Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары
№ | Бағалау қадамдардың критерийлері | Жауап эталоны |
Анамнезді жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? | Толық, нақты, детальды, ата аналарының аурулары (анасында-он екі елі ішектің ойық жарасы, әкесінде–гастрит, анасы жағынан апасында–он екі елі ішектің ойық жарасы). Ауру және өмір анамнезі: (Қыз бала мазасыз, ашуланшақ болып кетті, түн ұйқысы бұзылды. Бір жыл бойы ауырады. Ауруын мектептің жүктемелерімен, сонымен байланысты уақытылы тамақтанбауымен үнемі асығыстықпен (арнайы мектепте аптасына 6 күн оқиды, аптасына 3 рет хореографияға барады). Алғашында эпигастрии аймағындағы «ашқарынға» дискомфорт, содан кейін тамақ ішкеннен кейін басылатын ауыру пайда болды. Дәрігерге бір апта бұрын ғана қаралған. ФЭГДС жүргізілді. Аллергиялық анамнезі(ауырлықсыз) | |
Физикальді зерттеуді дұрыс жүргізу: – қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация | Балада ауыру және диспепсиялық синдромдарды анықтады (Шағымдары: эпигастрии аймағындағы «ашқарынға» ауыру, таңертең аш қарынға немесе тамақтан кейін 1,5-2 сағат кейін, түнде ауырады, тамақ ішкеннен кейін басылады. Сонымен бірге қышқылмен кекіру, жүрек айну болады. Іші жұмсақ, эпигастрииында және пилородуоденальды зонада ауырады. Мендель симптомы оң. Дежардена және Мейо-Робсон нүктелерінде ауыру). | |
Алдын ала диагноз қою | Негізгі диагнозды (он екі елі ішектің ойық жара ауруы) және қосарланған диагнозын (созылмалы панкреатит, өршу) көрсетті. | |
Зерттеу жоспарын негіздеп тағайындау | Зерттеу жоспарын негіздеп тағайындады: (ЖҚА, Б\Х қан анализін, уреаздық тыныстық тест,ЭГДС, НР-инфекцияға биопсиялық тест, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сы, асқазан ацидометриясы) | |
ЖҚА, Б\Х қан анализінің интерпретациясы | ЖҚА қабыну процессіне көрсеткіштер жоқ, Б\Х қан анализін метаболикалық бұзылыстарға көрсеткіштер жоқ | |
ЭГДС интерпретациясы | Асқазанда қабыну көріністерін анықтады (асқазанда бұлыңғыр шырыш, шырышты қабаты ошақтық гиперемиямен, антральды бөлігінің қабырғаларында көптеген әртүрлі калиберлі бұдырлар), 12 елі ішектің қабыну белгілері және жаралы дефекті (дуоденумның пиязшығының шырышты қабаты–ошақты гиперемияланған, ісінген, артқы қабырғасында жаралы дефект Д=0,8–0,6 см, дөңгелек пішінді, гиперемияланған дөңеспен, түбі фибринмен жабылған). | |
НР-инфекцияға биопсиялық тесттің интерпретациясы: | НР-инфекцияға биопсиялық тест:оң (++) – 12 елі ішек H.pyloriмен инфекцияланған | |
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сының интерпретациясы: | Өт қабы алмұрт пішінді 55*21 мм қисаюмен, ішінде гомогенді зат, қабырғалары 1 мм. Асқазандағы қабыну процессінің жанама көріністері: (асқазанда көп мөлшерде гетерогенді зат, қабырғалары қалыңдаған). Ұйқы безінің құрылымдық өзгерістері: басы 21 мм (норма – 18 мм), денесі 15 мм (норма – 15 мм), құйрығы 22 мм (норма – 18 мм), басы мен құйрығының эхогендігі төмендеген. | |
Асқазан ацидометриясының интерпретациясы: | Зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның қышқыл түзуші қызметі сақталған. | |
Уреаздық тыныстық тесттің интерпретациясы | Тест нәтижесі өте-оң, ол асқазанның H.pyloriмен инфекцияланғанын көрсетеді | |
