Сілекей бездерініҢ жараҚаттары
Сілекей бездері жарақаттанғанда айналасындағы жұмсақ тіндер, кейбірде сүйектер бұзылады. Өткір өтпейтін заттармен жарақаттанса, олар кесіледі немесе езіледі. Ал оқ тисе барлық айналасындағы тіндермен қоса талқандалуы мүмкін.
27-сурет. ГА. Васильев бойынша құлақмаңы безінің түтігін пластикалық жолмен қалпына келтіру операциясы.
Сілекей бездерінің ішінде көбінесе құлақмаңы сілекей бездері жарақатқа көп ұшырайды. Оның себебі бұл без төменгі жақ өсіндісінің сыртқы бетінде және төменгі жақ артындағы шұқырда орналасқан. Сонымен қатар ол осы маңда жасалатын операциялар кезінде жарақаттануы мүмкін. Мысалы өзінен шыққан ісіктерді алғанда, құлақ маңындағы және жақ артындағы флегмоналарды ашқанда, төменгі жақ өсіндісінде, шықшыт буынында жасалатын операциялар кезінде.
Үлкен сілекей шығатын түтік ұртта орналасқан ісіктерді алу, флегмонаны ашу кезінде зақымдануы мүмкін.
Жақасты және тіласты сілекей бездері оқпен жарақаттанғанда, флегмона мен абсцестерді ашқанда, ісіктерді алғанда жарақаттануы мүмкін. Бірақ бұлардан кейін жыланкөз пайда болмағандықтан тиісті ғылыми еңбектерде ескерусіз қалған (А. И. Евдокимов). Стоматологтардың жүмысында сілекей түтіктері тіс емдеу немесе сепарация жасайтын дискімен жұмыс істеген кездерде зақымдануы мүмкін. Жаралардың орналасуына байланысты түтік және сілекей паренхимасының жарақаттары деп бөледі.
Сілекей бездері жарақаттарының клиникасы олардың орналасуына (түтік, паренхима) байланысты әр түрлі болады. Егер жара үлкен болса, ондағы сілекей бездерінің бүртіктенген тіндерін көруге болады. Қабыну процесі аяқталғаннан кейін жыланкөздер, сілекей түтіктерінің тарылуы, жабылуы пайда болады.
Сілекей бездерінің жыланкөздері. Егер жыланкөз тері арқылы сыртқа шықса оны сыртқы, ал ауыз қуысының шырышты қабығына шықса ішкі деп аталады. Ішкі жыланкөздер ауруларды мазаламайды, сондықтан емдеудің қажеті болмайды.
Ал сыртқы жыланкөздер науқастарды қатты мазалайды. Олардан өне бойы сілекей ағып (сілекей тамақтанғанда көбейеді) айналасындағы теріні бұзып қабыну пайда болады. Егер жыланкөздер жабылса (уақытша) без үлкейіп, ауырады.
Жақасты сілекей бездерінің жыланкөздері жақ астының терісінде орналасады, олар өте сирек кездеседі.
Көбінесе жыланкөздер құлақмаңы сілекей бездерінің жарақатынан болады. Олар түтіктік және паренхималық болып бөлінеді. Жыланкөз без бөлшектерінің түтіктерінен шықса паренхималық, ал негізгі түтіктен (паренхимадан алыс) пайда болса түтіктік болып есептелінеді.
Барлық жыланкөздер толық және жартылай болып екіге бөлінеді. Толық жыланкөздер негізгі түтіктің толық жыртылуынан пайда болып, сілекей түгелімен осы жолдар арқылы сыртқа шығады. Егер түтік қабырғасы жыртылып одан жыланкөз пайда болып, сілекей негізгі түтікпен және жыланкөз арқылы екіге бөлініп ақса жартылай жыланкөз дейді. Кейде құлақасты сілекей бездері аймағында нүктелі, таза сілекей тамшысы шығатын жыланкөздер кездеседі, бұлар өте қысқа сілекей бездерінің кішкене бөліктерімен байланысады. Сілекей бездері жыланкөздерін зондылау және бояулы сұйықтар жіберу арқылы білуге болады. Ал жыланкөздерге толық мағлұмат беретін әдіс контрасты сиалография болып табылады.
Жартылай жыланкөздерде, йодолиполды жыланкөз арқылы жібергенде сұйық негізгі түтіктен шығады, ал негізгі түтікке жібергенде жыланкөзден шығады. Йодолипол сонымен қатар, сілекей бездерінің қалған бөліктерін толтырады.
Толық жыланкөзде негізгі түтікке жіберілген йодолипол тек жыланкөзбен байланысты без бөліктеріне таралады.
Сілекей түтіктерінің тарылуы (стеноз). Сілекей түтіктері жұмсақ тіндердің тыртықтанып бітуінің әсерінен тарылуы мүмкін. Бұл жағдайда науқас сілекей бездерінің ісуіне және сыздап ауыратынына шағым жасайды. Олар ас ішкенде пайда болып бірнеше сағаттан (1—2 сағат), кейде бірнеше минуттан кейін басылады. Ол ас ішкен кезде сілекей көп жиналып, тарылған түтіктен аздап жүруіне, ісігінің тарылу көлеміне байланысты. Қараған уақытта сілекей бездері аймағындағы жүмсақ ісікті пальпация арқылы байқауға болады, ол ас ішіп болғаннан кейін қайтады. Егер дерттің пайда болғанына көп уақыт болса, сілекей бездерінің қатайғандығын және қалыптасып үлкейгендігін пальпация арқылы білуге болады. Негізгі түтіктердің стенозын зонд арқылы анықтайды.
