Кпенің арнайы емес созылмалы аурулары

$$$019

Ұл бала, 2 жаста. Дене қызуы көтерілген, ылғалды жөтелі бар. Анамнезінде жыл бойына 2-3 рет суық тиіп ауырған. Объективті: температура 37,50C, аңқада айқын емес катаральды өзгерістер, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультативті қатаң тыныс, жөкпенің барлық алаңында жөтелгеннен кейін жойылатын көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар .

Төменде аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?

А) Жедел бронхит

B) Обструктивті бронхит

C) Рецидивиртеуші бронхит

D) Бронхиолит

E) Созылмалы бронхит

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

$$$020

Ұл бала, 5 жаста. Ауырғанына 3 жыл болды. Бір жылда 5 ретке дейін субфебрильді температура үстінде 3-4 аптаға созылатын жөтел болады, амбулаторлы ем қабылдаған. Объективті: паравертебральді аймақтарда өкпе дыбысының қысқаруы, аускультативті екі өкпеде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды орташа калибрлі сырылдар.

Төменде аталған рентген көріністердің қайсысы осы ауруға ЕҢ ТӘН болады?

А) Ошақты көлеңке

В) Өкпе суретінің күшеюі

С) Өкпе суретінің деформациясы

D) Өкпе тінінің мөлдірлігінің төмендеуі

Е) Интенсивті қарауыту

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

$$$021

5 айлық бала. Ауру дене қызуының 37,50С дейін көтерілуден, жөтел, ентігуден жедел басталды. Объективті: кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің кіруімен, мұрын қанатының кернелуімен, периоральды цианоз көрінеді. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, аускультативті тыныс алу және тыныс шығарудың басындағы көптеген майда көпіршікті және крепитацилық сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының рентгенографиясында: өкпе алаңдары мөлдірлігінің жоғарлауы, көктеттің төмен орналасуы.

Төменде аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?

А) Пневмония

B) Обструктивті бронхит

C) Рецидивтеуші бронхит

D) Бронхиолит

E) Муковисцидоз

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

$$$022

Ұл бала, 14 жаста. Ылғалды жөтелге, субфебрильді температураға шағымданады. Анамнезінен: 4 жыл бойы ауырады. Қақырықты жөтелмен жылына 3 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: физикалық дамуы шектелген, боз, тершең. Кеуде торшасы бүйірлерінен ысылған, астына қарай ашылған, “дабыл таяқшсы”, сағат әйнегі” симптомдары бар. Аускультативті: өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?

A) Созылмалы бронхит

B) Альвеолит

C) Рецидивті бронхит

D) Жай бронхит

E) Бронхиолит

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделігі}=2

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = FM

$$$023

Ұл бала, 14 жаста. Таңертеңгі ылғалды жөтелге шағымданады. Анамнезінен: екі жыл ішінде 4 ай бойына қақырықты жөтел бар. Объективті: продуктивті жөтел, шырышты-іріңді сипаттағы қақырық. Кеуде клеткасы деформацияланған, өкпесінде әлсіреген тыныс фонында тұрақты әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

Диагнозды қою үшін қай зерттеу әдісі МАҢЫЗДЫ болып табылады?

A) Томография

B) Рентгенография

C) Спирография

D) Бронхоскопия

E) Қақырықты себу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = РА

$$$024

3 айлық бала, 2 күн бойы ауырады. Ауруы катарльды құбылыстардан, жөтел, мұрыннан су ағудан басталған. Объективті: кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің кіруімен, мұрын қанатының кернелуімен, периоральды цианоз көрінеді. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, аускультативті тыныс алу және тыныс шығарудың ең басында байқалатын көптеген майда көпіршікті және крепитациялық сырылдар бар.

Диагнозды қою үшін қай әдіс ЕҢ ТИІМДІ болып саналады?

А) Тер хлоридтері

B) Флораға себінді

C) Қақырық анализі

D) Рентгенография

E) Пневмотахометрия

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}=3

{Оқулық}=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамалы білімі} = РА

Наши рекомендации