Жатыр ішілік инфекциямен туылған балалар
Туылған бойда жіті аурумен көрінетін жатырішілік диагноз қойылған балалар, әрине БЦЖ-мен вакцинацияны кейін шегеруге мәжбүрлейді. Туыла біткен созылмалы ауруларда-қызамық және ЦМВ-туылған сәттенемесе кешірек кемістікке жеткізу мүмкіндігі бар балаларда егуге қарсы көрсеткіш-тек аурудың белсенді көріністері бола алады,неге десеңіз егу дамып қойған кемшіндікті ұлғайта алмайды. Туыла біткен қызамық синдромды балалар қызамық вакцинасына иммундық жауап бермеуі мүмкін-тіпті олар серонегативті болса да; ал серопозитивті балаларды егу мағынасыз.
Жиі ауыратын балалар
ЖРВИ –мен балалардың жиі ауыруы иммунды-тапшылықтың дәлелі емес, олар егілуден босатылмауы тиіс. Егу ЖРВИ-ң кезекті ұстамасынан кейін 5-10 күн ішінде қалған катаральдық құбылыстар фонында жүргізіледі. Катардың толық айығуын күту тиімсіз, неге десеңіз бала ЖРВИ-ң кезекті ұстамасына ұшырайды. Осындай балаларды «дайындау» (витаминдер, адаптогендер,т.б.) иммундық жауапты күшейтпейді, олар да әдеттегі сирек ауыратын балалардағыдай иммунитет түзіледі.
Операция жасалғандар
Операция –стрестік әсер туғызатындықтан, шектен тыс қажеттілік болмаса, иммунизацияны 3-4 апта өтпей жасамау керек. Кезекті егуді операция алдында 1 ай бұрын өткізу дұрыс. Гепатит В-ға қарсы шұғыл схема 0-7-21 және 12-ай вакцинация жүргізіледі, егер балаға көп рет көлемді гемотрансфузиялар жасалатын болса.
Жұқпалы аурумен контактіде болғандарды вакцинациялау
Жедел инфекция болуы вакциналық процесс өтуін бұзбайды. Егілген баланың басқа инфекциямен контактіде болу мүмкіндігі қауіпті емес. ДДҰ ұсынысына сай егілушінің жұқпалы аурумен науқаспен контактіде болуы- вакцинация жүргізуге (БЦЖ-дан басқа) қарсы көрсеткіш емес.
Ан препараттарын енгізу және вакцинация
Адам қаны иммуноглобулині, плазма және қанда тірі вакциналарды инактивациялайтын антиденелер бар, екінші жағынан олар егілмеген баланы «басқарылатын» жұқпалардан қорғайды. Сондықтан 1.3 кестеде келтірілген интервалды сақтау қауіпті емес Ресейлік қан препараттарда сары қызба вакцинасына қарсы антиденелер жоқ, сондықтан бұл егу кейінгі қалдырылмайды. Антиденелер болуы ОПВ-ның өсіп көбеюіне және өлі полиомиелит вакцинасы нәтижесіне әсер етпейді (спецификалық ИГ-лер гепатит В мен құтыру вакцинасымен бірге енгізіледі). Трансфузиялық анамнезді тірі вакциналарды енгізер алдында 1 және 6 жастағы балаларға қатысты жинау керек. Егер тірі вакцинамен егілген балаға ИГ, плазма қан 2 апта ішінде құйылса, ол 4.3 кестесінде келтірілген интервалмен қайта егілуі тиіс, себебі бірінші егу тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Кесте Қан препараттарын және тірі вакцинаны енгізу арасындағы интервал
Қан препараттары | Доза | Интервал |
Иг профилактикасы: гепатитА Сіреспе ПСЧИ Гепатит В НВlg Қызылша Қызылша Құтыру ЦМВ | 1 доза 250 Ед 0,06 мл/кг 1 доза 2 доза 12-20 Ед/кг 150 мг/кг | 3 ай 3 ай 3 ай 5 ай 6 ай 6 ай 8 ай |
Жуылған эритроциттер тұнбасы Эритроциттік масса Қан Плазма, тромбомасса | 10 мл/кг 10 мл/кг 10 мл/кг 10 мл/кг | 3-5 ай 6 ай 7 ай |
ВВИГ-алмастыру ИД ВВИГ – ИТП ВВИГ-Кавасаки синдромы | 300-400 мг/кг 400 мг/кг 2000 мг/кг | 8 ай 8 ай 11 ай |
Жүктілік
Жүктілік алдында әйел толық вакцинациялануы тиіс. Тірі вакциналарды енгізуге болмайды-қарсы көрсеткіш, оларды енгізудің ұрыққа қауіптілігі дәлелденбесе де. Бірақ оларды қолдану-баланың кемшін болып туылуын интерпретациялауда қиындық туғызады. Вакцинацияланбаған әйел тек ерекше жағдайларда егіледі, мысалы, эндемиялық аймаққа көшер (барар) алдында немесе басқарылатын инфекциямен контактіге түскенде:вакцинация жүргізу қажет. Жүкті әйелдерге тірі вакцинаны енгізудегі қарсы көрсеткіштер: ұрық үшін қауіптілік дәлелденген болса, оны қабылдау баланың туа пайда болған ақауына алып келуі мүмкін, егілмеген жүкіті әйелдерге вакцина айқын жағдайда ғана жүргізіледі, мысалы, эндемиялық аймақта тұрса немесе басқарылатын инфекциямен қатынаста болған кезде:
· Қызылшамен контактіде болған жағдайда алдын алу шарасын иммуноглобулинмен жүргізеді;
· Жүктілігі туралы білмейтін әйелдерге қызамық вакцинасын енгізу жағдайында жүктілікті үзу жүргізілмейді;
· Сары қызбаға қарсы вакцинация жүктіліктің алғашқы 4 айлығында тек эпидкөрсеткіш бойынша жүргізіледі;
· АДС-М дифтериямен науқастармен қатынаста болғандарға енгізілуі мүмкін;
· Тұмауға қарсы вакцинация сплит- немесе субъбірлікті вакцинамен жүргізіледі;
· Құтыруға қарсы вакцинация әдеттегі тәртіпке сәйкес жүогізіледі;
· Гепатит В қарсы вакцинацияға қарсы көрсеткіш емес;
· жүктіліктің бірінші жартысында АС (АДС-М) және ПСС, екінші жартысында ПСС3 енгізу қарсы көрсеткіш болып табылады.