Бап. Профилактикалық егулерді жүргізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егу алуға міндетті.
2. Профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуі тиіс халық топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Профилактикалық препараттарды (иммунологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) сақтау, тасымалдау және пайдалану денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.
Бап. Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде кәсіби аурулардың және травматизмнің профилактикасы
1. Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде кәсіби аурулардың профилактикасы мыналарды қамтиды:
1) мыналар:
салауатты өмір салтын насихаттау;
бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-көпшілік басылымдар, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқытатын бағдарламалар арқылы халықты хабардар ету;
созылмалы жұқпалы емес аурулардан зардап шегетін адамдарды қажетті өзіне көмек көрсету әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру арқылы;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының, сондай-ақ жұмыс істеушілердің кәсіби ауруларының - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салуаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының өздеріне бекітілген халықтың ауыруы қатеріне мониторингі;
олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдардың, сондай-ак меншік нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай- ақ жеке кәсіпкерлердің ауру қатерінің өндірістік факторлары әсерін барынша азайту;
4) созылмалы инфекциялық, оның ішінде кәсіби аурулары бар адамдарды халыққа медициналық қарау жүргізу, олардың ертерек дәрігерге қаралуына уәждеу арқылы анықтау;
5) жекелеген санаттарды амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді, қалпына келтіру емі мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы аурулары бар адамдарды, оның ішінде кәсіби аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау және уақтылы сауықтыру;
6) созылмалы аурулардан, оның ішінде кәсіби аурулардан зардап шегетін адамдарды, сондай ауруы бар екеніне немесе олардың өршуіне күмән болған кезде оларды медициналық ұйымның қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық көрсетім бойынша басқа жұмысқа уақытша немесе тұрақты түрде ауыстыру арқылы ауыру қатерінің мінез-құлықтық факторларының профилактикасы және халықтың медициналық сауаттылығын арттыру.
2. Травматизмнің профилактикасын сектораралық деңгейде олардың өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бап. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы
1. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы (алкогоь, есірткілер, психотроптық заттар, психостимуляторлар, галлюциногендер, ұшпалы ерітінділер, темекі) мыналарды қамтиды:
1) психоактивті заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды қолданудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттау;
2) психоактивті заттар айналымы саласындағы жарнамаға тыйым салу, психоактивті заттарды әзірлеу тәсілдері, әдістері мен пайдалануды, психоактивті заттарды сатып алу орындарында насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар жарнамасын шектеу;
3) психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық және мінез-құқықтық ауытқуы бар қатер топтарындағы адамдарды профилактикалық бақылау және есепке алу;
4) тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде жасырын емдеу;
5) нашақорларды ерікті түрде медициналық-санитарлық оңалту.
2. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар олардың құқықтары шегінде жүзеге асырады.