Аурудың жіктелуі | Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының Баранов А.А. бойынша жіктелуі: 1. Орыны: - азқазан (медиогастральды, пилороантральды); - он екі елі ішек (бульбарлық, постбульбарлық); - асқазан және он екі елі ішек 2. Клиникалық фазасы және эндоскопиялық сатысы: - өршу (жаңадан пайда болған, эпителизацияның басталуымен); - өршудің басылуы (ойық жараның тыртықсыз жазылуы, тыртықты-жаралы деформация); - ремиссия. 3. Ағым ауырлығы: жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр 4. Асқынулары: қан кету, перфорация, пенетрация, стеноз, перивисцерит. | |
Обоснование окончательного диагноза | На основании комплексной оценки объективных данных, данных лабораторно-инструментальных исследований выставил окончательный диагноз: «Язвенная болезнь луковицы двенадцатиперстной кишки в стадии обострения, средней степени тяжести» Сопутствующий диагноз: «Реактивный панкреатит» | |
Ойық жара ауруының «Маастрихт 4 және ҚР- сындағы емдеу хаттамаларына» сәйкес емдеу принциптерін білу | Ем принциптерін көрсетті: 1. Ем дәм №1 2. Эррадикациялық емінің бірінші сызбасы: протонды помпаның ингибиторы (омепразол, пантопразол) + кларитромицин + амоксициллин (немесе антибиотиктің бірін метронидазолға ауыстыру) Эррадикациялық емінің екінші сызбасы: протонды помпаның ингибиторы (омепразол, пантопразол) + кларитромицин + амоксициллин (немесе антибиотиктің бірін метронидазолға ауыстыру) + висмут препараттары (Де-нол). Емінің жалпы курсы 10 – 14 күн 3. Негізгі емімен қатар: (көрсетілімдері бойынша) саңырауқұлаққа қарсы, про және пребиотиктер, ферментативті ем, посиндромды ем. | |
Диспансеризациясы Болжамы | Ем дәм және режім сақтағанда болжам – жақсы. Диспансерлік бақылау: 1. Өмір бойы 2. Өршуден кейінгі жылы 4 рет 3. Өршуден кейінгі екінші жылдан бастап 2 рет | |
Пациентпен коммуникацияның тиімділігі | Пациенттің үрейін басып, оптимальді контакт орната алды. |
Симуляцияның қамтамасыз етілуі:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерға (пациентке) арналған сценарий, қадамдарының критерийін бағалау.
2. ЖҚА, Б\Х қан анализі, уреаздық тыныстық тесттің, ЭФГДС, НР-инфекцияға биопсиялық тесттің, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сының, асқазан ацидометриясының нәтижелері.
3. Латексті перчаткалар
4. Фонендоскоп
5. Актер – пациент\пациенттің анасы, дәрігер
Жабдықталуы:
1. Оқу бөлмесі – қабылдау бөлімшесі.
2. Кушетка – 1
3. Препараттармен медициналық шкаф
4. Дәрігер столы
5. Дәрігер мен пациент орындықтары.
Құрастырған :
педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының ассистенті Кисленко А.В. педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының ассистенті Баймуратова А.Д.
Рецензенттері:
Ішкі рецензент: Чингаева Г.Н., нефрология модулының профессоры
Сыртқы рецензент: ПжБХҒО директорының ғылым жөнінен орынбасары м.ғ.д. Шарипова М.Н.
Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының (27 қараша 2015 жылғы) мәжілісінде талқыланып, №7 хаттамасында бекітілді.
Білім беру бағдарламасының комитетімен отырысында талқыланып, бекітілген
(Хаттама №_6__, «_11__» _02__ 2016 ж.