СЖӘ-де дәрілерді таңдау

Жүрек әлсіздігі-нің ауырлығы ААФ ингибиторлары Диуретиктер К – ұстағыш диуретиктер Жүрек гликозидтері Вазодилататорлар b-адрено- блокаторлар
Сол жақ қарынша дисфункциясы* Кейбір жағдайда болады - - Жүрекше-лер фибрилляциясы - МИ кейін
ІІ класс** + + - Жүрекше-лер фибрилляциясында *** Қолдану керек
ІІІ-IV класс** + + + + *** -
Соңғы саты + ++ + + *** -

Ескерту: (+) – қолдануға болады, (-) – қолданудың қажеті жоқ.

* - клиникалық белгісі жоқ, айдалма қан фракциясы азайған.

** -Нью – Йорк классификациясы бойынша.

*** - ААФ ингибиторларын көтере алмаушылық болса.

Хирургиялық әдістер. СЖӘ емдеуде оның этиологиялық факторларын түзеуге бағытталған әр түрлі хирургиялық әдістер қолданылады (реваскуляризация, клапандарға протез салу, ЭКС қою және т.б.). Дәрімен емдеу нәтиже бермеген жағдайда жүрек трансплантациясы операциясы ұсынылады.

Рефрактерлік жүрек әлсіздігі.

Егер барлық дәріні қолданып жасалған емнен нәтиже болмаса, ондай жүрек әлсіздігін рефрактерлік жүрек әлсіздігі деп атайды. Ол миокардтың жиырылу функциясы әлсіреп, оның резерві таусылғанда бой көрсетеді.

Рефрактерлік жүрек әлсіздігін тудыратын себептер:

1) Миокардты терең зақымдайтын қосалқы аурулар: миокард инфарктісі, миокардит, кардиомиопатия, артериялық гипертензия, аритмиялар, басқа органдардағы қабыну процестері.

2) Дәлелсіз теріс инотропты әсері бар дәрілерді және организмде сұйықтықты ұстайтын дәрілерді тағайындау және шамадан тыс сұйықтық жіберу;

3) Электролиттік өзгерістер (гипонатриемия, гипохлоремиялық алкалоз), гипопротеинемия;

4) Гиперальдостеронизм (бірінші және екінші ретті);

5) Шамадан тыс денеге түсетін күш;

6) Аритмиялар.

Осы себептерге әсер етіп, жасалып жатқан емге тиісті өзгеріс енгізу керек. Венаға перифериялық вазодилататорлар (натрий нитропрусиды), добутамин немесе допамин, фосфодиестераза ингибиторларын (амринон, милринон қысқа курспен) егу керек.

СЖӘ емдеудің тактикасын жоғарыда келтірілген дәрілерді таңдау схемасына сәйкес қысқаша төмендегідей түрде сипаттауға болады:

1) Адекватты дене қызметі;

2) Ас тұзы мен суды шегеру;

3) Дәрімен емдеудің мынандай схемасын қолдану: ААФ ингибиторлары + диуретик + дигоксин.

ААФ ингибиторын көтере алмаушылық болса, оның орнына гидралазинге изосорбид динитратын қосып береді. Өкпедегі қан іркілу белгілері сақталған болса, нитраттардың дозасын көбейтіп, диурезді күшейту керек.

Тиісті нәтиже болмаған жағдайда науқас адамды стационарға жатқызып, хирургиялық ем мәселелерін шешу керек.

ДДҰ жүрек әлсіздігі бойынша құрылған қызмет тобы СЖӘ емдеудің мынандай алгоритмін ұсынған.

СЖӘ емдеудің алгоритмі

Стандартты ем. Дәрісіз ем: тұз шектелген диета, ішімдікті шектеу, шылым шегуді тоқтату, жүйелі түрде орташа дәрежеде дене қызметі. Дәрімен емдеу: ААФ ингибиторлары, диуретиктер, жүрек гликозидтері

СЖӘ-де дәрілерді таңдау - student2.ru

 
  СЖӘ-де дәрілерді таңдау - student2.ru


ААФ ингибиторларын көтере алмауда: гидралазин және/немесе изосорбид динитраты   Сұйықтық жинала берген жағдайда: 1) тұзақты диуретиктер мен тиазидтік диуретиктерді және спиронолактон- дарды қосып беру; 2) диуретиктерді венаға егу.

СЖӘ-де дәрілерді таңдау - student2.ru

Ем тиімді емес

СЖӘ-де дәрілерді таңдау - student2.ru

Емнің госпитальды сатысы және оның варианттары: 1) b-адреноблокаторлардың аз дозасына ААФ ингибиторларын және диуретиктерді қосып беру; 2) Венаға жүрек гликозидтерін, тұзақ диуретиктерін, спиронолактондарды егу; 3) Гликозидті емес дәрілер (допамин, добутрекс). Дәрі емес ем (ультрафильтрация, миопластика).

Еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімдері:

І ФК – 14-21 күн, ІІ ФК – 14-25 күн, ІІІ ФК – 30-45 күн құрайды.

ІІІ және IV ФК науқас адамның кәсіби қызметінің сипатына сәйкес оны МӘСК жіберу сұрақтары шешіледі.

Диспансерлеу. Жүрек әлсіздігімен ауыратын науқас адамдар диспансерлік есепте тұруы керек. Науқас адамдарды қарап тұру жиілігі СЖӘ сатысына байланысты болады.

Прогнозы жағымсыз. СЖӘ ауыратындардың диагнозы қойылғаннан кейінгі 3 жыл ішінде 50% өледі. Жыл сайынғы өлім 19% құрайды. Диастолалық жүрек әлсіздігінде жыл сайынғы өлім 8% деңгейінде.

Жағымсыз болжамға сәйкес келетін факторлар:

1) Айдалма қан фракциясы 25% төмен;

2) Үйдің бір қабатына көтеріле алмау немесе қалыпты жылдамдықпен 3 минуттан артық жүре алмау;

3) Қан плазмасындағы натрий иондарының 33 мэкв/л төмен болуы;

4) Қан плазмасындағы калий иондарының 3 мэкв/л төмен болуы;

5) ЭКГ тәуліктік мониторлағанда жиі қарыншалық экстрасистолияның болуы.

СЖӘ ауыратындардың арасында кенеттен өлім болу қаупі жалпы популяциямен салыс-тырғанда 5 есе жоғары болады.

Профилактикасы. Бірінші ретті профилактика себеп болатын аурулардың алдын алу түрінде іске асырылады. Екінші ретті профилактика жүрек әлсіздігінің дәрежесін азайтуға бағытталған шаралардан тұрады.

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша тестілер сұрақтары

Наши рекомендации