. Аускультативті: дем шығарғанда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ысқырықты сырыл естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) созылмалы бронхит
В) бронх демікпесі
С) пневмония
Д) көкжөтел
Е) бронхтағы бөгде зат
49.Дәрігерді шақырту кезінде 8 жасар баланың тері жамылғысының бозғылттығы, әлсіздік, дене қызуының 39,0 С дейін жоғарылауы, акроцианоз, тыныштық кезінде ентігу, ТЖ – 50рет мин, пульс – 100 рет мин. Перкуссияда жауырын бұрышының астында өкпелік дыбыс қысқарған, сол жерде аускультацияда ылғалды майда көпіршікті сырыл естіледі. Жүрек үні тұйықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)пневмония
В)бронхиолит
С) муковисцидоз
Д) бронх демікпесі
Е) жедел бронхит
50.Ұл бала 11 жаста ішінің ауыруына, сол тізе буынының және сирақ табан буынының ауыруына, қимыл қозғалысының шектелуіне шағымданып келді.Анамнезінен: екі апта бұрын баспамен ауырған, сол кезде дене қызуы 39,0 С дейін жоғарылаған, тамғы ауырсынған. Симптоматикалық ем қабылдаған. Объективті: сирақ тізе буынының ісінуі және қимыл қозғалысы шектелген. Жүрек шекарасы 2 см солға кеңейген, тахикардия минутына 120 рет соққы, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында"жұмсақ" систолиялық шуыл. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Ажүйелі қызыл жегі
В)жіті ревматикалық қызба
С)ювенильді ревматоидты артрит
Д)рейтера ауруы
Е)реактивті артрит
51.Анасы 6 жасар баласымен басының ауырсынуына , енжарлыққа, ентігуге, жүрегінің жиі соғуына шағымданып келді. Екі апта бұрын гастроэнтеритпен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр енжар,бозғылт. Өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі.Жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек үні тұйықталған, шу естілмейді, тахикардия минутына120 соққы. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығыңқы. Перифериялық пульсі әлсіз. ЭКГ да STсегменті және Тісшесінің өзгеруі, аритмия. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)жұқпалы эндокардит
В)ревматикалық емес кардит
С)жіті ревматикалық қызба
Д)гипертрофиялық кардиомиопатия
Е)жедел пневмония
52.Педиатр 4 айлық баланы невролог кеңесіне жолдады. Амбулаторлы картада тіркелген себеп:
А) Бабинский Рефлексі
В) Моро Рефлексі
С) қол мен иектің треморы
Д) Ұстау рефлекс
Е) отыра алмауы
53.Бала 7 жаста.субфебрильді температураға және шаршағыштыққа шағымданады. Тері жамылғылары сұр түсті , көзінің астында көлеңкелер. Дәрігер баладан лимфа түйіндерінің барлық тобының майда тығыздығын анықтады. Лимфа түйіндерінің реакциясы тән:
А)туберкулезді интоксикация
В)лимфогранулематоз
С)лимфа түйіндерінің туберкулез
Д)инфекционды мононуклеоз
Е)қызамық
54.Бала 6 жаста ден қызуы 37,4 С дейін жоғарылап, денесіне бөртпе шықты. Жанұялық дәрігер жұтқыншағының артқы қабырғасының, бадамша бездерінің, доғашықтарының аздаған гиперемиясын байқады. Бүкіл денесінде, Қолының жазғыш бетінде, бетінде жамбасында ұсақ дақты алқызыл бөртпелер көрінеді. Шүйде лимфа түйіндерінің мөлшері 5 мм.Анамнезінде тағамдық аллергиясы бар. Кеше шоколад жеген, 3 апта бұрын бала бақшасында балалардан скарлатина анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)қызамық
В)тағамдық аллергия
С)скарлатина
Д)қызылша
Е)желшешек
55. Жел шешекпен ауыратын 4 жасар балада ауруының 3 күні дене қызуы 39,0С дейін жоғарылаған, макула, везикула, қабыршақты бөртпелер сақталған. Аузының шырышты қабатында және конъюктивасында көп мөлшерде бөртпелер пайда болған. Дәрігер шақыруға « урген тәрізді» ұстамалы жөтел себеп болған.
Баланың жағдайының ауруының 3 күні өзгергені ... байланысты болған.
А) желшешек кезіндегі круп синдромына
В) көкжөтелдің қосарлануына
С) ЖРВИ дің қосарлануына
Д) жедел пневмонияның қосарлануына
Е) афтозного стоматиттің қосарлануына
56.Бала 5 жаста ауырғанына 4 күн болған. Алғашқы күннен бастап дене қызуы 38-39,2 С болған, мұрынның бітелуі, жөтел, әлсіздік, жарықтан қорқушылық. Қарап тексергенде бадамша бездерінің және догашығының гиперемиясы және ісінуі байқалады, жұтқыншақтың артқы қабырғасы да гиперемияланған,жұмсақ таңдайдың «пестрота»,ауыз қуысының шырышты қабатында көптеген ұсақ нүктелі дақтар көрінеді. ... критериилеріне қарап нақты диагноз қоюға болады.
А) Бельского-Филатова-Коплик дақтары, катаральді симптомдар
В) везикуло-папулездібөртпелер, лакунарлы ангина
С) геморрагиялық бөртпелер, афтозды стоматит
Д) ұсақ нүктелі бөрпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Е) полиморфты бөртпелер
57. Қабылдауда 5 жасар бала. Шағымдары: әлсіздік, енжарлық, тыныс алуының және жұтынуының қиындауына. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38,5С тері жамылғылары таза, бозғылт. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аңқасында гиперемия,бадамша бездері ұлғайған, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, аздап ауырсынулы, гепатоспленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) аңқа дифтериясы
В) жұқпалы мононуклеоз
С) лимфогранулематоз
Д) аденовирусты инфекция
Е) аденоидтар
58.Науқасты майлы тамақтан кейін пайда болатын сол жақ қабырға астылық, арқаға берілетін ауырсынулар мазалайды. Пальпациялауда Шоффар және Мейо-Робсон нуктелерінде ауырсынулар, қан араласпаған сұйық нәжіс, әлсіздік, шамалы нейтрофильді лейкоцитоз формуланың солға ығысуынсыз. Ақпаратты зерттеу:
А)қан құрамындағы амилазаны анықтау
В)қан құрамындағы трипсинді анықтау
С)қан құрамындағы эластазаны анықтау
Д)қан құрамындағы сілті фосфатазасын анықтау
Е)қан құрамындағы глюкозаны анықтау
59. 3 айлық бала. Анасының айтуы бойынша туылғанан бастап алыстан естілетін шулы тыныс, емізгенде күшейетін мазасыздық.Стридор диагнозы қойылған.
Стридордың себебі:
А)тыныс алу жолдарындағы бөгде зат
В)ларингомаляция
С)бронх шырышты қабатының ісігі
Д)жедел ринит
Е)ларингостеноз
60. Бала бақшаның ұлкен топ балаларын диспансерлік қарауда бірнеше баланың тұрақты жөтелуі анықталды. Олардың тыныс алулары айқын қиындаған,ауыздары ашық, мурындарынан шырышты іріңді бөлінділер байқалады. Осындай білінді жұтқыншақтың артқы қабырғасынан да байқалады.ауыз жұтқыншақ шырышта табиғи түсті. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А)Жіті ринит
В)синусит
С)аденоидит
Д)бронхит
Е)пневмония