Сілекей түтіктерінің жабылуы (облитерация). Сілекей түтіктерінің жарақаттан жабылған кезінде науқас сол бездердің сыздап ауырып, үлкейгенін айтады. Без үлкейіп қатаяды, 3—4 сағаттан кейін ауыру сезімі біртіндеп азаяды. Бірақ, ол үлкейіп қатайған бойында қалады. Бұл жиналған сілекейдің жан-жақтағы жұмсақ тіндер арқылы сорылуынан деп есептеледі. 3—4 айдан кейің жайлап ауыру сезімі, бездің ас ішкен кездегі үлкеюі басыла бастайды. Пальпация жасағанда сілекей бездері үлкейіп қатайған. Түтік көздерінен сілекей ақпайды. Кейін келе бездердің сілекей шығару жұмысы тоқтайды. Ауыруы, сыздауы, үлкеюі тоқталады. Негізгі түтіктер көзін зондпен тексеру арқылы сілекей жолының жабылғанын білуге болады. Сиалография жасағанда түтіктің шығу жағы ғана сәулеге ұқсайтын сұйықпен толады, ал одан жоғарыға бармайды.
Сілекей бездерінің жарақаттан болған кисталары. Науқас жарақат алғаннан кейін (1—2 жеті ішінде) сілекейлер орналасқан аймақта ісік пайда болғанын арыздайды. Жара ұзақ уақыт ішінде жазылады. Емдеу барысында ісіктің ішіндегі сілекейді қанша сорып алғанмен, ол кішіреймейді, бірнеше айдан кейін тұрақты халге келеді.
Ісік жұмсақ, ауырмайтын, анық шектелген. Теріде ауыз қуысының кілегей қабығында жарақат немесе операция орындарын табуға болады. Пункция жасағанда одан сілекей алынады. Си-алограммада түтіктердің толу ақауы немесе деформацияларын көруге болады.
Сілекей бездерінің жарақаттарын емдеу. Сілекей бездерінің жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеуден өткізуде, жақ-бет аймағында жасалатын өңдеу ережелері мен ерекшеліктері толығынан пайдаланылады. Егер операция кезіңде бет нерві талшығының үзілгені білінсе, оларды бір-бірімен тігіп қосу керек. Ал, егер қүлақтүбі сілекей безінің негізгі түтігі үзілсе, оның ішіне полиэтиленнен жасалған катетер енгізіп екі үшын бір-бірімен тігіи жалғастырады. Оны 12—14 күнге түтікте қалдырады. Осыдан кейін без тіндерін, фасциясын, майлы қабатты және теріні мүқияттап тігеді. Тігіс аралығына дренаж қойылады (2—3 күнге). Жараның жазылу барысында сілекей безінің секреторлық жүмы-сын баяулату үшін 0,1% атропин сульфатын қолдану керек. Сілекей бездері жыланкөздерін консервативтік және оперативтік тәсілдер арқылы емдейді.
Консервативтік тәсілдерге жыланкөзді әртүрлі қышқылдармен күйдіру жатады. Олар: хром, НСІ, сүт қышқылдары, 7% спирт, 5% йод қосындысы, 20% күміс нитраты. Иненің ұшына жұқалап мақта орап оны 20% күміс нитратына батырады. Осыдан кейін инені жыланкөздің барлық тереңдігіне енгізіп 1 минут ұстайды, келесі күні тереңдіктің жартысын, үшінші күні қалған жерін 2 минуттан күйдіреді.
Бұл шараларды қолданғанда науқасқа тамақ алдында (жарты сағат бүрын) 6—8 тамшы 0,1% атропин сульфатын берген жөн.
Жартылай жыланкөздерді К. П. Сапожкова әдісімен емдеу. Ол үшін жыланкөзді кесіп алып тастайды да тері астындағы майлы қабатқа кисет тәріздес тігіс салады. А. А. Лимберг әдісі: жыланкөзді кесіп тастаған соң, орынын айқаспалы үшбұрышты қиықшамен жауып тігеді.
Толық жыланкөзін жарты ай тәріздес кесіп, безге дейін босатады. Содан кейін негізгі түтіктің қалдығы болса оның ұшы мен жыланкөздің ұшын, түтікке кигізген тефлоннан немесе полиэтиленнен жасалған түтіктің үстінен тігіп жалғастырады.
Егер жыланкөз қысқа болса Г. А. Васильев әдісін қолданады. Жыланкөзді жарты ай тәріздес кесіп безге дейін босатқаннан кейін ауыз қуысының шырышты қабығынан тіл тәріздес қиықша алып жыланкөздің ұшын соған тігеді.
Негізгі түтік тарылса және жабылса оны арнайы жасалған зондтармен бұрғылау қажет. Егер бүл тәсіл нәтиже бермесе хирургиялық әдіс қолдану керек.
XI Т А Р А У