Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары. Клиникалық жағдай:«Нефротикалық синдром»
Клиникалық есеп
Клиникалық жағдай:«Нефротикалық синдром»
Ситуациялық есеп:Сіз– балалар нефрология бөлімшесінің дәрігерісіз. 11 жастағы ұл бала түсті.
Ø Зертханалық-аспаптық тексеру мәліметтеріне интерпретация жасаңыз
Ø Диагнозын тұжырымдаңыз
Ø Науқасты жүргізу және емдеу тактикасын анықтаңыз
Ø Болжамы және морфологиялық диагнозы
Соңғы нәтиже:
1. Тексеру мәліметтерін интерпретациялау: толық қамтылған қан талдауын; биохимиялық қан талдауын; жалпы несеп талдауын; несеппен белоктық тәуліктік экскрециясын; ШФЖ есептеу және бүйрек қызметін бағалау.
2. Бүйрек УДЗ мәліметтерін интерпретациялау
3. Клиникалық диагнозды негіздеу
4. Науқасты жүргізу тактикасы мен емдеу қағидалары
5. Морфологиялық диагнозы және болжамы
Бағалау парағы (check-list)
«Нефротикалық синдром» клиникалық жағдай бойынша
Емтихан тапсырушының коды ______________Емтихан тапсыратын күні ___________________
Экзаменатор _______
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллдары | ||
Толығымен жасай біледі | Толық жасай білмейді | Жасай білмейді | ||
1. | Жалпы несеп талдауын интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
2. | Болжам диагнозын негіздеу және тұжырымдау | 1,0 | 0,5 | |
3. | Тексеру жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | |
4. | Қан талдауын интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
5. | Тәуліктік протеинурияны интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | |
6. | Шварц формуласы бойынша ШСЖ есептеу және бүйректің фильтрациялық қызметін бағалау. | 1,0 | 0,5 | |
7. | Бүйрек УДЗ интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | |
8. | Қорытынды диагнозды негіздеу және қалыптастыру | 1,0 | 0,5 | |
9. | Емдеу қағидаларын анықтау | 1,0 | 0,5 | |
10. | Ең ықтимал болатын морфологиялық диагноз | 1,0 | 0,5 | |
Ұпай ЖИЫНТЫҒЫ | 10,0 | 5,0 |
11 жасар ұл бала:
Шағымдары: ісінулерге, зәрінің азаюына, тәбетінің төмендеуі және әлсіздік.
Анамнез: Тұмаумен ауырғаннан кейін 10 күннен соң ауырып бастады. Аяқтарында, бетінде айқын ісіну пайда болып, зәрі азайды. Бұған дейін несеп талдауларында өзгерістер болған жоқ.
Объективті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t-36,70С, салмағы 24 кг, бойы 110 см. Терісі таза, бозғылт. Беті, балтыр, табандары, алдыңғы іш қабырғасы және бел аймағы ісінген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, өкпенің барлық жерінде естіледі. АҚҚ 90/50 мм с.б. жүрек шекаралары қалыпты, тондары біршама тұйықталған, ЖСЖ 82 рет мин. Ішінің көлемі ұлғайған, пальпацияланады, ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасында, көкбауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті күнделікті, қалыптасқан. Бүйректері пальпацияланбайды. Тәулігіне 300 мл зәр бөлді.
Түскендегі жалпы несеп талдауы
Көлемі – 50 мл
Несептің түсі – ашық сары
Тұнықтығы – лайлы, көпіршікті
Салыстырмалы тығыздығы – 1028
Реакциясы – қышқыл
Белок – 60/00
Лейкоциттер – 1-2 в п/з
Эритроциттер – 1-2 в п/з
Цилиндрлер – гиалинді 0-1 к/а.
Зертханалық мәліметтер:
Жалпы қан талдауы Гемоглобин – 130 г/л Эритроциттер – 4,0х1012 /л Түсті көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер – 220х109/л Лейкоциттер – 9,2х109/л Таяқша ядролы нейтрофиллер – 2% Сегментті ядролы нейтрофилдер – 42% Эозинофилдер – 7 Базофилдер – 0 Моноциттер – 6 Лимфоциттер – 43% ЭТЖ – 65 мм/сағ | Биохимиялық қан талдауы Мочевина – 5 ммоль/л Креатинин – 40 мкмоль/л Белок – 48 г/л Альбумин 22г/л Холестерин – 10,9 ммоль/л, К – 3,9 ммоль/л Na – 137 ммоль/л |
Несептегі белоктың тәуліктік экскрециясы: 4,8 г/тәул. |
Аспаптық зерттеу мәліметтері:
УДЗ –Бүйрек өлшемдері қалыпты, қыртысты қабатының эхогенділігі шамалы жоғарылаған.
Клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары
«Нефротикалық синдром»
№ | ||
1. | Жалпы несеп талдауын, тәуліктік протеинурияны интерпретациялау | Протеинурия – айқын, нефротикалық деңгейде |
2. | Болжам диагнозын негіздеу және тұжырымдау | Ісіну, ауқымды протеинурия – 60/00, гиперхолестеринемия, гипопротеинемияның болуы, артериалық гипертензи, гематурия, лейкоцитурияның болмауын ескере отырып, нефротикалық синдром диагнозы қойылады. |
3. | Тексеру жоспарын тағайындау | ЖҚТ; ЖНТ; несептегі белоктың тәуліктік экскрециясы. БХҚТ: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбумин, холестерин, калий, натрий; ШФЖ есептеп, бүйрек қызметін бағалау; Бүйрек УДЗ. |
4. | Қан талдауын интерпретациялау | ЖҚТ: ЭТЖ жоғары; Гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия. Калий, натрий в норме. |
Тәуліктік протеинурияны интерпретациялау | Протеинурия нефротикалық деңгейде 4,8г/тәу, яғни 3,5 г/тәу жоғары | |
Шварц формуласы бойынша ШСЖ есептеу және бүйректің фильтрациялық қызметін бағалау. | ШФЖ 40х110 = 110 мл/мин. Бүйректің фильтрациялық қызметі қалыпты. | |
7. | Бүйрек УДЗ интерпретациясы | Бүйректердің қыртысты қабаттарында қабынулық өзгерістер |
8. | Қорытынды диагнозды негіздеу және қалыптастыру | Тұмаудан кейін бүйрек ауруының алғаш рет басталуы (дебют). Айқын ісінудің, массивті протеинурияның 4,8 г/тәу (3,5 г/тәу артық), гипопротеинемияның, гипоальбуминемияның 20 г/л (25г/л-ден аз), гиперхолестеринемияның болуы, ЭТЖ жоғары – 45 мм/сағ, гипертензия мен гематурия жоқ, ШСЖ қалыпты. Осы мәліметтерге сүйене отырып, диагноз қойылды: Нефротикалық синдром, дебют, бүйрек қызметі сақталған. |
9. | Емдеу қағидаларын анықтау | Емдәм стол №7 Сұйықтық режимі: диурез көлемі + 200мл Преднизолон 2 мг/кг кесте бойынша Фуросемид |
10. | Преднизолонға мейілінше болатын жауап және морфологиялық диагноз | Стероидсезімтал НС. Минималды өзгерістер ауруы. |