Студентің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тақырыптық жоспары

Тақырыптар Тапсыру түрі Сағат саны
1. № 1 кредит    
1. Дәрілік өсімдіктерді ресурстанулық зерттеу. Қазақстан өсімдіктері және дәрілік өсімдіктердің таралуы Рефераттар Тақырып бойынша глоссарийлер Тесттік тапсырмалар құрастыру Ситуациялық есептер дайындау (кейс-стади) Кроссвордтар Постерлі баяндама Тақырып бойынша эссе Кластерлер, Презентациялар Ғылыми-танымал статьялар, оригиналды басылымдар талдауы Ғылыми басылымға шолу, Тақырыптық альбом, Портфолио және т.б
2. Фитоценоз, Фитоценоз құрылысы. Фитоценоздың жіктелуі.  
3. Дәрілік өсімдіктерді картаға түсіру  
4. Дәрілік өсімдіктердің далалық оқу әдістері  
5. Шөптесін өсімдіктер мысалында белгілі аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдісі.  
6. Ағаштық және бұталық өсімдіктер мысалында белгілі аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдісі.  
7. Дәрілік өсімдіктерге кері әсерін тигізетін факторлар. Дәрілік өсімдіктерді ластаушы заттар. Өсімдіктер – уытты заттардың контраторлары.  
8. Аралық бақылау, 7-ші аптада Тесттік тапсырмалар, әңгімелесу
9. Дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурсын тиімді пайдалану жүйесі және оны қорғау. Қазақстан Республикасындағы қорықтар мен қорықшалар Рефераттар Тақырып бойынша глоссарийлер Тесттік тапсырмалар құрастыру Ситуациялық есептер дайындау (кейс-стади) Кроссвордтар Постерлі баяндама Тақырып бойынша эссе Кластерлер, Презентациялар Ғылыми-танымал статьялар, оригиналды басылымдар талдауы Ғылыми басылымға шолу, Тақырыптық альбом, Портфолио және т.б
10. Қызыл кітапқа енгізілген ареалы шектеулі дәрілік өсімдіктер, сонымен қатар тапшы шикізат көздерінің - түрлері.  
11. Дәрілік өсімдіктерді өндірудің агротехникасының негізгі тәсілдері  
12. Жаңа дәрілік өсімдіктерді аныөтау әдістері  
13. Дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау. Дәрілік өсімдік шикізаттарын жинау, кептіру, сақтау ережелері.  
14. Дәрілік өсімдік шикізаттарын қайта өңдеу.  
15. Дәрілік өсімдік текті заттарды стандарттау.Ұсақталған, кесіп-престелген, брикеттелген шикізаттардың сапасына Мемлекеттік Фармакопеяда қойылатын талаптар.  
16. Қазақстан Республикасынның өсімдік ресурстарын оқу облысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  
17. Аралық бақылау, 15-ші аптада Тесттік тапсырмалар, әңгімелесу
  Барлық сағаты:  

Ескерту*: Ағымдағы бақылау: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ тақырыптары бойынша коллоквиум

2.9. Әдебиет:

Негізгі:

1. Государственная Фармакопея СССР, Х1 изд., вып 1. – М.: Медицина, 1988,1990, ( т.1, стр.252-265)

2. М.Қ.Кукенов. Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь-Шаня. 1989

3. М.Қ.Кукенов.Флавоноидосодержащие растения Юго-Востока Казахстана. 1984

4. Муравьева Д.А. Фармакогнозия. М.: Медицина, 2002.

5.Қазақстан биоресурстары. Оқу құралы. Н. Мұхитдинов, Алматы, Қазақ университеті, 2009 ж

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии. Учебное пособие. Под ред.И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. М., МИА, 2007

2. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений СССР. Под ред. Шуран .1976.

2.10 Сабақ беру және оқыту әдістері:

Тәжірибелік сабақтар: кіші топпен, жұптық жұмыс, дискуссия, презентация, ауызша сұрау, тапсырмаларды орындау, рөлдік ойындар, глоссарийлер (берілген тақырыптар бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша түсініктемесі), нормативтік құжаттарға сәйкес дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау хаттамасын жазу және қорғау

Студентің өз бетінше атқаратын жұмыстары:

Тесттік тапсырмалар кемінде 10 сұрақтан тұрады. Белгіленген уақытта тапсырылады. Тест негізі маңызды, тесттік тапсырмалар нақты, дұрыс, анық құрастырылады. Жауаптар нұсқасы адекватты және біртүрлі. Жауап алгоритмі болады. Дұрыс жауаптары белгіленеді.

Рефератстуденттің таңдауы бойынша дайындалады (әрбір модулдан бір рефераттан). Топпен дайындауға да болады, әрбір топ бөлімнің біруіне құрайды. Реферат сұрақтың мәнін ашуы керек, барынша информативті және өзіндік қорытындысы болуы керек. Реферат тиянақты, орындалады, өз бетінше жазылады, кемінде 3 әдебиет көзі пайдаланылады. Реферат тақырыбы бойынша сызбалар, кестелер, суреттер көрсетеді. Рефератты қорғағанда мәтінді оқып бермейді, баяндайды. Барлық берілген сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді.

Презентация өз бетінше дайындалады. Кемінде 3 әдебиет көзі пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды болуы керек. Автор қорғау барысында тақырып бойынша терең білімін көрсетуі, талқылау барысында жауаптарында қателер жібермеуі керек.

Глоссарий берілген тақырыптар бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша түсініктемесін дұрыс құрастыру керек.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері мен ережесі:

Студенттердің білімін бағалау және үлгерімін бақылау 25 тамыз 2006 жылғы ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орнында білімді бағалау және бақылау», ОҚМФА қабылдаған рейтинг әдісіне сейкес негізделген.

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымдағы, аралық, қорытынды.

Наши рекомендации